Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 ақпанда № 13190 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 11-бабы 9) тармақшасына, 24-бабы 1-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-тармағының 9-1)9-4)9-8)9-9)9-10) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті (А.Ә. Сарбасов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны жөнінде мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
      5) Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
      6) Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрінің
      міндетін атқарушы                                   Е. Біртанов

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      ___________________Қ. Қасымов
      2016 жылғы «____»_____________

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрі
      ___________________ Е. Ыдырысов
      2016 жылғы «____» _____________

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ___________________ А. Исекешев
      2016 жылғы «____» _____________

Қазақстан Республикасы Денсаулық  
сақтау және әлеуметтік даму   
министрінің міндетін атқарушының 
2016 жылғы 8 қаңтардағы      
№ 8 бұйрығына           
қосымша             

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін бұйрықтарының тізбесі

      1. «Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі 328-Ө-М бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8599 болып тіркелген, 2013 жылғы 24 тамыздағы № 259 «Казахстанская правда» газетінде жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидасында:
      1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Орталыққа алғашқы қоныстандыру үшін этникалық қазақ осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы органға өтініш береді.
      Халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы орган өтінішті берген күні қарайды.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. «Этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелері Орталықта оралман мәртебесін алғанға дейін, күнтізбелік 10 күннен көп емес тұрады.».
      2. «Оралмандар мәртебесін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 тамыздағы № 260 «Казахстанская правда» газетінде жарияланған):
      тақырыбына мемлекеттік тілде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралман мәртебесін беру қағидалары осы тізбеге сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      3. «Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары қызметінің қағидаларын және Уақытша орналастыру орталықтарының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 330-Ө-М бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8601 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 тамыздағы № 260 «Казахстанская правда» газетінде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары қызметінің қағидаларында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) бейімдеу және ықпалдастыру қызметтері – оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне қоғамға бейімдеу және ықпалдастыру мақсатында көрсетілетін қызметтер (ақпараттық, заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) кешені;
      2) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын және оралмандарға, олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетуге және олардың уақытша тұруына арналған заңды тұлға;
      3) оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары».»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Орталықта тегін тұратын оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне мынадай қызметтер көрсетіледі:
      1) ақпараттық және анықтамалық қызметтер ұсыну;
      2) аударма қызметі бойынша қызмет көрсету;
      3) жұмысқа орналастыруда, кәсіптік даярлауда, қайта даярлауда және біліктілікті арттыруда көмек;
      4) Қазақстан Республикасының тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрін оқыту, заңнама негіздері және шағын кәсіпкерлікті ашу бойынша курстар өткізу;
      5) әртүрлі мәдени іс-шаралар өткізу;
      6) құқықтық қызмет көрсету (кеңестер, консультациялар және тіркелуде, оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш беруде, азаматтықты, әлеуметтік жәрдемақылар алуда көмек);
      7) Қазақстан азаматтығын алу және құжаттандыру мәселелеріне жәрдемдесу;
      8) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға жәрдемдесу;
      9) мемлекеттік және орыс тілдерін оқыту;
      10) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдемдесу.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уақытша орналастыру орталықтарының қағидаларында:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Орталықта уақытша негізде тұру үшін этникалық қазақтар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері (оралман мәртебесін алғанға дейін, бірақ күнтізбелік 10 күннен аспауға тиіс) тегін орналастырылады.».
      4. «Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында тұру мерзімдері мен қағидаларын, сондай-ақ оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 331-Ө-М бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8600 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 тамыздағы № 260 «Казахстанская правда» газетінде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында тұру мерзімдері мен қағидаларында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) жолдама – оралман мен оның отбасы мүшелеріне Орталыққа орналасу үшін халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы орган беретін құжат;
      2) Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын және оралмандарға, олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетуге және олардың уақытша тұруына арналған заңды тұлға;
      3) өтініш иесі – Орталыққа орналасу мақсатында халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы органға өтініш беретін оралман және оның отбасы мүшелері.».
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Өтініш иелерінің Орталықта тұруы оралман мәртебесі аяқталғанға дейін жүзеге асырылады, бірақ орналасқан күнінен бастап алты айдан көп емес.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету қағидаларында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) бейімдеу және ықпалдастыру қызметтері – оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне қоғамға бейімдеу және ықпалдастыру мақсатында көрсетілетін қызметтер (ақпараттық, заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) кешені;
      2) оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары.».
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Орталықта тегін тұратын оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне келесі бейімдеу және ықпалдастыру қызметтері көрсетіледі:
      1) ақпараттық және анықтамалық қызметтер ұсыну;
      2) Қазақстан Республикасының тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрін оқыту, заңнама негіздері және шағын кәсіпкерлікті ашу бойынша курстар өткізу;
      3) әртүрлі мәдени іс-шаралар өткізу;
      4) құқықтық қызмет көрсету (кеңестер, консультациялар және тіркелуде, оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш беруде, азаматтықты, әлеуметтік жәрдемақылар алуда көмек);
