БҰЙЫРАМЫН:
«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес:
1. Қоса беріліп отырған мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберу;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алу күнінен кейін бес жұмыс күн ішінде оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет–ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
________________ А. Исекешев
18 наурыз 2016 жыл
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
16 наурыздағы 2016 жылғы № 126
бұйрығымен бекітілген
Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай
өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю
станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю
станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен
жарақтандыру қағидалар мен талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптары Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 8-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын анықтайды.
2. Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің,
мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю
станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю
станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен
жарақтандыру тәртібі.
2. Мұнай өнімдерінің сандық және сапалық (тығыздық) сипаттамасын өлшейтін есепке алатын бақылау аспаптарына (бұдан әрі – ЕАБА) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сай қолдануға рұқсат берілген өлшеулерді орындау әдістемесіне сәйкес мұнай өнімдерінің көлемін өлшеу және (немесе) есептеуді қамтамасыз ететін өлшеу құрылғылары жатады.
3. Қолдануға өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сай қолдануға рұқсат берілген ЕАБА рұқсат етіледі.
4. ЕАБА мұнай өнімдерін есептеу көлемі (тоннамен) бойынша, өнім көлемін өлшеу төмендегілер арқылы жүзеге асырылады:
1) Түскен, өткізілген және тиелген мұнай өнімдерінің көлемін анықтайтын мұнай өнімдерін қабылдау (ағызу) және құюда мұнай өнімдерін ЕБА;
2) резервуардағы сақталған, қалдықтарда бар мұнай өнімдерінің көлемін есептеу және (немесе) тығыздығын, деңгейін анықтайтын резервуардағы мұнай өнімдерінің ЕАБА.
Мұнай өнімдерін теміржол, автокөлік цистерналарынан, құбыр желісінен қабылдау (ағызу), құю түрлі үлгідегі ЕАБА арқылы жүзеге асырылады. ЕАБА мұнай өнімдерін өндірушілер, мұнай өнімдері базасының өндірістік объектілерінің технологиялық сызбанұсқасына сай технологиялық құбыр желісіне қондырылады. Автожанармай құю станцияларындағы ЕАБА (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) резервуарда қондырылады.
Мұнай өнімдерін өндірушілері үшін ЕАБА құю эстакадасына апаратын технологиялық құбыр жолдарына орнатылады.
Резервуарлық паркте (резервуарда) сақталып тұрған резервуарлық қорды өлшеу сыйымдылық шегін арқылы және тауарлық резервуарда қондырылған толықтай сыйымдылық шамасы бойынша мұнай өнімдерін құюды қашықтан бақылау үшін түрлі үлгідегі ЕАБА құрылғыларымен жүзеге асырылады.
Мұнай өнімдерін өндірушілердің резервуарларында тығыздық өлшегіштерін орнатпай, мұнай өнімдерінің массасын анықтауға мүмкіндік беретін ЕАБА-ны орнатуға жол беріледі.
Резервуардағы мұнай өнімдері көлемін өлшеу ГОСТ мемлекетаралық стандарттарының талаптарына сай немесе олар болмаған жағдайда ҚР МС ұлттық стандарттарының талаптарына сай мұнай өнімдерінің көлемін өлшеудің әрекеттегі әдістері негізінде ЕАБА анықталады.
5. ЕАБА қондырғы орны рұқсат етілмеген мүмкіндіктің алдын алу үшін құзыретті органның және (немесе) пломба салынған орынды, нөмір немесе пломба бедерлемесін көрсету арқылы акт жасалынған оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғасы арқылы пломбаланады.
3. Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің,
мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю
станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю
станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен
жарақтандыру талаптары.
6. ЕАБА келесі талаптарға жауап береді:
1) деректерді табыстау құрылғылары арқылы (Ғаламтор желісі, телефон желісі бойынша) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарлары мен автожанармай құю станцияларында (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) бекітілген деректердің операторы мұнай өнімдерінің өндірісін және (немесе) айналымының көлемі туралы ақпараттық жүйе арқылы телекоммуникациялық каналдар бойынша деректерді табыстау мүмкіндігімен қамтамасыз етуде;
2) белгіленген режимде өлшеудің жол берілетін олқылығынан аспайтын және ГОСТ мемлекетаралық стандарттары немесе ол болмаған жағдайда ҚР МС ұлттық стандарттары талаптарына сай пайдалану режимі мен талаптары сай олқылықпен өлшеуді орындауды қамтамасыз етуде;
3) ақпараттық алмасу хаттамаларына сай өлшенген көрсеткіштер бөлігінің сыртқы автоматтандырылған жүйесі үшін алғашқы деректерді қалыптастыруды қамтамасыз етуде;
4) рұқсат етілмеген мүмкіндіктен (код, кілт, пломба, голографиялық жапсырма) қауіпсіздік жүйесінің болу мүмкіндігіне ие болуы;
5) электрлік қуат беру жүйесінде (кернеуді сөндіргіш, үздіксіз қуат көзі және т.б.) бөгет, іркілуден қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс), ал апаттық іркіліс кезінде – мұнай өнімдерін өндірушілер үшін электрмен жабдықтаудағы автономды жұмыс ұзақтығы бір сағаттан кем емес, мұнай өнімдерінің базасы мен автожанармай құю станцияларында тәуліктен кем емес болуы;
6) техникалық құжат, пайдалану туралы нұсқама мен пайда болуы туралы құжатының болуы.