Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 77 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 наурызда № 13384 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.12.2018 № ҚР ДСМ-39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.12.2018 № ҚР ДСМ-39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 2 ақпандағы
№ 77 бұйрығымен
бекітілген

Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты

      Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.12.2018 № ҚР ДСМ-39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.12.2018 № ҚР ДСМ-39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді.

      2. Стандарт амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.

      3. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) ерікті емделу – науқастың немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылатын емдеу;

      2) жоспарлы емдеуге жатқызу – бактерия шығаратын және жай-күйі тәулік бойы медициналық бақылауды талап ететін пациентті фтизиатрдың республикалық туберкулезге қарсы ұйымның (бұдан әрі - ТҚҰ) стационарына емдеуге жіберуі;

      3) консилиум – кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;

      4) құпия медициналық зерттеп-қарау – дәрігерлік құпияның және тексерілетін адамның жеке басы туралы ақпараттың сақталуына негізделген зерттеп-қарау;

      5) мәжбүрлеп емдеу – сот шешімінің негізінде жүзеге асырылатын науқасты емдеу;

      6) медициналық куәландыру – жеке тұлғаны онда ауруының болу немесе болмау фактісін анықтау немесе растау, оның денсаулық жағдайын, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздығын, кәсіптік және өзге де жарамдылығын айқындау мақсатында зерттеп-қарау;

      7) медициналық оңалту – науқастар мен мүгедектер организмінің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;

      8) орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі - ОДКК) – диагностиканың, емдеудің, диспансерлік бақылаудың, оңалтудың және ауруды болжаудың сапасын арттыру мақсатында облыстық (аумақтық, қалалық) және республикалық туберкулезге қарсы ұйымның (бұдан әрі – ТҚҰ) деңгейінде 5 артық білікті маманның қатысуымен адамды зерттеу;

      9) паллиативтік көмек – аурудың терминалдық (соңғы) сатысындағы дауасыз науқастарға мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (хоспистарда) немесе үйдегі стационар нысанында дәрігердің басшылығымен көрсетілетін медициналық көмек;

      10) пациент – медициналық қызметтер көрсетудің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;

      11) профилактика – аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;

      12) стационарлық көмек – тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны;

      13) cтационарды алмастыратын көмек – медициналық бақылау жасалатын, дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны;

      14) туберкулездің жұқпалы түрі – науқас адамның сыртқы ортаға туберкулез бактерияларын бөліп шығаруына байланысты айналадағы адамдарға қауіп төндіретін ауру;

      15) шұғыл емдеуге жатқызу – стационар жағдайында дереу медициналық көмек көрсетуді талап ететін жай-күйінің ауырлығы негізгі туберкулез үрдісімен және оның асқынуларымен шартталған пациентті ТҚҰ стационарға емдеуге жатқызу.

      4. Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде көрсетіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.12.2018 № ҚР ДСМ-39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Туберкулезге қарсы көмек көрсету мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

      1) амбулаториялық-емханалық көмек, алғашқы медициналық-санитариялық көмек және консультациялық-диагностикалық көмек;

      2) стационарлық көмек;

      3) стационарды алмастыратын көмек.

      6. Туберкулез кезінде амбулаториялық және стационарды алмастыратын медициналық көмек амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда - фтизиопульмонология орталықтарында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.12.2018 № ҚР ДСМ-39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Туберкулезбен ауыратын науқастардың бағдары осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Туберкулезбен ауыратын науқастарға жоспарлы мамандандырылған медициналық көмек фтизиопульмонология орталықтарында көрсетіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.12.2018 № ҚР ДСМ-39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Халыққа туберкулез кезінде амбулаториялық медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.12.2018 № ҚР ДСМ-39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Амбулаториялық-емханалық деңгейде туберкулезге қарсы көмек көрсету:

      1) туберкулезбен ауыратын науқастарды ерте анықтауды, пациенттің жағдайын анықтау және диагноз қою мақсатында дәрігердің қарап-тексеруді;

      2) туберкулезбен ауыратын науқастарды анықтау мақсатында азаматтарды зертханалық-аспаптық зерттеп-қарауды;

      3) қауіп тобының арасында туберкулезді ерте анықтау мақсатында флюорографиялық скрининг жүргізуді;

      4) анықталған нозологияға және клиникалық хаттамаларға сәйкес емді таңдау мен тағайындауды;

      5) амбулаториялық жағдайда туберкулезге қарсы препараттармен бақыланбалы емдеуді;

      6) ТҚҰ-ға мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге, емдеуге жатқызуға іріктеу мен жіберуді;

      7) диспансерлік бақылауды талап ететін туберкулезбен ауыратын науқастарды есепке алу мен диспанселеуді;

      8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бастапқы медициналық құжаттаманы ресімдеу және жүргізуді қамтиді.

      10. Туберкулезбен ауыратын науқастарды анықтауды, міндетті және профилактикалық медициналық тексеріп-қарауларды жүргізуді, сондай-ақ туберкулезге қарсы иммундауды амбулаториялық-емханалық және стационарлық ұйымдарға медициналық көмекке жүгінген кезде барлық мамандықтағы медицина қызметкерлері жүзеге асырады.

