"Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсанда

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 26 ақпандағы № 108 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 ақпанда № 8349 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 № 30 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5419 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiнде:
      1 «Ағымдағы шығындар» санатында:
      01 «Тауарлар мен қызметтерге шығатын шығыстар» сыныбында:
      120 «Жұмыс берушiлердiң жарналары» кіші сыныбында:
      123 «Мiндеттi сақтандыру жарналары» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа, әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі болып табылатын «Сауда-саттық саясатын іске асыру жөнiндегi қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгiнiң шоттарына, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейiннен аудару үшiн әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде. 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдердi азаматтық-құқықтық мәмiле жасаспай жүргiзу құжаттарды растайтын қосымшасыз, төлеуге берiлетiн шоттың негiзiнде жүзеге асырылады.»;
      140 «Қорлар сатып алу» кіші сыныбында:
      144 «Отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа, әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі болып табылатын «Сауда-саттық саясатын іске асыру жөнiндегi қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгiнiң шоттарына, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейiннен аудару үшiн әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде.
      Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштерi әскери-көлiк авиациясының ұшуларын жүзеге асыру кезiнде ЖЖМ құнын, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының алыс және жақын шетелдерге қызметтiк iссапарларын төлеумен байланысты шығыстарды корпоративтiк төлем карточкасын пайдалана отырып төлеу кезiнде азаматтық-құқықтық мәмiлені тiркеу талап етiлмейдi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi бекітетін тiзбеге енгiзiлген ерекше қауiптi мал ауруларының ошақтарын жоюды, ветеринарлық бақылау бекеттерінде көлiк құралдарын дезинфекциялауды, мемлекеттік органдардың шешімі бойынша малдардың аса қауiптi жұқпалы ауруларымен ауырған малдарды алып қоюды және жоюды жүзеге асыратын арнайы автомобиль көлiктерiне құю үшін ЖЖМ құнын төлеуге байланысты мемлекеттiк мекемелердiң шығыстарын төлеу кезiнде, сондай-ақ малдардың аса қауiптi жұқпалы аурулармен ауырған малдарды жою мақсатында корпоративтiк төлем карточкасын пайдалана отырып, ЖЖМ сатып алу кезiнде азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеу талап етiлмейдi. 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді азаматтық-құқықтық мәмiле жасаспай жүргiзу растау құжаттарын қоса берусіз төлеуге берiлген шот негiзiнде жүзеге асырылады.»;
      140 «Қорлар сатып алу» кіші сыныбында:
      149 «Өзге де қорларды сатып алу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі болып табылатын «Сауда-саттық саясатын іске асыру жөнiндегi қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгiнiң шоттарына, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейiннен аудару үшiн әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Шетелдегi дипломатиялық өкiлдiктердiң арнайы, инженерлiк-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде.
      100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдер азаматтық-құқықтық мәмiле жасаспай жүргiзу растау құжаттарын қоса берусіз төлеуге берiлген шот негiзiнде жүзеге асырылады. Мемлекеттiк саясатты iске асыратын және техникалық реттеу мен метрология саласында бақылау-қадағалау өкiлеттiктерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелердiң оларды iске асыру саласында олардың сапасы мен қауiпсiздiгiн мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыруға арналған тауарлар үлгiлерiн сатып алумен және сынақтан өткiзумен байланысты шығыстарын корпоративтiк төлем карточкасын пайдалана отырып, төлеу кезiнде шартты тiркеу талап етілмейді.»;
      150 «Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу» кіші сыныбында:
      151 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі болып табылатын «Сауда-саттық саясатын іске асыру жөнiндегi қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгiнiң шоттарына, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейiннен аудару үшiн әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде.»;
      152 «Байланыс қызметтерiне ақы төлеу» ерекшелігі бойынша:

      153 «Көлiктiк қызмет көрсетуге ақы төлеу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа, әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі болып табылатын «Сауда-саттық саясатын іске асыру жөнiндегi қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгiнiң шоттарына, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейiннен аудару үшiн әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде. 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдердi азаматтық-құқықтық мәмiле жасаспай жүргiзу құжаттарды растайтын қосымшасыз, төлеуге берiлетiн шоттың негiзiнде жүзеге асырылады.»;
      154 «Үй-жайды жалға алу төлемдерi» ерекшелігі бойынша:

      159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: жеке (ұжымдық) еңбек шарты бойынша шығыстарды төлеу кезiнде; банк қызметтерiн төлеу кезiнде; әкімшісі Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі болып табылатын «Сауда-саттық саясатын іске асыру жөнiндегi қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгiнiң шоттарына, әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлiгi болып табылатын «Сыртқы саяси қызметтi үйлестiру жөнiндегi қызметтер», «Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшін шетелде жылжымайтын мүлік объектiлерiн сатып алу және салу», «Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Іссапар шығыстары» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейiннен аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде, «Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне мүшелiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi Халықаралық орталықтың шығыстарын реттеу кезiнде, халықаралық төрелік органдар мен шетелдік соттардың шешiмдерi бойынша шығарылған төрелік шығыстар мен сот шығыстарын төлеу кезiнде. 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдердi азаматтық-құқықтық мәмiле жасаспай жүргiзу құжаттарды растайтын қосымшасыз, төлеуге берiлетiн шоттың негiзiнде жүзеге асырылады. Үкіметтік сыртқы қарыздардың қаражатын аударуды жүзеге асыратын банкке қызмет көрсеткені үшін комиссия төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді. Корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып, қызметтік іссапарда болған кезде алыс және таяу шетелде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғаныс күштері әскери-көліктің авиацияның әуе кемелеріне, құқық қорғау органдарына қызмет көрсету жөніндегі әуежай қызметтеріне төлеуге байланысты мемлекеттік мекемелердің шығыстарын төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.»;
      2 «Күрделі шығындар» санатында:
      4 «Негізгі капиталды сатып алу» сыныбында:
      410 «Негiзгi құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтердi сатып алу» кіші сыныбында:
      413 «Көлік құралдарын сатып алу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейiннен аудару үшiн әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде.»;
      414 «Машиналар, жабдықтар, өндiрiстiк және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу, сондай-ақ әскери мақсаттағы көлiк құралдарды сатып алу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа, әкімшісі Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі болып табылатын «Сауда-саттық саясатын іске асыру жөнiндегi қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгiнiң шоттарына, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің күрделі шығыстары», «Шетелдегi дипломатиялық өкiлдiктердiң арнайы, инженерлiк-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейiннен аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде.»;
      416 «Материалдық емес активтердi сатып алу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа, әкімшісі Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі болып табылатын «Сауда-саттық саясатын іске асыру жөнiндегi қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгiнiң шоттарына, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейiннен аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде.»;
      419 «Өзге де негiзгi құралдарды сатып алу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейiннен аудару үшiн әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде. 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдердi азаматтық-құқықтық мәмiле жасаспай жүргiзу құжаттарды растайтын қосымшасыз, төлеуге берiлетiн шоттың негiзiнде жүзеге асырылады.»;
      420 «Негiзгi құралдың күрделi жөндеуi» кіші сыныбында:
      421 «Жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды және беру қондырғыларын күрделi жөндеу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейiннен аудару үшiн әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қаржы министрі                             Б. Жәмішев