Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 наурызда № 13355 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз!

      "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 41-бабының 5-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 06.12.2017 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. "Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 405 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12676 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2017 жылы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 4-тармағы 2) тармақшасын және 6-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 19 ақпандағы
№ 51 бұйрығына
қосымша

Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін
ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 06.12.2017 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметтері жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 41-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде мәліметтерді ұсыну және дерекқорын үкіметтік ұйымдардың қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:

      1) үкіметтік емес ұйым – ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда).

      2) Үкіметтік емес ұйымдар дерекқоры (бұдан әрі – Дерекқор) – үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор;

2-тарау. Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну тәртібі

      3. Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері жөніндегі мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын 31 наурызға дейін қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол немесе электрондық түрде веб-портал арқылы ұсынады.

      Үкіметтік емес ұйымдар есепті кезең үшін ақпаратты көрсете отырып ағымдағы жылдағы іске асырылатын жобалар жөніндегі ақпараты бар өз қызметтері туралы мәліметтерін ұсынады.

      Есепті кезең Дерекқорға мәліметтер ұсыну жылының алдындағы күнтізбелік жылы деп түсіндіріледі.

      Осы Қағидаларға 1-қосымшадағы кестелер осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

      4. Үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер уәкілетті органға пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынылған жағдайда, үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы мәліметтерді ілеспе хатпен жолдайды.

      5. Үкіметтік емес ұйымдар мәліметтер туралы веб-портал арқылы уәкілетті органға ұсынған жағдайда, мәліметтер заңды тұлғаға берілген электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

      6. Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген және Қазақстан Республикасы аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдар және өкілеттіктер) бар үкіметтік емес ұйымдар осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте филиалдар немесе өкілеттіктер туралы мәліметтерді ұсынады.

      7. Осы Қағидаларда 1-қосымшада I, II және VII бөлімнің 1-кестесінің 1-қосымшада көзделген үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, үкіметтік емес ұйымдар өзгертілген мәліметтерді қазақ және орыс тілдерінде пошта арқылы немесе қолма-қол немесе электронды түрде "Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқоры" веб-порталы арқылы осындай өзгерістер пайда болған күннен бастап жиырма жұмыс күн ішінде уәкілетті органға ұсынады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 12.07.2018 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      7-1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 213-бабына сәйкес есепті кезең басталғанға дейін және есепті кезең ішінде өз қызметін қайта бастамаған, сондай-ақ тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысында салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған үкіметтік емес ұйымдар үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсынбайды.

      Ескерту. 2-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қоғамдық даму министрінің 12.07.2018 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3-тарау. Үкіметтік емес ұйымдар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі

      8. Уәкілетті органдар үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыруды үкіметтік емес ұйымдар және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мәліметтер негізінде жүзеге асырады.

      9. Уәкілетті орган үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді алған кезде, олардың уақтылығын, толықтығын және анықтылығын қарайды.

      Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді, осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынылған жағдайда уақтылы болып саналады.

      Осы Қағиданың көрсетілген 1-қосымшасына сәйкес мәліметті толық ұсыну, бұл барлық кестені толтыру болып табылады.

      Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді толық ұсыну уәкілетті органға жолдау күннің шындығына сәйкес келген жағдайда, анық болып саналады. Грамматикалық қателер үкіметтік емес ұйым туралы мәліметтерді анық емес деп тану үшін негіздеме болып саналмайды.

      10. Уәкілетті орган үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтердің келіп түсуіне қарай он бес жұмыс күн ішінде Дерекқорды жаңартады.

      11. Үкіметтік емес ұйымдарды Дерекқордан алып тастауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімінен үкіметтік емес ұйымдарды алып тастау туралы ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

      12. Дерекқорға ұсынатын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді тексеруді жүзеге асыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын 10 сәуірге дейін аумақтық әділет органдарынан және мемлекеттік кірістер органдарынан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен үкіметтік емес ұйымдар туралы (тіркеу/қайта тіркеу күні, мекенжайы, құрылтайшылары, басшылары және олардың байланыс деректері, соңғы есепті мерзімге салықтық есеп беру күні) қорытынды мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады. Мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде, пошта арқылы қағаз және электрондық тасығыштарда ұсынылады.