      11. Туберкулезді анықтау әдістері:

      1) аурудың клиникалық белгілері бар адамдардың арасындағы қақырық сүртіндісінің микроскопиясы;

      2) туберкулезбен сырқаттанушылықтың жоғары қаупі бар халық арасындағы флюорография;

      3) "Туберкулез бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 22 тамыздағы № 19 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9772 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 19 бұйрық) туберкулез бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес "қауіп тобындағы" балаларға туберкулинодиагностика болып табылады.

      12. "Қауіп тобындағылардың" арасында (АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, инъекциялық есірткіні тұтынушылар, қарым-қатынаста болғандар, белгілі тұратын жері жоқ адамдар, көшіп-қонушылар), балалар мен жасөспірімдердің арасында өкпеден тыс туберкулезді анықтау және диагноз қою диагностикалық алгоритмдерге сәйкес жүргізіледі:

      1) туберкулезбен ауыратын науқастар бойынша жоғары қауіп тобының арасында туберкулезді ерте анықтау алгоритмі осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;

      2) науқасты туберкулезге тексерудің диагностикалық алгоритмі осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;

      3) балалардағы туберкулезді алғашқы медициналық-санитариялық көмекте (бұдан әрі – МСАК) анықтау алгоритмі осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;

      4) МСАК-тың қауіп тобындағы балалардағы туберкулезді анықтау алгоритмі осы Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;

      5) сүйек пен тамырдағы туберкулезді МСАК-та анықтау алгоритмі осы Стандартқа 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;

      6) МСАК-та несеп-жыныс жүйесінің туберкулезін анықтау және диагностикалау алгоритмі осы Стандартқа 7-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;

      7) МСАК-та перифериялық лимфа түйіндері туберкулезін анықтау және диагностикалау осы Стандартқа 8-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;

      8) МСАК-та көз туберкулезін диагностикалаудың алгоритмі осы Стандартқа 9-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;

      9) МСАК-та менингит туберкулезін анықтау алгоритмі осы Стандартқа 10-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;

      10) МСАК-та менингит туберкулезін анықтау алгоритмі осы Стандартқа 11-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

      13. Туберкулезді диагностикалау және процестің орнығуы, емдеу түрі мен санаттары бойынша тіркеу № 19 бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.

      14. ТА және көптеген және ауқымды дәріге көнбейтін туберкулезді (бұдан әрі – КДК/АДК ТА) емдеу № 19 бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.

      15. Амбулаториялық емдеу ТҚҰ диспансерлік бөлімшелерінде, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында және стационар алмастыратын жағдайларда жүргізіледі.

      16. ТҚҰ диспансерлік бөлімшелерінде, МСАК ұйымдарында амбулаториялық емдеу жүргізу үшін тікелей бақыланбалы емдеу кабинеттері ұйымдастырылады. Туберкулезбен ауыратын науқастарды 10 жұмыс күнде 1 рет, көрсетілімдері бойынша – жиі, ТҚҰ немесе МСАК фтизиатрлары тексеріп-қарайды.

      17. Бактерия шығармайтын науқастарды амбулаториялық емдеу ОДКК шешімі бойынша, қақырық сүртіндісінің конверсиясына қол жеткізгеннен кейін және стационарға жатудан бас тартқан науқастарға инфекциялық бақылау шараларын сақтау мүмкіндігі болған кезде, үй жағдайында жүргізіледі.

      18. Кемінде күнтізбелік 10 күн интервалмен дәйекті түрде алынған микроскопияның екі теріс нәтижесі, бастапқы бактерия шығаратын науқастарды амбулаториялық емдеуге ауыстыру критерийлері болып табылады.

      19. Бактерия шығаратын өкпе туберкулезімен ауыратын науқастарды үйде емдеуді ұйымдастыру мәселесін пациенттің жеке бөлмесі болған жағдайда дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі - ДКК) шешеді. Науқасты фтизиатрдың тексеріп-қарауы аптасына бір рет, көрсетілімдері болса - жиірек жүргізіледі, тікелей бақыланбалы емдеуді (бұдан әрі – ТБЕ) күн сайын мейіргер жүргізеді.

      20. Амбулаториялық-емханалық деңгейде туберкулезге қарсы препараттарды (бұдан әрі – ТҚП) алу, есепке алу және жұмсау № 19 бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.

      21. ТҚҰ диспансерлік бөлімшелерінде немесе МСАК ұйымдарында туберкулезбен ауратын науқастарға ТҚП жанама әсерлері және ілеспе ауруларға байланысты ТМККК шеңберінде симптоматикалық және патогенетикалық емдеу жүргізіледі. "Жоғары қауіп тобына" туберкулезбен ауыратын науқастарға әлеуметтік қызметкер мен психолог психоәлеуметтік қолдау көрсетеді.

      22. Диспансерлік есепке алуды ұйымдастыру нақты өмір сүретін жері, жұмыс, оқу немесе әскери қызметтін өту орны бойынша ТҚҰ-да жүзеге асырылады. Диспансерлік топтарды бақылау № 19 бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.

