Бұйрық 01.03.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11112 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жүргізуші куәліктерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Алматы мен Астана қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықты зерделеуін және талаптарын сақтауын қамтамасыз етсін;
2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Ішкі істер министрі полиция | |
генерал-полковнигі | Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
____________ Ж. Қасымбек
2016 жылғы 27 қаңтар
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2016 жылғы 1 ақпан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 74 бұйрығына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығымен бекітілген |
"Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік
құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке
алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі – ТЕБ);
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:1) ТЕБ-те:
құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 6 сағат;
қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
бір көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
2) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 2 сағат;
электрондық кезек талонын алған сәттен бастап құжаттарды тапсырғанға дейін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің бір өтінімді ресімдеуіне рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 20 минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көлік құралын тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – КҚТК) және/немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (бұдан әрі – МТНБ) беру, КҚТК-ға есептен шығарылғаны туралы белгі не болмаса осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға немесе (жеке тұлғалар үшін нотариаттық расталған) сенімхат негізінде әрекет ететін оның өкіліне жеке басты куәландыратын құжатты көрсеткен кезде беріледі.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік баж "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 540-бабына сәйкес:
1) КҚТК беру үшін – ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 125 пайызын;
2) автомобильге МТНБ – АЕК-нің 280 пайызын;
3) автомобильге (олар үшін мемлекеттік баж көлемі 280 пайызды құрайтын мемлекеттік органдардың қарамағындағы көлік құралдарының МТНБ-ны қоспағанда) 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 цифрлық белгісіндегі МТНБ үшін – АЕК-нің 13 700 пайызын;
4) автомобильге (олар үшін мемлекеттік баж көлемі 280 пайызды құрайтын мемлекеттік органдардың қарамағындағы көлік құралдарының МТНБ-ны қоспағанда) 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 цифрлық белгісіндегі МТНБ үшін – АЕК-нің 22 800 пайызын;
5) мотокөлікке, автомобиль тіркемесіне МТНБ – АЕК-нің 140 пайызын;
6) "Транзит" МТНБ – АЕК-нің 35 пайызын құрайды.
Салық кодексінің 456-бабына сәйкес көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін мемлекеттік алым:
механикалық көлік құралын (бастапқы мемлекеттік тіркеу жүргізілетін көлік құралын қоспағанда) немесе тіркемені мемлекеттік тіркеу үшін – АЕК-нің 0,25 пайызын;
гибридті көлік құралдарын қоспағанда, электр қозғалтқыштары бар, жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын және жүргізуші орнынан басқа, отыруға арналған орын саны сегізден аспайтын, М1 санатындағы механикалық көлік құралдарын - жеңіл автомобильдерді (бұдан әрі - М1) бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін:
шығарылған жылын қоса алғанда, 1 жылға дейін – АЕК-нің 0,25 пайызын;
шығарылған жылын қоса алғанда, 1 жылдан 3 жылға дейін – 25 АЕК;
шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан асқан – 250 АЕК;
электр қозғалтқышы бар көлік құралдарын қоспағанда, М1 санатындағы механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін:
шығарылған жылын қоса алғанда, 1 жылға дейін – АЕК-нің 0,25 пайызын;
шығарылған жылын қоса алғанда, 1 жылдан 3 жылға дейін – 50 АЕК;
шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан асқан – 500 АЕК;
жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын, жүргізуші орнынан басқа, отыруға арналған орын саны сегізден асатын, техникалық рұқсат етілген барынша жоғары массасы 5 тоннадан аспайтын - М2 санатындағы, жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын, жүргізуші орнынан басқа, отыруға арналған орын саны сегізден асатын, техникалық рұқсат етілген барынша жоғары массасы 5 тоннадан асатын - М3 санатындағы, жүктерді тасымалдауға арналған, 3,5 тоннадан аспайтын техникалық рұқсат етілген барынша жоғары массасы бар - N 1 санатындағы, жүктерді тасымалдауға арналған, 3,5 тоннадан асатын, бірақ 12 тоннадан аспайтын техникалық рұқсат етілген барынша жоғары массасы бар - N 2 санатындағы және жүктерді тасымалдауға арналған, 12 тоннадан асатын техникалық рұқсат етілген барынша жоғары массасы бар - N 3 санатындағы механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін:
шығарылған жылын қоса алғанда, 1 жылға дейін – АЕК-нің 0,25 пайызын;
шығарылған жылын қоса алғанда, 1 жылдан 3 жылға дейін – 240 АЕК;
шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 5 жылға дейін – 350 АЕК;
шығарылған жылын қоса алғанда, 5 жылдан асқан – 2500 АЕК құрайды.
Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер мен жекелеген банк операциялары түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен төленеді.
Мемлекеттік корпорацияда және порталда мемлекеттік бажды төлеу "электрондық үкімет" порталының төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі.
Салық кодексінің 546-бабына сәйкес автомобильге, автомобиль тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру кезінде мемлекеттік баж төлеуден:
Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерімен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарын алған адамдар;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-анасының бірі;
Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар босатылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) ТЕБ – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сейсенбіден бастап сенбіге дейін (сейсенбі – жұма: сағат 09.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін, сенбі: сағат 08-00-ден бастап сағат 16-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12-00-ден бастап сағат 13-00-ге дейін);
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сейсенбіден бастап жұмаға дейін 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, ал сенбі сағат 12-00-ден бастап сағат 13-00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 08-00-ден бастап сағат 15-00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) Мемлекеттік корпорация – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 09-00-ден бастап сағат 20-00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау түскі үзіліссіз сағат сағат 9.00-ден 18-00-ға дейін, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 09-00-ден бастап сағат 20-00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ТЕБ-ке жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:
1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу үшін:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 862 бұйрық) бекітілген Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларына қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тіркеу (есептен шығару) актісі (бұдан әрі - акт);
жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі);
мемлекеттік баж бен алымның төленгенін растайтын құжат;
көлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде (ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындағаны үшін төлем жүргізілгенін растайтын құжат;
тіркейтін орган беретін, заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткенін растайтын анықтама, жарғы (салыстырып тексеру үшін) және олардың көшірмелері;
техникалық құжат;
КҚТК, МТНБ және/немесе кері әкету міндеттемесімен Қазақстан Республикасына әкелінген көлік құралдарының тіркеу құжаттары;
№ 862 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша көлік құралын қарап тексеру актісін (бұдан әрі - қарап тексеру актісі) ұсынуды қоспағанда, көлік құралы;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушылары үшін);
мөрмен бекітілген, заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды тұлғаға, не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы бұйрығы (өкімі);
көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжаттар, кедендік ресімдеуден өткендігін растайтын құжаттар (кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелінген жағдайда кері әкету туралы міндеттеме), сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының көшірмесі, орындауға жататын, мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасы қоса берілген атқару парағы, азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған келісімшарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар жатады;
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының Техникалық регламентіне (бұдан әрі – 018/2011 КО ТР) 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті:
жеке тұлғалар Кеден одағы/Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - КО/ЕЭО) бірыңғай кеден аумағына өз қажеттіліктері үшін әкелетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан көп уақыт өткен жағдайда, бұрын КО/ЕЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттерде жол жүрісіне қатысқан, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына әкелінетін көлік құралдарын заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеген кезде;
жеке және заңды тұлғалар айналымға шығарылғанға дейін конструкциясына жеке тәртіппен өзгерістер енгізілген, сериялық өндіріс жағдайындағы; немесе сериялық өндірістен тыс жеке тәртіппен құрастыру жиынтығынан немесе жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын; немесе бұрын мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілгендер қатарынан айналымға шығарылған көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
пайдаланудағы және қайта жабдықталуына байланысты Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында тіркелген көлік құралын мемлекеттік тіркеген кезде 018/2011 КО ТР 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті;
018/2011 КО ТР 14 және 15-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көлік құралының түрін мақұлдауды, көлік құралы шассиінің түрін мақұлдауды:
көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан аз уақыт өткен жағдайда, заңды тұлғалар КО/ЕЭО мүше болып табылмайтын елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
жеке және заңды тұлғалар КО/ЕЭО мүше елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушының мекенжай анықтамасы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
2) Көлік құралын мемлекеттік тіркеу есебінен шығару үшін:
акт;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
көлік құралына салық төленгендігін растайтын құжат немесе көлік құралына салық төлеуден босатуға құқығын растайтын құжат;
тіркейтін орган беретін, заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткенін растайтын анықтама, жарғы (салыстырып тексеру үшін) және олардың көшірмелері;
МТНБ және КҚТК (бар болған кезде);
көлік құралын қарап тексеру актісін ұсынуды қоспағанда, көлік құралы;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушылары үшін);
мөрмен бекітілген, заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды тұлғаға, не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы бұйрығы (өкімі);
көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжаттар, кедендік ресімдеуден өткендігін растайтын құжаттар (кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелінген жағдайда кері әкету туралы міндеттеме), сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының көшірмесі, орындауға жататын, мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасы қоса берілген атқару парағы, азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған келісімшарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар жатады.
Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ есептен шығаруды жүргізер алдында көлік құралын, иесін және иесінің өкілін ішкі істер органдарының ақпараттық ресурстары бойынша олардың іздестіруде болуы мәніне тексеру жүзеге асырылады. Жүргізілген тексеріс нәтижесі көлік құралын тіркеу актісіне қосылады.
10. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:
1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу үшін:
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
мемлекеттік баж бен алымның төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда);
көлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде (ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындағаны үшін төлем жүргізілгенін растайтын құжат;
техникалық құжат;
КҚТК, МТНБ және/немесе кері әкету міндеттемесімен Қазақстан Республикасына әкелінген көлік құралдарының тіркеу құжаттары;
мөрмен бекітілген, заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды тұлғаға, не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы бұйрығы (өкімі);
көлік құралын қарап тексеру актісін ұсынуды қоспағанда, көлік құралы;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушылары үшін);
көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжаттар, кедендік ресімдеуден өткендігін растайтын құжаттар (кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелінген жағдайда кері әкету туралы міндеттеме), сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының көшірмесі, орындауға жататын, мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасы қоса берілген атқару парағы, азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған келісімшарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар жатады;
018/2011 КО ТР 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті:
жеке тұлғалар КО/ЕЭО бірыңғай кеден аумағына өз қажеттіліктері үшін әкелетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан көп уақыт өткен жағдайда, бұрын КО/ЕЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттерде жол жүрісіне қатысқан, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына әкелінетін көлік құралдарын заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеген кезде;
жеке және заңды тұлғалар айналымға шығарылғанға дейін конструкциясына жеке тәртіппен өзгерістер енгізілген, сериялық өндіріс жағдайындағы; немесе сериялық өндірістен тыс жеке тәртіппен құрастыру жиынтығынан немесе жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын; немесе бұрын мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілгендер қатарынан айналымға шығарылған көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
пайдаланудағы және қайта жабдықталуына байланысты Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында тіркелген көлік құралын мемлекеттік тіркеген кезде 018/2011 КО ТР 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті;
018/2011 КО ТР 14 және 15-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көлік құралының түрін мақұлдауды, көлік құралы шассиінің түрін мақұлдауды:
көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан аз уақыт өткен жағдайда, заңды тұлғалар КО/ЕЭО мүше болып табылмайтын елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
жеке және заңды тұлғалар КО/ЕЭО мүше елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде ұсынылады.
2) Көлік құралын мемлекеттік тіркеу есебінен шығару үшін:
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
көлік құралына салық төленгендігін растайтын құжат немесе көлік құралына салық төлеуден босатуға құқығын растайтын құжат (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсыну талап етілмейді);
МТНБ және КҚТК (бар болған кезде);
мөрмен бекітілген, заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды тұлғаға, не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы бұйрығы (өкімі);
көлік құралын қарау актісін ұсынуды қоспағанда, көлік құралы;
СІМ-нің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушылары үшін);
көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжаттар, кедендік ресімдеуден өткендігін растайтын құжаттар (кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелінген жағдайда кері әкету туралы міндеттеме), сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының көшірмесі, орындауға жататын, мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасы қоса берілген атқару парағы, азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған келісімшарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар жатады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, мекенжай анықтамасы, заңды тұлғаны тіркеу анықтамасы немесе куәлігі, баждар мен алымдарды төлеу (ЭҮПШ арқылы төлеген кезде), мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көлік құралына салық төленгені туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация жұмыскері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық құжат нысанында алады.
