ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген – ҚР Энергетика министрінің 10.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11279 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізiлсiн:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай және газ саласындағы магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Энергетика министрі | В. Школьник |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
________________Ә. Исекешев
2016 жылғы 28 қаңтар
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2016 жылғы 28 қаңтар
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 31 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығына 6-қосымша |
"Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия
өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе)
пайдалануға, мұнай және газ саласындағы магистральдық газ
құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын
пайдалануға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай және газ саласындағы магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
"электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде тапсырған сәттен бастап:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 30 (отыз) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызмет алушыдан құжаттардан алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауабын береді;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетуге рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай және газ саласындағы магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімдеу, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқалары не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алуға өтініш білдірген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының мөрімен және басшысының қолымен расталады.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша қызмет түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:
1) осы қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензияны беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есепті көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін электрондық сұрау салу портал арқылы берілген жағдайда, төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырыла алады.
8. Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "электрондық кезек" тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі;
3) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі; өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Мемлекеттік корпорацияға:
1) көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн жүгінген кезде:
заңды немесе жеке тұлға үшін - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген белгіленген нысандар бойынша өтініш;
жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн:
заңды немесе жеке тұлға үшін - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген белгіленген нысандар бойынша өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшін:
заңды немесе жеке тұлға үшін - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген белгіленген нысан бойынша өтініш;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттар;
4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (егер осыған дейін берілген лицензия қағаз нысанда ресімделсе) телнұсқасын алу үшiн:
өтініш;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн жүгінген кезде:
заңды немесе жеке тұлға үшін - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген белгіленген нысандар бойынша өтініш;
ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, жекелеген қызмет түрлері үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн:
заңды немесе жеке тұлға үшін - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген белгіленген нысандар бойынша өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшін:
заңды немесе жеке тұлға үшін - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген белгіленген нысан бойынша өтініш;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттар;
4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (егер осыған дейін берілген лицензия қағаз нысанда ресімделсе) телнұсқасын алу үшiн:
өтініш;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;
Порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн жүгінген кезде:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, лицензияларды қайта ресімдеген кезде бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электронды көшірмелерін ұсынады;
4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшiн:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электронды көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензия туралы, бюджетке лицензиялық алым сомасын төлегені (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден беріледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация ұсынған нысан бойынша ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Шетелдік заңды тұлға, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы өзінде заңды тұлға үшiн – өтініш беруші заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы, жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) болмаған кезде өтініш беруші туралы осыған ұқсас мәліметтерді қамтитын басқа да құжаттарды ұсынады.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электронды көшірмелерін жасап болған соң, көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларды қайтарады.
Қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жеке куәлікті (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкіліне) ұсынған жағдайда, қолхаттың негізінде жүзеге асырады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға келмеген жағдайда, Мемлекеттік корпорация оны бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады.
Көрсетілетін қызметті алушы бір ай мерзім өткен соң дайын құжаттарды алуға Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салады. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға жолдайды, одан кейін Мемлекеттік корпорация дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық тиісті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге қағаз жеткізгіште берген кезде - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеліп, құжат көшірмелерінде құжаттар топтамасын қабылдаудың күні мен уақытын көрсету өтінішті алу растамасы болып табылады.
Тиісті лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі көрсетілген органның құжаттарды қабылдап алған күні туралы белгі қойылып, өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады). Бұл ретте тізімдемені өтініш беруші жасайды.
Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Егер рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша қағаз нысанда берілсе, лицензиат өтініш арқылы оларды электронды форматқа ауыстыруға және рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымшаның электронды нұсқасын алуға құқылы.
10. Мыналар:
Қазақстан Республикасының заңдарымен субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң түрiмен айналысуға тыйым салынуы;
лицензиялық алым енгізілмегені;
көрсетілетін қызметті алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуі;
лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алғаны;
өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болғаны;
сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салғаны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартуы туралы қолхат береді.
3. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының,
Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерілерінің
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымданған кезде: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Орынбор қөшесі, 8, "Министрліктер үйі", 14 кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-00-69, 8 (7172) 74-08-55 мекенжайы бойынша беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Мемлекеттік корпорациясының филиалының, бөлемнің жетекшісіне жолданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі шағымның қабылдағанын растау болып табылады.
Министрліктің немесе көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар
13. Адамның тыныс-тіршілігін шектейтін организм функцияларының үнемі нашарлауы салдарынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушылар 1414, 8 800 080 7777 - Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінген кезде, олардың мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қажеттілік болған жағдайда тұрғылықты жеріне бара отырып, Мемлекеттік корпорация қызметкері қабылдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министріліктің www.energo.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414.