      23. МСАК деңгейде туберкулезге күдігі бар адамдар үшін диагностикалық іс-шаралардың көлемі осы Стандартқа 12-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

3-тарау. Халыққа туберкулез кезінде стационарлық медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.12.2018 № ҚР ДСМ-39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Стационарлық деңгейде туберкулезге қарсы көмек көрсету:

      1) туберкулезбен ауыратын науқастарға шұғыл және жоспарлы білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырлыған стационарлық көмек көрсетуді;

      2) зерттеп-қарау нәтижелерін кейіннен түсіндіре отырып, клиникалық хаттамаларға сәйкес зертханалық және аспаптық зерттеп-қарауды;

      3) қолданыстағы нозологияға және медициналық стандарттарға сәйкес ОДКК шешімі бойынша емдеу схемасын таңдау және емдеу режімін белгілеуді;

      4) фтизиатрдың пациенттерді күнделікті қарап-тексеруіне, бөлімше меңгерушісінің қарап-тексеруіне қатысуы;

      5) пациенттерге бейінді мамандардың (көрсетілімдер болған жағдайда) консультациясын, консилиумдар ұйымдастыруды;

      6) № 907 бұйрыққа сәйкес медициналық құжаттаманы дұрыс ресімдеу мен жүргізуді;

      7) бөлімше жұмысының және көрсетілетін медициналық көмектің тиімділігін талдау, медициналық көмек көрсету сапасын арттыру және ауруханалық өлімді төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және жүргізуді қамтиды.

      25. Туберкулезбен ауыратын науқастарды туберкулезге қарсы стационарларға емдеуге жатқызу қақырық сүртіндісінің бактериоскопия (бұдан әрі – ҚСБ) нәтижелеріне сәйкес және тағайындалған емдеу режиміне, эпидемиологиялық мәртебесіне сәйкес ТМККК шеңберінде мынадай бейінді бөлімшелер бойынша емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жеке-жеке жүзеге асырылады:

      1) рифампицинге сезімталдығы сақталған бактерия бөлуші науқастарға арналған бөлімше;

      2) көптеген дәріге көнбейтін (бұдан әрі – КДК ТА) және ауқымды дәрілерге көнбейтін (бұдан әрі – АДК ТА) туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған бөлімше;

      3) бактерия бөлмейтін туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған бөлімше;

      4) балалар мен жасөспірімдерді туберкулезден емдеуге арналған бөлімше;

      5) өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған бөлімше;

      6) өкпе туберкулезін хирургиялық жолмен емдеу бөлімшесі;

      7) өкпеден тыс туберкулезді хирургиялық емдеу бөлімшесі;

      8) туберкулезбен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеуге арналған бөлімше;

      9) науқастарға паллиативтік көмек көрсету бөлімшесі;

      10) психоневрологиялық стационарлардағы туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған бөлімше.

      26. Бактерия шығаратын туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуге арналған әрбір бөлімше осы дәрінің сезімталдығына сәйкес бөлінеді. Дәріге сезімталдық мәртебесі белгісіз бактерия шығаратын науқастар бір орынды палаталарға немесе дәрілік сезімталдық тестінің (бұдан әрі - ДСТ) нәтижелері алынғанға дейін бокстерге жатқызылады.

      27. Республикалық, облыстық, өңірлік және қалалық деңгейдегі ТҚҰ-ға алдымен КДК/АДК ТА жатқызылады.

      28. Туберкулезбен ауыратын науқастарды ауданаралық туберкулезге қарсы ұйымдарға емдеуге жатқызу стационардың бейініне сәйкес жүзеге асырылады.

      29. Стационардың қабылдау бөлімшесі мынадай шұғыл және жоспарлы туберкулезге қарсы көмек алуға пациенттерді қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      30. Пациенттің қабылдау бөлімшесіне жүгінген сәтінен бастап 30 минуттан кешіктірілмей стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу жүзеге асырылады.

      31. Шұғыл емдеуге жатқызу кезінде ТҚҰ-ның қабылдау бөлімшесінде фтизиатр жүгінген сәтінен бастап 10 минуттан кешіктірмей тексеріп-қарайды.

      32. Пациентті бейінді бөлімшесіне емдеуге жатқызу немесе амбулаториялық жағдайда емдеу туралы шешім қабылдауды фтизиатр жүзеге асырады.

      33. Фтизиатр № 907 бұйрықпен бекітілген № 003/е нысаны бойынша стационарлық науқастың медициналық картасын ресімдейді, онда пациенттің жалпы жай-күйі сипаталады, шағымдары, ауруы мен өмірінің анамнезі, эпидемиологиялық анамнез, объективті зерттеп-қарау деректері, айқындалған патологиялық өзгерістер, орындалған зертханалық және функционалдық зерттеулерді клиникалық бағалау нақты және рет-ретімен сипатталады, алдын ала диагноз қойылады.

      34. Пациент (ата-анасы немесе заңды қамқоршысы) № 907 бұйрықпен бекітілген № ТА 14/е нысаны бойынша емдеуге және таяудағы қажетті емдік-диагностикалық іс-шараларды жүргізуге пациенттің ақпаратты келісімін толтырады.

