Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.10.2018 № 581 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 46-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.10.2018 № 581 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуді, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшыларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, кәсәптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының назарына жеткізілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Сәрінжіпов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
_____________________ А. Мамытбеков
15 ақпан 2016 ж.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігі
_____________________ Т. Дүйсенова
17 ақпан 2016 ж.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
_____________________ А. Мұхамедиұлы
19 ақпан 2016 ж.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығымен бекітілді |
Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.10.2018 № 581 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-13) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының жатақханаларында орын бөлу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 22.05.2020 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қағидалар білім алушылар үшін жатақханаларда тұруға орын бөлудің негізділігі мен кезектілігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ұйым) меншік құқығына тиесілі немесе өзге заңдық негізде ұйымдардың иелігінде тұрған жатақханалардағы орындарды бөлу тәртібін айқындайды.
Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беруді жоғары оқу орындары (бұдан әрі – ЖОО) жүзеге асырады.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беруді техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ТжКБ) жүзеге асырады.
Жатақханаларда бос орындардың болуы туралы мәліметтер ЖОО-ның және ТжКБ-ның ресми сайттарында орналастырылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 22.05.2020 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-1. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш негізінде тегін көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) жоғары оқу орындары;
2) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;
3) www.egov.kz "электронды үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады;
Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын ТжКБ үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларына жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – ТжКБ стандарты) келтірілген.
Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын ЖОО-лар үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – ЖОО стандарты) келтірілген.
Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 22.05.2020 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
3) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
4) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі (бұдан әрі - ЭЦҚ).
Ескерту. 2-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 22.05.2020 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Комиссияны қалыптастыру тәртібі
3. Жатақханалардағы орындарды конкурстық негізде, арнайы құрылған комиссия бөледі.
4. Жатақханалардағы орындарды бөлу жөніндегі конкурстық комиссияның (бұдан әрі – конкурстық комиссия) сандық және жеке құрамын, сондай-ақ оның өкілеттік мерзімдерін ұйымның бірінші басшысы айқындайды.
5. Конкурстық комиссия мынадай құрамда құрылады:
1) ұйымның басшылық құрамының өкілі – білім алушылардың жатақханаларда тұру мәселесіне жетекшілік ететін ұйым басшысының орынбасары;
2) қоғамдық ұйымдардың өкілдері - ерiктi негiзде құрылған кәсiподақтар және басқа да бiрлестiктердің өкілдері;
3) студенттік өзін-өзі басқару органдарының өкілдері;
4) деканат өкілдері – білім алушылардың жатақханаларда тұру мәселесіне жетекшілік ететін декандар немесе декандардың орынбасарлары;
5) жастар саясатының мәселелеріне жетекшілік ететін ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері.
6. Ұйым басшысының білім алушылардың жатақханаларда тұру мәселесіне жетекшілік ететін орынбасары конкурстық комиссияның төрағасы болып тағайындалады.
7. Конкурстық комиссия жұмысының негізгі міндеттері:
1) конкурстық комиссия отырысының кестесін анықтау;
2) өтініштерді жан-жақты және жария түрде қарау, сондай-ақ олардың қорытындылары бойынша білім алушылардың құқықтары мен мүдделеріне қысым жасамайтын шешімдер қабылдау;
3) конкурстық комиссия отырысының қорытындылары бойынша шешімдер шығару болып табылады.
3. Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.10.2018 № 581 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Конкурстық комиссия ЖОО немесе ТжКБ жатақханаларынан орын бөлуді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш негізінде немесе порталға электрондық түрде берілген өтініш негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ТжКБ стандартының және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ЖОО стандартының 8-тармағында көрсетілген қызметті алушының мәртебесін растайтын құжаттарды қоса бере отырып жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
ЖОО-ның немесе ТжКБ-ның осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес құжаттар топтамасын қабылдау күнін көрсете отырып, құжаттарды алғаны туралы қолхаты қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" құжаттар топтамасын қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда ЖОО немесе ТжКБ өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
ЖОО немесе ТжКБ кеңсесі өтініш берген күні құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті комиссияның қарауына береді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 22.05.2020 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8-1. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, отбасы болған жағдайда отбасы құрамы туралы анықтаманы, ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәлікті (жетім балалар үшін), отбасында 4 және одан көп баланың болуы туралы анықтаманы (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектікті растау туралы анықтаманы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқығын растау туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Ескерту. 8-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 22.05.2020 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Жатақханалардағы орындар "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 болып тіркелген "Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы (ұйым орналасқан қалада (елді мекенде) жеке меншігінде тұрғын үй бірлігі (пәтер, үй) жоқ) анықтама ұсынған жағдайда тұрғын жайға мұқтаж білім алушылар арасында бөлінеді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.10.2018 № 581 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Конкурстық комиссия жатақханалардағы орындарды бөлуді негіздемелер мен кезектілікті ескере отырып, мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
1) даму мүмкіндіктері шектеулі адамдар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар;
2) кәмелеттік жасқа жеткенге дейін ата-аналарынан қамқорлығынсыз қалған жастар арасынан адамдар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектерге теңестірілген адамдар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын оралмандар;
3) "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін – 2050") жобасы шеңберіндегі білім алушылар;
4) "Алтын белгі" игерелері болып табылатын бірінші курсқа қабылданған білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және/немесе конкурс жеңімпазының немесе жүлдегерінің сертификатын иеленген білім алушылар, сондай-ақ оқу орнын үздік бітірген, білім туралы растайтын құжаты бар (куәліктер, аттестат, диплом) талапкерлер;
5) 01.09.2023 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Білім және ғылым министрінің 19.10.2018 № 581 бұйрығымен.6) оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелері бар жоғарғы курс студенттері қатарындағы білім алушылар;
7) ұйымның өзге де білім алушылары.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.10.2018 № 581 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Білім алушылар қатарындағы шетелдік азаматтар халықаралық және үкіметаралық шарттарға сәйкес жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етіледі.