      5) мемлекеттік және орыс тілдерін оқыту.
      5. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 67-Ө бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9293 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ауданның (қаланың), облыстың (елорданың, республикалық маңызы бар қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің үлгілік жарғысында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ауданның (қаланың), облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің үлгілік жарғысы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «________________ облысы (астана, республикалық маңызы бар қала) ____________ауданы (қаласы) әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) ___________ облысының (астананың, республикалық маңызы бар қала) __________ ауданы (қаласы) аумағында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында ұйымдық-құқықтық мекеме нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Орталық мақсатқа жету үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу үшін санаттар бойынша іріктеу және бөлу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға кәсіптік бағдарлау және психологиялық қолдау көрсету бойынша қызметтер көрсету;
      3) жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысушылар болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтары мен оралмандармен әлеуметтік келісімшарттар жасасу;
      4) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды ұйымдастыру;
      5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға басқа да мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну;
      6) адамдарды өтініш берген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеп, есепке алу;
      7) Қазақстан Республикасының азаматтары мен жұмыссыздарға жұмыспен қамту үшін жолдама беру;
      8) жұмыссыздарды олардың келісімі бойынша қоғамдық жұмыстарға жіберу;
      9) кейіннен олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесе отырып, еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес жұмыссыздарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жіберу;
      10) өтініш берген жағдайда табысы аз отбасылар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жіберу;
      11) жұмыссызға қолданылу мерзімі тіркеген күнінен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайтын оның жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беру;
      12) электрондық форматта тіркелген күнінен кейін бір жұмыс күні ішінде азаматтың тіркелген орны бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы ақпарат беру;
      13) банк қалыптастыру және деректерді еңбек нарығы бойынша өзектендіру;
      14) еңбек делдалдығы.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгілік ережеде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Комиссия қызметінің мақсаты ______________ ауданында (қаласында) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасының (бұдан әрі – Бағдарлама) тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережеде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасының (бұдан әрі – Бағдарлама) ______________ облысында (астанада, республикалық маңызы бар қалада) тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу болып табылады.».
      6. «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 221 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 мамырда № 11140 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) аудандық (қалалық) комиссия (бұдан әрi – комиссия) – ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органының жанындағы Бағдарламаны iске асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия;
      2) банк – тірек ауылдық елді мекендерде өз қызметін жүзеге асыратын Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру бойынша қызметтер ұсынатын екінші деңгейдегі банк;
      3) Бағдарламаға қатысушылар – жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлер) келген және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушылар және қатысу басымдығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;
      4) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      5) блок-модуль – бизнес-жобаларды қамтамасыз ету, оның ішінде шалғайдағы жерлерді энергиямен, сумен жабдықтаудың балама көздерін дайындау үшін арнайы жабдықтармен жарақтандырылған модульді ұтқыр кешен;
      6) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – бюджеттi атқару, бухгалтерлік есепті жүргізу, бюджеттiк есепке алуды және республикалық бюджет пен өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      7) ВАК – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
      8) инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган – аудандық/қалалық, облыстық маңызы бар жергiлiктi атқарушы органның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру мәселелерiне жауапты құрылымдық бөлiмшесi;
      9) кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесудi қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшесi;
      10) кәсіпкерлікті дамыту картасы – аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары әзірлейтін және бекітетін әрі олардың қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін, басқа мемлекеттік, салалық бағдарламалармен және аумақтарды дамыту бағдарламаларымен байланысын қоса алғанда, іске асыру жоспарланған бизнес-жоспарлардың тізбесін қамтитын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі шаралар кешені;
      11) кәсіпкерлік негіздеріне оқыту – бір айға дейін Қазақстан Республикасында бизнесті жүргізудің заңды негіздеріне, қаржы және салық салуға, бизнес құруға және дамытуға, бизнес-жоспарларды әзірлеу жөніндегі практикалық дағдыларды игеруге бағдарланған кәсіпкерлік қызметінің негізгі ұғымдары мен ережелеріне қысқа мерзімді оқыту;
      12) кредиттiк серiктестiк – жеке және (немесе) заңды тұлғалар оған қатысушылардың кредитке және басқа қаржыға, оның iшiнде банк қызметтерiне қажеттiлiктерiн олардың ақшаларын шоғырландыру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздердiң есебiнен қанағаттандыру үшiн құрған заңды тұлға;
      13) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;
      14) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылар отбасыларының шекті саны;
      15) мастер-жоспар – кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау арқылы оның экономикалық және табиғи ресурстарын тиімді пайдалану есебінен азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуды кеңейтуге бағытталған Тірек ауылдық елді мекенді дамытудың кешенді жоспарының құрама компоненті;
      16) материалдық көмек – кәсiпкерлiк негiздерiне оқудан өтiп жатқан Бағдарламаға қатысушыға жол жүруге және тұруына жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеуге төленетiн ақшалай қаражат;
      17) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласындағы, сондай-ақ өңірлік даму саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      18) микрокредиттiк ұйым – микрокредит беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