  Үкіметтік емес ұйымдар
өз қызметтері жөніндегі
мәліметтерді ұсыну және
олар туралы дерекқорды
қалыптастыру қағидасына
1-қосымша

Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі жөніндегі мәліметтер 20___жылғы есепті кезең

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 12.07.2018 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      Индекс: ҮЕҰҚМ-1

      Кезеңділігі: жылдың есепті кезеңнен кейін жыл сайын 31 наурызға дейінгі мерзімде

      Ұсынатын топтар: үкіметтік емес ұйымдар

      Қайда ұсынылады: Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган

  1-кесте

Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі жөніндегі мәліметтер*

I бөлім. Үкіметтік емес ұйымдар туралы жалпы деректер*

1

БСН:


(12 цифр)

2

Мәліметті ұсыну бойынша есепті кезең:


жыл

3

ҮЕҰ ұйымдастыру-құқықтық нысаны (тиісті ұяшықты Х көрсетіңіз)

мекеме


жеке қор


жеке мекеме


корпоративтік қор


қоғамдық бірлестік


қоғамдық қор


коммерциялық емес акционерлік қоғам ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Заңның 41-бабы 5-тармағының екінші бөлімінде көзделген коммерциялық емес акционерлік қоғамды қоспағанда)


ЗТБ қауымдастық (одақ) нысанындағы


халықаралық және шетелдік коммерциялық емес ұйымдардың өкілдіктері мен филиалдары



4

ҮЕҰ атауы:


5

Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты:


6

ҮЕҰ орналасқан өңірі (тиісті ұяшықты Х көрсетіңіз)


Астана


Батыс Қазақстан облысы


Алматы


Қарағанды облысы


Шымкент


Ақмола облысы


Қостанай облысы


Ақтөбе облысы


Қызылорда облысы


Алматы облысы


Маңғыстау облысы


Атырау облысы


Павлодар облысы


Шығыс Қазақстан облысы


Солтүстік Қазақстан облысы


Жамбыл облысы


Түркістан облысы


7

ҮЕҰ заңды мекенжайы (елді мекен, мекенжай)


8

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні:


II бөлім. Үкіметтік емес ұйымдардың байланыс деректері

9

Электрондық пошта


10

Телефон нөмірі


11

Сайт мекенжайы


III бөлім. Еріктілер мен қызметкерлер туралы мәліметтер

12

Штаттық қызметкерлердің саны



оның ішінде:


13

Қазақстан Республикасы азаматтарының қызметкерлер саны


14

Шетелдік қызметкерлер саны


15

Тартылған мамандар саны


16

Еріктілер саны


IV бөлім. Қызметтің бағыты

17

Үкіметтік емес ұйымдардың қызметтік бағыты (керек торды Х көрсетіңіз):


білім және ғылым


ақпарат саласы


дене шынықтыру және спорт


салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты сақтау


қоршаған ортаны қорғау


жастар саясатын қолдау және балаларды қорғау


отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу


халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау


көпбалалы, толық емес отбасы жанұяларға және жетім балаларға көмек


халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу


азаматтардың, ұйымдардың заңды мүдделерін мен құқықтарын қорғау


мәдениетті және өнерді дамыту


тарихи-мәдени мұраны қорғау


қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту


есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметтеріне жәрдемдесу


мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу



азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу



өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) көмек көрсету



Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар ______________________________________________________


18

Үкіметтік емес ұйым қызметінің мәні мен мақсаттары (жарғыға сәйкес):


19

Мақсатты аудитория/атаулы топ:


V бөлім. ҮЕҰ есепті кезеңдегі кірістер (сомасы, теңге)

20

Депозит бойынша сыйақылар


21

Гранттар


22

Кіріспе жарналары


23

Мүшелік жарналар


24

Қайырымдылық көмек


25

Демеушілік көмек


26

Өтеусіз негізінде алынған ақша және мүліктер


27

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруда шарт бойынша алынған кіріс


28

Барлық кірістер


VI бөлім. Есептік кезеңде ҮЕҰ-дың шығыстар, (сомасы, теңге)

