"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімдік баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
М. Құсайынов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 75 бұйрығымен бекітілді |
"Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы
инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 953 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 953 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын тапсырылған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжатты қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 953 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік беру (бұдан әрі – куәлік) немесе осы стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 953 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының екінші бөлігінде көрсетілген құжаттарға жатпайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі;
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес рұқсат беру талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша түрде келісім алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық талап етілетін құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін беру тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаттың негізінде жеке басын куәландыратын құжат бойынша (не оның: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша тұлға) жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімі өтпестен бұрын бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерi осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бередi.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 953 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту үшін негіз болады.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 10-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-19-28, 74-19-45 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына шағым беріледі.
Шағым пошта бойынша жазбаша нысанда беріледі, не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетілген тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысына жолданады.
Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол, сондай-ақ пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) болып табылады.
Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы не Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 953 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 10, Министрліктер үйі, 10-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-19-28, 74-19-45.
14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Комитеттің интернет-ресурстарында: www.kds.mid.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: (1414), 8 800 080 7777.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 953 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
Нысан
АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
N 00000
Осы аккредиттеу туралы куәлік
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
____________________________________________________________________,
(мекенжайы)
жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник
жұмыскерлерді аттестаттау құқығын жүзеге асыруға берілді
АККРЕДИТТЕЛДІ
және көрсетілетін қызметті берушінің тізіліміне енгізілді.
"__"_______20__ж кешіктірмей расталуға тиіс
Көрсетілетін қызметті
берушінің басшысы _______________ ________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болған жағдайда)
М.О.
қала ___________ 20__ж. "__" ___________
ӨТІНІШ
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 953 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________________________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник
жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аттестаттау орталығы ретінде аккредиттеуді
өтінемін
Мекенжайы________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон, факс, е-mail)
Банк шоты ________________________________________________________________
(шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)
Филиалдар (өкілдік, объекті, пункті, учаске)____________________________________
________________________________________________________________________________
(орналасқан орны және деректемелері)
Қоса берілетін құжаттар _____________________________________________________
________________________________________________________________________________
___ парақ қоса беріледі
Осымен:
барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпарат жіберілетіні;
өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны;
барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;
өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергендігі расталады.
Басшы _____________ ______________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" __________
"Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша |
Нысан
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аттестаттау орталықтарын аккредиттеуге қойылатын рұқсат беру талаптары
Р/с | Рұқсат беру талаптары | Рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
біліктілікті арттыруға жауапты оқытушылық құрамның болуы | осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны, дипломдардың көшірмелері, жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері, өтініш берушімен еңбек қатынастарын растайтын құжаттардың көшірмелері | ||
аттестаттау жүргізуге жауапты техникалық құрамның болуы | осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны, өтініш берушімен еңбек қатынастарын растайтын құжаттардың көшірмелері | ||
оқыту және аттестаттау жүргізу үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде, санитариялық талаптарды қанағаттандыратын, алаңы кемінде 100 (жүз) шаршы метр әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы, бұл ретте тестілеу және оқыту өткізуге арналған үй-жайлар кемінде 45 (қырық бес) шаршы метр болуы қажет. |
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны. | ||
оқыту және аттестаттау жүргізу үшін санитариялық талаптарды қанағаттандыратын материалдық-техникалық жарақтандырудың, оның ішінде кемінде 10 (он) орынның болуы | осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны | ||
инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау үшін бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы | осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны | ||
нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттердің болуы | осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны | ||
оқыту және аттестаттау өткізу үшін бекітілген тест сұрақтарының, бекітілген ішкі қағидалар мен регламенттердің болуы | осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны |
"Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша |
Нысан
Мәліметтер нысаны
1) Тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________
2) Лауазымы ___________________________________________________
3) Осы ұйымда ___________________________________ жұмыс істейді (тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтінін көрсету)
4) Жұмыс өтілі ________________________________________________
(мамандығы бойынша және атқарып отырған
лауазымдағы өтілін көрсету)
5) Оқу орнының атауы __________________________________________
6) Бітірген жылы ______________________________________________
7) Дипломы бойынша біліктілігі ________________________________
8) Дипломы бойынша мамандануы _________________________________
Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы мәліметтер
9) Мекенжайы __________________________________________________
_____________________________________________________________________
10) Үй-жайдың сипаттамасы, алаңы ______________________________
11) Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі ________
_____________________________________________________________________
12) Жалға алу туралы шарттың нөмірі ___________________________
Материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер
13) Атауы _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
14) Өлшем бірлігі _____________________________________________
15) Саны ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
16) Пайдалану мерзімі _________________________________________
17) Сипаттамасы (маркасы, қуаты), сапалық құрамы ______________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Бағдарламалық қамтамасыз ету туралы мәліметтер
18) Атауы: ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
19) Өлшем бірлігі _____________________________________________
20) Саны_______________________________________________________
_____________________________________________________________________
21) Пайдалану мерзімі _________________________________________
_____________________________________________________________________
Нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттер туралы мәліметтер
22) Атауы: ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
23) Өлшем бірлігі _____________________________________________
24) Саны ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Оқыту және аттестаттау өткізу үшін уәкілетті орган бекіткен тест сұрақтары, бекітілген ішкі қағидалар мен регламенттер туралы мәліметтер
25) Атауы: ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
26) Өлшем бірлігі _____________________________________________
27) Саны ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
18) Ескертпе __________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
________________________________________________________________________________
немесе көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы)
________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжатты қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. Стандарт 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 953 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі Сіздің "Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1. ________________________________________;
2. ________________________________________;
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды
_______________________________________________________________
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болса) (қолы)
Телефон (бар болса) ________________
Алдым: _______________________________20__ жылғы "___" _________
Т.А.Ә. (бар болса)/ көрсетілетін қызметті алушының қолы