      19) микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтумен айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
      20) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандар отбасыларының шекті саны;
      21) өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      22) өңiрлiк комиссия – жергілікті өкілді органдардың, жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар өкілдерінің қатысуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының жанындағы Бағдарламаны iске асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия;
      23) өтiнiш берушi – Бағдарламаға қатысу үшiн халықты жұмыспен қамту орталығына өтiнiш берген жеке тұлға;
      24) сервистік қызмет көрсететін ұйым – кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қызметтер кешенін (консультациялық, маркетингтік, заң, бухгалтерлік, жобаны сүйемелдеу жөніндегі қызметтер және басқа да көрсетілетін қызмет түрлері) көрсететін ұйым;
      25) сервистік қызметтер – жобаны сүйемелдеу жөнінде консультациялық, маркетингілік, заң, бухгалтерлік қызметтер көрсету жөніндегі қызметтер кешені және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі басқа да көрсетілетін қызмет түрлері;
      26) субсидиялау жөніндегі қаржылық агент – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;
      27) субсидиялау шарты – субсидиялау жөніндегі қаржы агенті, Бағдарламаға қатысушы, банк арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша субсидиялау жөніндегі қаржы агенті банк берген Бағдарламаға қатысушының кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;
      28) уәкiлеттi өңiрлiк ұйым – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгiлi бiр салаларында мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлға, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйым және әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар;
      29) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларын iске асыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органы құратын мемлекеттiк мекеме.
      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру мынадай шарттарды қамтиды:
      1) микрокредит қайтарымдылық негізінде микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдар, қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым үшін кепіл немесе кредиттік серіктестіктердің барлық қатысушыларына немесе қаржылық жай-күйі уәкілетті өңірлік ұйымның талаптарын қанағаттандыратын үшінші тұлғаларға кепілдіктер берген кезде беріледі.
      Бюджеттік кредиттің қайтарылуын қамтамасыз ету құны сыйақы сомасын ескергенде бюджеттік кредиттің мөлшерінен кем болмауға тиіс;
      шағын кредит қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым үшін кепіл берген кезде қайтарымдылық негізде беріледі;
      кепілмен қамтамасыз етуге қойылатын талап қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымның ішкі саясатында айқындалады;
      2) нысаналы сипатта болады – жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту;
      3) микрокредит және шағын кредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарын өтеуге және жылжымайтын тұрғын мүлікті сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтi жүзеге асыруға берiлмейдi;
      4) микрокредит беру мерзiмi – бес жылдан аспайды;
      5) шағын кредит беру мерзiмi – үш жылдан аспайды;
      6) микрокредиттің ең жоғары сомасы құрайды:
      жеке ісін ұйымдастыруға немесе кеңейтуге (осы Қағидалардың 60-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) – 3 миллион теңгеге дейін;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушылар үшін – 5 миллион теңгеге дейін;
      7) шағын кредиттің ең жоғары сомасы – бес жүз мың теңгеден аспайды;
      8) соңғы қарыз алушыға, микроқаржы (микрокредиттік) ұйымы және/немесе микрокредит бойынша қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым негiзгi берешекті өтеу бойынша жеңiлдiктi кезең ұсынуы мүмкiн, ол микрокредит беру мерзiмi ұзақтығының үштен бiрiнен аспауға тиiс;
      9) шағын кредит бойынша қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым соңғы қарыз алушыға шағын кредит беру мерзiмiнің ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзімге негiзгi берешекті өтеу бойынша жеңiлдiктi кезең береді;
      10) бұрын берілген микрокредиттер және шағын кредиттер есебінен соңғы қарыз алушы қайтарған қаражатты шоғырландыру кезінде осы Қағидалардың шарттарына сәйкес қайтадан кредит беруді жүзеге асыруға жол беріледі.
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аудандық (қалалық) комиссия – ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
      2) Бағдарламаға қатысушылар – жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушылар және қатысу басымдығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;
      3) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      4) жұмыс беруші – осы Қағидаларға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға бағытталған шараларға қатысатын жеке немесе занды тұлға;
      5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекет жүзеге асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз халықтың қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды мемлекеттік қолдау шаралары;
      6) көшуге субсидия беру жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
      7) қызметтік тұрғын үй – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындау кезеңіне Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегі тұрғын үй;
      8) қызметтік тұрғын үйді жалдау (жалға беру) – қызметтік тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін жалдаушыға (жалға алушыға) тұрақты немесе уақытша пайдалануға және ақысын төлетіп пайдалануға беру;
      9) өңірлік комиссия – жергілікті өкілді органдар, жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар өкілдерінің қатысуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
      10) өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өңірлік даму саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      11) уәкілетті орган – өңірлік деңгейде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;
      12) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында ауданның, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын мемлекеттік мекеме;
      13) экономикалық өсу орталығы – соңғы 5-10 жыл бойы экономикалық көрсеткіштерінің тұрақты өсуімен және жоғары демографиялық әлеуетімен (көші-қон сальдосы оң) сипатталатын елді мекен;
      14) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;
      15) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылар отбасыларының шекті саны;
      16) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандар отбасыларының шекті саны.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ оралмандардың көшуі жүзеге асырылады:
      1) бір ауданның ішінде;
      2) бір облыс шегінде бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға);
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушыларды.
      Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге көшіріледі.»;
      5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      «5. Бағдарламаға қатысушылардың басқа облысқа көшуі республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда, уәкілетті органдар ұсынған жұмыс берушілер өтінімдерінің негізінде, тиісті өңірлік комиссияның ұсынымы бойынша жүзеге асырылады.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне көшуге берілетін субсидиялар олар жаңа тұрғылықты жерге келгеннен және қызметтік тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шартын жасағаннан кейін не тұрғын үй мәселесін дербес шешкен кезде келген жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі негізінде беріледі.
      Бағдарламаға қатысушының жаңа тұрғылықты жерге келмеген отбасы мүшелеріне көшуге субсидия берілмейді.
      Бағдарламаға қатысушыларға көшуге субсидия:
      1) бір ауданның ішінде қоныс аударушыларға – отағасына он еселенген айлық есептік көрсеткіш, әрбір отбасы мүшесіне бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) бір облыс шегінде бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға қоныс аударушыларға – отағасына жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіш, әрбір отбасы мүшесіне он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) бір облыстан басқа облысқа көшетіндерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушыларға отағасына елу еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, отбасының әрбір мүшесіне отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.»;
      мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:
      «35-1. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге көшуге әлеуетті қатыса алатын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ оралмандардың санын айқындайды.»;
      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «36. Уәкілетті орган ұсынылған ақпараттың негізінде:
      1) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын, облыстың (ауданның/қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендеріне және экономикалық өсу орталықтарына көшуге қатыса алатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз адамдардың жалпы санын;
      2) басқа өңірлерде орналасқан әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшуге қатыса алатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз адамдардың жалпы санын;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған өңірлерге көшуге қатыса алатын қоныс аударушылардың, сондай-ақ оралмандардың жалпы саны;
      4) көшуге қатыса алатын балалар үйінің тәрбиеленушілерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелет жасына толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалардың (осындай адамдарды әскери қызметке шақырған кезде жасы мерзімді әскери қызмет өткеру мерзіміне ұзартылады), жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастардың, оралмандардың жалпы санын;
      5) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендер мен экономикалық өсу орталықтарындағы жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына жалпы қажеттілігін, олардың жұмыс күшіне деген сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша еңбек ресурстарын тарту қажеттілігін қалыптастырады;
      6) және әлеуетті Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны, еңбек ресурстарына қажеттілік пен азаматтардың көшу мүмкіндігі туралы ақпаратты өңірлік комиссияға жібереді.»;
      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «45. Осы Қағидалардың 5, 7 және 45-тармақтарында көрсетілген критерийлер балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айрылған балалар (мұндай адамдар әскери қызметке шақырылған кезде жасы мерзімді әскери қызметті өткеру мерзіміне ұзартылады), жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген және оралмандарды және қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушылар болып табылатын Бағдарламаның осы бағытына қатысушыларға қолданылмайды.
      Бекітілген тізбеге сәйкес, осы Қағидалардың 44-тармағы 3) тармақшасында көзделген әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұрақты тұру критерийлері басқа облыстарға көшетін үміткерлерге қолданылмайды.
      Бұл ретте отбасы мүшелерінің бірінің жұмыспен нәтижелі қамтылуы, коммуналдық қызметтерді, жалдау ақысын төлеу және отбасының бөлінген тұрғын үйде тұруы міндетті шарт болып табылады.»;
      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «52. Келген жеріндегі жұмыспен қамту орталығы шыққан жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталығы берген жолдаманың негізінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік келісімшарт жасасады, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген қоныс аударушы мен оралманмен жасалған әлеуметтік келісімшартты қоспағанда, жұмыс беруші оның тарапы болады. Жұмыс беруші осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес жауапты лауазымды адамның қолымен және мөрмен (бар болса) куәландырылған әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы жазбаша өтініш (хабарлама) беру арқылы әлеуметтік келісімшарт жасасқанын растайды.»:
      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «53. Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа орналастыру бойынша міндеттемені жұмыс берушілер орындамаған жағдайда жұмыс берушілер мемлекеттің оқытуға және (немесе) көшуді субсидиялауға жұмсаған шығыстарын өтейді.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушылар өз еркімен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірдің шегінен тыс жерге өз бетінше көшкен жағдайда (немесе оралмандар Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан бас тартқанда) бес жыл ішінде Бағдарламаға қатысушылардың құрамынан шығарылады және мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге жұмсалған мемлекеттік шығыстар сомасын өз еркімен бюджетке қайтарады, ал қайтарудан бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылады.»;
      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «57. Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген қоныс аударушыларды және оралмандарды қоспағанда, қызметтік тұрғын үйлер салуға, сатып алуға және оларға қоныстандыруға қатысатын жұмыс берушілердің өтініші бойынша жүзеге асырылады.
      Жұмыс беруші тарапынан қоса қаржыландырылған жағдайда тұрғын үй салу, сатып алу және бөлу үшін тұрғын үй салу жерін, тұрғын үйдің ықтимал нұсқаларын таңдау оның қатысуымен жүзеге асырылады.»;
      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «58. Көп пәтерлі тұрғын үйді, сондай-ақ жеке, екі (үш) пәтерлі тұрғын үйлерді салған, сатып алған және салып бітірген кезде тұрғын үйдің жалпы сметалық құнынан кемінде 10 % қоса қаржыландыруды:
      Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізілген Бағдарламаға қатысушылар үшін жұмыс берушілердің өтініші бойынша жұмыс беруші;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келетін қоныс аударушылар мен оралмандар үшін жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.».