Көлік құралдарын тіркеу үшін ұсынылатын, мемлекеттік немесе орыс тілдерінен басқа, өзге тілде толтырылған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылады.
Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ есептен шығаруды жүргізер алдында көлік құралын, иесін және иесінің өкілін ішкі істер органдарының ақпараттық ресурстары бойынша олардың іздестіруде болуы мәніне тексеру жүзеге асырылады. Жүргізілген тексеру нәтижесі көлік құралын тіркеу актісіне қосылады.
Мемлекеттік корпорация жұмыскері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім алады.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне онда көрсетілген мерзімде жүгінбеген жағдайда, Мемлекеттік корпорация оны бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, мұнан соң оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, мұнан соң оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін дайын құжаттарды бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
11. Көрсетілетін қызметті беруші:
1) шығарылған жылын қоса алғанда, пайдаланылу жылы жеті жылдан аспайтын, автомобиль көлігі саласында кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмаған, М1 санатты көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тіркелген көлік құралдары үшін міндетті техникалық байқаудан уақтылы өтпеген;
2) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл түрінде әкімшілік жаза салу туралы уақтылы орындалмаған қаулылары бар;
3) тіркеу құжаттары жоқ;
4) көлік құралын дайындаушы салған нөмірлік агрегаттардың маркировкаларын қолдан жасау, жасыру, өзгерту және (немесе) жойып жіберу салдарынан көлік құралын сәйкестендіру мүмкін болмаған;
5) қолдан жасалған (жалған) құжаттар ұсынған;
6) көлік құралы іздестіруде болған;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу әрекеттерін жасауға салынған (енгізілген) тыйым салулар мен шектеулер болған;
8) көлік құралдарын тіркеу органына көлік құралының меншік иесінің мүддесін білдіруге өкілеттігі жоқ адам жүгінген;
9) тіркеу әрекеттерін жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған немесе толық көлемде ұсынбаған, сондай-ақ оқылмайтын, қарындашпен орындалған, түзетулері, қосып жазылулары, сызылған сөздері бар, сондай-ақ ескертілмеген түзетулері бар құжаттар ұсынған;
10) ұсыну міндетті болған кезде көлік құралын көрсетпеген;
11) ұсынылған көлік құралын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға уәкілетті емес көлік құралдарын тіркеу органына жүгінген;
12) көлік құралы конструкциясы немесе оған енгізілген өзгерістер Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына немесе ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеген;
13) көлік құралына салық бойынша орындалмаған салық міндеттемесі болған кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 және 10-тармақтарында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация жұмыскері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе)
олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші, Министрлік басшысының атына осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі. Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік корпорация жұмыскері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына жіберіледі.
Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымды Мемлекеттік корпорацияда тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), почта мекенжайы;
2) заңды тұлғаның - оның атауы, почта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы электрондық өтініш берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол өңдеу (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін
қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де
талаптар
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) интернет-ресурс: www.mvd.kz;
2) интернет-ресурс: www.con.gov.kz. орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71 58 68 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
"Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
Құжаттарды қабылдау туралы
№_____ қолхат
_____________________________________________________________________(көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес көрсетілетін
мемлекеттік қызметтің атауын көрсету)
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә (ол болған жағдайда) немесе
заңды тұлғаның немесе олардың өкілдерінің атауы)
Қабылданған құжаттардың тізбесі:
1.__________________________________________________________
2.__________________________________________________________
3.__________________________________________________________
4.__________________________________________________________
5.__________________________________________________________
6.__________________________________________________________
7.__________________________________________________________
8.__________________________________________________________
9.__________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Қабылдаған:
_______________________________/______/________________________
(ТЕб қызметкерінің лауазымы, атағы) (қолы) (Т.А.Ә (ол болған жағдайда))
_________ жылғы "_______"________________
Берілген күні мен уақыты___сағ_______мин "____"_______ _____жыл
"Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша |
(Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә
(ол болған жағдайда) немесе ұйымының атауы)
___________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, ТЕБ қызметкері немесе Мемлекеттік корпорация жұмыскері_____________________________________________________________________
(мекенжайы көрсетілсін)
Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген
құжаттардың толық тізбесін ұсынбауыңызға байланысты
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік
қызметтің атауы көрсетілсін)
мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады, атап
айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ___________________________________________________________.