      35. Пациент медициналық көмек алу кезінде ұсынылатын және баламалы емдеу әдістерінің ықтимал қаупі мен артықшылықтары туралы деректерді, емделуден бас тартудың ықтимал салдары туралы деректерді, пациентке түсінікті болатын нысандағы диагноз, емдік іс-шаралардың болжамы мен жоспары туралы ақпаратты қоса алғанда, өз денсаулығының жай-күйі туралы толық ақпаратты алуға, сондай-ақ оны стационардан шығару немесе басқа МҰ ауыстыру себептері туралы түсінік алады.

      36. Пациент немесе оның заңды өкілі стационарлық көмектен бас тартуға құқылы. Мүмкін болатын салдары көрсетіле отырып емделуге жатқызудан бас тарту № 907 бұйрықпен бекітілген № 001-6/е нысан бойынша Кодекстің 94-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық құжаттағы жазбамен ресімделеді және оған пациент немесе оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері қол қояды.

      37. Стационардың фтизиатры пациентті түскен күні 1 сағаттың ішінде алғаш тексеріп-қарауды жүзеге асырады, № 907 бұйрықпен бекітілген № 003/е нысанда алғашқы тексеріп-қарау туралы жазба жүргізеді, негіздей отырып, алдын ала диагноз қояды, қосымша зертханалық және аспаптық зерттеудің қажетті көлемін жазып береді, тағайындалған емдік-диагностикалық іс-шаралармен таныстырады.

      38. Емдеу-диагностикалық іс-шараларды өткізу, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, емдік тағам мен пациентке тиісті күтім ұйымдастыру стационарға түскен сәттен бастап жүзеге асырылады.

      39. ТҚҰ-да стационарлық деңгейдегі туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған диагностикалық іс-шаралардың көлемі осы Стандартқа 13-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

      40. Клиникалық диагноз пациенттің стационарға түскен күнінен бастап үш тәуліктен кешіктірілмей қойылады. Диагностика тұрғысынан күрделі жағдайлар айырықша болады, бұл ретте № 907 бұйрықпен бекітілген № 003/е нысанда диагноз қоюдың кешіктірілу себебі көрсетіледі, қосымша диагностикалық зерттеулер мен мамандарға консультация белгіленеді. Клиникалық диагноз қойған күні медициналық картаға тиісті жазба (клиникалық диагнозды негіздеу) жазылады және ДКК хаттама ресімделеді.

      41. Пациенттің диагнозын растау, емдеу санатын анықтау, туберкулезді тіркеу журналына есепке алу үшін № 907 бұйрықпен бекітілген № ТА 03/е нысан бойынша, № ТА 11/е нысан бойынша бір тәуліктен кешіктірілмей ОДКК-ға ұсынылады.

      42. Стационар жағдайында белсенді туберкулез диагнозын қою және (немесе) бактерия шығару туралы ақпарат № 907 бұйрықпен бекітілген № 089/е және № 058/е нысандары бойынша туберкулез жағдайын есепке алу және тіркеу үшін науқастың тұрғылықты жері бойынша ТҚҰ-ға және ҚР ҰЭМ ТҚҚК АБ беріледі.

      43. Стационарға түскен барлық пациенттер санитариялық тазартудан өтеді. Науқастың жай-күйіне қарай санитариялық тазарту толығымен немесе ішінара жүргізіледі.

      44. Берілген медициналық ұйым басшыларының келісімен бейінді медициналық ұйымдардың жағдайында көрсетілімдер бойынша консультациялық-диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.

      45. ТА, КДК ТА және АДК ТА бойынша ем қабылдап жүрген жүкті әйелдер босану үшін бейінді медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызылады.

      46. Стационардағы барлық пациенттер фтизиатрдың күнделікті тексеріп-қарауына жатады. Пациенттің медициналық картасына түсетін жазба оның жағдайының ауырлығына қарай (науқастың жай-күйі жеңіл және орташа ауырлықта болса, аптасына кемінде үш рет және науқастың жағдайы ауыр болса - күнсайын) жүзеге асырылады.

      47. Науқастың медициналық картасына жазба түсіре отырып, ТА және К/АДК ТА шалдыққан науқастарды тексеріп-қарауды бөлім меңгерушісі аптасына кемінде 1 рет жүргізеді.

      48. Күрделі жағдайларда диагнозын растау және емдеу тәсілін анықтау үшін облыстық және республикалық деңгейлердегі мамандардың қатысуымен көзбе-көз немесе қашықтықтан (телемедицина, онлайн-режим, пошталық байланыс) консилиум өткізеді.