29

Коммерциялық емес ұйымдарды ұстау шығындары


30

Іс шараларды ұйымдастыру мен өткізу


31

Ақпараттық материалдарды әзірлеу мен ұйымдастыру


32

Сыйақы


33

Қайырымдылық көмек


34

Демеушілік көмек


35

Кіріспе жарналары


36

Мүшелік жарналар


37

Өтеусіз негізінде алынған ақша және мүліктер


38

Барлық шығыстар


VII бөлім. Бюджет (сомасы, теңге) (шетелдік және халықаралық ұйымдар немесе филиалдармен толтырады)

39

Қазақстан Республикасында жобаларды/бағдарламаларды қаржыландыру бюджеті (егер жобаны және/немесе бағдарламаны филиал немесе өкілдік Қазақстан Республикасының аумағында қаржыландырса)

есептік кезеңде

ағымдағы күнтізбелік жыл бойынша (тиісті бекітілген бюджет болған жағдайда)



      Ескерту:

      *егер деректер мүлде болмаса, сызықша қойылып немесе "жоқ" деп белгіленеді.

      Қолданылған қысқартылған сөздер:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйым

      ЗТБ – заңды тұлға бірлестігі

  2-кесте

Үкіметтік емес ұйымдардың филиалы (-дары) және өкілдігі (-тері)*

Атауы

БСН

Орналасқан жері

Басшының АТӘ (болған жағдайда)

Тіркелген күні

Телефон нөмірі

Электрондық пошта

Сайт мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1









      Ескерту:

      *егер деректер мүлде болмаса, сызықша қойылып немесе "жоқ" деп белгіленеді.

      Қолданылған қысқартылған сөздер:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      АТӘ – аты, тегі, әкесінің аты

  3-кесте

Үкіметтік емес ұйымдардың, филиалдардың және шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар өкілеттіктерінің (оқшауланған бөлімшелерінің) есепті кезеңде іске асырған және ағымдағы жылы іске асыратын жобалары*

Жобаның/ бағдарламаның атауы

Донор ұйымының, тапсырыс берушінің жобаның/ бағдарламаның БСН салық тіркеу нөмірінің аналогы (шетелдік заңды тұлға үшін)

Донор ұйымының, тапсырыс берушінің атауы

Қар жыландыру көзі (мемлекеттік, шетелдік, коммерциялық, шетелдік коммерциялық емес, қазақстандық коммерциялық, қазақстандық коммерциялық емес, өзін-өзі қаржыландыру)

Жобаның бағыты (1-кестенің 17-тармағын таңдаңыз)

Жоба/бағдарламалар мақсаты

Жобаны іске асырған/іске асырылатын өңір (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана)

Жалпы қаржыландыру жобасы (теңге)

Есепті кезеңде жобаны қаржыландыруға алынған (теңге)

Жо баны іске асыру кезеңі

Жоба/бағдарла маларды (серіктестік жә не тартылған мамандар) қоса ор ындаушының атауы

Жобаның ор ындалуы туралы қысқаша ақпарат

баст ап

қоса алға нда



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

1














      Ескерту:

      *егер деректер мүлде болмаса, сызықша қойылып немесе "жоқ" деп белгіленеді.

      Қолданылған қысқартылған сөздер:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі

  4-кесте

Үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары және (немесе) өкілеттіктері (оқшауланған бөлімшелерінің) есепті кезеңде іске асырған және ағымдағы жылы іске асыратын жобалары*

Филиалдар атауы және (немесе) (өкілдіктер)

Жобаның/бағдарламаның атауы

Донор ұйымының тапсырыс берушінің жобаның/ бағдарламаның БСН салық тіркеу нөмірі (шетелдік заңды тұлға үшін)

Донор ұйымының, тапсырыс берушінің атауы

Қаржыландыру көзі (мемлекеттік, шетелдік, коммерциялық, коммерциялық емес шетелдік, коммерциялық қазақстандық, коммерциялық емес қазақстандық, өзін-өзі қаржыландыру)

Жобаның бағыты ("Қызмет бағыты", бөлімінен 1-кесте 17-тармағынан негізгі сауалнаманы таңдаңыз)

Жобаны іске асырған/іске асырылатын өңір (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана)

Жобаны жалпы қаржыландыру (теңге)

Есепті кезеңде жобаны қаржыландыруға алынған (теңге)

Жобаны іске асыру кезеңі

Жобаның орындалуы туралы қысқаша ақпарат

бастап

қоса алғанда


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1













      Ескерту:

      *егер деректер мүлде болмаса, сызықша қойылып немесе "жоқ" деп белгіленеді.

