«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабы 54) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы
Инвестиция және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 125 бұйрығымен
бекітілген
«Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру немесе
дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға
жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің)
тізбесі»
№ |
Ақпараттық жүйелер бөліктерінің атауы |
|
1 |
Бірыңғай бірдейлестіру сервисі |
Жүйенің пайдаланушыларын басқару функциясы, қол жеткізу құқығын бөліп беру, каталог қызметіне қол жеткізу үшін жеңіл салмақты хаттама негізінде каталогпен ықпалдасу, олардың бірінен бірдейлестіру және шығу кезінде түрлі ақпараттық жүйелерден бір уақытта бірыңғай бірдейлестіруді және шығуды жүзеге асыратын сервис. |
2 |
Электрондық цифрлық қолтаңбаны басу және тексеру сервисі |
Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, құжатқа бірыңғай қол қоюды жүзеге асыратын және қол қойылған құжатты тексеретін сервис. |
3 |
Ақпараттық жүйе жұмысының мониторингісі |
Ақпараттық жүйе жұмысының басты көрсеткіштерінің мониторингісі функциясын жүзеге асыратын сервис. |
4 |
Графикалар мен диаграммалар қалыптастыру сервисі |
Графикалар мен диаграммалар қалыптастыруды жүзеге асыратын, оларды зерттеу бойынша тиімді жұмысты қамтамасыз ететін, енгізілген деректерді осы түрде ұсынушы сервис. |
5 |
Электрондық құжаттар сақтау сервисі |
«Электрондық құжаттар сақтау сервисі» типтік құрамдауышы келесі функциональдық құрамдауыштардан тұрады: |
6 |
Құжаттармен және (немесе) объектілермен жұмыс бойынша үстел |
«Құжаттармен және (немесе) объектілермен жұмыс бойынша үстел» типтік құрамдауышы келесі функциональдық құрамдауыштардан тұрады: |
7 |
Пайдаланушыларды ескерту сервисі |
«Пайдаланушыларды ескерту сервисі» типтік құрамдауышы келесі функциональдық құрамдауыштардан тұрады: |