      49. Туберкулезбен ауыратын науқасты стационардан шығару критерийлері:

      1) бактерия шығарудың және тәулік бойы медициналық бақылау қажеттілігінің болмауы;

      2) бастапқы бактерия шығаратын науқастардан кемінде күнтізбелік 10 күн интервалмен жүйелі алынған микроскопияның екі теріс нәтижесін алу;

      3) стационарлық емдеудің жалпыға бірдей қабылданған нәтижелері (сауығу, жақсару, өзгеріссіз, нашарлау, қайтыс болу және басқа медициналық ұйымға ауыстырылды);

      4) ТҚП қабылдаудан жалтару және аурухана режімін бұзу мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдардағы (облыстық, қалалық және аудандық (ауданаралық) туберкулезге қарсы диспансерлер (ауруханалар)) туберкулезбен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу стационарына ауыстыруға негіз болып табылады және оларды шығару "Туберкулезбен ауыратын науқастарды мамандандырған туберкулезге қарсы ұйымдарда мәжбүрлеп емдеу және оларды шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 17 қарашадағы № 729 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5959 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 729 бұйрық) сәйкес жүргізу;

      5) пациенттің өмірі мен айналасындағыларға тікелей қауіп болмаған жағдайда емдеу курсы аяқталғанға дейін пациенттің (оның заңды өкілінің) жазбаша өтініші болып табылады.

      50. Стационардан шығарған кезде стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме ресімделеді, онда толық клиникалық диагноз, жүргізілген диагностикалық зерттеулердің, емдік іс-шараларының көлемі, пациентті одан әрі емдеу және бақылау бойынша ұсынымдар көрсетіледі.

      51. Науқасты стационардан шығарған кезде оның медициналық құжаттамасы: "№ 907 бұйрықпен бекітілген № 027/е нысан бойынша, стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме ТА 01/е нысан бойынша немесе IV санат № ТА 01 нысаны бойынша, туберкулезге шалдыққан науқастың медициналық картасы № 907 бұйрықпен бекітілген № ТА 09/е нысаны бойынша, туберкулезбен ауыратын науқасты ауыстыруға арналған жолдамасы" одан әрі емдеуді және (немесе) қадағалауды жалғастыру үшін ТҚҰ және МСАК-қа жіберіледі.

      52. МСАК және (немесе) ТҚҰ мекемелері медициналық құжаттаманы алуы кезінде № 907 бұйрықпен бекітілген № ТА 09 нысаны бойынша жыртылмалы талон стационарға қайтарылады.

      53. Пациент стационарда қайтыс болған жағдайда патологиялық-анатомиялық ашып қарау "Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені және Патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10577 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      54. Туберкулезбен ауыратын науқас стационардан шығарылғаннан кейін медициналық карта мен рентгенологиялық мұрағат ТҚҰ мұрағатына тапсырылады және жиырма бес жыл бойы сақталады.

      55. Арнайы емдеуге жатпайтын туберкулезбен ауыратын науқастарға паллиативтік көмек "Қазақстан Республикасының халқына паллиативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 14 қарашадағы № 657 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8956 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

4-тарау. Халыққа туберкулез кезінде стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.12.2018 № ҚР ДСМ-39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      56. Стационарды алмастыратын көмек тәулік бойы медициналық бақылауды талап етпейтін ТА және КДК/АДК ТА науқастарға көрсетіледі.

      57. Стационарды алмастыратын көмектің түрлеріне күндізгі стационар, үйдегі стационар жағдайында және көліктегі ұтқыр топтарды пайдалана отырып туберкулезге қарсы көмек көрсету жатады.

      58. Күндізгі стационар бактерия шығармайтын немесе қақырық сүртіндісінің конверсиясына жеткеннен кейін туберкулезбен ауыратын науқастар үшін, дәрігердің тәулік бойы бақылауын қажет етпейтін ТҚҰ-да ұйымдастырылады. Туберкулезбен ауыратын науқастардың күндізгі стационарда болуы дәрігердің және орта медицина персоналының тексеріп-қарауымен және бақылауымен, емдеу-диагностикалық іс-шаралармен, туберкулезге қарсы препараттарды бақыланбалы қабылдаумен, бір реттік ыстық тамақпен немесе азық-түлік пакетімен қамтамасыз етумен қоса жүреді.

      59. Үйдегі стационар дәрігердің тәулік бойы бақылауын қажет етпейтін, бактерия шығармайтын немесе қақырық сүртіндісінің конверсиясына жеткеннен кейін туберкулезбен ауыратын науқастарға ТБЕ жүргізу үшін МСАК-та ұйымдастырылады. Үйдегі стационар қосалқы аурулары бар ТҚҰ-да немесе МСАК мекемелерінде емдеу үшін күнделікті болуына кедергі келтірмейтін ТБЕ кабинеттеріне өз бетімен бара алмайтын, жүріп-тұруларында уақытша проблемалары бар науқастарға – қарттарға, жүкті әйелдерге, емшектегі балалары бар әйелдерге, жалғызбасты аналарға, мүмкіндігі шектеулі, АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын адамдарға ұйымдастырылады.

      60. Ұтқыр топ бактерия шығармайтын немесе қақырық сүртіндісінің конверсиясына жеткеннен кейін, дәрігердің тәулік бойы бақылауын қажет етпейтін және басқа стационарды алмастыратын технологиялар жағдайында (әйелдердің жүктілік алдында және босанғанан кейінгі кезеңінде, мектеп алдындағы балалары бар әйелдер, мүмкіндігі шектеулі аурулар) бақыланбалы ем алуға мүмкіндігі жоқ туберкулезбен ауыратын науқастарды тікелей бақылап емдеуді қамтамасыз етеді.

