"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімдік баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика министрінің | |
міндетін атқарушы | М. Құсайынов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 75 бұйрығымен бекітілді |
"Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы
инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілген қызметті берушіге құжаттар пакеті тапсырылған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
Қызмет беруші қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауы тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді.
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік беру (бұдан әрі – куәлік) немесе осы стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңесі арқылы сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі, бұл "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының екінші бөлігінде көрсетілген құжаттарға жатпайды;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес рұқсат беру талаптарына сай мәліметтер мен құжаттарды жібереді.
10. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту үшін негіз болады.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін: шағым көрсетілетін қызметті берушінің атына 12-тармақта көрсетілген мекенжай бойынша немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 10, Министрліктер үйі, 10-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-19-28, 74-19-45 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетіле отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Заңды тұлғаның шығымында оның атауы, пошталық макенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының, Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы не болмаса Комитеттің және (немесе) Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 10, Министрліктер үйі, 10-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-19-28, 74-19-45.
14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті беруші Министрліктің интернет-ресурстарында: ww.economy.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414, 8 800 080 7777).
"Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
Нысан
АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
N 00000
Осы аккредиттеу туралы куәлік
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
____________________________________________________________________,
(мекенжайы)
жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник
жұмыскерлерді аттестаттау құқығын жүзеге асыруға берілді
АККРЕДИТТЕЛДІ
және көрсетілетін қызметті берушінің тізіліміне енгізілді.
"__"_______20__ж кешіктірмей расталуға тиіс
Көрсетілетін қызметті
берушінің басшысы _______________ ________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болған жағдайда)
М.О.
қала ___________ 20__ж. "__" ___________
"Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша |
Нысан
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)
ӨТІНІШ
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник
жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аттестаттау орталығы ретінде
аккредиттеуді сұраймын.
Мекенжайы____________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон, факс, е-mail)
Банк шоты ___________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Филиалдар (өкілдіктер, объектілер, пункттер, учаскелер) _____________
_____________________________________________________________________
(орналасқан жері және деректемелері)
Қоса берілетін құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қосымша: _____парақ.
Осы арқылы:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар деректері болып
табылатыны және оларға аккредиттеу туралы куәлік беру мәселелері
бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға соттың тыйым
салмағаны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сай келетіні және
жарамды болып табылатыны;
өтініш берушінің аккредиттеу туралы куәлік берген кезде
ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын
қолжетімділігі шектеулі жеке деректердің пайдаланылуына келісетіні
расталады.
Басшы _________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты-бар болған жағдайда)
МО Толтырылған күні 20__ж. "_" ___________
"Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша |
Нысан
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аттестаттау орталықтарын аккредиттеуге қойылатын рұқсат беру талаптары
Р/с № | Рұқсат беру талаптары | Рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
біліктілікті арттыруға жауапты оқытушылық құрамның болуы | осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны, дипломдардың көшірмелері, жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері, өтініш берушімен еңбек қатынастарын растайтын құжаттардың көшірмелері | ||
аттестаттау жүргізуге жауапты техникалық құрамның болуы | осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны, өтініш берушімен еңбек қатынастарын растайтын құжаттардың көшірмелері | ||
оқыту және аттестаттау жүргізу үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде, санитариялық талаптарды қанағаттандыратын, алаңы кемінде 100 (жүз) шаршы метр әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы, бұл ретте тестілеу және оқыту өткізуге арналған үй-жайлар кемінде 45 (қырық бес) шаршы метр болуы қажет. Бұл ретте тестілеу және оқыту өткізуге арналған үй-жайлар біріктірілуі мүмкін | осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны. Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар болған кезде: жылжымайтын мүлік объектісін тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, техникалық паспорттың көшірмесі. Өзге де заңды негіздер кезінде: жалдау шартының көшірмесі, жалға берушінің жылжымайтын мүлік объектісін тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, техникалық паспорттың көшірмесі | ||
оқыту және аттестаттау жүргізу үшін санитариялық талаптарды қанағаттандыратын материалдық-техникалық жарақтандырудың, оның ішінде кемінде 10 (он) орынның болуы | осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны | ||
инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау үшін бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы | осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны | ||
нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттердің болуы | осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны | ||
оқыту және аттестаттау өткізу үшін бекітілген тест сұрақтарының, бекітілген ішкі қағидалар мен регламенттердің болуы | осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны |
"Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша |
Нысан
Мәліметтер нысаны
1) Тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________
2) Лауазымы ___________________________________________________
3) Осы ұйымда ___________________________________ жұмыс істейді (тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтінін көрсету)
4) Жұмыс өтілі ________________________________________________
(мамандығы бойынша және атқарып отырған
лауазымдағы өтілін көрсету)
5) Оқу орнының атауы __________________________________________
6) Бітірген жылы ______________________________________________
7) Дипломы бойынша біліктілігі ________________________________
8) Дипломы бойынша мамандануы _________________________________
Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы мәліметтер
9) Мекенжайы __________________________________________________
_____________________________________________________________________
10) Үй-жайдың сипаттамасы, алаңы ______________________________
11) Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі ________
_____________________________________________________________________
12) Жалға алу туралы шарттың нөмірі ___________________________
Материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер
13) Атауы _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
14) Өлшем бірлігі _____________________________________________
15) Саны ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
16) Пайдалану мерзімі _________________________________________
17) Сипаттамасы (маркасы, қуаты), сапалық құрамы ______________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Бағдарламалық қамтамасыз ету туралы мәліметтер
18) Атауы: ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
19) Өлшем бірлігі _____________________________________________
20) Саны_______________________________________________________
_____________________________________________________________________
21) Пайдалану мерзімі _________________________________________
_____________________________________________________________________
Нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттер туралы мәліметтер
22) Атауы: ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
23) Өлшем бірлігі _____________________________________________
24) Саны ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Оқыту және аттестаттау өткізу үшін уәкілетті орган бекіткен тест сұрақтары, бекітілген ішкі қағидалар мен регламенттер туралы мәліметтер
25) Атауы: ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
26) Өлшем бірлігі _____________________________________________
27) Саны ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
18) Ескертпе __________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________