Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13301 болып тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 97-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі                             Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің    
2016 жылғы 27 қаңтардағы
№ 30 бұйрығына 1-қосымша 

Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның
ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті
болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 14.03.2016 № 119; 02.06.2016 № 278; 23.11.2016 № 610; 26.12.2016 № 688 бұйрықтарымен.

Санаты

Сыныбы

Ішкi сыныбы

Ерекшелiгi

Атауы

Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

1




Ағымдағы шығындар




01



Тауарлар мен қызметтерге шығындар





120


Жұмыс берушiлердiң жарналары






123

Мiндеттi сақтандыру жарналары

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiн мемлекеттiк мiндеттi жеке сақтандыруға көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi
сақтандыруға

Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) жеткізуге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа, әкімшісі Ұлттық экономика министрлігі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына кейіннен аудару үшін және айырбастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде.
Азаматтық-құқықтық мәміле тіркемей 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады.



140


Қорлар сатып алу






141

Азық-түлік өнiмдерiн сатып алу

Жеке пайдалану үшiн мемлекеттiк мекемелердiң азық-түлiк өнiмдерiн сатып алуы және сақтауы; арнайы тағам; жануарлардың тағамы; құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезеңінде кәсiби және ерiктi апаттан құтқару қызметтерiнiң және құрылымдардың құтқарушылары үшiн тағам сатып алу; мерзiмдi әскери қызметшiлердiң, әскери оқу орындары, құқық қорғау органдарының оқу орындары курсанттарының, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 44-бабында көзделген жағдайларда басқа әскери қызметшілердің, сондай-ақ сотталғандардың, қылмыс жасауда күдiктiлер мен айыпталушылардың тамақтануына ақы төлеу; казармалық жағдайдағы оқу орындарында арнаулы (әскери) қурсанттарды және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңына сәйкес арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің жекелеген санаттарын азық-түлікпен қамтамасыз ету; мемлекеттік мекеменің штат санында аспаздар көзделген жағдайда мектеп асханаларына тамақ өнімдерін сатып алу. Егер штат санында аспаздар көзделмеген болса, онда оқушылар үшін тамақтануды ұйымдастыру бойынша қызметтерді шарт бойынша басқа заңды тұлға жүзеге асырады және бұл шығындар 159-ерекшелiк бойынша көрсетiледi.

Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: тамақ құнының шегiнде балаларға және ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға демалыстарында, демалыс және мерекелiк күндерi туысқандарының немесе жекелеген азаматтарды отбасыларында болған уақытында, сондай-ақ ауырған кезеңiнде өтемақы төлеу кезiнде; ыстық тамақ болмаған кезде бастауыш, орта және жоғары кәсiби бiлiм беретiн оқу орындарының ата-анасының қарауынсыз қалған жетiм балалар қатарынан студенттер мен оқушыларға тамақ орнына ақшалай өтемақы төлеген кезде; спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушыларының демалыс және олардың оқу-жаттығу жиындарында болғанда тамақтануы кезiнде; энергетикалық шығындардың орнын толтыру үшiн берiлетiн тегiн тамақтандыру орнына өтеусiз негiзде қан тапсыруды (донацияны) жүзеге асыруы үшiн донорларға ақшалай төлемақы төлеу кезiнде.

Азаматтық-құқықтық мәміле тіркемей 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады.




142

Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу

Дәрілік заттар мен байлап-таңу құралдары, дәрілік құралдар мен бiржолғы және бiрнеше рет пайдаланылатын медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу, қан, биопрепараттар сатып алу, сондай-ақ, ветеринарлық препараттар, атрибуттар мен ветеринарлық мақсаттағы заттарды сатып алу

Донорға ақшалай өтемақы төлеу азаматтық-құқықтық мәмiле жасамай жүргiзiледi. Корпоративтiк төлем карточкасын пайдалана отырып, сондай-ақ қолма-қол ақшаға мемлекеттiк мекеменiң мұқтажына арналған дәрi қобдишаларын, сондай-ақ дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды (дәрi қобдишасын толықтыруға арналған дәрілік заттар мен байлап-таңу құралдарын) сатып алумен байланысты шығыстарды төлеу кезiнде азаматтық-құқықтық мәмiлені тiркеу талап етілмейді.
Азаматтық-құқықтық мәміле тіркемей 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады.




