"Тексерудi тағайындау туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 23 ақпанда № 13171 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексіның 146-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 26.09.2017 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      1. Қоса беріліп отырған Тексерудi тағайындау туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы хабарламаларды тіркеу қағидалары бекітілсін.

      2. "Тексерудiң тағайындалғаны туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк құжаттарды ұсыну туралы хабарлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 67 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11564 санымен тіркеліп, "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықтың мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, сонымен қатар Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Бас Прокуроры

А. Дауылбаев


  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы 23 ақпандағы
№ 13 бұйрығымен
бекітілген

Тексерудi тағайындау туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру,
қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар
құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы
ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы хабарламаларды
тіркеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тексерудiң тағайындалғаны туралы актiлердi тіркеу, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк құжаттарды ұсыну қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексіның 146-бабы 2-тармағына сәйкес (бұдан әрі - Кәсіпкерлік Кодексі), "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы, "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерін орындау мақсатында әзірленген.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 26.09.2017 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2. Қағидалар тексерудi тағайындау туралы актiлердi (бұдан әрі – тексеруді тағайындау туралы акті) (бұйрық, қаулы, нұсқама және т.б.), тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамының өзгеруі туралы хабарларды тіркеу және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк құжаттарды ұсыну тәртібін айқындайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) тексерулерді тіркеу және есепке алу – тексерудi тағайындау туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамының өзгеруі туралы хабарларды тіркеу және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк құжаттарды ұсыну бойынша іс-шаралар кешені;

      2) электрондық ақпараттық есепке алу құжаты (бұдан әрі – ЭАЕҚ) – электронды түрде белгіленген нысандағы құқықтық статистикалық ақпаратты тасымалдаушы, оның негізінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректері қалыптастырылады;

      3) тәуекелдерді бағалау жүйесі – тексерулерді тағайындау мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;

      4) тексерілетін субъектілер – қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жататын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, соның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      5) тексерілетін объектілер – бақылау мен қадағалауға жататын тексерілетін субъектінің меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізіндегі мүлкі;

      6) тіркеу және есепке алу субъектілері – қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жататын жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметіне тексеру жүргізуге Қазақстан Республикасының заңдарымен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар;

      7) уәкілетті орган – өз құзыретi шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi жүзеге асыратын, тіркеу мен есепке алуды жүргізуге уәкілеттілігі бар мемлекеттiк орган.

      4. Тексерулерді тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүргізетін тексерулердің нәтижелері бойынша қалыптастырылатын нақты және жеткілікті құқықтық статистикалық ақпаратты жинақтау, есепке алу, талдау және мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға ұсыну мақсатында жүзеге асырылады.

      5. Тексерулерді тіркеу және есепке алу рәсіміне:

      1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тексеру тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімін ұзарту туралы актіні (бұйрық, қаулы, нұсқама және т.б.) және Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тексеру нәтижелері туралы талонның негізінде тексеру нәтижелерін уәкілетті органда тіркеу;

      2) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, қатысушылар құрамының өзгеруі туралы хабарларды уәкілетті органда есепке алу;

      3) электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну;

      4) уәкілетті органның тексеру тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеуден бас тарту туралы шешім шығаруы кіреді.

2. Тексерудi тағайындау туралы актiлердi, тексеруді тоқтата
тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар
құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы
ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы хабарламаларды
тіркеу тәртібі

      6. Тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеуді Кәсіпкерлік кодексте және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексерілетін тексеру субъектісінің (объектісінің) орналасқан жері бойынша тексеру басталғанға дейін уәкілетті орган іске асырады.

      7. Тексеру тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімін ұзарту туралы актіні уәкілетті органда тіркеу үшін уәкілетті органға тексеру тағайындау туралы актінің немесе тексеру мерзімін ұзарту туралы актінің екі данада түпнұсқасы және көшірмесі, Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру тағайындауға негіз болған құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі ұсынылады.

      Уәкілетті органға бір мезгілде мемлекеттік орган жүзеге асыратын тексеру тағайындау туралы актіні немесе тексеру мерзімін ұзарту туралы актіні тіркеу кезінде Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған тексеру туралы мәліметтердің № 1-П есепке алу карточкасы (бұдан әрі – № 1-П карточкасы) – ЭАЕҚ ұсынылады.

      Кәсіпкерлік кодекстің 147-бабы 1-тармағымен тексерілетін субъектіге алдағы болатын тексеру туралы хабар беру көзделген жағдайда, уәкілетті органда тіркелген кезде хабарлау дерегін растайтын құжат көшірмесі ұсынылады.

      Жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексеру тағайындалған жағдайда, тіркеу субъектісі Кәсіпкерлік кодекстің 24-бабының талаптарына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектісінің санатын растайтын құжаттарды ұсынады.

      Құжаттардың тұпнұсқалары тіркеу субъектісіне қайтарылады, ал көшірмелері уәкілетті органда қалады.

      8. Осы Қағидалардың 7, 10 және 18-тармақтарында көрсетілген тексерулердің ведомстволық автоматтандырылған есебін жүргізгенде, электрондық цифрлық қолтаңба қойылған құжаттар графикалық көшірмені тіркей отырып, осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес электронды нысанда жолданады.

      Осы Қағидалардың 7, 10 және 18-тармақтарында көрсетілген тексерулердің ведомстволық автоматтандырылған есебі болмаған жағдайда, құжаттар электронды нысанда рәсімделеді және электрондық цифрлық қолтаңба қойылғаннан кейін, осы Қағидалардың 3-тарауымен белгіленген тәртіпте графикалық көшірмені тіркей отырып, уәкілетті органның веб-ресурсының көмегімен тіркеуге ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас прокурорының 22.05.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      9. Бақылау және қадағалау органдарының, сондай-ақ құқықтық статистика және арнайы есепке алу бойынша уәкілетті органның тұрған жерінен елеулі қашықтықта орналасқан тексерілетін субъектілерге немесе объектілерге жоспардан тыс тексеру жүргізу негіздері анықталған жағдайда, жоспардан тыс тексеру тексерілетін субъектіні алдын ала хабарлаусыз және кейіннен бес жұмыс күнінің ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу бойынша уәкілетті органға бере отырып, тексеру тағайындау туралы актіні тіркеусіз іске асырылады.

      Тексеру жүргізу қажеттілігі қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығына және Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесіне төндіретін қауіп-қатерді дереу жоюды талап ететін орын алған әлеуметтік-экономикалық жағдайдан туындаған болса, сондай-ақ бұзушылықтарды тікелей жасау сәтінде олардың жолын кесу және дәлелдемелерді бекіту үшін шұғыл әрекеттерді жүргізу қажеттілігіне байланысты қызметтен тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс және мерекелік күндері) тексеріс жүргізген кезде тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу тексеріс басталғаннан кейінгі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу бойынша уәкілетті органда іске асырылады.

      10. Кәсіпкерлік кодекстің 144-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша жоспардан тыс тексеруді тағайындаған кезде, тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган тіркеу кезінде уәкілетті органға алдыңғы тексерудің нәтижесінде немесе бақылау мен қадағалаудың басқа нысанында анықталған бұзылушылық деректерін растайтын материалдарды ұсынады.

      Кәсіпкерлік кодекстің 144-бабы 3-тармағымен 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жоспардан тыс тексеруді тағайындаған кезде, тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган тіркеу кезінде уәкілетті органға нақты залал келтіру қауіпін туғызатын деректерді болмаса залал келтіру немесе құқықты бұзу деректерін растайтын материалдарды ұсынады.

      Кәсіпкерлік кодекстің 144-бабы 3-тармағымен 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жоспардан тыс тексеруді тағайындаған кезде, мемлекеттік орган "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 1 және 5-баптары талаптарының бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды.

      Кәсіпкерлік кодекстің 144-бабы 3-тармағының 7) тармақшасында көзделген негіз бойынша жоспардан тыс тексеруді тағайындаған кезде, тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган тіркеу кезінде уәкілетті органға тексерілетін мәселе аясында тексерілетін субъектінің негізгі тексерілетін субъектімен қарым-қатынасын растайтын материалдарды ұсынады.

      11. Уәкілетті органның қызметкері ЭАЕҚ-ты алған және тексеру тағайындау актісін, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы актіні тіркеу рәсіміне ұсынған сәттен бастап жұмыс уақытын есепке ала отырып, үш сағаттан кешіктірмей:

      тексеру тағайындау туралы актінің, тексеру мерзімін ұзарту туралы актінің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін және № 1-П карточкасын толтырудың толықтығын тексереді;

      сонымен қатар құжаттардың уақтылы тіркеуге ұсынылуын, тексеру жүргізуге құқықтық негіздердің бар болуын, тексеру мерзімі мен кезеңділігін, тексеруді тағайындау кезінде мемлекеттік органның аумақтылық принципін сақтауын тексереді;

      тексеру тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімін ұзарту туралы актіні тіркеуден бас тартуға негіздер болмаған жағдайда, Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысанда тексеру тағайындау туралы актіге, тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіге тіркеу туралы мөр басады;

      тіркеу туралы шешімді қабылдау үшін белгіленген мерзімнің аясында электрондық тіркеу аяқталғаннан кейін тіркеу субъектісіне электрондық цифрлық қолтаңба қойылған тексеру тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеу туралы тіркеу нөмірі көрсетілген хабарламаны жолдайды.

