Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а.22.12. 2022 № 493-НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2022 № 135 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы бекітілсін.
2. "Сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының жеке кәсіпкерлік саласында сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 68 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6926 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 18 маусымдағы № 258-259 (26657) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің төрағасы
_____________________ С. Айтпаева
2016 жылғы "____"___________
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы
Ескерту. Тексеру парағы жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а.22.12. 2022 № 493-НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2022 № 135 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.
__________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің
_________________________________________________________ саласында/аясында
138-бабына сәйкес
_________________________________________________ сауда объектiлеріне қатысты
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________________
__________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт ___________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _____________________________________
__________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________________
__________________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының белгіленген мөлшерін сақтау |
Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ ______________
лауазымы қолы
_____________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы ______________________________
_______________________________________________ ____________________
лауазымы қолы
_______________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)