Осы қолхат 2 данада, тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден жасалды.
________________________________________________________ ___________
(ТЕБ қызметкерінің немесе Мемлекеттік корпорация
жұмыскерінің Т.А.Ә (ол болған жағдайда) (қолы)
Орынд.: Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) _________________________________
Тел.:__________
Алдым: __________________________________________________ __________
Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (қолы)
20__ жылғы "___" _______________
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 74 бұйрығына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығымен бекітілген |
"Жүргізуші куәліктерін беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Жүргізуші куәліктерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі – ТЕБ);
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:1) ТЕБ-те:
құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 6 сағат;
қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
бір қызмет алушының құжаттарын қабылдаудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
2) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 2 сағат;
электрондық кезек талонын алған сәттен бастап құжаттарды тапсырғанға дейін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің бір өтінімді ресімдеуіне рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 20 минут;
3) порталға жүгінген кезде:
құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 2 сағат.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.
Теориялық емтиханды тапсырғаннан кейін Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі автоматты түрде практикалық емтихан тапсыру басталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жүргізуші куәлігін (бұдан әрі – ЖК), уақытша ЖК беру немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны қағаз түрінде.
Портал арқылы жүгінген кезде қызмет көрсетушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі жолданады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға немесе нотариалды расталған сенімхат негізінде әрекет ететін оның өкіліне беріледі.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік баж "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабына сәйкес ЖК беру үшін ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің 125 пайызын құрайды.
Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер мен жекелеген банк операциялары түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен төленеді.
Мемлекеттік корпорацияда және порталда мемлекеттік бажды төлеу "электрондық үкімет" порталының төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) ТЕБ – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, сейсенбіден бастап сенбіге дейін (сейсенбі – жұма сағат 09.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін, сенбі сағат 08-00-ден бастап сағат 16-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12-00-ден бастап сағат 13-00-ге дейін);
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сейсенбіден бастап жұмаға дейін 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, ал сенбі сағат 12-00-ден бастап сағат 13-00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 08-00-ден бастап сағат 15-00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) Мемлекеттік корпорация – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін есептемегенде дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 09-00-ден бастап сағат 20-00-ге дейін түскі үзіліссіз;
Құжаттарды қабылдау түскі үзіліссіз сағат сағат 9.00-ден 18-30-ға дейін, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 09-00-ден бастап сағат 20-00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық кезек" тәртібімен көрсетіледі.
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:
1) ТЕБ-ке:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) (бұдан әрі ? № 862 бұйрық) бекітілген Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізуші куәлігін алуға толтырылған бланк;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 083/е нысаны бойынша анықтама (бұдан әрі – 083/е нысаны бойынша медициналық анықтама) және оның көшірмесі;
курстарды бітіргені туралы куәлік және оның көшірмесі (жүргізуші куәліктерін ауыстыру және жоғалғанның орнына беру, сондай-ақ оларды ауыстыру жағдайларын қоспағанда);
мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат;
"С", "D", "D1", "Tm", "Tb" санаттарын беру үшін жұмыс өтілін растайтын құжат (жұмыс орнынан анықтама);
Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпусымен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушылары үшін).