      Қолданылған қысқартылған сөздер:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі

  5-кесте

Үкіметтік емес ұйымдардың құрылтайшылары* (қатысушылары) туралы мәліметтері**

Ұйым атауы немесе АТӘ (болған жағдайда)

Заңды немесе жеке тұлға екендігін көрсетіңіз:

БСН / ЖСН, салық тіркеу нөмірінің аналогы (шетелдік заңды тұлға үшін)

1

2

3

4

1




      Ескерту:

      *қоғамдық бірлестіктер оны құруға қатысатын 10 бастамашы азаматтан және/немесе қоғамдық бірлестіктен кем емес деректерді көрсетеді.

      **егер деректер мүлде болмаса, сызықша қойылып немесе "жоқ" деп белгіленеді.

      Қолданылған қысқартылған сөздер:

      АТӘ – аты, тегі, әкесінің аты

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі

  6-кесте

Ынтымақтастық/серіктестік туралы құжаттар жасасқан ұйымдар/органдар, мемлекет*

Атауы

Түрі (мемлекет, мемлекеттік орган, ҮЕҰ, коммерциялық ұйым)

БСН (немесе шетелдік ұйымдар, органдар үшін ұқсастық)

1

2

3

4

1




      Ұсынған мәліметтердің толықтығы мен нақтылығын растаймын:

      Басшы __________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы

      Орындаушы _____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы

      Мөр орны

      Ескерту:

      *егер деректер мүлде болмаса, сызықша қойылып немесе "жоқ" деп белгіленеді.

      Қолданылған қысқартылған сөздер:

      ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйым

      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі

  Үкіметтік емес ұйымдар
өз қызметтері жөніндегі
мәліметтерді ұсыну және
олар туралы дерекқорды
қалыптастыру қағидасына
2-қосымша

Әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме "Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі жөніндегі мәліметтері"

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 12.07.2018 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Нысанды үкіметтік емес ұйымдардың басшысы (ол болмаған жағдайда оны алмастырушы адам) толтырады және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға есепті кезеңнен кейін келесі жылғы 31 наурызға дейін ұсынылады.

      2. Нысанға есептіліктегі деректердің анықтығы және оны уақытылы ұсыну үшін жауапы бірінші басшы (ол болмаған жағдайда оны алмастырушы адам) қол қояды және ұйымның мөрімен куәландырылады.

      3. "Үкіметтік емес ұйымдардың қызметтері туралы мәліметтер" нысанының 1-кестесіндегі "Үкіметтік емес ұйымдар туралы жалпы деректер" бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) 1-тармақта ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      2) 2-тармақта "Мәлімет ұсынатын есепті кезең және жыл" мәліметті ұсыну жылы көрсетіледі;

      3) 3-тармақта "Үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдастыру-құқықтық нысаны" көрсетіледі;

      4) 4-тармақта құрылтайшылар құжаттарына сәйкес үкіметтік емес ұйымдардың толық атауы көрсетіледі;

      5) 5-тармақта "Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты" көрсетіледі;

      6) 6-тармақта "ҮЕҰ орналасқан өңірі (Х керек ұяшықты көрсетіңіз)" көрсетіледі;

      7) 7-тармақта "ҮЕҰ заңды мекенжайы (елді мекен, мекенжай)" көрсетіледі;

      8) 8-тармақта "Мемлекеттік тіркеу (қайтадан тіркеу) нөмірі мен күні" көрсетіледі.

      4. "Үкіметтік емес ұйымның байланыс деректері" II бөлімі мынадай мәліметтерімен көрсетіледі:

      1) 9-тармақта "Электрондық пошта" көрсетіледі;

      2) 10-тармақта "Телефон нөмірі" көрсетіледі;

      3) 11-тармақта "Сайт мекенжайы" көрсетіледі.

      5. "Қызметкерлер мен еріктілер туралы мәліметтер" III бөлімі мынадай мәліметтерімен көрсетіледі:

      1) 12-тармақта "Штаттық қызметкерлердің саны" көрсетіледі;

      2) 13-тармақта "Қазақстан Республикасы азаматтар қызметкерлерінің саны" көрсетіледі;

      3) 14-тармақта "Шетелдік қызметкерлер саны" көрсетіледі;

      4) 15-тармақта "Тартылған мамандар саны";

      5) 16-тармақта "Еріктілер саны".