      61. Фтизиатр ұтқыр топпен бірге туберкулезбен ауыратын науқастың үйіне шыға отырып, науқасты 10 күнде бір рет емдеуді бақылайды.

      62. ТҚҰ басшысы денсаулық сақтау басқармасының аумақтық органының келісуі бойынша күндізігі стационарлардың төсек қуатын анықтайды.

  Қазақстан Республикасында
туберкулезге қарсы көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
1-қосымша

Пациенттің қозғалыс бағдары


  Қазақстан Республикасында
туберкулезге қарсы көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
2-қосымша

ТА бойынша жоғары қауіп тобының арасында
туберкулезді ерте анықтау алгоритмі


  Қазақстан Республикасында
туберкулезге қарсы көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
3-қосымша

Науқасты туберкулезге тексерудің диагностикалық
алгоритмі


  Қазақстан Республикасында
туберкулезге қарсы көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
4-қосымша

Балалардағы туберкулезді МСАК-та анықтау
алгоритмі


  Қазақстан Республикасында
туберкулезге қарсы көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
5-қосымша

МСАК-тың қауіп тобы балаларындағы туберкулезді
анықтау алгоритмі


  Қазақстан Республикасында
туберкулезге қарсы көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
6-қосымша

Сүйек пен тамырдағы туберкулезді МСАК-та анықтау
алгоритмі


  Қазақстан Республикасында
туберкулезге қарсы көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
7-қосымша

МСАК-та несеп-жыныс жүйесінің туберкулезін анықтау
және диагностикалау алгоритмі


  Қазақстан Республикасында
туберкулезге қарсы көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
8-қосымша

МСАК-та перифериялық лимфа түйіндері
туберкулезін анықтау және диагностикалау


  Қазақстан Республикасында
туберкулезге қарсы көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
9-қосымша

МСАК-та көз туберкулезін диагностикалаудың алгоритмі


  Қазақстан Республикасында
туберкулезге қарсы көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
10-қосымша

МСАК-та менингит туберкулезін анықтау алгоритмі


  Қазақстан Республикасында
туберкулезге қарсы көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
11-қосымша

МСАК желісінде плеврит туберкулезін анықтау және
диагностикалау алгоритмі


  Қазақстан Республикасында
туберкулезге қарсы көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
12-қосымша

МСАК деңгейінде туберкулезге күдік тудырған адамдарға арналған диагностикалық іс-шаралар көлемі

Медициналық көмек көрсету деңгейлері

Міндетті диагностикалық іс-шаралар тізбесі

Қосымша диагностикалық іс-шаралар тізбесі

МСАК желісі (ТМККК шеңберінде)

Антропометрия. (бой мен салмақты өлшеу).

Физикалдық зерттеп-қарау.

Зертханалық зерттеу: қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы,

қышқылға төзімді бактерияға жүргізілген қақырықтың микроскопиясы (бұдан әрі - ҚТӨЗ).

Кеуде қуысы ағзаларының шолу рентгенографиясы.

Жоғары қауіп топта (инъекциялық есірткі тұтынушылар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, көшіп-қонушылар, белгілі тұратын жері жоқ адамдар, сотталғандар, туберкулезбен байланыста болғандар).

Молекулярлық-генетикалық әдіспен (бұдан әрі - Xpert MTB/Rif) биологиялық материалдан ДНК бөлу.

Балаларға – Манту сынамасы 2 ТЕ.

Өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқас (бұдан әрі – ТА) күдік туғанда: кешенді ультрадыбыстық зерттеу (бұдан әрі – УДЗ), ақпалы іріңнің және тамырдың пункциясы, патологиялық материалды ҚТБ-ға және тән емес флораға гистологиялық, цитологиялық және бактериологиялық зерттеу. Рентгенологиялық зерттеулер (урография, гистеросальпингография, цистография), компьютерлік томография (бұдан әрі - КТ), зақымдалған органдар мен жүйелердің магниттік-резонанстық томографиясы (бұдан әрі - МРТ).

Биопсиялы эндоскопиялық зерттеулер (фибробронхоскопия, торакоскопия, лапароскопия).

Менингитті ТА күдік туған кезде: жұлын арнасының пункциясы, ликворды цитозға, ақуызға, глюкозаға, хлоридке зерттеу, ҚТБ микроскопиясы, Xpert MTB/Rif, кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы, бастың КТ, МРТ.

Қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, несепнәр, креатинин, билирубин, аланинаминотрансфераза (бұдан әрі – АЛТ), аспартатаминотрансфераза ( бұдан әрі – АСТ), қан глюкозасы.

Туберкулезге қарсы ұйымның диспансерлік бөлімі (бұдан әрі – ТҚҰ), Аудандық орталық аурухананың туберкулез кабинеті

Антропометрия (бой мен салмақты өлшеу).

Физикалдық зерттеп-қарау.

Зертханалық зерттеу: жалпы қанның талдауы, жалпы несептің талдауы.

Қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, несепнәр, креатинин, билирубин, АЛТ, АСТ, қандағы глюкоза).

Қақырықтың немесе басқа биологиялық материалдың ҚТБ-ға микроскопиясы, Xpert MTB/Rif, Hain-test.

