Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 13.01.2023 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Құқық қорғау органдары туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9561 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде № 141 (27762) 2014 жылғы 23 шілде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларына:
3-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен (бұдан әрі - Құқық қорғау органдары академиясы) - Құқық қорғау органдары академиясының ректорымен.";
5-тармақтың 10-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыс еткенін растайтын құжаттар;";
5-тармақтың 11-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Бас прокуратурада, ҚСжАЕК-те, Құқық қорғау органдары академиясында, Бас көлік прокуратурасында конкурсты өткізу кезінде хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
Прокуратура органдарының және ҚСжАЕК-тің аумақтық бөлімшелерінде конкурс өткізу туралы хабарландырулар тисті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді басылымдарда жарияланады.
Мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жарияланғаннан кейін конкурс өткізу туралы хабарландыру Бас прокуратураның және конкурсты жариялаған прокуратура органының интернет-ресурстарына орналастырылады.
Негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыста болу кезеңіне бос лауазымға орналастыру үшін конкурс өткізілген жағдайда мұндай шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.";
көрсетілген ереженің 1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Бас Прокуроры | А. Дауылбаев |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері министрі
______________ Т. Донақов
"___"_________ 2016 жыл
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде конкурстық негізде орналасатын лауазымдардың тізбесі
1. Бас прокуратура, ҚСжАЕК, Құқық қорғау органдары академиясы қызметкерлерінің лауазымдары
1. Бас прокуратураның департамент бастығы, Бас Прокурордың ерекше тапсырмалар бойынша аға көмекшісі (C-GP-1), Құқық қорғау органдары академиясының Институт директоры, профессоры (С-AGP-1).
2. Бас прокуратураның департамент бастығының орынбасары, Бас прокуратураның дербес басқарманың бастығы (C-GP-2), Құқық қорғау органдары академиясының Институт директорының орынбасары, факультет деканы (С-AGP-2).
3. Бас прокуратураның, ҚСжАЕК басқарма бастығы, Бас Прокурордың аға көмекшісі (C-GP-3), Құқық қорғау органдары академиясының басқарма бастығы, орталық бастығы, кафедра меңгерушісі, аға ғылыми қызметкері, Ғылыми кеңестің хатшысы, ректордың көмекшісі (С-AGP-3).
4. Бас прокуратураның басқарма бастығының орынбасары, Бас прокуратураның, ҚСжАЕК бөлім бастығы, Бас прокурордың кеңесші, көмекшісі (C-GP-4), Құқық қорғау органдары академиясының бөлім бастығы, кезекші бөлімінің бастығы, бас ғылыми қызметкері, доценті (С-AGP-4).
5. Бас прокуратураның басқарма, бөлім, ҚСжАЕК аға прокуроры (C-GP-5), Құқық қорғау органдары академиясының басқарма аға прокуроры, аға оқытушысы, аға ғылыми қызметкері (С-AGP-5).
6. Бас прокуратураның басқарма, бөлім, ҚСжАЕК прокуроры (C-GP-6), Құқық қорғау органдары академиясының басқарма прокуроры, инспекторы, оқытушысы, ғылыми қызметкері (С-AGP-6).
2. Облыстық прокуратура органдары және оларға теңестірілген прокуратуралар, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің облыстық органдары қызметкерлерінің лауазымдары
1. Облыс прокурорының бірінші орынбасары және оған теңестірілген прокурор, ҚСжАЕК облыстық органының бастығы (C-OGP-2).
2. Облыс прокурорының орынбасары және оған теңестірілген прокурор, ҚСжАЕК облыстық органы бастығының орынбасары (C-OGP-3).
3. Облыс прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның, ҚСжАЕК облыстық органының басқарма бастығы, облыс прокурорының аға көмекшісі (C-OGP-4).
4. Облыс прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның, ҚСжАЕК облыстық органының басқарма бастығының орынбасары (C-OGP-5).
5. Облыс прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның, ҚСжАЕК облыстық органының бөлім бастығы, облыс прокурорының көмекшісі (C-OGP-6).
6. Облыс прокуратурасы және оған теңестірілген прокуратураның, ҚСжАЕК облыстық органы басқармасының, бөлімінің аға прокуроры (C-OGP-7).
7. Облыс прокуратурасы және оған теңестірілген прокуратураның, ҚСжАЕК облыстық органы басқармасының, бөлімінің прокуроры (C-OGP-8).
3. Аудан прокуратурасының органдары және оларға теңестірілген прокуратуралар қызметкерлерінің лауазымдары
1. Аудан прокуроры және оған теңестірілген прокурор (C-RGP-1).
2. Аудан прокурорының орынбасары және оған теңестірілген прокурор (C-RGP-2).
3. Аудан прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратуралардың бөлім бастығы (C-RGP-3).
4. Аудандық прокуратураның және оған теңестірілген прокуратураның аға прокуроры (C-RGP-4).
5. Аудандық прокуратураның және оған теңестірілген прокуратураның прокуроры (C-RGP-5).