Ескерту. Күші жойылды – ҚР Бас Прокурорының 02.05.2018 № 60 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Үш буынды сот жүйесіне көшуге байланысты "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4), 4-1) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 11 наурыздағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 14 сәуірде № 10706 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтағы:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттарға қатыса отырып, прокурор өз өкілеттігін Қазақстан Республикасының Конституциясына, ӘҚБтК-не, Заңға және өзге де заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Прокурор міндетті түрде сотта ведомстволық бағыныстылығы бойынша бірінші сатыдағы соттар қарайтын әкімшілік істерге (бұдан әрі – міндетті санаттағы істер):
кәмелетке толмағандарға қатысты және қамауға әкеп соғатын;
оның қатысуы жоғары тұрған прокурормен қажет деп танылған;
өзі қозғаған;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы;
сайлау құқықтарына қол сұғатын құқық бұзушылықтар туралы;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы;
салық салу саласындағы;
кеден ісі саласындағы;
әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе заты болып табылған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті мемлекет меншігіне тәркілеуге әкеп соғатын;
Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығаруға әкеп соғатын;
заңсыз тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзуға әкеп соғатын;
әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды тұлғаның) әрекетіне (әрекетсіздігіне) ӘҚБтК-нің 44-тарауының тәртібімен шағымдану туралы;
әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша органның (лауазымды тұлғаның) қаулысына ӘҚБтК-нің 45-тарауының тәртібімен шағымдану туралы істерге қатысады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Аумақтық прокурорлар осы Нұсқаулықпен соттардың орналасқан жеріндегі мамандандырылған прокурорлардың жүргізуіне жатқызылған істер санатын қоспағанда, өзінің орналасқан жері бойынша бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда әкімшілік істерді қарауға қатысуды және кейіннен қадағалауды қамтамасыз етеді.
Мамандандырылған әскери прокурорлар өзінің орналасқан жері бойынша аудандық, қалалық, арнайы мамандандырылған әкімшілік, облыстық және оларға теңестірілген соттар қарайтын:
ӘҚБтК-нің 32-тарауы бойынша;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың уәкілетті лауазымды тұлғалары қозғаған;
әскери қызметті өткеруге байланысты шақыру немесе келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшілерге қатысты;
әскери жиындардан өту кезіндегі запастағы азаматтарға қатысты;
қызметтік міндеттерін орындауға байланысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың азаматтық персоналдағы тұлғаларға қатысты;
көрсетілген санаттағы әкімшілік істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) не қаулысына шағымдану туралы әкімшілік істерге қатысады және кейіннен қадағалауды жүзеге асырады.
Мамандандырылған көлік прокурорлары осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілген, көлік инфрақұрылымы объектілеріне немесе темір жол, автомобиль (жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдау бөлігінде), теңіз, ішкі су, әуе, қалалық рельстік және магистралды құбыр көлігі ұйымларына, ғарыш жүйесіне қатысты өкілеттіктерді іске асыруға байланысты көлік прокурорларының не уәкілетті органдардың (лауазымды тұлғалардың) бастамасымен іс жүргізу қозғалған әкімшілік істерді аудандық, қалалық, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік, облыстық және оларға теңестірілген соттар қараған кезде өзінің орналасқан жері бойынша қатысуды және кейіннен қадағалауды қамтамасыз етеді.
Мамандандырылған табиғат қорғау прокурорлары олардың бастамасы бойынша іс жүргізу қозғалған әкімшілік істерді соттар қараған кезде өзінің орналасқан жері бойынша қатысуды және кейіннен қадағалауды қамтамасыз етеді.
Соттардың орналасқан жеріндегі мамандандырылған прокурорлардың осы бұйрықпен жүргізуіне жатқызылған істерін сот іс жүргізуге қабылдаған жағдайда, аумақтық прокурорлар мамандандырылған прокурорларды уақытында және тиісінше хабарлауды (телефонограммамен не хабарламаны тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарымен) қамтамасыз етеді. Мамандандырылған прокурорлар жергілікті соттың ресми сайтын пайдаланып немесе өзге де тәсілдермен қарауға тағайындалған барлық істерге мониторингті жүзеге асырады.
