Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 наурызда № 13417 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы бекітілсін.

      2. "Сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының жеке кәсіпкерлік саласында сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 68 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6926 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 18 маусымдағы № 258-259 (26657) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитетінің төрағасы

      _____________________ С. Айтпаева

      2016 жылғы "____"___________



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 1 ақпандағы
№ 49 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы

      Ескерту. Тексеру парағы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.10.2018 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің

      _________________________________________________________ саласында/аясында

      138-бабына сәйкес

      _________________________________________________ сауда объектiлеріне қатысты

      бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылауды тағайындау

      туралы акт ________________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _____________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________________

      __________________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының белгіленген мөлшерін сақтау





      Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ ______________

      лауазымы                               қолы

      _____________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау

      субъектісінің басшысы ______________________________ ______________

      лауазымы                               қолы

      _______________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)