ЖК (оны ауыстырған кезде);
уақытша ЖК (бұрын берілгенді жоғалтқан кезде);
тегі, аты, әкесінің аты өзгергенін растайтын құжат;
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жүгінген жағдайда шетел мемлекеті берген ЖК мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, тұрғылықты орны, қызмет алушының ЖК бар болуы және ЖК айырылғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші электрондық құжаттар нысаында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
2) Мемлекеттік корпорацияға:
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
083/е нысаны бойынша медициналық анықтама және оның көшірмесі;
курстарды бітіргені туралы куәлік және оның көшірмесі (жүргізуші куәліктерін ауыстыру және жоғалғанның орнына беру, сондай-ақ оларды ауыстыру жағдайларын қоспағанда);
мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда);
"С", "D", "D1", "Tm", "Tb" санаттарын беру үшін жұмыс өтілін растайтын құжат (жұмыс орнынан анықтама);
Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушылары үшін);
ЖК (оны ауыстырған кезде);
уақытша ЖК (бұрын берілгенді жоғалтқан кезде);
тегі, аты, әкесінің аты өзгергенін растайтын құжат;
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жүгінген жағдайда шетел мемлекеті берген ЖК мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, мекенжай анықтамасы, баждар мен алымдардың төленгені (ЭҮТШ арқылы төлеген кезде) туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация жұмыскері электрондық құжаттар нысаында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзге жағдайлар көзделмесе, Мемлекеттік корпорация жұмыскері ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қыметті алушыдан жазбаша келісім алады.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне онда көрсетілген мерзімде жүгінбеген жағдайда, Мемлекеттік корпорация оны бір ай сақтауды қамтамасыз етеді, мұнан соң оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай сақтауды қамтамасыз етеді, мұнан соң оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
3) порталға:
Жарамдылық мерзімі өтпеген жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
көрсетілетін қызметті алушының цифрлық фотосуреті;
көрсетілетін қызметті алушы қолының электрондық бейнесі;
мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда) беріледі.
Портал арқылы ЖК ауыстыруға өтінім бергеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы оның жеке басын сәйкестендіру және жүргізуші куәлігін алу үшін хабарламада көрсетілген мекенжайға сәйкес ТЕБ-ке немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.
ЖК алу үшін:
1) басып шығарылған хабарламаны;
2) бұрын берілген жүргізуші куәлігін;
3) жеке басты куәландыратын құжатты;
4) 083/е нысаны бойынша медициналық анықтаманы және оның көшірмесі ұсыну керек.
Жоғалған жүргізуші куәліктерін беруді, ауыстыруды және қалпына келтіруді жүргізер алдында жүгінген адамды іздестіруде болуы мәніне ішкі істер органдарының ақпараттық ресурстары бойынша тексеру жүзеге асырылады. Жүргізілген тексеріс нәтижесі жүргізуші куәлігін алу бланкісіне қосылады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тарту туралы уақтылы орындалмаған қаулылар бар болған кезде және көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі өтпеген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, ТЕБ қызметкері және/немесе Мемлекеттік корпорация жұмыскері осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе)
олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші, Министрлік басшысының атына осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі. Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік корпорация жұмыскері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына жіберіледі.
Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымды Мемлекеттік корпорацияда тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), почта мекенжайы;
2) заңды тұлғаның - оның атауы, почта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы электрондық өтініш берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол өңдеу (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін
қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де
талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) интернет-ресурс: www.mvd.kz;
2) интернет-ресурс: www.con.gov.kz. орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының қолдану мерзімі өтпеген жүргізуші куәлігін ауыстырған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71 58 68 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
"Жүргізуші куәліктерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
Құжаттарды қабылдау туралы
№_____ қолхат
_____________________________________________________________________(көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес көрсетілетін
мемлекеттік қызметтің атауын көрсету)
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә (ол болған жағдайда)
Қабылданған құжаттардың тізбесі:
1.__________________________________________________________
2.__________________________________________________________
3.__________________________________________________________
4.__________________________________________________________
5.__________________________________________________________
6.__________________________________________________________
7.__________________________________________________________
8.__________________________________________________________
9.__________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Қабылдаған:
______________________________/_____/__________________________
(ТЕб қызметкерінің лауазымы, атағы (қолы) (Т.А.Ә (ол болған жағдайда)
_________ жылғы "_______"________________
Берілген күні мен уақыты___сағ_______мин "____"_______ _____жыл
"Жүргізуші куәліктерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша |
(Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә
(ол болған жағдайда) немесе ұйымының атауы)
___________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, ТЕБ қызметкері немесе Мемлекеттік корпорация жұмыскері_____________________________________________________________________
(мекенжайы көрсетілсін)
Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық тізбесін ұсынбауыңызға байланысты
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік
қызметтің атауы көрсетілсін)
мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ___________________________________________________________.
Осы қолхат 2 данада, тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден жасалды.
_________________________________________________________ __________
(ТЕБ қызметкерінің немесе Мемлекеттік корпорация
жұмыскерінің Т.А.Ә (ол болған жағдайда) (қолы)
Алдым: ___________________________________________________ _________
Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (қолы)
20__ жылғы "___" _______________