Оның жүргізуіне жатқызылған істерді қарауға тағайындалған соттар орналасқан жерде мамандандырылған прокуратура болмаған, не бұл туралы мамандандырылған прокурорға хабарланбаған жағдайда, соттарға қатысу және сот актілерінің заңдылығын кейіннен тексеру тиісті аумақтық прокурорға жүктеледі.
Соттарда қаралған істер бойынша аумақтық және мамандандырылған прокурорлар әр тоқсан сайын салыстырмалы тексеру жүргізеді.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Прокуратура қозғаған әкімшілік іс жүргізу бойынша прокурордың бірінші сатыдағы сотқа қатысуын өз бастамасымен істі қозғаған бөлімше қамтамасыз етеді. Осы бөлімшеге сот актілерінің заңдылығын тексеру, соның ішінде келіп түскен өтініштерді қарау және оларға дер кезінде апелляциялық мерзімде наразылық келтіру міндеті жүктеледі.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Іс материалдарымен танысу нәтижелерін қатысушы прокурор алдын ала прокуратура басшысына немесе жетекшілік ететін орынбасарға баяндайды, соттың істі қарау нәтижелері бойынша, сот қаулысымен келіскен кезде прокуратура басшысы немесе жетекшілік ететін орынбасар бекітетін сот актісінің заңдылығы туралы қорытынды жасалады.
Бірінші сатыдағы сотта қатысқан прокурордың қорытындысы жазбаша түрде жасалады және онда:
құқық бұзушының кінәсінің болуы немесе жоқтығы, оның әрекетінің дұрыс дәрежеленуі;
прокурордың жоғарыда көрсетілген тұжырымдардың біріне тоқтауға негіз болған дәлелдемелер;
оған істің мән-жайын және құқық бұзушының жеке басын ескеріп, сол немесе өзге жаза түрін қолдану туралы, не істі қысқарту қажеттігі туралы көрсетілуге тиіс.
Жоғарыда аталғанға қоса апелляциялық тәртіппен қайта қарауға жататын іс бойынша қорытындыда:
қайта қарауға жататын сот актілерінің мазмұны, соттың позициясы;
қатысқан прокурорлар, қорытындылардың қысқаша мазмұны;
шағымдағы (өтінішхаттағы) дәлелдер;
шағымның (өтінішхаттың) негізділігі туралы тұжырымдар туралы мәліметтер де қамтылуға қажет.
Прокурордың қорытындысы ӘҚБтК-нің 823-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкiмшiлiк қамауға алу туралы, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы қаулының көшiрмелері соттан келіп түскен кезде де жасалады.
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар міндетті санаттағы істер бойынша заңсыз сот актілерін апелляциялық тәртіпте қайта қарауды қамтамасыз етеді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы, қоршаған ортаны қорғау және салық салу саласындағы, кеден ісі саласындағы және мүлікті тәркілеуге әкеп соғатын, сондай-ақ ӘҚБтК-тің 45-тарауының тәртібінде берілген осы санаттағы істерге шағымдар бойынша орган (лауазымды тұлға) қаулысының күші жойылатын және өзгертілетін істер бойынша өндірісті тоқтатумен келіскен жағдайда облыстардың, Астана, Алматы қалаларының прокурорлары және оларға теңестірілгендер немесе оның орнындағы тұлға сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап отыз жұмыс күннен кешіктірілмейтін мерзімде мәнді қорытынды бекітеді, ол Бас прокуратураға жолданады (бақылау тәртібінде).";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Облыстардың, қалалардың, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар тиісті номенклатуралық істерде қалыптастырылатын, прокурорлардың қатысуымен қаралған әкімшілік істер бойынша бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар шығарған сот актілерін және прокурорлардың қорытындыларын есепке алуды ұйымдастырады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Сот апелляциялық наразылықты негізсіз қабылдамаған кезде, сондай-ақ әкімшілік істі қарау кезінде жіберілген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі бұзылуы анықталған кезде облыстардың, Алматы, Астана қалаларының прокурорлары және оларға теңестірілгендер Бас прокуратураға кассациялық наразылық келтіру туралы ұсыныс енгізеді.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Бас прокуратура апелляциялық наразылық келтірген жағдайда облыстардың, Алматы, Астана қалаларының прокурорлары мен оларға теңестірілгендер және олардың орынбасарлары, басқармалар бастықтары апелляциялық сатыдағы соттарда наразылықтарды білікті түрде қолдап, наразылықты қараудың нәтижелері туралы Департаментті дереу хабардар етуге және кейін сот қаулыларының көшірмелерін жолдайды.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. ӘҚБтК-нің 851-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіпте Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және оның орынбасарларының наразылығы бойынша қадағалау тәртібімен қайта қарауы мүмкін.
Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлғаның не өзiне қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзу қысқартылған тұлғаның жағдайын нашарлататын жағына қарай сот актісіне наразылық ӘҚБтК-нің 851-бабы 2-бөлігінің талаптарына сәйкес келтірілуі мүмкін.
Облыстардың, Алматы, Астана қалаларының прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар осы Нұсқаулықтың 6, 16-тармақтарында атап көрсетілген істер бойынша заңды күшіне енбеген сот актілерінің заңдылығын апелляциялық мерзімде тексеруге міндетті. Заңсыз сот актісіне наразылық келтіру мерзімі өткізіп алынған жағдайда заңды айқын бұзуға жол берген кінәлі қызметкерлердің жауапкершілігі туралы мәселе қойылады.
Сот актілерінің күшін жоюға не өзгертуге заңда белгіленген негіздер болған кезде, облыстардың, Алматы, Астана қалаларының, ауданаралық, аудандық, қалалық, әскери прокурорлар және басқа да мамандандырылған прокурорлар апелляциялық наразылықтар келтіреді. Өтініш қанағаттандырусыз қалдырылған жағдайда облыс прокуроры немесе оның орынбасары бекітетін жазбаша қорытынды жасалады, ал өтініш иелеріне өтінішті қанағаттандыру үшін негіздердің жоқтығы туралы дәлелді жауап беріледі және жауаптың көшірмесін қоса тіркей отырып, олардың жоғары тұрған прокурорға шағым беру құқығы туралы түсіндіріледі.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Апелляциялық наразылықтар келтіру туралы өтінішхаттар өз құзыреті шегінде облыстардың, Астана, Алматы қалаларының прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралар, аудан және оларға теңестірілген прокуратуралармен қаралады.
Прокурорлар уәкілетті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан апелляциялық және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінімдер келіп түскен кезде шағым берілетін сот қаулыларының заңдылығы, ал заңды күшіне енген міндетті санаттағы істер бойынша сот актілері бойынша істі талап етіп алдырылып тексерілуге тиіс. Осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көзделмеген істерге наразылық келтіру туралы өтінімдер бойынша өтініш иесіне оның апелляциялық сатыдағы сотқа шағыммен дербес жүгіну құқығы түсіндіріледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі Бас Прокурор, оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оған теңестірілген прокурорлар қадағалау тәртібімен тексеру үшін тиісті соттан талап етіп алдыра алады. Істерді, тексеру материалдарын, ақпараттарды талап етіп алдыру туралы тапсырма өтінішті тікелей қарайтын лауазымды тұлғаға өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Прокурордың істі талап етіп алдыру туралы сұрау салуын сот ӘҚБтК-нің 848-бабының 3-бөлігіне сәйкес оның сотқа келіп түскен күнінен бастап жеті тәуліктен кешіктірмей орындайды.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Әкімшілік істер бойынша қадағалаудың сапасы міндетті санаттағы істер және прокурордың қатысуымен қаралған, шағым немесе жоғары тұрған прокурордың наразылығы бойынша апелляциялық және кассациялық тәртібімен (төмен тұрған прокурордың ұсынуынсыз) күші жойылған немесе өзгертілген өзге де істер бойынша сот актілерінің талдауына негізделе отырып жоғары тұрған прокуратурамен бағаланады.
Қадағалаушы прокурор жұмысының талаптары ӘҚБтК және осы Нұсқаулықпен прокурорлық ықпал ету шараларын қолданбаған анық (айқын) заң бұзушылыққа жол берген сот актілерінің күшін жоюы және өзгертуі ескеріледі. Осы мән-жайлардың болуы немесе жоқтығы бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сот актілерін зерделеу арқылы айқындалады.
