Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.06.2019 № 145/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 02.03.2018 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабы 54) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы |
Ж. Қасымбек |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 125 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін және сервистік бағдарламалық өнімдерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 02.03.2018 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Атауы | Сипаттамасы |
1 | Бірыңғай бірдейлестіру сервисі |
Жүйенің пайдаланушыларын басқару функциясы, қол жеткізу құқығын бөліп беру, каталог қызметіне қол жеткізу үшін жеңіл салмақты хаттама негізінде каталогпен ықпалдасу, олардың бірінен бірдейлестіру және шығу кезінде түрлі ақпараттық жүйелерден бір уақытта бірыңғай бірдейлестіруді және шығуды іске асыратын сервис. |
2 | Электрондық цифрлық қолтаңбаны басу және тексеру сервисі |
Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, құжатқа бірыңғай қол қоюды жүзеге асыратын және қол қойылған құжатты тексеретін сервис. |
3 | Ақпараттық жүйе жұмысын мониторингтеу |
Ақпараттық жүйе жұмысының басты көрсеткіштерін мониторингтеу функциясын жүзеге асыратын сервис. |
4 | Электрондық құжаттарды сақтау сервисі |
"Электрондық құжаттарды сақтау сервисі" ақпараттық жүйесінің бір бөлігі келесі функционалдық компоненттерден тұрады: |
5 | Құжаттармен және (немесе) объектілермен жұмыс бойынша үстел |
"Құжаттармен және (немесе) объектілермен жұмыс бойынша үстел" ақпараттық жүйесінің бір бөлігі келесі функционалдық компоненттерден тұрады: |
6 | Пайдаланушыларды хабардар ету сервисі |
"Пайдаланушыларды ескерту сервисі" ақпараттық жүйесінің бір бөлігі келесі функционалдық компоненттерден тұрады: |