"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықтың көшірмесін мүдделі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасы Бас прокуратураcының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушы |
Б. Асылов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрлігі
| Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушы 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 159 Бұйрыққа қосымша |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) "Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 22 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13343 болып тіркелген);
2) "Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 22 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 29 мамырдағы № 54 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15277 болып тіркелген);
3) "Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 22 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 9 қарашадағы № 137 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17761 болып тіркелген);
4) "Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 22 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры міндетін атқарушының 2019 жылғы 3 тамыздағы № 84 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19207 болып тіркелген);
5) "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры міндетін атқарушының 2020 жылғы 2 шiлдедегi № 82 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 14-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20920 болып тіркелген).