Қазақстан Республикасы      
Еңбек және халықты әлеуметтік   
қорғау министрінің және Қазақстан  
Республикасы Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін   
бұйрықтарының тізбесіне     
қосымша             

Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау   
министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі
№ 329-Ө-М бұйрығымен бекітілген

Оралман мәртебесін беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Оралман мәртебесін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және оралман мәртебесін беру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидалар тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақтарға, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балаларына қолданылады.

2. Қазақстан Республикасының
аумағына өз бетінше келген оралман мәртебесін алуға үміткер
этникалық қазаққа және оның отбасы мүшелеріне оралман
мәртебесін беру

      3. Оралман мәртебесін беруге өтінішті (бұдан әрі – өтініш) оралман мәртебесін алуға үміткер этникалық қазақ (бұдан әрі – өтініш беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған Мемлекеттік корпорация (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы береді.
      4. Өтінішке мынадай құжаттар:
      1) өмірбаян (еркін нысанда);
      2) отбасы отағасының, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесінің мөлшері 3х4 сантиметр 2 фотосуреті;
      3) нотариат куәландырған аудармасымен өтініш білдіруші үміткердің және онымен бірге қоныс аударған оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адам куәлігінің, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің) көшірмелері;
      4) үміткердің осы Қағидалардың 2-тармағының талаптарына сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері;
      5) отбасы отағасына, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне (бар болса) жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі-ЖСН) берілгені туралы анықтаманың көшірмелері не ЖСН бар екендігін растайтын өзге де құжаттар қоса беріледі.
      5. Өтінішті тіркеу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралман мәртебесін алуға үміткер адамдарды тіркеу журналында жүзеге асырылады және үміткерге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның тіркелгені туралы жазбаша хабарлама беріледі. Өтінішті тіркеу үміткер адам мен оның отбасы мүшелері туралы деректер «Оралман» дерекқоры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Оралман» ДҚ ААЖ) енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
      6. Үміткердің және оның отбасы мүшелерінің басқа өңірдің жергілікті атқарушы органында тіркелгені анықталған жағдайда, аталған жергілікті атқарушы орган жергілікті атқарушы органның сұрау салуы бойынша үміткердің және оның отбасы мүшелерінің қолда бар құжаттарын тапсырады және «Оралман» ДҚ ААЖ жазбасына тиісті түзетулер енгізеді.
      Өтініш тіркелгенге дейін жергілікті атқарушы орган не Мемлекеттік корпорация «Оралман» ДҚ ААЖ арқылы өтініш білдіруші адамның және оның отбасы мүшелерінің деректерін оның (олардың) басқа өңірдің жергілікті атқарушы органында тіркелу мәніне тексереді.
      7. Өтінішті «Оралман» ДҚ ААЖ-ға тіркеген сәтте жергілікті атқарушы орган өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің деректерін «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – «Жеке тұлғалар» МДҚ) арқылы онда (оларда) жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) болу мәніне тексереді.
      ЖСН болған жағдайда жаңа ЖСН генерациялау жүзеге асырылмайды, жергілікті атқарушы орган тіркеген кезде қолда бар ЖСН пайдаланады.
      «Жеке тұлғалар» МДҚ-да ЖСН болмаған кезде, жергілікті атқарушы орган үміткер берген құжаттардың негізінде қолмен енгізу жолымен үміткердің деректерін «Оралман»ДҚ енгізеді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің халықты құжаттау жүйесіне (бұдан әрі – ІІМ ХҚЖ) ЖСН генерациялау үшін электрондық сұрау салу жібереді.
      8. Өтінішті тіркеу үміткер мен оның отбасы мүшелері 2-тармақтың талаптарына сай болған жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 4 және 7-тармақтарында көрсетілген талаптар сақталғанда ғана жүзеге асырылады.
      Өзгеше жағдайларда өтінішті тіркеуден бас тартылады және үміткерге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті хабарлама беріледі.
      9. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды және ресімдейді.
      Жергілікті атқарушы орган мынадай шешімдер қабылдай алады:
      1) үміткер мен оның отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген және жергілікті атқарушы органға жеке немесе Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде оған (оларға) оралман мәртебесін беру;
      2) үміткер мен оның отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне жүгінген кезде – Қазақстан Республикасының аумағына келген жағдайда оған (оларға) оралман мәртебесін беру туралы оң шешім шығару (бұл ретте қорытындыда оралман куәлігін алу үшін қайтадан өтініш беру шарттары түсіндіріледі) немесе дәлелді бас тарту.
      10. «Оралман» ДҚ ААЖ-дан алынған жеке деректердің негізінде ІІМ ХҚЖ ЖСН шынайы уақыт жағдайында генерациялау рәсімін жүзеге асырып, оны «Оралман» ДҚ ААЖ-ға жібереді.
      ІІМ ХҚЖ-дан ЖСН алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдар ЖСН оралман куәлігіне қалыптастыруды жүзеге асырады.
      Деректер өзгерген жағдайда («Оралман» ДҚ қате деректер енгізген кезде немесе мәліметтер жойылған кезде) жергілікті атқарушы орган ІІМ ХҚЖ жүргізілген жеке деректерді өзгерту туралы хабарлама жібереді.

