"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 26.01.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қорғаныс министрі | И. Тасмағамбетов |
| Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 36 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидалары(бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту тәртібін айқындайды.
Әскери оқу орындарында білім беру бағдарламалары мен мамандықтарға байланысты мынадай кәсіптік практика түрлері ұйымдастырылады: оқу, өндірістік, дипломалды, педагогикалық, зерттеу және тағылымдама.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 26.01.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер пайдаланылады:
1) кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;
2) тағылымдама – тиісті командалық, штабтық, инженерлік және ӘОО-ларда даярлық бейініне және оқыту бағдарламаларына сәйкес мамандығы бойынша басқа да лауазымдарда білім алушылардың әскердегі (әскери басқару органдарындағы, мекемелердегі, мемлекеттік органдардағы) қызметтік міндеттерін орындаудағы машықтары мен дағдыларын меңгеруіне бағытталған оқу процесінің құрамдас бөлігі;
3) білім алушылар – әскери оқу орнында техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 26.01.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.02.2026 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.3. Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімі мен мазмұны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелді) және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (бұдан әрі – БМЖС) талаптарына сәйкес академиялық күнтізбеге сәйкес айқындалады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.01.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Практика көлемі мен еңбек сыйымдылығы БМЖС талаптарына сәйкес есептеледі, практика саны мен ұзақтығын әскери оқу орны жұмыс оқу жоспарларына сәйкес дербес белгілейді.
Мемлекеттік органдар жұмылдыру бөлімшелерінің қызметкерлері қатарынан білім алушылар үшін практика саны мен ұзақтығы жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша белгіленеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.02.2026 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және өткізу тәртібі
5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі әскери оқу орындарының өтінімдері бойынша кәсіптік практика мен әскери тағылымдама (тағылымдама) басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей кәсіптік практика мен әскери тағылымдамадан (тағылымдамадан) өту графигін әзірлейді.
Графикте мамандық (біліктілік) бойынша білім алушылар саны, кәсіптік практика мен әскери тағылымдаманың (тағылымдаманың) мерзімі мен одан өту орны көрсетіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.02.2026 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Әскери оқу орнының бастығы кәсіптік практиканы даярлау және одан өту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, білім алушыларды бөледі, кәсіптік практиканың жетекшілерін тағайындайды, жергілікті жерлерде одан өтуді бақылауды ұйымдастырады.
Практикалардың жетекшілері әскери оқу орнының бастығымен қатар кәсіптік практикадан өту сапасы үшін жауап береді.
7. Кәсіптік практикадан өту үшін ӘОО-ның білім алушысына жеке тапсырма мен практика күнделігі беріледі.
8. Білім алушылар келгеннен кейін олар практика өтетін әскери бөлімдер мен мекемелер (мемлекеттік органдар) басшысының бұйрығымен лауазымға тағайындалады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.02.2026 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Сырқаты және басқа да дәлелді себептермен курспен бір уақытта кәсіптік практикадан өтпеген білім алушылар үшін ӘОО бастығының шешімімен қосымша ӘОО оқу процесін қамтамасыз ету бөлімшелерінде ұзақтығы 15-20 күнтізбелік күн одан өту ұйымдастырылады.
10. Білім алушылар әскери тәртіпті (еңбек тәртібін), күн тәртібін (қызмет уақыты регламентін) өрескел бұзуға жол берген жағдайда практика жетекшілері ӘОО бастығымен келісу бойынша білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуін тоқтатады және оларды "F", "FX" (қанағаттанарлықсыз) бағасын қоюмен ӘОО-ға жібереді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.02.2026 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Кәсіптік практика аяқталғаннан кейін әрбір білім алушыға оның тікелей жетекшісі кәсіптік практикадан өткені және жеке тапсырманы орындағаны туралы жазбаша пікір жасайды.
12. Пікір ӘОО-дан кәсіптік практиканың жетекшісімен келісіледі, білім алушы кәсіптік практикадан өткен әскери бөлім немесе мекеме командирі (мемлекеттік органның, мемлекеттік орган құрылымдық бөлімшесінің басшысы) бекітеді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.02.2026 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Практиканың тікелей жетекшісі күн сайын жеке жоспардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады, білім алушыға кәсіптік практикадан өту бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, білім алушының жұмысын ұдайы есепке алу мен бағалауды, олардың тиісті құжаттаманы жүргізуін, тәртіп пен ішкі тәртіпті сақтауын бақылауды жүзеге асырады, білім алушының жеке және іскерлік қасиеттерін зерделейді, кәсіптік практика аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын білім алушыға мінездеме жасайды және оны әскери бөлім немесе мекеме (мемлекеттік орган, мемлекеттік орган құрылымдық бөлімшесінің басшысына) командиріне бекітуге ұсынады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.02.2026 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Білім алушыға мінездемеде жеке жоспарды орындау сапасы, білім алушының лауазымдық міндеттерді орындауға даярлық дәрежесі, нормативтік құқықтық құжаттарды білуі және оларды күнделікті қызметте қолдана білуі, моральдық-жігерлік қасиеттері, тәртіптілігі, жалпы мәдени даму деңгейі, білім алушыны қызметте пайдалану жөніндегі ұсынымдар көрсетіледі.