      6. "Қызметтің бағыты" IV бөлімі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

      1) 17-тармақта "Үкіметтік емес ұйымның қызмет бағыты (Х керек ұяшықты көрсетіңіз)" көрсетілген тізімнің ішінде үкіметтік емес ұйымның қызмет бағыты көрсетіледі;

      2) 18-тармақта "ҮЕҰ қызметінің мәні мен мақсаттары (жарғыға сәйкес)" көрсетіледі;

      3) 19-тармақта "Мақсатты аудитория/атаулы топ" көрсетіледі.

      7. "ҮЕҰ есепті кезеңдегі кірістер туралы (сомасы, теңге)" V бөлімі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

      1) 20-тармақта "Депозиттер бойынша сыйақы" көрсетіледі;

      2) 21-тармақта "Гранттар" көрсетіледі;

      3) 22-тармақта "Кіру жарналары" көрсетіледі;

      4) 23-тармақта "Мүшелік жарналар" көрсетіледі;

      5) 24-тармақта "Қайырымдылық көмек" көрсетіледі;

      6) 25-тармақта "Демеушілік көмек" көрсетіледі;

      7) 26-тармақта "Өтеусіз негізінде алынған ақша және мүліктер" көрсетіледі;

      8) 27-тармақта "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруда шарт бойынша алынған кіріс" көрсетіледі;

      9) 28-тармақта "Барлық кірістер" кірістердің барлық сомасы көрсетіледі.

      8. "Есепті кезеңде ҮЕҰ-дың шығыстары (сомасы, теңге)" VI бөлімі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

      1) 29-тармақта "Коммерциялық емес ұйымдарды ұстау" көрсетіледі;

      2) 30-тармақта "Іс шараларды ұйымдастыру мен өткізу" көрсетіледі;

      3) 31-тармақта "Ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру" көрсетіледі;

      4) 32-тармақта "Сыйақы" көрсетіледі;

      5) 33-тармақта "Қайырымдылық көмек" көрсетіледі;

      6) 34-тармақта "Демеушілік көмек" көрсетіледі;

      7) 35-тармақта "Кіру жарналар" көрсетіледі;

      8) 36-тармақта "Мүшелік жарналар" көрсетіледі;

      9) 37-тармақта "Өтеусіз негізінде алынған ақша және мүліктер" көрсетіледі;

      10) 38-тармақта "Барлық шығыстар" барлық шығыстар сомасы көрсетіледі.

      9. "Бюджет" VII бөлімін филиалдар немесе халықаралық және шетелдік ұйымдардың өкілдіктері мынадай түрде көрсетіледі (сомасы теңгемен көрсетіледі):

      1) 39-тармақта "Қазақстан Республикасында жобаларды/бағдарламаларды қаржыландыру бюджеті" (егер жобаны және/немесе бағдарлама филиал немесе өкілдік Қазақстан Республикасының аумағында қаржыландырса) көрсетіледі;

      10. "Үкіметтік емес ұйымдардың филиалы(-дары) және өкілдігі (-тері)" нысанның 2-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

      1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;

      2) 2-бағанда "Атауы" көрсетіледі;

      3) 3-бағанда "БСН" көрсетіледі;

      4) 4-бағанда "Орналасқан жері" көрсетіледі;

      5) 5-бағанда"Басшының АТӘ (болған жағдайда)" көрсетіледі;

      6) 6-бағанда"Тіркелген күні" көрсетіледі;

      7) 7-бағанда "Телефон нөмірі" көрсетіледі;

      8) 8-бағанда "Электрондық поштасы" көрсетіледі;

      9) 9-бағанда "Сайт мекенжайы" көрсетіледі.