3. Қазақстан Республикасының шетелдегі
мекемелері арқылы оралман мәртебесін беру

      11. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын этникалық қазақ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне оралман мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімін алу туралы өтініш береді.
      12. Өтінішке мынадай құжаттар:
      1) өмірбаян (еркін нысанда);
      2) отбасы отағасының, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесінің мөлшері 3х4 сантиметр 2 фотосурет;
      3) нотариат куәландырған аудармасымен үміткердің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адам куәлігінің, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің) көшірмелері;
      4) үміткердің осы Қағидалардың 2-тармағының талаптарына сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмесі қоса беріледі.
      13. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері өтініш берушіге осы Қағидаларға 6 қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның оралман мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімін алу туралы өтінішінің кіріс хат-хабары ретінде тіркелгендігі туралы жазбаша хабарлама береді және өтініш пен құжаттарды Заңның 20-бабына сәйкес шешім қабылдау үшін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
      14. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне өтініш берушіге жеткізу үшін жергілікті атқарушы органның оралман мәртебесін беруге келісетіні не бас тарту себептерін уәжді түрде негіздей отырып, одан бас тартуы туралы шешімін жібереді.
      15. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жергілікті атқарушы органның этникалық қазаққа мәртебе беру келісімін алғаннан кейін бір ай ішінде оны өтініш берушіге жібереді немесе бас тартылғаны жөнінде хабарлайды.
      16. Этникалық қазақ және оның отбасы мүшелері тұрғылықты жеріне келгеннен кейін оралман мәртебесін алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органға немесе Мемлекеттік корпорацияға өтінішпен жүгінеді.
      17. Өтінішке:
      1) оралман мәртебесін беруге келісім берілгені туралы бұрын шығарылған шешімнің көшірмесі;
      2) ішкі істер органдарының уақытша тіркелгені туралы белгісі бар көші-қон карточкаларының көшірмелері қоса беріледі.
      18. Өтінішті тіркеген кезде жергілікті атқарушы орган өтініш беруші тапсырған құжаттардың негізінде қолмен енгізу арқылы кеңейтілген жеке деректерді қоса отырып, ІІМ ҚХЖ арқылы өтініш берушінің бастапқы мәліметтерін (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) тексереді.
      19. Өтінішті «Оралман» ДҚ ААЖ-ға тіркеген кезде жергілікті атқарушы орган өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің деректерін «Жеке тұлғалар» МДҚ арқылы онда (оларда) ЖСН болу мәніне тексереді.
      ЖСН болған жағдайда жаңа ЖСН генерациялау жүзеге асырылмайды, жергілікті атқарушы орган тіркеген кезде қолда бар ЖСН пайдаланады.
      «Жеке тұлғалар» МДҚ-да ЖСН болмаған кезде жергілікті атқарушы орган үміткер ұсынған құжаттардың негізінде қолмен енгізу арқылы үміткердің деректерін «Оралман» ДҚ енгізеді және ЖСН генерациялау үшін ІІМ ҚХЖға өтінім жібереді.
      20. Өтінішті тіркеу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралман мәртебесін алуға үміткерлерді тіркеу журналында жүзеге асырылады және үміткерге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның тіркелгені туралы жазбаша хабарлама беріледі.
      21. Жергілікті атқарушы орган бұрын қабылданған шешімді ескере отырып, оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды және ол жергілікті атқарушы орган өтінішті тіркеген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
      22. «Оралман» ДҚ ААЖ-дан алынған жеке мәліметтердің негізінде ІІМ ХҚЖ ЖСН шынайы уақыт жағдайында генерациялау рәсімін жүзеге асырып, оны «Оралман» ДҚ ААЖ-ға жібереді.
      ІІМ ХҚЖ-дан ЖСН алғаннан кейін жергілікті атқарушы орган ЖСН оралман куәлігіне қалыптастырады.
      Деректер өзгерген жағдайда («Оралман» ДҚ қате деректер енгізген кезде немесе мәліметтер жойылған кезде) жергілікті атқарушы орган ІІМ ХҚЖ жүргізілген жеке деректерді өзгерту туралы хабарлама жібереді. Аталған рәсім тек оралман куәлігін бергенге дейін орындалуы мүмкін.
      23. Оралман болып танылған өтініш берушіге және оның кәмелетке толған отбасы мүшелеріне осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Оралман куәлігінің берілуін есепке алу журналында тіркелген осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралман куәлігі беріледі.
      Оралманның кәмелет жасына толмаған отбасы мүшелері өтініш берушінің немесе оның жұбайының (зайыбының) куәлігіне осы Қағидалардың 2-тармағының талаптарына сәйкес жазылады.
      24. Оралман куәлігі қатаң есептегі құжат болып табылады және оның мәртебесін растау үшін негіз болады.
      25. Куәлікті жоғалтқан жағдайда, оралман жоғалтқаны және оның телнұсқасын беру жөнінде еркін нысандағы өтінішпен жергілікті атқарушы органға жүгінеді. Жергілікті атқарушы орган өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұдан бұрын берілген нөмірімен куәліктің телнұсқасын береді, оған «телнұсқа» деген мөртаңба қойылады.