Практиканың тікелей жетекшісі мінездемеде практика үшін баға қояды.
Әскери бөлімнің немесе мекеменің командирі (мемлекеттік органның, мемлекеттік орган құрылымдық бөлімшесінің басшысы) білім алушыларға жасалған және қол қойылған құжаттардың дұрыс болуын және білім алушыға қойылған бағаның объективтілігін қамтамасыз етеді.
Кәсіптік практикадан өтуді, практика қорытындыларын шығаруды бақылауды, практика нәтижелерін қорытындылау мен талдауды, оны жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті жүзеге асырады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 12.02.2026 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Кәсіптік практиканың қорытындыларын шығару
15. Кәсіптік практикадан өтуді, практика қорытындыларын жасауды, практика нәтижелерін қорытындылауды және талдауды, оны жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуді әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15-1. Қашықтан оқыту форматында білім алумен қатар жұмыс істейтін адамдар, егер олар жүзеге асыратын кәсіби қызмет практиканың мазмұнына қойылатын талаптарға және жоспарланатын нәтижесіне сәйкес келетін болса, педагогикалық (зерттеу) практиканы және тағылымдаманы жұмыс істейтін орны бойынша өтеді. Бұл ретте практикадан өту орнын дербес таңдауға жол беріледі. Практикадан өту мерзімін Университет жұмыс оқу жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес белгілейді.
Ескерту. Қағида 15-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 26.01.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.02.2026 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15-2. Жұмыс орны бойынша өтетін практикаға жетекшілік ету үшін университеттің бітіретін кафедрасының профессор-оқытушы құрамына жататын адамдар қатарынан практика жетекшісі және практика өтетін орынның жетекшісі тағайындалады.
Ескерту. Қағида 15-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 26.01.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.02.2026 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15-3. Кәсіптік практикадан өту үшін білім алушы кафедрадан жеке тапсырма және практика күнделігін алады.
Ескерту. Қағида 15-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 26.01.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15-4. Білім алушы кәсіптік практиканы аяқтағаннан кейін жұмыс орны бойынша практика жетекшісі жасаған және университет жетекшісімен келісілген практикадан өту туралы пікір ұсынады.
Ескерту. Қағида 15-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 26.01.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.02.2026 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15-5. Практика бағдарламасын дәлелсіз себеппен орындамаған немесе оның қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар академиялық берешегі бар болып саналады.
Ескерту. Қағида 15-5-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 26.01.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Кәсіптік практика қорытындысы бойынша білім алушы тиісті кафедраға (циклге) әскери бөлім мен мекеменің практика жетекшісі берген практика бойынша есеп беруді және пікірді ұсынады.
Практика бойынша есепті ӘОО-дан практика жетекшісі тексереді және комиссияның алдында қорғалады.
Комиссия құрамына ӘОО-дан практика жетекшісі, бітіретін кафедраның (циклдің) профессор-оқытушы құрамы кіреді. Комиссия құрамына сонымен қатар әскери бөлімдердің және мекемелердің командирлері кіреді.
Комиссия төрағасы бітіретін кафедра (цикл) бастықтарының қатарынан сайланады. Комиссия құрамы 5 адамнан артық еместі құрайды.
Комиссияның шешімі қарапайым көпшілік дауыспен комиссия мүшелерінің кемінде екіден/үш бөлігі дауыс берген кезде қабылданады. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 26.01.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Практиканы қорғау қорытындылары бойынша осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіптік практиканы қорғау хаттамасы жасалады.
18. Кәсіптік практика бойынша қорытынды баға әскери бөлімнен және мекемеден кәсіптік практика жетекшісінің бағасы ескеріле отырып қойылады, оның қорытынды бағадан үлес салмағы 60 %-ды және ӘОО-дан практика жетекшісінің ұсынған есеп беруін қорғау бойынша бағаның 40%-ын құрайды.
Есеп беруді қорғау нәтижесі "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген балдық-рейтингілік әріптік бағалау жүйесі бойынша бағаланады.
Кәсіптік практика бойынша есеп беруді қорғау қорытындысы қорытынды бақылау ведомосына енгізіледі.
Кәсіптік практика қорытындысы ӘОО-ның тиісті факультеттерінде, кафедраларында (циклдерде) талқыланады. ӘОО-ның оқу-әдістемелік кеңесінде практиканың жалпы қорытындысы шығарылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 26.01.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.| Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнайы оқу орындары білім алушыларының кәсіптік практикасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларына қосымша |
Нысан
_________________________________________________
кәсіптік практикасын қорғау хаттамасы
№ | Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) | Лауазымы, кәсіптік практикадан өту орны | Практика жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), лауазымы | Практкианы қорғау нәтижелері |
Комиссия төрағасы:_________________________________________________
Практика жетекшісі:__________________________________________________
Комиссия мүшелері:__________________________________________________