Қақырықтың немесе басқа биологиялық материалдың бактериологиялық зерттеуі (Левенштейн-Йенсен, БАКТЕК әдісі).

Бөлінген өсіріндінің микробқа қарсы препараттарға сезімталдығын анықтау.

Манту сынамасы 2 ТЕ, Диаскинтест.

Кеуде қуысы ағзаларының шолу рентгенографиясы.

Кеуде қуысы ағзаларының бойлық томографиясы.

Иммунды-ферменттік талдау (бұдан әрі – ИФТ) әдісімен АИТВ-ға қанды талдау.

ИФА-әдісімен қан сарысуындағы В гепатиті вирусын тасушылыққа (бұдан әрі – HbsAg) талдауды анықтау.

ИФА-әдісімен қан сарысуындағы С гепатиті вирусына қарсы денелер жиынтығын анықтау.

Электрокардиографиялық зерттеулер.

Патологиялық материалдарды Candida зеңіне бактериологиялық зерттеу.

Candida зеңі бөлген өсінділердің микробқа қарсы препараттарға сезімталдығын анықтау.

Зақымдалған учаскенің шолу рентгенографиясы (2 проекция).

Спирография.

УДЗ (плевра қуысы, бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көкбауыр, бүйрек, перифериялық лимфотүйіндері).

Кеуде қуысы ағзалары мен көкіректің КТ.

Зақымдалған органдар мен жүйелерінің КТ, МРТ.

Биопсиялы диагностикалық фибробронхоскопия және бронх-альвеолярлық шайындыны туберкулез микобактериясына зерттеу (бұдан әрі – ТМБ).

Әлеуметтік қызметкердің, психологтың консультациясы.

  Қазақстан Республикасында
туберкулезге қарсы көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
13-қосымша

ТҚҰ-да стационарлық деңгейдегі туберкулезге шалдыққан
адамдарға арналған диагностикалық іс-шаралар көлемі

Медициналық көмек көрсету деңгейлері

Міндетті диагностикалық іс-шаралар тізбесі

Қосымша диагностикалық іс-шаралар тізбесі

Туберкулезге қарсы ұйым (бұдан әрі - ТҚҰ) (аудандық, ауданаралық)

Антропометрия (бой мен салмақты өлшеу ).

Физикалдық зерттеп-қарау.

Зертханалық зерттеу:

қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы;

Қанды ИФА әдісімен АИТВ-ға талдау.

Қан сарысуындағы кардиолипин антигенімен микропреципитацин реакциясы.

Қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, несепнәр, креатинин, билирубин, аланинаминотрансфераза (бұдан әрі – АЛТ), аспартатаминотрансфераза (бұдан әрі – АСТ), қандағы глюкоза).

Қақырықтың немесе басқа биологиялық материалдың қышқылға төзімді (бұдан әрі - ҚТӨЗ) бактерияға микроскопиясы.

2 ТЕ Манту сынамасы, Диаскинтест.

Кеуде қуысы ағзаларының шолу рентгенографиясы.

Кеуде қуысы ағзаларының бойлық томографиясы.

Xpert MTB/Rif әдісімен қақырықты зерттеу.

Қақырықты бактериологиялық зерттеу (Левенштейн-Йенсен, БАКТЕК әдісі).

Бөлінген өсінділердің микробқа қарсы препараттарға сезімталдығын анықтау.

ИФА-әдісімен қан сарысуындағы HBsAg анықтау.

Электрокардиографиялық зерттеу.

Зақымдалған учаскені шолу рентгенографиясы (2 проекция).

Ультрадыбыстық зерттеу (бұдан әрі –УДЗ) (плевра қуысы, бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көкбауыр, бүйрек, перифериялық лимфотүйіндері).

ТҚҰ (облыстық, Алматы қ., Астана қ.)

Антропометрия (бой мен салмақты өлшеу).

Физикалдық зерттеп-қарау.

Зертханалық зерттеу: қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы.

Қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, несепнәр, креатинин, билирубин, АЛТ, АСТ, қан глюкозасы, Реберг сынамасы, қан электролиттері).

Қанды ИФА әдісімен АИТВ-ға талдау.

Қан сарысуындағы кардиолипин антигенімен микропреципитацин реакциясы.

ИФА-әдісімен қан сарысуындағы. HBsAg анықтау.

ИФА-әдісімен қан сарысуындағы С гепатиті вирусына қарсы денелер жиынтығын анықтау.

Қақырықты немесе басқа биологиялық материалды ҚТБ-ға микроскопиясы,

Xpert MTB/Rif, Hain-test.

Қақырықты немесе басқа биологиялық материалды бактериологиялық зерттеу (Левенштейн-Йенсен, БАКТЕК әдісі).

Бөлінген өсінділердің микробқа қарсы препараттарға сезімталдығын анықтау.

Манту сынамасы 2 ТЕ, Диаскинтест.

Кеуде қуысы ағзаларының шолу рентгенографиясы.

Кеуде қуысы ағзаларының бойлық томографиясы.

Тиреотроптық гормон (бұдан әрі - ТТГ) деңгейін анықтау.

Электрокардиографиялық зерттеу.

Спирография.

