"Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 ақпанда № 13278 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10587 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
      аталған бұйрығымен бекітілген Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерінде:
      7 және 8 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «

7.

Таскөмір; таскөмірден алынған брикеттер, шекемтастар және қатты отынның ұқсас түрлері**

2701

3 000 тонна

8.

Гагаттан басқа, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған лигнит немесе қоңыр көмір**

2702

3 000 тонна

                                                                 »;
      мынадай белгісімен:
      «* – көрсетілген тізбе астықтың мемлекеттік ресурсына қолданылмайды.» деген жол мынадай радакцияда жазылсын:
      «* – көрсетілген тізбе астықтың мемлекеттік ресурсына қолданылмайды;»;
      мынадай радакцияда жолмен толықтырылсын:
       «** – коммуналдық заңды тұлғалар сатып алу үшін.».
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрінің
      міндетін атқарушы                          М. Құсайынов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Энергетика Министрінің
      міндетін атқарушы
      __________________ М. Мырзағалиев
      2016 жылғы 27 қаңтар