"Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 84 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 наурызда № 13382 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз!

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11203 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 22 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      10-тармақта:

      4), 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) этникалық қазақтарды, Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған бұрынғы отандастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негiзiнде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу құқығы бар адамдар мен олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мөлшерлерде өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн растауды ұсынбағандар;

      5) Қазақстан Республикасында шетелдіктің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бірнеше рет бұзған;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшiн соттылығы үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығы барлар;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) пана іздеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттар;".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына жариялауды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасарына (Е.З. Тургумбаев) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

Қазақстан Республикасының


Ішкі істер министрі


полиция генерал-полковнигі

Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ______________________Ә. Исекешев

      2016 жылғы 3 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________________Е. Досаев

      2016 жылғы 4 ақпан



  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 84 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 7 сәуірдегі
№ 315 бұйрығына
2-қосымша

"Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің
тұруына ықтиярхат беру" мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) "Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      Дайын құжаттарды беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) қажетті құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;

      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты:

      көрсетілетін қызметті берушіде – 30 (отыз) минут;

      Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты:

      көрсетілетін қызметті берушіде – 30 (отыз) минут;

      Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі – азаматтығы жоқ адамның куәлiгі және шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сеніп тапсырылған адамы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға: шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттiк қызмет көрсету кезінде "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 540-бабына сәйкес мемлекеттiк баж салығы алынады, ол:

      - азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ресiмдеу кезiнде - мемлекеттiк бажды төлеу күніне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнің 400 пайызын;

      - шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат ресiмдеу кезiнде - мемлекеттiк бажды төлеу күніне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнің 20 пайызын құрайды.

      Мемлекеттік корпорацияда төлем "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады, олар төлем мөлшері мен күнiн растайтын құжат (түбіртек) береді.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) қөрсетілетін қызметті беруші - дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, сенбі күні 9-00-ден 13-00-ге дейін жұмыс істейді, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн жүзеге асырылады.

      2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, түскі асқа үзіліссіз белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейді.

      Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша жылдам қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажетті құжаттардың тізбесі:

      Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхатты ресімдеу үшін:

      1) жарамды ұлттық паспорт;

      2) көші-қон полициясы бөлінісі берген Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат;

      3) мемлекеттiк бажды төлегенi туралы түбіртек (ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда);

      4) өлшемi 3,5 х 4,5 см. екі фотосурет (қағаз түрінде);

      азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ресімдеу үшін:

      1) мемлекеттiк бажды төленгенi туралы түбіртек (ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда);

      2) өлшемi 3,5 х 4,5 см. үш фотосурет;

      3) мына құжаттардың бірі:

      жарамдылық мерзiмi аяқталған шетелдік паспорт (азаматығы тиесілі елдің елшілігі болмаған кезде);

      азаматтығы жоқ адамның куәлiгi (азаматтығы жоқ адамның келу елінің куәлігі және бұрын берілген құжаттың беру мерзімі өткен кезде құжатты қайта рәсімдеу кезінде);

      1974 жылғы үлгідегі паспорт (басқа мемлекеттің құзыретті органы берген келу елінің азаматтығының жоқтығы туралы анықтамасы болған кезде);

      әскери билет;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтама;

      Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу және азаматтығын өзгерту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес азаматтықты өзгерту туралы анықтама;

      туу туралы куәлік (он алты жасқа дейінгі адамдарға ресімдеу кезінде);

      Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері беретін оралу куәлігі (шетелде уақытша жүрген азаматтығы жоқ адамның куәлігі жоғалған кезде).

      "Азаматтығы жоқ адамдарды және шетелдіктерді тіркеу және құжаттандыру" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыны фотосуретке түсіруді көрсетілетін қызметті беруші халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес және ақы төлеусіз жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының фото бейнесі суретке түсіру арқылы электрондық формулярға, көрсетілетін қызметті алушының қолы – қол қою сканері арқылы енгізіледі.

      Құжаттарды қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдерді тіркеу талоны беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен күзетілетін құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беруді жеке куәлігін ұсынған кезде (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтиженін алуға келмесе, Мемлекеттік корпорация дайындалған күнінен бастап бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге жою үшін береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының,
Мемлекеттік орпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік, 1 даңғылы беріледі.

      11. Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымды қабылдауды растау оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаушының тегі мен атын, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртаңба, кірісі нөмірі мен күні) болып табылады.

      Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта бойынша не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш білдіре алады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне келіп түскен шағым орталықтың басшысына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі.

      Орталықтың қолма-қол, сондай-ақ почтамен келіп түскен шағымды қабылдағанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кірісі нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Дене функциясының қатаң ауытқушылығы бар, өз-өзіне қызмет көрсетуден қабілетінен немесе мүмкіндігінен, өздігінен қозғалуынан толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға құжаттарды қабылдауға бағыттауға, мемлекеттік қызмет көрсетуді 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс-орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары:

      1) "Ішкі істер органдарының қызметі туралы" бөлімінде www.mvd.gov.kz:

      2) www.con. gov.kz. интернет-ресурстарында орналастырылады.

      15. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинет" арқылы алыстатылған кіру режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығында алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анқытамалық қызметтің байланыс телефондары, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелрі бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

  "Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын
шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

      нысан

      Өтінімдерді тіркеу талоны

      1. __________________________________________________________________

      (ХҚТ ТП пунктінің коды мен орналасқан орны)

      2. __________________________________________________________________

      (анықтама үшін төлефон нөмірі)

      3. __________________________________________________________________

      (өтінімді тіркеу талонының нөмірі)

      4. __________________________________________________________________

      (көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі және тіркеу күні)

      5. __________________________________________________________________

      (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің

      аты (бар болса) және туған күні)

      6. __________________________________________________________________

      (беру үшін құжат-негіз: түрі, нөмірі, берген күні, беру органы)

      7. __________________________________________________________________

      (мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушы тапсыратын мемлекеттік қызмет)

      8. __________________________________________________________________

      (тапсыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметті

      алушының құжаттары)

      9. __________________________________________________________________

      (мемлекеттік қызметті алған күні)

  "Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын
шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

      нысан

      __________________________ бастығына

      (ішкі істер органының атауы)

      ____________________________ тұратын

      (тұрақты тіркелген мекенжайы)

      азамат ______________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Өтініш

      Мен, __________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні

      атқапараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20___жылғы "____"________________.

      _____________________________________________________________________

      (азаматтың қолы) азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған күні)