Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 сәуірде № 13655 болып тіркелді.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптары бекітілсін.

      2. Академияның Ректоры Ұ.С. Байжанов:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықтың күшіне енген күннен бастап, бес жұмыс күні iшiнде Академияның және оның тұлғаларының құрылымдық бөлімшелерінің анықтамасын, жұмыстарды ұйымдастыру бойынша жауаптыларды (әкімшілігін), ақпараттық толтыруларды, ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстардың контентінің өзектілігі мен анықтығын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Бас Прокуроры

А. Дауылбаев


  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 56 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптар

      Ескерту. Талаптар жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Ақпараттық жүйелер мен интернет-ресурстарды Академия білім беру қызметін тиімді ұйымдастыру және бақылау, сондай-ақ Академияның оқу, ғылыми, тәрбие және инновациялық қызметтегі жетістіктерін танымал ету және тәжірибесін тарату мақсатында пайдаланады.

      3. Талаптарда келесі негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) Академияның ақпараттық жүйелері (бұдан әрі – ААЖ) - ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және ақпаратты сақтауға, іздеуге, өңдеуге және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      2) интернет-ресурс (бұдан әрі - ИР) – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік аты бар және интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс;

      3) контент – ақпараттық жүйе мен интернет-ресурстың мәтіндік, мәтіндік емес немесе медиа мазмұны;

      4) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған құжат.

      4. Осы Талаптардың күші мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарға қолданылмайды.

      5. ААЖ және ИР техникалық қолдауды, жұмысты ұйымдастыруды (әкімшілендіруді) Академияның тиісті құрылымдық бөлімшесі қамтамасыз етеді.

      6. ААЖ және ИР ақпараттық толықтыруды, оларды өзектендіруді Академияның тиісті құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.

      7. ААЖ мен ИР контентінің өзектендіру, толықтыру, анықтығы мен сапасына мониторингті Академияның уәкілетті тұлғалары жүзеге асырады.

      8. ААЖ мен ИР-ды әзірлеуді Академияның Ғылыми-білім беру қызметінің сапасын жақсарту мақсатында Академияның қажеттілігін немесе ұсынылған техникалық тапсырмамен (сипаттамамен) құрылымдық бөлімшелерден мәлімделген өтінім бойынша Академияның тиісті бөлімшесі жүзеге асырады.

2-тарау. ААЖ мен ИР-ға қойылатын талаптар

      9. ААЖ 2015 жылғы 24 қарашадағы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы стандарттарға, ақпараттық жүйенің өмірлік цикліне сәйкес және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды қамтамасыз етуді ескере отырып құрылады, пайдаланылады және дамиды.

      10. Әзірленетін немесе сатып алынатын дайын ААЖ мынадай критерийлерге сәйкес келуі тиіс:

      1) сенімділік;

      2) ілесіп жүру;

      3) пайдалану ыңғайлылығы;

      4) пайдаланушы интерфейсінің көптілділігі;

      5) тиімділік;

      6) әмбебаптылық;

      7) функционалдылық;

      8) резервтік көшірменің болуы.

      11. ААЖ ақпаратты рұқсатсыз кіруден қорғауды қамтамасыз етеді, атап айтқанда:

      1) ААЖ-ға кіру құқығын және ондағы іс-әрекеттерді анықтау үшін пайдаланушыны авторизациялау;

      2) объектілердің иерархиясын және ұйымдық құрылымға жататындығын ескере отырып, жүйені пайдаланушылар құқықтарының рөлдер, топтар және қолжетімділік деңгейі бойынша ара-жігін ажырату;

      3) жүйелік файлдарды рұқсат етілмеген пайдаланушылардың және бағдарламалық процестердің өзгеруінен немесе зақымдануынан қорғау.

      12. ААЖ пайдаланушының жүйеге кіруіне уақытша тыйым салудың функционалдығын қамтамасыз етеді.

      13. ИР Академияның Жарғысына сәйкес оның қызметіне қатысты ақпаратты, жеке ақпараттық ресурстарға, сондай-ақ құқық иеленушілермен жасалған шарттар мен келісімдер негізінде жоғары оқу орындарының ресми интернет-ресурстарында орналастырылатын басқа да ұйымдардың ресурстарына сілтемелерді қамтиды.

      14. ИР-да Академия қызметіне қатысы жоқ мәліметтерді орналастыруға жол берілмейді.

      15. ИР-ға ақпаратты орналастыру мен жаңартуды Академия дербес айқындайды.

      16. Ақпарат ААЖ мен ИР-да мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады.

      17. ААЖ мен ИР үшінші тұлғалардың авторлық және зияткерлік құқықтарын бұзбайды.