«Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 30 наурыздағы
№ 303 бұйрығымен
бекітілген
Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесі
№ |
Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің атауы |
БСН |
Орналасу орны |
Байланыс телефоны |
Электрондық поштасы, факс |
Технологиялық операциялардың түрлері |
Құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының түрлері |
1 |
«Казцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
970140000211 |
Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Промышленная көшесі, 1 үй. |
8 (7232) 291001 |
kazzinc@kazzinc.com, 8 (7232) 291355 |
қайта өңдеу (байыту, алу); аффинаждау |
өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металдар), мырыш шөгінділері; |
2 |
«Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
110440001807 |
Қазақстан Республикасы, Карағанды облысы, Балқаш қаласы, Ленин көшесі, |
8 (71036) 62255 |
Dinara.Bo@kazakhmys.kz 8 (71036) 63478 |
қайта өңдеу (байыту, алу); |
өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металдар), мырыш шөгінділері; |
3 |
«Тау-Кен Алтын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
091240012920 |
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, А194 көшесі, |
8 (7172) 30 94 24 |
info@taukenaltyn.kz 8 (7172) 30 94 24 |
аффинаждау |
өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металдар), мырыш шөгінділері; |