«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының
2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 174 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6460 болып тіркелген, 2010 жылғы 9 қарашадағы № 461-468 (26311) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидаларын бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде жұмыс бабында басшылыққа алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының міндетін атқарушы Б. Иманәлиев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
______________А.С. Мамытбеков
2016 жылғы 5 қаңтар
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрі
______________ Т.Б. Дүйсенова
2016 жылғы 26 қаңтар
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б.Т. Сұлтанов
2016 жылғы 17 ақпан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
______________ А. Мұхамедиұлы
2016 жылғы 2 наурыз
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің төрағасы
______________ Д. Т. Ақышев
2016 жылғы 29 наурыз
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
міндетін атқарушының
2016 жылғы 20 қаңтардағы
№ 13 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2010 жылғы 9 шілдедегі № 174
бұйрығымен бекітілген
Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізетін мемлекеттік статистика органдарына таратылады.
3. Осы Қағидаларда қолданылатын ұғымдар өздері Заңда көрсетілгендей мәнде пайдаланылады, сондай-ақ келесі анықтамалар қолданылады:
1) интервьюер – статистикалық байқаулар (зерттеулер) жүргізу үшін субъектілерден пікіртерім жүргізетін адам (аумақтық статистика органдарының ақылы қызмет көрсету шарты бойынша жұмысқа тартылған қызметкер);
2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство).
2. Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту тәртібі
4. Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту тәртібі оларды әзірлеу немесе қайта қарау, келісу және бекітуді білдіреді.
5. Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды ведомство «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес бекітеді.
6. Статистикалық нысандарды әзірлеу немесе қайта қарау үшін негіздемелер:
1) мемлекеттік статистиканың тиісті органдарының стратегиялық жоспарлары;
2) мемлекеттік статистиканың тиісті органдарының операциялық жоспарлары;
3) мемлекеттік және салалық даму бағдарламалары;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары;
5) статистикалық әдіснаманың халықаралық стандарттарға сәйкестігі болып табылады.
7. Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды ведомство мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлейді, қайта қарайды және бекітеді және мынадай құрылымы болады:
1) титулдық бет;
2) бланкі;
3) оны толтыру жөніндегі нұсқаулық;
4) қосымшалар.
8. Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық нысандардың титулдық беті мынадай деректелерді есепке ала отырып, осы Қағидаларға
1 және 2-қосымшаларға сәйкес ресімделеді:
1) статистикалық нысанды бекітетін бұйрықтың күні және нөміріне арналған орын;
2) статистикалық байқаудың түрі;
3) статистикалық нысан ұсынылатын мемлекеттік статистика органының атауы;
4) статистикалық нысанды электронды түрде интернет-ресурста орналастыру мекенжайы;
5) анық емес деректерді ұсынғаны және алғашқы статистикалық деректерді ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік шаралары;
6) статистикалық байқаудың типі;
7) статистикалық нысанның уәкілетті орган беретін коды;
8) статистикалық нысанның индексі;
9) статистикалық нысанның атауы және оның есепті кезеңі;
10) статистикалық байқауды өткізу кезеңділігі (біржолғы, күн сайынғы, апта сайынғы, онкүндік, айына 2 рет, айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық, жылына бір рет, екі жылда бір рет, үш жылда бір рет, бес жылда бір рет, маусымдық);
11) есеп беретін респонденттер тобы;
12) статистикалық нысан бойынша статистикалық деректерді ұсыну мерзімі;
13) есепке алу бірлігінің сәйкестендіру коды - заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкiлдiктерге және қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын дара кәсiпкерлерге арналған бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
14) есепке алу бірлігінің сәйкестендіру коды – жеке тұлғаларға, соның iшiнде қызметiн жеке кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын дара кәсiпкерлерге арналған жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
15) статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақыт.
Титулдық бетте көрсетілген статистикалық нысанның деректемелері мемлекеттік статистика органдарымен қолданылады және статистикалық нысандар мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды қайта қарау арқылы ведомствомен немесе мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсынысы бойынша өзгертіледі.
9. Қосымшаларды қоса алғанда әрбiр бет бірінші парақтан бастап үстiңгi жағынан нөмiрленеді, бiрiншi парақтан басталады. Бірінші бет нөмірленбейді. Беттерді нөмірлеу «WORD for WINDOWS» мәтіндік редакторын қолдана отырып, сол жақ шет сызығы - 2,5 см, оң жақ шет сызығы - 1,5 см, колонтитулдар - 2,5 см, қарiп – «Times New Roman» № 10 мөлшерi, абзацтық бос жері 1,25 см (бiрiншi жолдың бос жері) ескере отырып, парақ сызығының ортасынан тізбекті болып есептеледі.