Осы мақсаттарда апелляциялық наразылық келтіру тиімділігінің есебі жүргізіледі, ол міндетті санаттағы істер және прокурордың қатысуымен қаралған өзге де істер бойынша бірінші сатыдағы соттың прокурордың апелляциялық наразылығы бойынша күші жойылған және өзгертілген қаулыларының міндетті санаттағы істер және прокурордың қатысуымен қаралған өзге де істер бойынша бірінші сатыдағы соттың апелляциялық тәртіппен күші жойылған және өзгертілген сот қаулыларының жалпы санына ара қатынасымен есептеледі.
Бұрын апелляциялық наразылықсыз бірінші сатыдағы соттың қаулысы бұзылған немесе өзгертілген іс бойынша апелляциялық қаулы прокурордың кассациялық наразылығымен бұзылған жағдайда бірінші сатыдағы соттың қаулылары апелляциялық шағыммен бұзылған немесе өзгертілген мәліметтері туралы статистикалық есеп азаю жағына қарай түзетіледі.
Апелляциялық наразылық келтіру тиімділігін есептеген кезде апелляциялық тәртіпте бұзылған немесе өзгертілген бірінші сатыдағы соттың қаулылары есептелмейді егер:
прокурордың кассациялық наразылығы бойынша (төмен тұрған прокурордың ұсынысы бойынша келтірілген) апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы апелляциялық наразылықсыз бірінші сатыдағы соттың қаулысы бұрын күшін жойған немесе өзгерген сол бөлігінде күші жойылса немесе өзгертілсе есептелмейді. Мұндай жағдайда апелляциялық шағымдар бойынша күші жойылған бірінші сатыдағы сот қаулыларының саны туралы статистикалық есептің мәліметтері азаю жағына қарай түзетіледі;
тағайындалған жазаның мөлшері баптағы санкцияның шегінде өзгерілсе;
бірінші сатыдағы сотқа ұсынылмаған және бірінші сатыдағы сот қаулысының күшін жоюға не өзгертуге негіз болған жаңа дәлелдемелер апелляциялық сатыдағы сотқа берілсе;
санкцияда соттың оны қолдануға баламалы құқығы болған кезде тағайындалған жазаның біреуі алып тасталса не ауыстырылса;
рақымшылық жасау актісінің немесе татуласуға байланысты іс бойынша іс жүргізу қысқартылса.
Статистикалық есепте апелляциялық наразылық білірудің тиімділігін есептеу кезінде ескерілмейтін сот актілері туралы мәліметтерді көрсету Департаменттің келісімін жазбаша немесе электрондық құжат нысанынын алғаннан кейін ғана жүргізіледі. Тиісті өтінішхат іс бойынша шығарылған сот актілерінің көшірмелерін тіркей отырып, сот процессуалдық шешім қабылдағаннан кейін он жұмыс күні iшiнде Департаментке жолданады.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Әкімшілік істер бойынша наразылықтардың сапасы кері қайтарылған, қайтарылған және қанағаттандырусыз қалдырылған апелляциялық наразылықтың талдауына негізделе отырып жоғары тұрған прокуратурамен бағаланады.
Негізсіз наразылықтар ескеріледі. Оларға ӘҚБтК және осы Нұсқаулықпен анық (айқын) бұзып дайындаған наразылықтар жатады. Осы мән-жайлардың болуы не жоқтығы ол бойынша қабылданған шешімдер туралы наразылықты және құжаттарды зерделеу арқылы айқындалады.
Осы мақсаттарда апелляциялық наразылықтардың қанағаттандырылу есебі жүргізіледі, ол мына формула бойынша есептеледі:
100 % - (қанағаттандырусыз қалдырылған/қаралған) х 100 % = қанағаттандырушылық.
Бұл ретте бұрын апелляциялық наразылық бас тартылған іс бойынша кассациялық наразылық (төмен тұрған прокурордың ұсынымы бойынша келтірілген нарызылығы) қанағаттандырылған жағдайда, бас тартылған апелляциялық наразылықтардың саны туралы статистикалық есептің мәліметі азаю жағына қарай түзетіледі.
Облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар негізсіз наразылықты кері қайтарып алған жағдайда төмен тұрған прокурорға осындай шешімнің уәжін жазбаша немесе электрондық құжат нысанында хабарлайды және мұндай қателіктердің алдын алуға шаралар қабылдайды.
Апелляциялық (кассациялық) сатыдағы сот наразылықты келтірген адамның не жоғары тұрған прокурордың өтінішін қанағаттандырған жағдайда, наразылық кері қайтарылып алынды деп есептеледі.
Қалған барлық жағдайларда, соның ішінде прокурорлардың бастамасы бойынша наразылықтары қайтарылғанда, мұндай наразылықтар қайтып берілген ретінде есепке алуға жатады.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Бас Прокурордың не оның орынбасарларының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот актілеріне келтірген кассациялық наразылықтарды қолдауды Бас Прокурордың тапсырмасы бойныша оның орынбасарлары, қарамағындағы прокурорлар (Департамент бастығы немесе орынбасары, Департаменттің басқарма және бөлім бастықтары) қамтамасыз етеді.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына берілетін кассациялық наразылығын келтіру туралы өтініште:
1) өтініш жолданған лауазымды тұлғаның атауы;
2) өтініш беруші адамның атауы; оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері және іс бойынша процессуалдық жағдайы;
3) істі бірінші және апелляциялық сатыларда қараған соттарды және олар қабылдаған шешімдердің мазмұнын көрсету;
4) наразылық келтіру ұсынылып отырған сот қаулысын көрсету;
5) материалдық не процессуалдық құқық нормаларын елеулі бұзушылықтың мәні неден көрінеді және өтініш беруші адам өтінішінің неден тұратыны қамтылуға тиіс.
Өтінішке оны беруші тұлға немесе оның өкілі қол қоюға тиіс. Өкіл берген өтінішке сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын басқа да құжат қоса берілуге тиіс.
Өтінішке іс бойынша шығарылған қаулының сот куәландырған көшірмелері қоса берілуге тиіс.
Өтініш жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, оны берген тұлғаларға қайтарылуға жатады.
Кассациялық наразылық келтіру туралы тұлғалардың өтініштерін және прокурорлардың ұсынымдарын қарау істер талап етіліп жүзеге асырылады.
Өтініш қанағаттандырусыз қалдырылған кезде арызданушыны жазбаша түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырған электрондық құжат түрінде хабардар ете отырып, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі ведомстволық нормативтік актілерде көзделген тәртіппен бекітілетін мәнді қорытынды жасалады.
Қажет болған жағдайда Департамент бастығы немесе оның орнындағы тұлға облыстардың, Астана, Алматы қалаларының прокурорлары мен оларға теңестірілгендерге іс үшін маңызы бар мән-жайларды толық, жан-жақты және объективті анықтау мақсатында қосымша тексерістер жүргізуді тапсыруға құқылы.
Бұл ретте арызданушыға Бас Прокурорға тиісті өтініш бере отырып қайта жүгіну құқығы түсіндіріледі.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Департаменттің әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау бөлімінде жұмыс ӘҚБтК-нің құрамы бойынша істердің өсу (төмендеу) динамикасына, сот төрелігін жүзеге асыру және ол бойынша прокурорлық қадағалау сапасына, сондай-ақ істерді ақтайтын негіздер бойынша қысқарту себептеріне ай сайын талдау жасай отырып, аймақтық-тақырыптық қағидаты бойынша ұйымдастырылады.
Аймақтық прокурорлар прокурорлардың наразылықтарынсыз апелляциялық сатыдағы соттар күшін жойған және өзгерткен міндетті санаттағы істер бойынша соттардың қаулыларын, сондай-ақ наразылықтар кері қайтарылған істер бойынша сот актілерін ай сайын 25-ші күнге қарай зерделейді.
Келіп түскен шағымдар мен өтініштер (қорытулар) бойынша істерді зерделеу кезінде аймақтық прокурорлар төмен тұрған прокурорлардың соттарға қатысу сапасына талдау жасайды.
Жоғарыда аталған мәселелердің талдау нәтижелерін аймақтық прокурорлар тоқсандағы айдың келесі айының 5-ші күнінен кешіктірмей Департамент басшылығына анықтамамен баяндайды.
Қадағалау қызметіндегі анықталған бұзушылықтар мен оң аспектілер туралы мәліметтер дереу тізілімге енгізіледі.".
2. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері мен қызметшілері таныстырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаменті бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми сайтына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Бас Прокуроры | А. Дауылбаев |