"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптары бекітілсін.
2. Академияның Ректоры Ұ.С. Байжанов:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықтың күшіне енген күннен бастап, бес жұмыс күні iшiнде Академияның және оның тұлғаларының құрылымдық бөлімшелерінің анықтамасын, жұмыстарды ұйымдастыру бойынша жауаптыларды (әкімшілігін), ақпараттық толтыруларды, ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстардың контентінің өзектілігі мен анықтығын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Бас Прокуроры | А. Дауылбаев |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясының ақпараттық жүйелері
мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясынның ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1 бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Талаптар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарының мазмұнын, қызмет етуін анықтайды.
3. Ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстары Академияның білім беру қызметін ұйымдастыру мен бақылаудың тиімділігі мақсатында, сонымен қатар оқу, ғылыми, тәрбиелік процесінде және инновациялық қызметте Академияның жетістіктерін танымал ету және тәжірибесін тарату мақсатында пайдаланады.
4. Осы Талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
2) ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарын басқару - ақпараттық жүйе мен интернет-ресурстың қауіпсіздігі және жұмыс қабілетін қамтамасыз ету;
3) білім беру порталы-пайдаланушыларға ішкі білім беру ресурстарына бірыңғай авторландырылған дербестендірілген қолжетімдікті қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
4) динамикалық ақпарат – бұл ақпарат уақытша сипаттамадағы Академияның ағымдағы қызметін көрсетеді (перспективті дамуы, өзекті оқиғалар, басым бағыттар);
5) интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде көрсетілетін мәтін, графикалық, аудиовизуалды немесе өзге түрде бейнелейтін электронды ақпараттық ресурс, біріңғай желілік мекенжайы бар және (немесе) Интернетте істейтін электронды ақпараттық ресурс;
6) контент – электрондық ақпараттық ресурстың мәтіндік, мәтіндік емес немесе медиа мазмұны;
7) қолданушыларды анықтау – бұл электрондық ақпараттық ресурстар мен арнайы бағдарлама көмегімен пайдаланушының жеке басын растауын жүзеге асырылатын рәсім;
8) статикалық ақпарат – бұл ақпарат тұрақты сипаттамасы бар (анықтамалық) Академияның ішкі қызметін көрсетеді (нормативті құқықтық актілер, Академияның құрылымы, ережесі);
9) электрондық құжат – электронды-цифрлық нысанда берiлген және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған ақпарат;
10) электронды-кітапханалық жүйе – білім беру процесінде пайдаланылатын, тақырыптық және мақсатты белгілері бойынша бірлескен, қосымша сервистермен жабдықталған, құжаттарды іздеу және олармен жұмыс істеуді жеңілдететін және өзге де нормативтік құқықтық актілердің барлық талаптарына сәйкес келетін электронды құжаттар жиынтығы;
11) электрондық журнал – Академияда білім алушылардың үлгерімін бақылауды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.
5. Осы Талаптар әректі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар мәліметтерін қамтитын электрондық құжаттарға қолданылмайды.
6. Академияның ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарының (басқару) жұмыстарын күні-түні ұйымдастыруды, техникалық қолдауды Академияның тиісті құрылымдық бөлімшелері қамтамасыз етеді.
7. Академияның ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына ақпараттық толтыруларды және оларды жандандыру Академияның тиісті құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.
8. Академияның ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарын жандандырудың мониторингін, толтыруды, контент сапасы мен анықтылығын Академияның уәкілетті тұлғасы жүзеге асырады.
2. Ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар
9. Академия өз функцияларын автаматтандыру мақсатында Академияның оқу, ғылыми және инновациялық қызметінің тәжірибесін және жетістіктерін көпшілікке тарату, оларға жүктелген функцяларды іске асыруға бағытталған ақпараттық жүйелерді құрайды және қолданады.
10. Академияның ақпараттық жүйелері "Ақпараттандыру туралы 2015 жылғы 24 қаңтардағы" Қазақстан Республикасының Заңы 38 бабының 2) тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағындағы қолданыстағы стандарттар, ақпараттық жүйенің циклдық өміріне сәйкес құрылады, дамиды және:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бірыңғай талаптарды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
2) Мемлекеттік техникалық қызметтің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мониторинг жүйесімен Академияның ақпараттық жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігі іс-шарасы мониторингі жүйесінің ақпараттық өзара әрекеттестігі.
11. Академияның ақпараттық жүйесіне мыналар кіреді:
1) білім беру порталы;
2) электронды-кітапханалық жүйе.
12. Білім беру порталына кіреді:
1) академиялық күнтізбе;
2) сабақ кестесі;
3) электрондық журнал.
13. Білім беру порталы білім беру бағдарламаларын, оқу жұмыс жоспарларын, оқу-әдістемелік кешендерін, ғылыми-әдістемелік құжаттарын, академиялық рейтингін, білім алушылардың және білім беру мониторингін қамтиды.