10. Статистикалық нысан бланкісі алғашқы статистикалық деректерді жинауға арналған көрсеткіштер және (немесе) сұрақтар тізбесін және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес статистикалық нысан бойынша типтік мекенжай бөлігін қамтиды.
11. Статистикалық нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.
12. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды келісу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) алдағы күнтізбелік жылға Статистикалық жұмыстар жоспарының жобасын қалыптастыру мақсатында жоспарланған жылдың алдындағы жылдың қаңтарында ведомство мүдделі мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, сондай-ақ аумақтық органдарға жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу үшін қайта қарауды талап ететін жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды жібереді;
2) жоспарланған жылдың алдындағы жылғы 15 мамырға дейінгі мерзімде жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтар әзірлеу немесе қайта қарау және ішкі келісу ресімдерінен өтеді.
13. Ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды ведомство мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жолдайды.
14. Ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтар жоспарланатын жылдың алдындағы жылғы 1 сәуірге дейін ведомствоға келісу және кейіннен бекіту үшін ұсынылады.
15. Статистикалық нысандарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген немесе күші жойылған жағдайда осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес әзірлеуші ведомствоға негіздемені және салыстырмалы кестені тапсырады.
16. Ведомство респонденттерге жүктемені төмендету мақсатында жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарға ведомствоның арнайы оқшауланған үй-жайында алдын ала тестілеу рәсімін іріктеп өткізеді.
Жалпымемлекеттік және ведомстволық
статистикалық байқаулар жүргізу үшін
статистикалық нысандарды, оларды
толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту
қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді Конфиденциальность гарантируется органами государственной статистики |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 201__ жылғы «__» __________ № ___ бұйрығына __-қосымша |
|||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны |
Приложение __ к приказу Председателя |
|||||||||||||||
Аумақтық статистика органына тапсырылады |
||||||||||||||||
Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz сайтынан алуға болады
|
||||||||||||||||
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес деректерді ұсыну және алғашқы статистикалық деректерді ұсынбау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады. |
||||||||||||||||
Статистикалық нысанның коды |
Статистикалық нысанның атауы Наименование статистической формы |
|||||||||||||||
Статистикалық байқаудың типі |
||||||||||||||||
Статистикалық нысанның индексі |
Есепті кезең Отчетный период |
|||||||||||||||
Кезеңділік |
||||||||||||||||
Респонденттер тобы |
||||||||||||||||
Тапсыру мерзімі |
||||||||||||||||
БСН коды |
||||||||||||||||
ЖСН коды |
Жалпымемлекеттік және ведомстволық
статистикалық байқаулар жүргізу үшін
статистикалық нысандарды, оларды
толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту
қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Ақпаратты алушы органдар |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 201__ жылғы «__» __________ № ___ бұйрығына __-қосымша |
|||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ведомстволық статистикалық |
Приложение __ к приказу Председателя |
|||||||||||||||
Мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне тапсырылады |
||||||||||||||||
Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz |
||||||||||||||||
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес деректерді ұсыну және алғашқы статистикалық деректерді ұсынбау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады. |
||||||||||||||||
Статистикалық нысанның коды |
Статистикалық нысанның атауы Наименование статистической формы |
|||||||||||||||
Статистикалық нысанның индексі |
Есепті кезең Отчетный период |
|||||||||||||||
Кезеңділік |
||||||||||||||||
Респонденттер тобы |
||||||||||||||||
Тапсыру мерзімі |
||||||||||||||||
БСН коды |
||||||||||||||||
ЖСН коды |
Жалпымемлекеттік және ведомстволық
статистикалық байқаулар жүргізу үшін
статистикалық нысандарды, оларды
толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту
қағидаларына 3-қосымша
Нысан
Статистикалық нысан бланкісі
Бланк статистической формы
Кестенің атауы
Наименование таблицы
Жолдар коды (шифры) Код (шифр) строк | Бағандар атауы Наименование граф |
||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
А |
Б |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Жолдардың атауы Наименование строк |
|||||||
Сандық, әріптік және графикалық деректер Числовые, буквенные и графические данные |
|||||||
Ескертпе:
Кестенің атауында кестенің негізі мазмұны қысқа және нақты көрсетіледі. Бағандардың атауында - кезең, жіктеу, жолдардың атауында - зерттелетін объектілер, жекелеген бірліктер, оң жақ бөлігінде зерттелетін объектілерді сипаттайтын көрсеткіштер көрсетіледі.