Оралман мәртебесін беру
қағидаларына      
1-қосымша       

Нысан 1

_________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
кімнен
_________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________________________________________
(мекенжайында тұратын)

Оралман мәртебесін беру туралы
ӨТІНІШ

_________________________________ облысында (республикалық маңызы бар
қалада, астанада) тарихи отанымда тұрақты тұру мақсатында Қазақстан
Республикасына келуіме/келуді жоспарлауыма байланысты маған және
менің отбасы мүшелеріме оралман мәртебесін беруіңізді сұраймын.
      Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын отбасы
мүшелері:
      1) жұбайы (зайыбы)____________________________________________;
      2) өтініш берушінің және жұбайының (зайыбының)
ата-аналары___________________;
      3) балалары (оның ішінде асырап алған балалары) және олардың
отбасы мүшелері ____________________________________________________;
      4) некеде тұрмайтын, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек
аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) __________ көрсетіледі;
      Өтінішке мынадай құжаттарды:
      _______________________________________________________________
      _______________________________________________________________
      _________________________________________________ қоса беремін.
      Жергілікті атқарушы орган менің және/немесе менің отбасым
мүшелерінің «Оралман» дерекқоры» автоматтандырылған ақпараттық
жүйесіне басқа облыс, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы
органдарында тіркелуі байқалған жағдайда, менің қолда бар
құжаттарымды ________________________(аталған өтініш енгізілетін
жергілікті атқарушы органның атауы) жіберуді, сондай-ақ, «Оралман» ДҚ
ААЖ тиісті жазбаны осы өтінішті беретін орын бойынша жаңартуды
қамтамасыз етуді сұраймын.
      Осы арқылы оралман мәртебесін беру бойынша қызмет көрсетуге
қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім
беремін.
      2016 жылғы «__» ______________
      ________________________
      (өтініш берушінің қолы)
      Құжаттарды қабылдаған
_____________________________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
лауазымы)
      2016 жылғы «__» _________ _____________________________________
                                 (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)

Оралман мәртебесін 
беру қағидаларына 
2-қосымша     

Нысан 2

Оралман мәртебесін беруге үміткер адамдарды
тіркеу журналы
_____________________________
(жергілікті атқарушы орган)

Р/с №

Өтінішті тіркеген күн

Үміткердің Т.А.Ә (бар болса)

Үміткер отбасының мүшелері

Туылған күні

Үміткердің тіркелген мекенжайы

Тіркеу туралы хабарлама берілген күн

Оралман мәртебесін
беру қағидаларына
3-қосымша    

Нысан 3

Оралман мәртебесін беруге өтінішті тіркеу туралы
ХАБАРЛАМА

      Осы арқылы этникалық қазақтың __________________________ (тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса) оған және оның отбасы мүшелеріне
оралман мәртебесін беру туралы өтініші ______________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы) Оралман мәртебесін беруге
үміткер адамдарды тіркеу журналында _________________ (тіркеген күні)
№_____________ тіркелгенін және заңмен белгіленген тәртіппен және
мерзімде қаралатынын хабарлаймыз.
      Құжаттарды қабылдаған: ________________________________________
(жергілікті атқарушы органның құжаттарды қабылдаған жауапты
қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы).
_________ (қолы) / _________ (күні)

Оралман мәртебесін
беру қағидаларына
4-қосымша    

Нысан 4

Оралман мәртебесін беруге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы
хабарлама
________________________________________________

20 ___жылғы «___»_______

      Үміткерге_____________________________________________ (тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________(себебін көрсету)
себебі бойынша оралман мәртебесін беруге өтінішін қабылдаудан бас
тартылды.
________________________________________________ (жергілікті атқарушы
органның жауапты қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
және лауазымы).