143

Заттай мүлiктердi, басқа да киім нысанын және арнаулы киім-кешектер сатып алу, тiгу және жөндеу

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген заттай мүлiктердi, басқа да киім нысанын және арнаулы киім-кешектер сатып алу, тiгу және жөндеу

Заттай мүлiктердi, басқа да киім нысанын және арнаулы киім-кешектер сатып алу орнына ақшалай өтемақы төлеу кезiнде тауарларды (жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiле жасалмайды.
Азаматтық-құқықтық мәміле тіркемей 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады.




144

Отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алу

Отынның барлық түрлерін сатып алуға, тасымалдауға, тиеуге, түсiруге және сақтауға жұмсалатын шығындарды қосқанда отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алуға шығындар

Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) жеткізуге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа, әкімшісі Ұлттық экономика министрлігі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына аудару, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарла малары бойынша Қазақстан Республи касының шетелдегі мекемелерінің шоттарына кейіннен аудару үшін және айырбас тау үшін Қазақстан Республикасы Ұлт тық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде. Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштері әскери-көлік авиациясының ұшуларын жүзеге асыру кезінде ЖЖМ құнын төлеуге байланысты шығындарды төлеген кезде, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының алыс және жақын шетелдерге қызмет тік іссапарларын төлеуге байланысты шығыстарды корпоративтік төлем карточ касын пайдалана отырып төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы
10 шілдедегі Заңы ның 8-бабының
4) тармақшасына сәйкес бекітілетін тізбеге енгізілген ерекше қауіпті мал ауруларының ошақтарын жоюды, ветеринарлық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялауды, мемлекеттік органдардың шешімі бойынша малдардың аса қауіпті жұқпалы ауруларымен ауырған малдарды алып қоюды және жоюды жүзеге асыратын арнайы автомобиль көліктеріне құю үшін ЖЖМ құнын төлеуге байланысты мемлекеттік мекемелердің шығыстарын төлеу кезінде, сондай-ақ малдардың аса қауіпті жұқпалы аурулармен ауырған малдарды жою мақсатында корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып, ЖЖМ сатып алу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.
Азаматтық-құқықтық мәміле тіркемей 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады.




149

Өзге де қорларды сатып алу

141-144-ерекшелiктер бойынша көзделмеген материалдар мен басқа да қорларды сатып алуға арналған шығындар. Сондай-ақ осы ерекшелік бойынша әскери мақсаттағы заттар мен материалдар сатып алуға арналған шығындар көрсетіледі.

Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: әкімшісі Ұлттық экономика министрлігі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына кейіннен аудару үшін және айырбастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде. Мемлекеттік саясатты іске асыратын және техникалық реттеу мен метрология саласында бақылау-қадағалау өкілеттіктерін жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердің оларды іске асыру саласында олардың сапасы мен қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға арналған тауарлар үлгілерін сатып алумен және сынақтан өткізумен байланысты шығыстарын корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып, төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.
Азаматтық-құқықтық мәміле тіркемей 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады.



150


Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу






152

Байланыс қызметтеріне ақы төлеу

Телефондар үшін абоненттік төлем; қалааралық сөйлесу; ұялы байланыс; почта-телеграф шығыстары; үкiметтiк байланыс; факс; электрондық почта; арнайы және спутниктiк байланыс; телетайп; радио және байланыстың басқа да түрлері үшiн

Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әкімшісі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына кейіннен аудару үшін және айырбастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде.




153

Көлiктiк қызмет көрсетулерге ақы төлеу

Көлiктi жалдау; жабдықтарды, материалдарды, арнайы контингенттi, қару-жарақ, әскери техниканы, әскерге шақырылғандарды тасымалдауға ақы төлеу және өзге де тасымалдар

Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мэмілелерден басқа, әкімшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейіннен аудару үшін әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде.
Азаматтық-құқықтық мәміле тіркемей 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады.




154

Үй-жайды жалға алу төлемдері

Үй-жайды, ғимаратты жалға алу төлемдері. Жалға алынған үй-жайды, ғимараттарды ұстауға, коммуналдық қызметке, электр энергиясына, жылуға байланысты шығындар тиiстi ерекшелiктер бойынша сыныпталады

Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әкімшісі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына кейіннен аудару үшін және айырбастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер арасында жасалған шарттарға тіркеу жүргізілмейді.
Азаматтық-құқықтық мәміле тіркемей 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады.




