БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5453 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 наурызда № 42 (1465) «Заң газеті» газетiнде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымша мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"
173 |
«ПОРТ DPG-150 ФКZ» |
|
174 |
«ОКА ПФ KZ online» |
|
175 |
«ОКА МФ KZ online» |
|
176 |
«WEBKASSA 1.0» |
|
177 |
«РАХ D210 NORD OnlineKZ» (1.2 нұсқасы) |
".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгiленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б. Сұлтанов