12. Конкурстық комиссия өтініштерді қарау қорытындылары бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде жатақханадан орын беру туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 22.05.2020 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Конкурстық комиссия білім алушының күтпеген отбасылық, материалдық және басқа жағдаяттар себептерінен тұрғын жайға мұқтаждығы туындағанда жатақханадан орын беру туралы, сондай-ақ жатақханада тұру ережелерін немесе ұйымның жарғысын сақтамағаны үшін негізделген ұсыныс бойынша жатақханадан шығару туралы шешім қабылдайды.
14. Конкурстық комиссия жатақханаларда орын бөлуді кезең-кезеңмен:
1) бірінші курстан басқа, барлық курстарда келесі оқу жылында білім алушыларға оқу жылының соңында (маусым);
2) бірінші курсқа оқуға қабылданған немесе басқа оқу орындарынан ауысып келген білім алушыларға оқу жылының басында (тамыз);
3) жатақханаларда тұратын білім алушылар контингентінің өзгеруіне сәйкес, сондай-ақ ауысып келген немесе қайта қабылданған білім алушыларды негізді орналастыру үшін оқу жылының ішінде, қажеттілігіне қарай жүргізеді.
15. Жатақханада тұру үшін қалыптастырылған тізім негізінде білім алушыға Комиссия төрағасының қолы қойылған ТжКБ немесе ЖОО жатақханаларынан орын беру туралы жолдама не дәлелді бас тарту беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ТжКБ-ның немесе ЖОО-ның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 22.05.2020 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 16-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 22.05.2020 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2 тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Ескерту. 17-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 22.05.2020 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 22.05.2020 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан | |
____________________________ | |
____________________________ | |
____________________________ | |
білім беру ұйымының атауы, | |
оның басшысының тегі, аты, | |
әкесінің аты | |
(болған кезде) | |
____________________________ | |
____________________________ | |
____________________________ | |
білім алушының тегі, аты, | |
әкесінің аты | |
(болған кезде) толығымен | |
____________________________ | |
____________________________ | |
білім алушының курсы, тобы, | |
мамандығы, факультеті |
Өтініш
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.10.2018 № 581 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Сізден ___________________________________________________________________________
білім беру ұйымының атауы
жатақханасынан бір орын бөлуіңізді сұраймын.
Келген жерім _________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________.
Қоса берілетін құжаттар тізбесі ________________________________________.
20___ ж. "___" ________________ ________________________
білім алушының қолы
Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 22.05.2020 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері | Қызмет көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электронды / қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама не дәлелді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс істеу кестесі |
1) Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге: |
9 | Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут. |
Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 22.05.2020 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Жоғары оқу білім беру ұйымдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері | Қызмет көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электронды / қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Жоғары оқу орындарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама, немесе дәлелді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс істеу кестесі |
1) Жоғары оқу білім беру ұйымдары– Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге: |
9 | Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут. |
Білім беру ұйымдарының Жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат № ___________
Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 22.05.2020 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __________ бөлімі/ білім беру ұйымы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________ мынадай құжаттар алынды:
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
1. Өтініш
2. Басқа _____________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің/ білім беру ұйымы қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ____________________________________________
(қолы)
Алдым: көрсетілетін қызметті алушының _________________________________
(қолы)
20 ___ ж. "___" ______________
Білім беру ұйымдарының Жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 22.05.2020 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып,
________________________________________________________________ (мекенжайын көрсету)
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабын басшылыққа ала отырып, Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ____________________________________________________________
2) ____________________________________________________________
3) .....
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
Орындаушының Т.А.Ә. (болған жағдайда) ________ Қолы __________ Телефон______
Қабылдады: _______________________ "___" ___________ 20 ___ жыл
(Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (болған жағдайда ), қолы)
Білім беру ұйымдарының Жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының және жоғары оқу орындарының білім алушыларына жатақханалар беру туралы жолдама
Ескерту. 6-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 22.05.2020 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________________________________________________________________
(білім беру ұйымының мекенжайы)
Азамат (-ша) _____________________________________________________/
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
№ ___жатақханаға орналасуға жолдама беріледі.
Жатақхананың мекенжайы _________________________________________
20___ ж. "____" _________ cағатта ___ келуді ұсынамын.
Директор ______________________ (қолы)
20___ ж. "____" _________
М.О.