Нысан
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған
заңды тұлғаның өтiнiші
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық
атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның
бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға
филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық
атауы көрсетiлсiн)
_____________________________________________________________________
_____________________________ жүзеге асыруға лицензияны және (немесе)
лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта ______ (лицензияны қағаз
тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi
сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы,
ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық
үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________ (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы __________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше
атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақ қоса беріледі.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы
және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе
беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге
болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші
түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру
кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға
келісімін береді;
өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация
қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына
келіседі ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы
арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы ________ ______________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
Нысан
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған
жеке тұлғаның өтiнiші
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке
сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтiң кіші түрінің(-лері) толық
атауы көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз
тасығышта ______ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған
жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы___________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше
атауы,үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты____________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы __________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше
атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақ қоса беріледі
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы
және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе
беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге
болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші
түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру
кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға
келісімін береді;
өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация
қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына
келіседі ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы
арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға __________ _______________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Мөр орны Толтыру күні: 20___ жылғы "__" ________________
(болған жағдайда)
Нысан
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге
арналған заңды тұлғаның өтiнiші
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның
бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды
тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________________ жүзеге асыруға
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық
атауы) 20___ жылғы " " ___________ № _______, _____________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың)
нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және
(немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын)
қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған
жағдайда Х белгісін қою керек)
мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес
(тиісті жолға Х қою қажет):
бірігу ____
қайта құру ____
қосылу ____
бөліп шығару ____
бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы
2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және
хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада
көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына
объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша
берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия
үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып,
объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ___
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап
болған жағдайларда ____
7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____
8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта ресімдеуіңізді
сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру
нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының
немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ___________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, елі, облысы,
қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық
үй-жайлар) нөмірі)
_____ парақ қоса беріледі.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы
және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе
беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге
болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші
түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру
кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға
келісімін береді;
өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация
қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына
келіседі ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы
арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы ____________ __________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
Нысан
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге
арналған жеке тұлғаның өтiнiші
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке
сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)
_____________________________________________________ жүзеге асыруға
20___ жылғы " " ___________ № ____________, _______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың)
нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және
(немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын)
қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған
жағдайда Х белгісін қою керек)
мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
өзгеруі _______
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______
3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы
өзгеруі _______
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және
хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада
көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына
объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша
берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия
үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып,
объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ___
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап
болған жағдайларда _______
7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ________
8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді
сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ___________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше
атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар нөмірі)
______ парақ қоса беріледі.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы
және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе
беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге
болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші
түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру
кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға
келісімін береді;
өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация
қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына
келіседі ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы
арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға ____________ _____________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _______________
Нысан
Мұнай және газ саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн
біліктілік талаптары және оларға сәйкестiгін растайтын
құжаттардың тізбесіне мәліметтер нысаны
1. Қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиясы мен тәртібін сипаттайтын технологиялық регламенттің болуы туралы ақпарат (жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді, көмірсутекті шикізат кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық); магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану жөніндегі қызмет үшін қолданылмайды) __________________(технологиялық регламенттің атауын және оның бекітілген күнін көрсету).
2. Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өндірістік базаның (ғимарат, үй-жайлар) болуы туралы ақпарат ___________________ (меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттарды (жер учаскелерінің, жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық нөмірі; объектілердің техникалық паспорттары; жалдау (жалға алу) шарттары, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты көрсету).
3. Мұнай және газ саласында тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын,мұнай өнімдері құбырларын пайдалану жөніндегі қызметтер үшін:
1) жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді, көмірсутекті шикізат кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) үшін:
жобалау үшін пайдаланылатын лицензияланған бағдарламалық қамтылымның, арнайы техника мен жабдықтардың болуы туралы ақпарат ____________________________ (бағдарламалық қамтылымның атауын көрсету, қолда бар арнайы техника мен жабдықтарды атап көрсету);
2) мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндiру үшін:
инженерлік құрылыстардың, тетіктердің, арнайы техника және жабдықтардың, технологиялық процесті бақылауға арналған өлшеу жабдықтарының ___________________________________ болуы туралы ақпарат (инженерлік құрылыстарды, тетіктерді, арнайы техника және жабдықтарды, технологиялық процесті бақылауға арналған өлшеу жабдықтарын атап көрсету);
3) көмірсутекті шикізат кен орындарында технологиялық жұмыстар (кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар) жүргізу үшін:
ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жер үсті аппараттары, арнайы кабель, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығыр, сейсмикалық стансалар, немесе басқа сейсмикалық барлау жабдығының болуы туралы ақпарат.