14. Академияның білім беру порталына тек авторландырылған қолданушылардың: білім алушылардың, профессорлық-оқытушылық құрамның және әкімшілік-басқару персоналдың бңлңм беру порталына қолжетімділігі шегінде қолжетімді.
15. Авторландырылған қолданушылардың деңгейін Академия дербес анықтайды.
16. Білім беру порталында қолданушылардың авторландыруды және аутентификациялауды білім беру порталына ақпараттық жүйелерге әкімшілік етуді жүзеге асыратын Академияның тиісті бөлімшесімен верификация жолымен жүзеге асырылады.
17. Электрондық журнал білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау (орташа бағалау ағымдығын, аралық бақылау мен рейтинг-рұқсат ету бағасы), аралық және қорытынды аттестаттау бағалары туралы ақпаратты және олардың электрондық ведомосін қамтиды.
18. Электрондық журнал журналдың тиісті бөлімдеріне қолжетімдігі бар профессорлық-оқытушылық құрамымен немесе уәкілетті тұлғаның келісімімен толтырылады.
19. Электрондық журналдың жұмысын бақылауды электрондық журналды үлгілеуді жүзеге асыратын білім сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлінісі жүзеге асырады.
20. Академияның электронды-кітапханалық жүйесі кітапханалық процестердің кешенді автоматтандыруды және электрондық каталогтарын, сондай-ақ толық мәтінді деректер базасын құруын қамтамасыз етеді.
21. Академияның электронды-кітапханалық жүйесі мынадай негізгі модульдерді қамтиды:
1) әкімшілік ету;
2) жинақтау;
3) каталогтау;
4) оқырман іздеуі;
5) мақалалар картотекасы;
6) пайдаланушылар картотекасы;
7) кітап беру.
3. Интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
22. Академияның интернет-ресурстары:
1) Академияның және оның құрылымдық бөлімшелері туралы жалпы ақпаратын;
2) ғылыми және халықаралық қызмет туралы бөлімін;
3) статистикалық және аналитикалық деректерін;
4) Академия ректорінің блогын;
5) мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты;
6) білім алушылар мен қызметкерлердің жеке кабинетін;
7) кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін;
8) баспасөз-орталығы жұмысын;
9) оқыту туралы ақпаратты;
10) "Құқық қорғау органдары Академиясының Жаршысы" журналының электрондық нұсқасын;
11) жаңалықтар лентасын;
12) ғылыми конференциялар, семинарлар мен тренингтер, оқу-әдістемелік жиындар, ресми сапарлар мен кездесулер кестесін;
13) байланыс ақпараттарын;
14) білім және ғылым саласындағы нормативтік құқықтық актілерін қамтиды.
23. Академияда өткізетін халықаралық іс-шаралар, форумдар, семинарлар, конференциялар, жарыстар, оқу-әдістемелік жиындар туралы ақпарат жоспарланған өткізу күніне дейін жартыжылдан кешіктірілмей Академияның интернет-ресурстарына орналастырылады.
Шұғыл және жоспарланбаған іс-шараларды өткізу барысында берілген ақпаратты орналастыру Академия басшылығының нұсқауымен бастамашыны және міндетті түрде себептерін көрсете отыра өткізу мерзімін жоспарлағанға дейін күнтізбелік он күн бұрын кезектен тыс іс-шараны өткізуге болады.
Ерекше жағдайларда ғана аталған ақпаратты кезектен тыс іс-шараларды 10 күн бұрын жоспарланып отырған күніне дейін орналастыруға болады және міндетті түрде себептерін көрсету қажет.
24. Академияның интернет-ресурстарында орналастырылатын динамикалық ақпарат жаңа ақпараттың келіп түсуіне қарай кезең-кезеңімен жаңартылып тұрады.
25. Академияның интернет-ресурстарында орналастырылатын статикалық ақпараттар тоқсан сайын жаңартылып отырады.
26. Академияның интернет-ресурстарына ақпараттарды орналастыру мен жаңарту тәртібін Академия дербес анықтайды.
27. Академияның интернет-ресурстарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдары, сондай-ақ Академияның ресми символикасы мен логотипі орналастырылады.
28. Интернет-ресурстар Академияның Жарғысына сәйкес оның қызметіне қатысты ақпаратты, меншікті ақпараттық ресурстарға, сондай-ақ құқық иеленушілермен жасалған шарттар мен келісімдер негізінде басқа да ұйымдардың ресми сайттар мен жоғары оқу орындарының білім беру порталдарындағы ресурстарға сілтемелерді қамтиды.
Интернет-ресурстарда Академия қызметіне жатпайтын өзге де мәліметтерді орналастыруға жол берілмейді.
29. Интернет-ресурстарда орналастырылатын ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады.