Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 303 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 сәуірде № 13635 болып тіркелді.

      "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 30 наурыздағы
№ 303 бұйрығымен бекітілген

Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№

Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің атауы

БСН

Орналасу орны

Байланыс телефоны

Электрондық поштасы, факс

Технологиялық операциялардың түрлері

Құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының түрлері

1

"Казцинк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

970140000211

Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Промышленная көшесі, 1 үй.

8 (7232) 291001

kazzinc@kazzinc.com, 8 (7232) 291355

қайта өңдеу (байыту, алу); аффинаждау

өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металдар), мырыш шөгінділері;
зергерлік бұйымдардың сынықтары;
бағалы металдардың кендері мен концентраттары;
құрамында бағалы металдар бар түсті металдардың кендері, концентраттары және күлі, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдері

2

"Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

110440001807

Қазақстан Республикасы, Карағанды облысы, Балқаш қаласы, Ленин көшесі,
1 үй.

8 (71036) 62255

Dinara.Bo@kazakhmys.kz 8 (71036) 63478

қайта өңдеу (байыту, алу);
аффинаждау

өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металдар), мырыш шөгінділері;
зергерлік бұйымдардың сынықтары;
бағалы металдардың кендері мен концентраттары;
құрамында бағалы металдар бар түсті металдардың кендері, концентраттары және күлі, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдері

3

"Тау-Кен Алтын" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

091240012920

Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, А194 көшесі, 1-үй.

8 (7172) 30 94 24

info@taukenaltyn.kz 8 (7172) 30 94 24

аффинаждау

өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металдар), мырыш шөгінділері;
зергерлік бұйымдардың сынықтары