_________ (қолы) / _________ (күні)

Оралман мәртебесін
беру қағидаларына
5-қосымша    

Нысан 5

Жергілікті атқарушы органның оралман мәртебесін беру туралы
20 __ жылғы «__» ________№_____
ШЕШІМІ

      _________________________________ (жергілікті атқарушы органның
атауы) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес оралман мәртебесін беру туралы
_____________________________________________________________________
      (өтініш берушілердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________ өтінішін қарап,
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________ туралы шешім қабылдады.
Басшысы __________________________ __________________________________
               (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_______________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)

Оралман мәртебесін
беру қағидаларына
6-қосымша    

Нысан 6

Оралман мәртебесін беруге өтінішті кіріс хат-хабары
ретінде тіркеу туралы
ХАБАРЛАМА

      Осы арқылы этникалық қазақтың _________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) тұрақты тұру үшін Қазақстан
Республикасының аумағына _________________________________ (облысына,
республикалық маңызы бар қалаға және астанаға) келуді жоспарлаған
оған және оның отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін беру туралы
өтініші _______ (тіркеген күні) № ______________ кіріс хат-хабары ретінде_____________________ (Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы) тіркелгенін және заңмен белгіленген тәртіппен және мерзімде қаралатынын хабарлаймыз.

Құжаттарды қабылдаған:_________________________________________ (Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің құжаттарды қабылдаған жауапты қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы).

Оралман мәртебесін
беру қағидаларына
7-қосымша    

Нысан 7

1-бет

Халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы
органның атауы ОРАЛМАН КУӘЛІГІ КУӘЛІК № _________
УДОСТОВЕРЕНИЕ

ФОТО

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________________________
(Фамилия, имя, отчество при его наличии)
__________________________________________
__________________________________________
__________________________________________
Туған күні___айы____жылы__ Жынысы ___
(Дата рождения месяц год) (Пол)
Туған жері (елі) ________________________
(Место рождения)
Азаматтығы ______________________________
(Гражданство)

Оралман мәртебесі берілген күні 20____ жылғы «__» ________
Дата присвоения статуса оралмана

Жергілікті атқарушы орган басшысының (міндетін атқарушы адамның) қолы
_____________________________________________________________________
Подпись руководителя местного исполнительного органа (лица
исполняющего обязанность)

ИИН


2-бет

Оралманның кәмелет жасқа толмаған отбасы мүшелері
Несовершеннолетние члены семьи оралмана

____________________________________________________________________
      Т.А.Ә (бар болса) Туған жылы, айы, күні Туыстық қатынасы
      Ф.И.О (при его наличии) Дата рождения Родственное отношение
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жергілікті атқарушы орган басшысының (міндетін атқарушы адамның) қолы
_____________________________________________________________________
Подпись руководителя местного исполнительного органа (лица
исполняющего обязанность)

3-бет

Оралманның кәмелет жасқа толмаған отбасы мүшелерінің ЖСН
ИИН несовершеннолетних членов семьи оралмана

ФОТО

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________________________
Фамилия, имя, отчество (при его наличии)
Туған жылы, айы,
күні ______________________________________________
Дата рождения
Туыстық қатынасы __________________________________
Родственное отношение

ИИН

Жергілікті атқарушы орган басшысының (міндетін атқарушы адамның) қолы
_____________________________________________________________________
Подпись руководителя местного исполнительного органа (лица
исполняющего обязанность)

4-бет

Оралман куәлігінің қолданылу мерзімі 20__ жылдың «__» ______ дейін
Срок действия удостоверения оралмана до «__» ______ 20__ года

Куәлік Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдағанға немесе
қабылдамаса бір жылға дейін жарамды.
Удостоверение имеет силу до даты принятия, или в течение одного года
при непринятия гражданства Республики Казахстан.
_______________________________________________ облысының (қаласының)
Жергілікті атқарушы органның басшысы (міндетін атқарушы адам) __ М.О.
Руководитель местного исполнительного органа (лицо исполняющий
обязанность) ______________________________ области (города) ___ М.П.

бланк нөмірі ___________
номер бланка

Жергілікті атқарушы орган басшысының (міндетін атқарушы адамның) қолы
_____________________________________________________________________
Подпись руководителя местного исполнительного органа (лица
исполняющего обязанность)

Оралман мәртебесін
беру қағидаларына
8-қосымша    

Нысан 8

Оралман куәлігінің берілуін есепке алу журналы
_______________________________________________
(жергілікті атқарушы орган)

Р/с №

Оралман куәлігінің нөмірі

Оралман куәлігі телнұсқасының нөмірі

Берілген күні

Беруге негіздеме

Оралман куәлігі иесінің Т.А.Ә. (бар болса)

Оралман куәлігіне жазылған отбасы мүшелері

Туылған күні

Өтініш берушінің мекенжайы