___________________________________________(қолда бар ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жер үсті аппараттары, арнайы кабель, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығыр, сейсмикалық стансаны көрсету);
4) мұнай; газ; газ конденсаты; айдама ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргiзу үшін:
жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензияның нөмірі және
берілген күні ______________________________________________________;
шарттың нөмірі * ___________________________________________________;
шартқа қол қойылған күні *__________________________________________;
лицензиясы бар ұйымның атауы________________________________________;
перфорациялық жабдықтар немесе жүйелерінің болуы туралы ақпарат
____________________________________________________________________.
* ұйымның жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар болған жағдайда, үшінші және төртінші абзацтар толтырылмайды;
5) құрлықта; теңізде; ішкі су қоймаларында көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау үшін:
бұрғылау (оның ішінде теңізде және ішкі су қоймаларында жүзетін) қондырғыларының, қашаудың, бұрғылау құбырларының, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергіш агрегаттардың болуы туралы ақпарат______________________ (қолда бар жабдықты көрсету);
6) кен орындарында ұңғымаларды жер астында (күрделi, ағымдағы) жөндеу үшін:
арнайы техника және жабдықтардың болуы туралы ақпарат__________ (қолда бар жабдықты атап көрсету);
7) көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру, сынаудан өткізу үшін:
көтергіш көлік құралдарының, цементтеу агрегатының, арнайы техника және жабдықтардың, тетіктер мен құралдардың болуы туралы ақпарат ____________(қолда бар жабдықтарды, тетіктер мен құралдарды атап көрсету);
8) мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту үшін:
техника құралдары кешенінің, арнайы техника және жабдықтардың болуы туралы ақпарат _______________________________________________ (қолда бар құралдар мен жабдықтарды көрсету);
9) құрлықта; теңiзде кен орындарында көмірсутекті шикізат төгiлуiнiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi жұмыстар үшін:
теңіздегі мұнай жинау қондырғысының (скиммер), құрлықта мұнай жинауға арнайы техника және жабдықтардың, жүзуші резервуарлардың және бонолық тосқауылдардың болуы туралы ақпарат _________________________ (қолда бар құралдар мен жабдықтарды көрсету);
10) көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою үшін:
құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтардың,цементтеу агрегатының және лақтыруға қарсы жабдықтардың болуы туралы ақпарат ___________________________ (қолда бар құралдар мен жабдықтарды көрсету);
11) мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану үшін:
тетіктердің, технологиялық желiлердiң, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты, дайын өнiмдердi сақтауға арналған арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың болуы туралы ақпарат_________________________ (қолда бар тетіктерді, қондырғылар мен өзге жабдықтарды көрсету);
өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертхананың аттестатының нөмірі және берілген күні __________________________________________;
аккредиттелген зертханасы бар ұйымның атауы, аттестатының нөмірі және берілген күні * ________________________________________;
аккредиттелген зертханасы бар ұйыммен жасалған шарттың нөмірі және күні* _________________________________________________________. * төртінші және бесінші абзацтардағы ақпарат жеке меншікте зертхана болмаған кезде толтырылады;
12) магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану үшін:
меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырларының болуы туралы ақпарат ________________________________(меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттарды (жер учаскелерінің, жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық нөмірі; объектілердің техникалық паспорттары; жалдау (жалға алу) шарттары, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартын көрсету);
кіші түрінің мәлімделген жұмыстарын орындау үшін қажетті техникалық талаптарға байланысты пайдаланылатын диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарының, сондай-ақ магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететiн құралдардың, жабдықтардың болуы туралы ақпарат;
жұмыс істейтін өндiрiстiк объектiлердi реконструкциялау, жаңғырту жөнiндегi бекітілген бағдарламалар, қоршаған ортаны қорғау, заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi бағдарламалар мен iс-шаралардың; жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының); аварияларды жою жоспарының болуы туралы ақпарат___________________________(бекітілген бұйрықтардың нөмірлері (бар болған жағдайда) және күндерін көрсету).
4. Мыналарды: 1) машиналарды, тетіктерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді; 2) еңбек қауіпсіздігін бақылауды; 3) метрологиялық бақылауды; 4) маркшейдерлік жұмыстарды ("мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану" қызметінің кіші түріне қолданылмайды); 5) технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын сақтауды ("мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану" қызметінің кіші түріне қолданылады); 6) магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдаланудың технологиялық процесiн сақтауды ("магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану" қызметтерінің кіші түріне таратылады); 7) қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін қызметтер және жауапты тұлғалар:
бұйрықтың нөмірі және күні ______________________;
қызметтің атауы және жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) _________________________________________________;
5. Тиісті білім деңгейіне, атқаратын лауазымына және техникалық басшылар үшін - аталған салада кемінде 3 жыл, мамандар үшін - кемінде 1 жыл практикалық тәжірибесінің болуына, жауап беретін біліктілік құрамының (техникалық басшылар үшін – мұнай және газ саласында жоғары техникалық білім, мамандар үшін - кемінде орта арнаулы білімі) бар болуы туралы ақпарат _____________________(әрбір қызметкер бойынша ақпаратты көрсету: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оқу орнының атауы, білімі бойынша мамандығы және біліктілігі, лауазымы, тиісті салада еңбек өтілі).
Нысан
(көрсетілетін қызметті алушының
Т.А.Ә. немесе ұйымының атауы)
_______________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан
Республикасының 2013 жылғы 15 cәуірдегі Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік
корпорация филиалының № __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін)
___________________________________________ мемлекеттік қызметін
көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық
пакетін, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) …
ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
______________________________________________ ______________________
("Азаматтарға арналған үкімет" (қолы)
мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т.А.Ә.)
Орындаушы: Т.А.Ә. ___________________________________________________
Телефоны_____________________________________________________________
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы "___" ___________________