Өлшем бірліктері егер зерттелетін объектілер кестесінің барлық көрсеткіштеріне қатысты болса, кестенің атауында, басқа жағдайларда бағандардың немесе жолдардың атауларында көрсетіледі.
Кестенің жолдары кодтармен немесе шифрлармен белгіленеді. Кестенің деректерге арналған оң бөлігінің бағандары, реттік нөмірлермен нөмірленеді. Зерттелетін бірліктер жолдардың коды немесе шифры орналасатын кестенің сол бөлігінің бағандары «А», «Б» әріптерімен және тағы сол сияқты белгіленеді.
Примечание:
В наименование таблицы кратко и точно отражается основное содержание таблицы. В наименовании граф указываются, период, классификации, наименовании строк – изучаемые объекты, отдельные единицы, в правой части – показатели, характеризующие изучаемые объекты.
Единицы измерения указываются в наименовании таблицы, если относятся ко всем показателям таблицы изучаемых объектов, в других случаях – в наименованиях граф или строк.
Строки таблицы обозначаются кодами или шифрами. Графы правой части таблицы, предназначенные для данных, нумеруются порядковыми номерами. Графы левой части таблицы, в которой находятся изучаемые объекты, код или шифр строк, обозначаются буквами «А», «Б» и так далее.
Типтік мекенжай бөлігі
Типовая адресная часть
Атауы Мекенжайы
Наименование _________________________ Адрес ________________________
______________________________________ ______________________________
Телефоны ______________________________________
Электрондық пошта мекенжайы
Адрес электронной почты __________________________
Алғашқы деректерді |
Алғашқы деректерді жариялауға келіспейміз |
Орындаушы
Исполнитель _______________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) телефоны
фамилия, имя и отчество (при его наличии)
Бас бухгалтер __________________________________________ ____________ Главный тегі, аты және әкесінің аты қолы
бухгалтер (бар болған жағдайда) подпись
фамилия, имя и отчество (при его наличии)
Басшы
Руководитель ___________________________________________ ____________
тегі, аты және әкесінің аты қолы
(бар болған жағдайда) подпись
фамилия, имя и отчество (при его наличии)
Интервьюер1_____________________________________________ ____________
тегі, аты және әкесінің аты қолы
(бар болған жағдайда) подпись
фамилия, имя и отчество (при его наличии)
Мөрдің орны (бар болған жағдайда)
Место для печати (при наличии)
Ескертпе:
1Егер статистикалық нысан бланкісі интервьюер толтырған жағдайда мекенжай бөлігінің осы жолы қолданылады.
Жалпымемлекеттік және ведомстволық
статистикалық байқаулар жүргізу үшін
статистикалық нысандарды, оларды
толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту
қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті төрағасының
201__ жылғы «__» __________
№ ___ бұйрығына __-қосымша
«Статистикалық нысанның атауы» (коды, статистикалық нысанның индексі, статистикалық байқауды өткізу кезеңділігі) жалпымемлекеттік (ведомстволық) статистикалық байқауының статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
Статистикалық нысанда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар
Әдіснамалық түсіндірмелер
Арифметикалық-логикалық бақылау
Жалпымемлекеттік және ведомстволық
статистикалық байқаулар жүргізу үшін
статистикалық нысандарды, оларды
толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту
қағидаларына 5-қосымша
Нысан
Жаңа статистикалық нысанды әзірлеуге, қолданыстағыларына өзгерістер және (немесе) толтырулар енгізуге немесе күшін жоюға арналған негіздеме
р/с № |
«Статистикалық нысанның атауы» (коды, индексі, статистикалық нысанның кезеңділігі) |
|
1 |
Негіздеме |
|
2 |
Байқаудың мақсаты |
|
3 |
Байқаудың типі |
|
4 |
Респонденттердің саны |
|
5 |
Шығыс ақпараттың мерзімі |
|
6 |
Статистикалық нысанды ұсыну түрі |
|
7 |
Жарияланымдар |
Ескертпе:
Статистикалық нысанның күші жойылған жағдайда 2 - 7-жолдар толтыруға жатпайды
Жалпымемлекеттік және ведомстволық
статистикалық байқаулар жүргізу үшін
статистикалық нысандарды, оларды
толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту
қағидаларына 6-қосымша
Нысан
Салыстырмалы кесте
р/с № |
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылатын редакция |
Түзетулер енгізу қажеттілігінің негіздемесі |
«Статистикалық нысанның атауы» |
||||
1. |