Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 36 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 ақпанда № 13267 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы:

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қорғаныс министрі

И. Тасмағамбетов


  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2016 жылғы 22 қаңтардағы
№ 36 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидалары "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі, "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту тәртібін айқындайды.

      Әскери оқу орындарында білім беру бағдарламалары мен мамандықтарға байланысты мынадай кәсіптік практика түрлері ұйымдастырылады: оқу, өндірістік, дипломалды, педагогикалық, зерттеу және тағылымдама.

      2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер пайдаланылады:

      1) кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;

      2) тағылымдама – тиісті командалық, штабтық, инженерлік және ӘОО-ларда даярлық бейіндеріне және оқыту бағдарламаларына сәйкес мамандығы бойынша басқа да лауазымдарда білім алушылардың әскерлердегі қызметтік міндеттерін орындау дағдылары мен машықтарын иемденуге бағытталған оқу процесінің құрамдас бөлігі;

      3) білім алушылар – әскери оқу орнында кәсіптік-техникалық, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар.

      3. Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері мен мазмұны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының (бұдан әрі – БМЖС) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) талаптарына сәйкес академиялық күнтізбеге сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Барлық кәсіптік практикалар түрлерінің жалпы көлемі базалық пәндер циклі көлемінен 30%-тен артық емес құрайды. Практикалардың көлемі мен еңбек сыйымдылығы БМЖС талаптарына сәйкес есептеледі, практикалардың саны мен ұзақтығын әскери, арнайы оқу орыны жұмыс оқу жоспарларына сәйкес дербес белгілейді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      5. Әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше әскери оқу орындарының өтінімдері бойынша жыл сайын күнтізбелік жыл алдындағы жылдың 1 қыркүйегінде кәсіптік практика мен тағылымдамадан өту кестесін әзірлейді. Кестеде тізімдік құрам, кәсіптік практика мен тағылымдаманың мерзімдері мен өтетін орны көрсетіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Әскери оқу орнының бастығы кәсіптік практиканы даярлау және одан өту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, білім алушыларды бөледі, кәсіптік практиканың жетекшілерін тағайындайды, жергілікті жерлерде одан өтуді бақылауды ұйымдастырады.

      Практикалардың жетекшілері әскери оқу орнының бастығымен қатар кәсіптік практикадан өту сапасы үшін жауап береді.

      7. Кәсіптік практикадан өту үшін ӘОО-ның білім алушысына жеке тапсырма мен практика күнделігі беріледі.

      8. Келгеннен кейін білім алушылар олар практика өтетін әскери бөлімдер мен мекемелер басшысының бұйрығымен лауазымға тағайындалады.

      9. Сырқаты және басқа да дәлелді себептермен курспен бір уақытта кәсіптік практикадан өтпеген білім алушылар үшін ӘОО бастығының шешімімен қосымша ӘОО оқу процесін қамтамасыз ету бөлімшелерінде ұзақтығы 15-20 күнтізбелік күн одан өту ұйымдастырылады.

      10. Білім алушылар әскери тәртіпті, күн тәртібін өрескел бұзушылықтарға жол берген жағдайларда практикалар жетекшілері ӘОО бастығымен келісу бойынша білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуін тоқтатады және оларды әскери оқу орнына жібереді.

      11. Кәсіптік практика аяқталғаннан кейін әрбір білім алушыға оның тікелей жетекшісі кәсіптік практикадан өткені және жеке тапсырманы орындағаны туралы жазбаша пікір жасайды.

      12. Пікір ӘОО-дан кәсіптік практиканың жетекшісімен келісіледі, әскери бөлімнің немесе білім алушы кәсіптік практикадан өткен мекеменің командирі бекітеді.

      13. Практиканың тікелей жетекшісі күн сайын жеке жоспардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады, білім алушыға кәсіптік практикадан өту бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, білім алушының жұмысын ұдайы есепке алу мен бағалауды, олардың тиісті құжаттаманы жүргізуіне, тәртіп пен ішкі тәртіпті сақтауына бақылауды жүзеге асырады, кәсіптік практика аяқталғаннан кейін кемінде 3 күн бұрын білім алушыға мінездеме жасайды және оны әскери бөлімнің немесе мекеменің командиріне бекітуге ұсынады.

      14. Білім алушыға мінездемеде жеке жоспарды орындау сапасы, білім алушының лауазымдық міндеттерді орындауға даярлық дәрежесі, нормативтік құқықтық құжаттарды білуі және оларды күнделікті қызметте қолдана білуі, моральдық-жігерлік қасиеттері, тәртіптілігі, жалпы мәдени даму деңгейі, білім алушыны қызметте пайдалану жөніндегі ұсынымдар көрсетіледі.

      Практиканың тікелей жетекшісі мінездемеде практика үшін баға қояды.

      Әскери бөлімнің немесе мекеменің командирі білім алушыларға жасалған және қол қойылған құжаттардың шынайылығын және білім алушыға қойылған бағаның объективтілігін қамтамасыз етеді.

      Кәсіптік практикадан өтуді, практика қорытындыларын шығаруды бақылауды, практика нәтижелерін қорытындылау мен талдауды, оны жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті жүзеге асырады.

3. Кәсіптік практиканың қорытындыларын шығару

      15. Кәсіптік практикадан өтуді, практика қорытындыларын жасауды, практика нәтижелерін қорытындылауды және талдауды, оны жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуді әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Комиссия құрамына ӘОО-дан практика жетекшісі, бітіріп шығару кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы кіреді. Комиссия құрамына сонымен қатар әскери бөлімдердің және мекемелердің командирлері кіреді.

      Комиссия төрағасы бітіріп шығарушы кафедралар бастықтарының қатарынан сайланады. Комиссия құрамы 5 адамды құрайды.

      Комиссияның шешімі қарапайым көпшілік дауыспен комиссия мүшелері дауыстарының кемінде екіден/үш бөлігі болған кезде қабылданады. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      17. Практиканы қорғау қорытындылары бойынша осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіптік практиканы қорғау хаттамасы жасалады.

      18. Кәсіптік практика бойынша қорытынды баға әскери бөлімнен және мекемеден кәсіптік практика жетекшісінің бағасы ескеріле отырып қойылады, оның қорытынды бағадан үлес салмағы 60 %-ды және ӘОО-дан практика жетекшісінің ұсынған есеп беруін қорғау бойынша бағаның 40%-ын құрайды.

      Есеп беруді қорғау нәтижелері "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген балдық-рейтингілік әріптік бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

      Кәсіптік практика бойынша есеп беруді қорғау қорытындылары қорытынды бақылау ведомосына енгізіледі.

      Кәсіптік практика қорытындылары ӘОО-ның тиісті факультеттерінде, кафедраларында талқыланады. ӘОО-ның оқу-әдістемелік кеңесінде практиканың жалпы қорытындылары шығарылады.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
әскери, арнайы оқу орындары
білім алушыларының кәсіптік
практикасын ұйымдастыру және
одан өту қағидаларына
қосымша

      Нысан

      _________________________________________________

      кәсіптік практикасын қорғау хаттамасы

Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Лауазымы, кәсіптік практикадан өту орны

Практика жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), лауазымы

Практкианы қорғау нәтижелері












      Комиссия төрағасы:_________________________________________________

      Практика жетекшісі:__________________________________________________

      Комиссия мүшелері:__________________________________________________