Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.03.2016 № 146 (02.06.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған дайындаушы ұйым жеке қосалқы шаруашылықтан, шаруа немесе фермер қожалығынан, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғадан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алған кезде бағаның (құнның) шекті мөлшері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Экономикалық интеграция және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы С. Омаров
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 13 мамыр
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 21 сәуір
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 5-3/261 бұйрығымен
бекітілген
Дайындаушы ұйым жеке қосалқы шаруашылықтан, шаруа немесе фермер
қожалығынан, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді және өткізуді
жүзеге асыратын заңды тұлғадан ауыл шаруашылығы өнімін сатып
алған кезде бағаның (құнның) шекті мөлшері
(теңге)
№ | Өнімнің атауы | Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуіші кодтары | Өлшем бірлігі | Баға |
---|---|---|---|---|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Сауын тірі ірі қара мал |
014110 |
килограмм |
471 |
2. |
Тірі жылқылар және басқа да жылқы тұқымдас жануарлар |
014310 |
килограмм |
554 |
3. |
Тірі түйелер және түйе тектілер |
014410 |
килограмм |
534 |
4. |
Тірі қойлар мен ешкілер |
014511, 014512 |
килограмм |
480 |
5. |
Тірі шошқалар |
014610 |
килограмм |
394 |
6. |
Тірі үй құсы |
01471 |
килограмм |
266 |
7. |
Тауықтың шағылмаған жаңа жұмыртқасы |
014721 |
ондық |
148 |
8. |
Ірі қара малдың жас немесе тоңазытылған еті |
101111 |
килограмм |
1 079 |
9. |
Қойлардың, ешкілердің жас немесе тоңазытылған еті |
101113, 101114 |
килограмм |
1 072 |
10. |
Шошқалардың жас немесе тоңазытылған еті |
101112 |
килограмм |
846 |
11. |
Жылқылар мен жылқы тұқымдас жануарлардың жас немесе тоңазытылған еті |
101115 |
килограмм |
1 240 |
12. |
Сауын ірі қара малдың шикі сүті |
014120 |
литр |
78 |
13. |
Үй құсының жас немесе тоңазытылған еті |
101210 |
килограмм |
504 |
14. |
Картоп |
011351 |
килограмм |
55 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
15. |
Сәбіз |
011341 |
килограмм |
62 |
16. |
Қырыққабат |
011312 |
килограмм |
51 |
17. |
Баклажан |
011333 |
килограмм |
70 |
18. |
Қызанақ |
011334 |
килограмм |
135 |
19. |
Қияр |
011332 |
килограмм |
99 |
20. |
Сарымсақ |
011342 |
килограмм |
420 |
21. |
Пияз |
011343 |
килограмм |
38 |
22. |
Қант қызылшасы |
011371 |
килограмм |
12 |
23. |
Алмалар |
012410 |
килограмм |
182 |
24. |
Алмұрттар |
012421 |
килограмм |
249 |
25. |
Айва |
012422 |
килограмм |
450 |
26. |
Өріктер |
012423 |
килограмм |
211 |
27. |
Шие |
012424 |
килограмм |
242 |
28. |
Шабдалы |
012425 |
килограмм |
259 |
29. |
Қара өрік |
012427 |
килограмм |
202 |
30. |
Түтілген жүн |
101141 |
тонна |
300 000 |
31. |
Ірі қара малдың терісі мен иленбеген былғарысы |
101142 |
бірлік |
2 700 |
32. |
Жылқы тұқымдас жануарлардың терісі мен иленбеген былғарысы |
101142 |
бірлік |
2 500 |