Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 16.02.2018 № 208 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5453 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 наурызда № 42 (1465) "Заң газеті" газетiнде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымша мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"
173 | "ПОРТ DPG-150 ФКZ" | |
174 | "ОКА ПФ KZ online" | |
175 | "ОКА МФ KZ online" | |
176 | "WEBKASSA 1.0" | |
177 | "РАХ D210 NORD OnlineKZ" (1.2 нұсқасы) |
".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгiленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |