Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының м.а. 10.12.2021 № 159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының 9-бабы 15) тармақшасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
А. Дауылбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрінің м.а.
Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 22 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының м.а. 03.08.2019 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Ашық деректер жиынтығының атауы | Өзектендіру кезеңі | Ұсыну мерзімі | Ақпарат көзі | Жауапты бөлімше |
1 | Прокуратура органының құрылымы (бөлімшенің атауы, басшының ТАӘ (болған жағдайда), байланыстары, азаматтарды қабылдау тәртібі, заңды мекенжайы, геолокация) | тоқсан сайын | есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күні | Ашық деректер интернет-порталының автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) | Прокуратура органының кадр қызметі |
2 | "Прокурордың қадағалау қызметі туралы" статистикалық нысанды есеп | тоқсан сайын | есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күні | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармалары |
3 | "Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы" № 1-М нысанды есеп | ай сайын | есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күні | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы |
4 | "Есірткі заттардың, психотроптық және улы заттардың, прекурсорлардың, сол тектестердің заңсыз айналымына және қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерге байланысты құқық бұзушылықтар туралы" статистикалық есеп | тоқсан сайын | есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күні | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы |
5 | "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылатын тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу және есепке алу туралы" №1-П нысанды есеп | тоқсан сайын | есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күні | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің бақылау және қадағалау органдарының тексерістерін үйлестіру және есепке алу бөлімі |
6 | "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы" № 1-ТӨ нысанды есеп | тоқсан сайын | есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күні | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы |
7 | "Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы" №1-Е статистикалық нысанды есеп | ай сайын | есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күні | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы |
8 | "Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы" №1-ӘІ нысанды есеп | тоқсан сайын | есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күні | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы |
9 | "Жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адамдар туралы" № ЖКО-1 статистикалық нысанды есеп | ай сайын | есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күні | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы |
10 | "Қылмыстық істерді қарау жөніндегі бірінші сатыдағы соттардың жұмысы туралы есеп" № 1 нысан | тоқсан сайын | есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күні | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы |
11 | "Бірінші сатыдағы соттардың азаматтық істерді қарау туралы есебі" № 2 статистикалық нысанды есеп | тоқсан сайын | есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күні | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы |
12 | "Соттардың жеке айыптау істері бойынша шағымдарды қарауы туралы есебі" №2-Ж нысан | тоқсан сайын | есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күні | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы |
13 | "Қылмыстық істерді қарау жөніндегі апелляциялық сатыдағы соттардың жұмысы туралы есеп" №6 нысан | тоқсан сайын | есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күні | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы |
14 | "Апелляциялық сатыда азаматтық істерді қарау бойынша есеп" №7 нысан | тоқсан сайын | есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күні | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы |
15 | "Кәмелетке толмағандарды соттау туралы" №12 статистикалық нысанды есеп | тоқсан сайын | есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күні | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы |
16 | "Сот актілері шығарылған тұлғалар саны туралы" №10 статистикалық нысанды есеп | тоқсан сайын | есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күні | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы |
17 | "Кассациялық сатыда азаматтық істерді қарау бойынша есеп" №7-К нысан | тоқсан сайын | есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күні | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы |
18 | "Кассациялық сатының қылмыстық істерді қарау бойынша жұмысы туралы есеп" №6-К нысан | тоқсан сайын | есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күні | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы |
19 | "Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы" №4 нысанды есеп | тоқсан сайын | есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күні | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы |
20 | "ТМД қатысушы-мемлекеттерінің аумағында шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар жасаған, сондай-ақ оларға қатысты жасалған қылмыстар туралы" №ТМД-3 статистикалық нысанды есеп | тоқсан сайын | есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күні | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы |
21 | "Қылмыстылық жағдайы және қылмыстық бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері туралы статистикалық ақпарат" №ТМД-1 статистикалық нысанды есеп | тоқсан сайын | есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күні | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы |
22 | "Экстремизмге, терроризмге байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалау жағдайы туралы" №1-ЭТ статистикалық нысанды есеп | тоқсан сайын | есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күні | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы |
23 | Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтер | ақпараттың келіп түсуіне қарай | ақпараттың келіп түсуіне қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы |
24 | "Анықтаудан, тергеуден, соттан, сондай-ақ жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылауды жүзеге асырудан жалтарылған тұлғалар, хабар-ошарсыз жоғалғандар, туған-туыстарымен байланысын жоғалтқандар, атқару іс жүргізуі бойынша борышкерлер, мемлекет мүддесі үшін тағылған талап қоюлар бойынша жауапкерлерді іздеу туралы, алиментті өндіріп алу, мертігу және басқа да денсаулықтың зақымдануына, асыраушының қайтыс болуына әкеліп соқтырған зияндардың орнын толтыру туралы, сондай-ақ мәйіттердің және өздері туралы белгіленген мәліметті бере алмайтын адамдардың жеке басын анықтау бойынша жұмыстардың нәтижесі туралы" №1-І статистикалық нысанды есеп | ай сайын | есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күні | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы |
25 | Экстремистік деп танылған және шеттен әкелуге, басып шығаруға және Қазақстан Республикасы аумағында таратуға тыйым салынған діни әдебиеттің және ақпараттық материалдардың тізімі | тұрақты | ақпараттың келіп түсуіне қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы |
26 | Террористік ұйымдардың тізімі | ақпараттың келіп түсуіне қарай | ақпараттың келіп түсуіне қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы |
27 | Экстремистік ұйымдардың тізімі | ақпараттың келіп түсуіне қарай | ақпараттың келіп түсуіне қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы |
28 |
"Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған, сотталған адамдар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істердің қозғалысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері туралы" | ай сайын | есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күні | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы |
29 | Террористік деп танылған және шеттен әкелуге, басып шығаруға және Қазақстан Республикасы аумағында таратуға тыйым салынған әдебиеттің және ақпараттық материалдардың тізімі | тұрақты | ақпараттың келіп түсуіне қарай | Ашық деректер интернет-порталының АЖО / ашық деректер интернет-порталымен интеграцияны іске асырғаннан кейін ҚР БП APІ жүйелері | Комитеттің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы |