Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 наурызда № 13487 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.10.2018 № 581 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 46-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.10.2018 № 581 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуді, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшыларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, кәсәптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының назарына жеткізілсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Сәрінжіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      _____________________ А. Мамытбеков

      15 ақпан 2016 ж.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау және әлеуметтік

      даму министрлігі

      _____________________ Т. Дүйсенова

      17 ақпан 2016 ж.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі

      _____________________ А. Мұхамедиұлы

      19 ақпан 2016 ж.



  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
2016 жылғы 22 қаңтардағы
№ 66 бұйрығымен бекітілді

Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.10.2018 № 581 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-13) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.10.2018 № 581 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қағидалар білім алушылар үшін жатақханаларда тұруға орын бөлудің негізділігі мен кезектілігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - ұйым) меншік құқығында тиесілі немесе өзге заңдық негізде ұйымдардың иелігінде тұрған жатақханаларындағы орындарды бөлу тәртібін айқындайды.

      Жеке ұйымдар жатақханалардағы орындарды бөлу тәртібін Қағидалардың 10-тармағында көзделген басым тәртіппен негізділігі мен кезектілігін ескере отырып, дербес анықтайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.10.2018 № 581 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Комиссияны қалыптастыру тәртібі

      3. Жатақханалардағы орындарды конкурстық негізде, арнайы құрылған комиссия бөледі.

      4. Жатақханалардағы орындарды бөлу жөніндегі конкурстық комиссияның (бұдан әрі – конкурстық комиссия) сандық және жеке құрамын, сондай-ақ оның өкілеттік мерзімдерін ұйымның бірінші басшысы айқындайды.

      5. Конкурстық комиссия мынадай құрамда құрылады:

      1) ұйымның басшылық құрамының өкілі – білім алушылардың жатақханаларда тұру мәселесіне жетекшілік ететін ұйым басшысының орынбасары;

      2) қоғамдық ұйымдардың өкілдері - ерiктi негiзде құрылған кәсiподақтар және басқа да бiрлестiктердің өкілдері;

      3) студенттік өзін-өзі басқару органдарының өкілдері;

      4) деканат өкілдері – білім алушылардың жатақханаларда тұру мәселесіне жетекшілік ететін декандар немесе декандардың орынбасарлары;

      5) жастар саясатының мәселелеріне жетекшілік ететін ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері.

      6. Ұйым басшысының білім алушылардың жатақханаларда тұру мәселесіне жетекшілік ететін орынбасары конкурстық комиссияның төрағасы болып тағайындалады.

      7. Конкурстық комиссия жұмысының негізгі міндеттері:

      1) конкурстық комиссия отырысының кестесін анықтау;

      2) өтініштерді жан-жақты және жария түрде қарау, сондай-ақ олардың қорытындылары бойынша білім алушылардың құқықтары мен мүдделеріне қысым жасамайтын шешімдер қабылдау;

      3) конкурстық комиссия отырысының қорытындылары бойынша шешімдер шығару болып табылады.

3. Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.10.2018 № 581 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Конкурстық комиссия жатақханада орын бөлуді осы Қағиданың қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша білім алушының жазбаша өтініші негізінде оның мәртебесін растайтын тиісті құжаттарды қоса беру арқылы немесе "электронды үкіметтің" – www.e.gov.kz веб-порталында электронды түрде берілген өтініші негізінде жүзеге асырылады.

      9. Жатақханалардағы орындар "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 болып тіркелген "Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы (ұйым орналасқан қалада (елді мекенде) жеке меншігінде тұрғын үй бірлігі (пәтер, үй) жоқ) анықтама ұсынған жағдайда тұрғын жайға мұқтаж білім алушылар арасында бөлінеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.10.2018 № 581 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Конкурстық комиссия жатақханалардағы орындарды бөлуді негіздемелер мен кезектілікті ескере отырып, мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

      1) даму мүмкіндіктері шектеулі адамдар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар;

      2) кәмелеттік жасқа жеткенге дейін ата-аналарынан қамқорлығынсыз қалған жастар арасынан адамдар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектерге теңестірілген адамдар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын оралмандар;

      3) "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін – 2050") жобасы шеңберіндегі білім алушылар;

      4) "Алтын белгі" игерелері болып табылатын бірінші курсқа қабылданған білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және/немесе конкурс жеңімпазының немесе жүлдегерінің сертификатын иеленген білім алушылар, сондай-ақ оқу орнын үздік бітірген, білім туралы растайтын құжаты бар (куәліктер, аттестат, диплом) талапкерлер;

      5) 01.09.2023 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Білім және ғылым министрінің 19.10.2018 № 581 бұйрығымен.

      6) оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелері бар жоғарғы курс студенттері қатарындағы білім алушылар;

      7) ұйымның өзге де білім алушылары.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.10.2018 № 581 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Білім алушылар қатарындағы шетелдік азаматтар халықаралық және үкіметаралық шарттарға сәйкес жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етіледі.

      12. Конкурстық комиссия өтініштерді қарау қорытындылары бойынша жатақханадан орын беру туралы шешім қабылдайды.

      13. Конкурстық комиссия білім алушының күтпеген отбасылық, материалдық және басқа жағдаяттар себептерінен тұрғын жайға мұқтаждығы туындағанда жатақханадан орын беру туралы, сондай-ақ жатақханада тұру ережелерін немесе ұйымның жарғысын сақтамағаны үшін негізделген ұсыныс бойынша жатақханадан шығару туралы шешім қабылдайды.

      14. Конкурстық комиссия жатақханаларда орын бөлуді кезең-кезеңмен:

      1) бірінші курстан басқа, барлық курстарда келесі оқу жылында білім алушыларға оқу жылының соңында (маусым);

      2) бірінші курсқа оқуға қабылданған немесе басқа оқу орындарынан ауысып келген білім алушыларға оқу жылының басында (тамыз);

      3) жатақханаларда тұратын білім алушылар контингентінің өзгеруіне сәйкес, сондай-ақ ауысып келген немесе қайта қабылданған білім алушыларды негізді орналастыру үшін оқу жылының ішінде, қажеттілігіне қарай жүргізеді.

      15. Конкурстық комиссия төрағасының қолы қойылған жатақханада тұру үшін жасалған тізім негізінде білім алушыға жатақханадан орын берілгені туралы жолдама беріледі.

  Білім беру ұйымдарының
  жатақханаларындағы орындарды
  бөлу қағидаларына қосымша
  Нысан
  ____________________________
  ____________________________
  ____________________________
  білім беру ұйымының атауы,
  оның басшысының тегі, аты,
  әкесінің аты
  (болған кезде)
  ____________________________
  ____________________________
  ____________________________
  білім алушының тегі, аты,
  әкесінің аты
  (болған кезде) толығымен
  ____________________________
  ____________________________
  білім алушының курсы, тобы,
  мамандығы, факультеті

Өтініш

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.10.2018 № 581 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Сізден ___________________________________________________________________________

      білім беру ұйымының атауы

      жатақханасынан бір орын бөлуіңізді сұраймын.

      Келген жерім _________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________.

      Қоса берілетін құжаттар тізбесі ________________________________________.

      20___ ж. "___" ________________                        ________________________

      білім алушының қолы