155

Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде қызметтерге ақы төлеу

Әлеуметтiк бағдарламалар мен жобалар бойынша үкiметтiк емес ұйымдар көрсететiн мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiндегi қызметтерге ақы төлеу





156

Консалтингтік қызметтер мен зерттеулерге ақы төлеу

Мемлекеттік орган қызметінің үдерісінде туындайтын проблемаларды, мүмкіндіктерді анықтау және бағалау жөніндегі не ахуалды егжей-тегжейлі талдау жөніндегі; жұмыстың қаржылық және басқарушылық (мынадай негізгі қызмет түрлері шеңберінде: басқару консалтингі, әкімшілік-кадрлық консалтинг, қаржылық консалтинг, ІТ-консалтинг, заң консалтингі, мамандандырылған консалтинг, қорғаныс саласындағы консалтинг, техникалық консалтингтік қызметтер) тиімділігін арттыру үшін кейіннен іс-қимылдарды түзету жөнінде тиімді ұсыныстар әзірлеу жөніндегі консалтингтік қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар, сондай-ақ зерттеулерге (оның ішінде социологиялы, талдамалы және ғылыми зерттеулер) ақы төлеуге арналған шығындар.

Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына соманы аудару кезiнде.




159

Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу

Шарт бойынша заңды және жеке тұлғалармен көрсететiн қызметтермен жұмыстарға ақы төлеу

Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) жеткізуге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: банк қызметтеріне ақы төлеу кезiнде; соманы айырбастау және кейіннен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын "Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгiнiң шоттарына, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі - ЭЫДҰ) шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарға аудару кезінде, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әкімшісі болып табылатын "Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды және Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық зерттелуін арттыру" бюджеттік бағдарламасының "Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігі: бәсекеге қабілеттілікті арттыру және Қазақстан Республикасындағы юниор компаниялар нарығының дамуын ескере отырып, жер қойнауын пайдалану саласына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту" жобасын іске асыру" кіші бағдарламасы бойынша және "Инвестициялар тарту үшін жағдай жасау" бюджеттік бағдарламасының "Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясын іске асыру" кіші бағдарламасы бойынша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әкімшісі болып табылатын "Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету", "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету", "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламаларының тиісінше "Мектепке дейінгі білім беру саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету", "Орта білім беру саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету" және "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету" кіші бағдарламалары бойынша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әкімшісі болып табылатын "Экономиканың даму перспективаларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының еңбек нарығының жағдайын шолу және жұмыспен қамту саясатын жаңғырту" бюджеттік бағдарламасы бойынша және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын "Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысу", "Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Елдік бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламалары бойынша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әкімшілері болып табылатын "Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Елдік бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламалары бойынша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әкімшісі болып табылатын "Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" бюджеттік бағдарламасының "Денсаулық сақтау жүйесін реформалауды қолдау" кіші бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЭЫДҰ арасында жасалған келісімдер бойынша соманы аудару кезінде, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әкімшісі болып табылатын "Қазақстанда құқық қорғау тетіктерін жетілдіру және БҰҰ әмбебап кезеңдік шолу ұсынымдарын тиімді іске асыру" бюджеттік бағдарламасының "Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен" және "Грант есебінен" кіші бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің арасындағы жасалған Бірлесіп қаржыландыру туралы келісім бойынша соманы аудару кезінде, Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігі әкімшісі болып табылатын "Бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және орындалуын қамтамасыз ету және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасының "Социологиялық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету" кіші бағдарламасы бойынша "Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті" ММ мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Сауда және даму конференциясының ЮНКТАД атқарушы агенттігі арасында жасалған консалтингтік қызметтерді сатып алуға арналған келісімшарт бойынша сомаларды аудару кезінде, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлiгi әкiмшiсi болып табылатын "Ақпараттық-имидждік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету", "Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру", "Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру", "Шетелдік іссапарлар", "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу" бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына соманы аудару кезінде, "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына сәйкес Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi Халықаралық орталықтың шығыстарына ақы төлеу кезiнде, халықаралық төрелік органдар мен шетелдік соттардың шешiмдерi бойынша шығарылған төрелік шығыстар мен сот шығыстарына ақы төлеу кезiнде тіркеу талап етілмейді. Үкіметтік сыртқы қарыздардың қаражатын аударуды жүзеге асыратын банкке қызмет көрсеткені үшін комиссия ақысын төлеу кезінде, бюджеттік инвестициялық және институционалдық жобаларды сыртқы қарыздардың қаражаты есебінен іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың "Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен", "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен" кіші бағдарламалары бойынша жергілікті дара консультант-жеке тұлғалардың қызметтеріне ақы (оның ішінде жеке табыс салығын) төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.
      Алыс және таяу шетелде қызметтік іссапарда болған кезде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғаныс күштері әскери-көлік авиациясының әуе кемелеріне, құқық қорғау органдарына қызмет көрсету жөніндегі әуежай қызметтеріне корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып, ақы төлеумен байланысты мемлекеттік мекемелердің шығыстарына ақы төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.
      Азаматтық-құқықтық мәміле тіркемей 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізу растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады.