      11. "Үкіметтік емес ұйымдардың, филиалдардың және шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар өкілеттіктерінің (оқшауланған бөлімшелерінің) есепті кезеңде іске асырған және ағымдағы жылы іске асыратын жобалары" нысанның 3-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

      1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;

      2) 2-бағанда "Жобаның/бағдарламаның атауы" көрсетіледі;

      3) 3-бағанда "Донор ұйымының тапсырыс берушінің жобаның/ бағдарламаның БСН салық тіркеу нөмірінің аналогы (шетелдік заңды тұлға үшін)" көрсетіледі;

      4) 4-бағанда "Донор ұйымының, тапсырыс берушінің атауы" көрсетіледі;

      5) 5-бағанда "Қаржыландыру көзі (мемлекеттік, шетелдік, коммерциялық, коммерциялық емес шетелдік, коммерциялық қазақстандық, коммерциялық емес қазақстандық, өзін-өзі қаржыландыру)" көрсетіледі;

      6) 6-бағанда "Жобаның бағыты (1 кестенің 17 тармағын таңдаңыз)" көрсетіледі;

      7) 7-бағанда "Жоба/бағдарлама мақсаты" көрсетіледі;

      8) 8-бағанда "Жобаны іске асырған өңір (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана)" көрсетіледі;

      9) 9-бағанда "Жалпы қаржыландыру жобасы (теңге)" көрсетіледі;

      10) 10-бағанда "Есепті кезеңде алынған жобаға қаржыландыру (теңге)" көрсетіледі;

      11) 11, 12-бағандарда "Жобаны іске асыру кезеңі" жобаны іске асыруды бастау мен аяқтау күні (нысан бойынша күндері, айлары, жылдары) көрсетіледі;

      13) 13-бағанда "Жобаны/бағдарламаны қоса орындаушының (серіктестік және тартылған мамандар) атауы" көрсетіледі;

      14) 14-бағанда "Жобаны орындау туралы қысқаша ақпарат" көрсетіледі.

      12. "Филиалдардың және (немесе) өкілдіктердің (оқшауланған бөлімшелерінің есепті мерзімде іске асырылған және ағымдағы жылы іске асырылатын жобалары" нысанның 4-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

      1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;

      2) 2-бағанда "Филиалдар және (немесе) (өкілдіктер) атауы" көрсетіледі;

      3) 3-бағанда "Жобаның/бағдарламаның атауы" көрсетіледі;

      4) 4-бағанда "Донор ұйымының тапсырыс берушінің жобаның/ бағдарламаның БСН салық тіркеу нөмірінің аналогы (шетелдік заңды тұлға үшін)" көрсетіледі;

      5) 5-бағанда"Донор ұйымының, тапсырыс берушінің атауы" көрсетіледі;

      6) 6-бағанда "Қаржыландыру көзі (мемлекеттік, шетелдік, коммерциялық, коммерциялық емес шетелдік, коммерциялық қазақстандық, коммерциялық емес қазақстандық, өзін-өзі қаржыландыру)" көрсетіледі;

      7) 7-бағанда "Жобаның бағыты (1-кестедегі 17 тармақта қызметтер бағыты бөлімін таңдаңыз)" көрсетіледі;

      8) 8-бағанда "Жобаны іске асырған өңір (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана)" көрсетіледі;

      9) 9-бағанда "Жалпы қаржыландыруы жобасы (теңге)" көрсетіледі;

      10) 10-бағанда "Есепті кезеңде жобаға алынған қаржыландыру (теңге)" көрсетіледі;

      11) 11, 12-бағандарда "Жобаны іске асыру кезеңі" жобаны іске асыруды бастау мен аяқтау күні (нысан бойынша күндері, айлары, жылдары) көрсетіледі;

      12) 12-бағанда "Жобаны орындау туралы қысқаша ақпарат" көрсетіледі.

      13. Үкіметтік емес ұйымдарды құрған "Құрылтайшылар (қатысушылар) туралы мәліметтер" нысанның 5-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

      1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;

      2) 2-бағанда "Ұйым атауы немесе АТӘ (болған жағдайда)" көрсетіледі;

      3) 3-бағанда "Жеке және заңды тұлғаны, көрсетіңіз:" көрсетіледі;

      4) 4-бағанда "ЖСН/БСН салық тіркеу нөмірінің аналогы (шетелдік заңды тұлға үшін)" көрсетіледі.

      14. "Ынтымақтастық/серіктестік туралы құжаттар жасасқан ұйымдар/органдар, мемлекет" нысанның 6-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

      1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;

      2) 2-бағанда "Атауы" көрсетіледі;

      3) 3-бағанда "Түрі (мемлекеттік орган, үкіметтік емес ұйымдар, коммерциялық ұйым)" көрсетіледі;

      4) 4-бағанда "БСН (немесе орган, шетелдік ұйымдар үшін ұқсастық)" көрсетіледі.