Құқық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Астана және Алматы қалаларында орналасқан республикалық ведомстволық медициналық ұйымдарға жіберу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 281 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 сәуірде № 13624 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ішкі істер министрінің 11.11.2019 № 974 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, зейнеткерлеріне, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларына олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы қаулысының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса ұсынылған Құқық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Астана және Алматы қалаларында орналасқан республикалық ведомстволық медициналық ұйымдарға жіберу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті (С.В. Каверников):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмелерін баспа және электронды түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін тіркелген бұйрықты алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағы 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаментіне (С.В. Каверников) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 18 наурыздағы
№ 281 бұйрығымен бекітілген

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қағида жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ішкі істер министрінің 11.11.2019 № 974 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Құқық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Астана және Алматы қалаларында орналасқан республикалық ведомстволық медициналық ұйымдарға жіберу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, зейнеткерлеріне, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларына олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 78 қаулысының 8-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар прокуратура, ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызмет және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан қызметкерлерінiң балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін (бұдан әрі - контингент) диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың арнайы әдістерін талап ететін медициналық көрсеткіштер болған жағдайда Астана және Алматы қалаларында орналасқан республикалық ведомстволық медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызуға жіберу тәртібін анықтайды.

2. Контингентті Астана және Алматы қалаларында орналасқан республикалық ведомстволық медициналық ұйымдарға жіберу

      3. Контингентті ішкі істер органдарының медициналық ұйымдары мынадай республикалық ведомстволық медициналық ұйымдарға стационарлық ем алуға жіберуді жүзеге асырады:

      1) Астана қаласында орналасқан "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Емханасы бар орталық госпиталі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ЕбОГ);

      2) Алматы қаласында орналасқан "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қазақстан санаторийі" акционерлік қоғамының стационары.

      4. Тәулік бойы медициналық бақылаумен білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажеттілігі емдеуге жатқызу үшін көрсетім болып табылады.

      5. Республикалық ведомстволық медициналық ұйымдарға контингентті емделуге жатқызу:

      1) жоспарлы тәртiпте Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті Медициналық басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) жазбаша рұқсатымен;

      2) шұғыл көрсетім бойынша – жолдаманың бар-жоғына қарамастан жүзеге асырылады. Шұғыл медициналық көмек көрсету қажет ететін контингентке республикалық ведомстволық медициналық ұйымдарға емделуге жатқызу дереу жүргізіледі.

      6. Астана қаласының ІІД емханасына бекітілген контингентті ЕбОГ-ге және Алматы қаласының ІІД емханасына бекітілген контингентті "Қазақстан санаторийі" АҚ-ға стационарлық ем алуға жіберуді емханалар дербес жүзеге асырады.

      7. Ішкі істер департаменттерінің медициналық бөлімдері (топтары) контингентті республикалық ведомстволық медициналық ұйымдарға жіберудің себептерін негіздей отырып, Басқармаға жазбаша сұрау салу жібереді.

      Бұл ретте "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 025/е нысан бойынша амбулаториялық сырқаттың медициналық картасынан толық көшірмесі қоса беріледі.

      Ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында жоқ жабдықтарды қолданып жүргізілетін зерттеулер (компьютерлік, магнитті-резонанстық томография, ультрадыбыстық зерттеулердің жеке түрлері және басқалар) контингентті республикалық ведомстволық медициналық ұйымдарға қатаң түрде көрсетім бойынша емделуге жатқызғанда жүзеге асырылады.

      8. Емделуге жатқызуға жазбаша сұрау салу түскенде Басқарма республикалық ведомстволық медициналық ұйымдардан бос төсек-орынның болуы және тиісті бейін бойынша контингентке медициналық көмек көрсетудің мүмкіндігі туралы ақпарат сұрайды.

      9. Басқарманың сұрау салуды қарау мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.

      10. Медициналық бөлімдер (топтар) Басқарманың жазбаша оң шешімін алғаннан кейін контингентті көрсетілген емдеуге жатқызу күніне сәйкес республикалық ведомстволық медициналық ұйымдарға жібереді.

      11. Контингентті емдеуге жатқызудан бас тарту Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12204 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 761 бұйрық) бекітілген Стационарлық көмек көрсету қағидаларының 33-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Емдеуге жатқызу күні контингентте:

      1) № 761 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша стационарға жатқызуға жолдама;

      2) амбулаториялық сырқаттың медициналық картасының көшірмесі;

      3) мерзімдері күнтізбелік 10 күннен аспайтын зертханалық зерттеулер нәтижелері (қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, микрореакция) және электрокардиограмма (ЭКГ) болуы керек. Зертханалық зерттеулердің мерзімдері өтіп кеткен жағдайда талдаулар белгіленген емдеуге жатқызу күніне таяу қайталанады.

      Жоспарлы операциялық емделу кезінде – қосымша қанның адамның иммунитет тапшылығы вирусының (АИТВ) инфекциясына қарау нәтижелері, В және С гепатиттеріне маркерлер.

      13. Республикалық ведомстволық медициналық ұйымнан шығарған жағдайда контингентке стационарлық сырқаттың медициналық картасынан көшірмесі беріледі, онда толық клиникалық диагноз, өткізілген диагностикалық зерттеулер, емдеу іс-шаралары көлемі және емдеу мен қарауды одан әрі жалғастыру туралы ұсынымдар беріледі.