160


Басқа да ағымдағы шығындар






163

Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қорының шығындары

Киiм-кешек, аяқ киiм, оқулықтар, оқу құралдарын, мектептiк жазу құралдарын сатып алу; мектептерде азық-түлiкпен қамтамасыз ету

Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: ақшалай көмек көрсету; санаториялық-курорттық мекемелерде және демалыс лагерлерiне жолдамалар сатып алу; мектеп оқушыларын мәдени-бұқаралық және спорттық iс-шараларға қатысуын қаржылай қамтамасыз ету кезiнде.
Азаматтық-құқықтық мәміле тіркемей 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады.

2




Күрделi шығындар




04



Негiзгi капиталды сатып алу





410


Негiзгi құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді сатып алу






411

Жер сатып алу

Жердің, ормандардың, ішкі сулардың және пайдалы қазбалардың кен орындарының кез келген түрін мемлекеттің сатып алуына жұмсалатын шығындар. Егер мемлекет сатып алған жерде құрылыс тұрған болса, құрылыстың құны жердің құнынан бөлек бағалануы тиіс, құрылысты сатып алуға жұмсалатын шығындар 412 ерекшелікке жатқызылуы тиіс. Егер де құрылысты сатып алуға жұмсалатын шығындарды жерді сатып алуға жұмсалатын шығындардан бөлу мүмкін болмаса, жердің және құрылыстың құнын не осы ерекшелікке не, жердің немесе құрылыстың бағасы неғұрлым құнды болуына қарай, 412 ерекшелікке жатқызылуы қажет. Құрылыс жобасының құнына енгізілген мемлекет қажеттілігі үшін жер учаскелерін сатып алу бойынша өтемақыға жұмсалатын шығындар және осымен байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру осы ерекшелік бойынша көрсетіледі.

Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: айырбастау және кейіннен әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi болып табылатын «Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттiк бағдарламасының «Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру үшін шетелде жылжымайтын мүлік объектілерін салу» және «Шетелде Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктердің күрделі шығыстары» кіші бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң шоттарына аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiндегі шоттарға соманы аудару кезінде




412

Үй-жайлар, ғимараттар мен құрылыстарды, беру қондырғыларын сатып алу

Үй-жайлар, ғимараттар және құрылыстар, беру қондырғыларын сатып алуға жұмсалатын шығындар, сондай-ақ үй-жайлар, ғимараттар мен құрылыстар орналасқан жердi сатып алуға жұмсалатын шығындар. Егер сатып алынған үй-жайлардың, ғимараттардың және құрылыстардың құны ғимаратпен бiрге сатып алынған, мысалы жабдықтар, активтердiң құнына енгізілсе, онда оларға жұмсалатын шығындар осында көрсетiледi.

Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: айырбастау және кейіннен әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi болып табылатын «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер» және «Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң шоттарына аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiндегі шоттарға соманы аудару кезінде.




413

Көлік құралдарын сатып алу

Көлік құралдарын сатып алу, сондай-ақ әскери мақсаттағы көлік құралдарын сатып алу.

Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа, айырбастау және кейіннен әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiндегі шоттарға соманы аудару кезінде.




414

Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу

Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу, сондай-ақ әскери мақсаттағы жабдықтарды сатып алу.

Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: айырбастау және кейіннен әкімшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiндегі шоттарға соманы аудару кезінде.
Азаматтық-құқықтық мәміле тіркемей 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады.




416

Материалдық емес активтерді сатып алу

Материалдық емес активтердi сатып алу

Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: айырбастау және кейіннен әкімшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiндегі шоттарға соманы аудару кезінде.




417

Биологиялық активтерді сатып алу

Биологиялық активтерді сатып алу





419

Өзге де негізгі құралдарды сатып алу

411-414 ерекшеліктері бойынша көрсетілмеген өзге де негізгі құралдарды сатып алу

Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа, айырбастау және кейiннен әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiндегі шоттарға соманы аудару кезінде.
Азаматтық-құқықтық мәміле тіркемей 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады.



420


Негiзгi құралдарды күрделі жөндеу






421

Жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, беру қондырғыларын күрделі жөндеу

Үй-жайларды, үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, беру қондырғыларын, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен қамтамасыз ету, жылумен жабдықтау жүйелері мен желілерін күрделi жөндеу және қайта жаңғырту, сондай-ақ күрделi жөндеу мен қайта жаңартумен айналысатын жұмысшылардың жалақысы (оның iшiнде жалақысынан ұстап қалу), әлеуметтiк салық, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін мiндеттi зейнетақы жарналары және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін ерікті зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін ерiктi зейнетақы жарналары үшiн, күрделі жөндеу мен қайта жаңғырту, жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға, жобаларды сараптауға, көрсетілетін инжинирингтiк қызметтерге, техникалық қадағалау қызметтерiне қажеттi заттарды, материалдарды және жабдықтарды сатып алу

Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейiннен аудару үшiн әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде.




422

Жолдарды күрделi жөндеу

Жолдарды және әуе айлақтарындағы ұшу-қону жолақтарын күрделi жөндеумен байланысты шығындар





429

Өзге де негізгі құралдарды күрделі жөндеу

421, 422–ерекшеліктер бойынша көрсетілмеген басқа да объектілерді күрделі жөндеуге арналған шығындар. Осы ерекшелік бойынша машиналар мен жабдықтарды жаңғыртуға арналған шығындар да көрсетіледі.




430


Дамуға бағытталған күрделі шығындар






431

Жаңа объектілерді салу және қолдағы бар объектілерді реконструкциялау

Жаңа объектілерді салуға және қолдағы бар объектілерді, оның ішінде күрделі жөндеу мен қайта жаңғыртудан басқа әскери мақсаттағы объектілерді реконструкциялауға арналған шығындар.

Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа, айырбастау және кейiннен әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегі шоттарға соманы аудару кезiнде.




432

Жолдар салу

Жолдарды салумен байланысты шығындар.





433

Кемелерді салу және жеткізу

Кемелерді салу және жеткізумен байланысты шығындар.





434

Ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамыту

Ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамыту жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар, сондай-ақ инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде көзделген негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу бойынша шығындар.


Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің    
2016 жылғы 27 қаңтардағы
№ 30 бұйрығына 2-қосымша 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылды деп
танылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. «Шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 26 желтоқсанда № 5419 болып тіркелді);
      2. «Шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 71 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 3 наурызда № 5572 болып тіркелді);
      3. «Шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 457 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 10 қыркүйекте № 6503 болып тіркелді);
      4. «Шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 646 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 24 желтоқсанда № 6705 болып тіркелді);
      5. «Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 8 сәуірдегі № 170 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 18 сәуірде № 6891 болып тіркелді);
      6. «Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 14 қарашадағы № 491 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 23 қарашада № 8093 болып тіркелді);
      7. «Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 17 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 28 ақпанда № 8349 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2013 жылғы 4 наурызда жарияланды);
      8. «Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 26 ақпандағы № 108 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 28 ақпанда № 8349 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2013 жылғы 11 наурызда жарияланды);
      9. «Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 428 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 25 қыркүйекте № 8734 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2013 жылғы 10 қазанда жарияланды);
      10. «Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 112 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 14 наурызда № 9212 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 сәуірде жарияланды);
      11. «Шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 тамыздағы № 381 бұйрығы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 10 қыркүйекте № 9728 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 8 қазанда жарияланды);
      12. «Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 508 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 26 қарашада № 9907 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 5 желтоқсанда жарияланды);
      13. «Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 580 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда № 10002 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 қаңтарда жарияланды);
      14. «Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 199 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 2 желтоқсанда № 10769 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 мамырда жарияланды);
      15. «Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 387 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 4 шілдеде № 11567 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланды);
      16. «Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2015 жылғы 29 шілдедегі № 426 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 12 тамыздада № 11865 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 тамызда жарияланды).