Патологиялық материалды Candida зеңіне бактериологиялық зерттеу.

Candida зеңі бөлген өсінділердің микробқа қарсы препараттарға сезімталдығын анықтау.

Зақымдалған учаскені шолу рентгенографиясы (2 проекция).

УДЗ (плевра қуысы, бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көкбауыр, бүйрек, перифериялық лимфотүйіндер, қалқанша без).

Кеуде қуысы ағзалары мен көкіректің компьютерлік томографиясы (бұдан әрі - КТ).

Зақымдалған органдар мен жүйелердің КТ, магниттік-резонанстық томографиясы (бұдан әрі – МРТ).

Аудиометрия.

Өкпеден тыс ТА: кешенді УДЗ, ақпалы іріңнің және тамырдың пункциясы, патологиялық материалды ҚТБ-ға және тән емес флораға гистологиялық, цитологиялық және бактериологиялық зерттеу. Зақымдалған органдар мен жүйелердің рентгенологиялық зерттеулері (урография, гистеросальпингография, цистография), КТ, МРТ.

Биопсия және ТМБ-ға зерттеу үшін материал алуымен эндоскопиялық зерттеулер (фибробронхоскопия, торакоскопия, лапароскопия).

Менингитті ТА кезінде: жұлын арнасының пункциясы, ликворды цитозға, ақуызға, глюкозаға, хлоридтерге зерттеу, Xpert MTB/Rif, Hain-test, Левенштейн-Йенсен, БАКТЕК әдістерімен ҚТБ-ға микроскопиясы.

Мидың КТ, МРТ.

Арнайы бейіндегі мамандардың консультациясы (окулист, психиатр, психолог. ЛОР, стоматолог, невропатолог, эндокринолог, инфекционист, дерматолог, диетолог, гепатолог, гастроэнтеролог, аллерголог).

Туберкулез проблемалары ғылыми орталығы, республикалық клиника

Антропометрия (бой мен салмақты өлшеу).

Физикалдық зерттеп-қарау.

Зертханалық зерттеу: қанның жалпы талдауы,

несептің жалпы талдауы.

Қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, несепағар, креатинин, билирубин, АЛТ, АСТ, қан глюкозасы, Реберг сынамасы, қан электролиттер).

Қанды ИФА әдісімен АИТВ-ға талдау.

Қан сарысуындағы кардиолипин антигендеріне микропреципитацияның реакциясы.

ИФА-әдісімен қан сарысуындағы HBsAg анықтау.

ИФА-әдісімен қан сарысуындағы С гепатиті вирусына қарсы денелер жиынтығын анықтау.

Қақырықты немесе басқа биологиялық материалды ҚТБ-ға, Xpert MTB/Rif, Hain-test микроскопиясы.

Қақырықты немесе басқа биологиялық материалды бактериологиялық зерттеу (Левенштейн-Йенсен, БАКТЕК әдісі).

Бөлінген өсінділердің микробқа қарсы препараттарға сезімталдығын анықтау.

Манту сынамасы 2 ТЕ, Диаскинтест, Кеуде қуысы ағзаларының шолу рентгенографиясы.

Кеуде қуысы ағзаларының бойлық томографиясы.

Тиреотроптық гормон деңгейін анықтау (бұдан әрі - ТТГ).

Электрокардиографиялық зерттеулер.

Спирография.

Патологиялық материалды тән емес флораға бактериялогиялық зерттеулер.

Бөлінген өсінділердің микробқа қарсы препараттарға сезімталдығын анықтау.

Патологиялық материалды Candida зеңіне бактериологиялық зерттеу.

Candida зеңі бөлген өсінділердің микробқа қарсы препараттарға сезімталдығын анықтау.

Зақымдалған учаскені шолу рентгенографиясы (2 проекция).

УДЗ (плевра қуысы, бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көкбауыр, бүйрек, перифериялық лимфотүйіндер, қалқанша без).

Зақымдалған органдар мен жүйелердің КТ.

Зақымдалған органдар мен жүйелердің КТ, МРТ.

Аудиометрия.

Өкпеден тыс ТА: кешенді УДЗ, ақпалы іріңнің және тамырдың пункциясы, патологиялық материалды ҚТБ-ға және тән емес флораға гистологиялық, цитологиялық және бактериологиялық зерттеу. Рентгенологиялық зерттеулер (урография, гистеросальпингография, цистография).

Зақымдалған органдар мен жүйелердің КТ, МРТ.

Биопсия және ТМБ-ға зерттеу үшін материал алуымен эндоскопиялық зерттеулер (фибробронхоскопия, торакоскопия, лапароскопия).

Менингитті ТА кезінде: жұлын арнасының пункциясы, ликворды цитозға, ақуызға, глюкозаға, хлоридтерге зерттеу, Xpert MTB/Rif, Hain-test, Левенштейн-Йенсен, БАКТЕК әдістерімен ҚТБ-ға микроскопиясы.

Мидың КТ, МРТ.

Арнайы бейіндегі мамандардың консультациясы (окулист, психиатр, психолог. ЛОР, стоматолог, невропатолог, эндокринолог, инфекционист, дерматолог, диетолог, гепатолог, гастроэнтеролог, аллерголог).