      Тіркеу жүргізілгеннен кейін тексеру тағайындау туралы актінің, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы актінінің түпнұсқасы тіркеу туралы мөр басылып мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына қайтарылады, ал көшірмесі уәкілетті органда тиісті номенклатуралық істе сақталу үшін қалады.

      12. Кәсіпкерлік кодекстің 141-бабына сәйкес бекітілетін ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу графигі (бұдан әрі – график) Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рәсімделеді (Excel электронды кестесі нысанында), сонымен қатар қағаз жүзінде және электрондық нысанда ұсынылады.

      Егер бекітілген және уәкілетті органға жіберілген график нысанға сәйкес келмесе, график уәкілетті органның бұзылушылықтарды жоюы үшін тіркеу субъектісіне алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарылады.

      Тіркеу субъектісі бұзушылықтарды жойғаннан кейін бекітілген графикті ол қайтарылғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінің ішінде уәкілетті органға қайта жолдайды.

      13. Тіркеу субъектісінің тексеру тағайындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны анықталған жағдайда, уәкілетті органның басшысы немесе оның міндеттерін атқарушы адам тексеру тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімін ұзарту туралы актіні тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Тексеру тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімін ұзарту туралы актіні тіркеуден бас тарту туралы тұжырымдама Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысанда, ЭАЕҚ уәкілетті органға келіп түскен сәттен бастап 24 сағаттан аспайтын мерзімде екі данада құрылады.

      Тексеру тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімін ұзарту туралы актіні тіркеуден бас тарту туралы тұжырымдамада Қазақстан Республикасы заңнамалары және осы Қағидалар талаптарының нақты бұзушылықтары көрсетіледі.

      Электрондық тіркеу кезінде бас тартылған жағдайда уәкілетті органның қызметкері тіркеу туралы шешім қабылдауға белгіленген мерзімде тіркеу субъектісіне электрондық цифрлық қолтаңба қойылған тексеру тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімін ұзарту туралы актіні тіркеуден бас тарту туралы хабарламаны жібереді.

      Сонымен бір мезгілде тіркеусіз қайтарылған тексеру тағайындау туралы актіге, тексеру мерзімін ұзарту туралы актіге Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бас тарту туралы мөртаңба қойылады және ЭАЕҚ-тың тиісті тармақтары толтырылады.

      14. Тіркеу субъектісіне тексеру тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімін ұзарту туралы актіні тіркеуден бас тарту үшін келесі негіздердің біреуінің болуы жеткілікті:

      1) тәуекелдерді бағалау жүйесін қолданбай немесе оны бұзып қолдану арқылы тексеру графигінде көрсетілмеген тексеру жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру тағайындау;

      2) тексеру жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру тағайындау барысында тексеру жүргізудің кезеңділігін бұзу;

      3) бақылау және қадағалау органдарының құзыретіне енбейтін мәселелер бойынша тексеру тағайындау, яғни тиісті өкілеттігі жоқ адамдарға тексеру жүргізуді тапсыру;

      4) тексеруді Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген шектеулі мерзімдерден асырып тағайындау немесе оны ұзарту;

      5) иесi бүркемеленген өтiнiш бойынша тексеру тағайындау;

      6) Кәсіпкерлік кодекстің 151-бабы 6) тармақшасының талаптарын сақтамай тексеру тағайындау;

      7) егер тексерулердің нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталмаған болса, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымның (қаулының, ұсыныстардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау мәселесі бойынша тексеру тағайындау;

      8) ішінара тексерулер жүргізудің кезеңділігін, еселілігін бұза отырып, тәуекелдерді бағалау жүйесін есепке алмастан, ішінара тексеруді тағайындау;

      9) "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының талаптарын ескере отырып, жоспардан тыс тексеру тағайындауға негіз болатын жазбаша растаудың болмауы (сұрау салу, тапсырма, өтініш, шағым, жүгіну, прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру кезінде жүгінулерді сенім телефондары бойынша есепке алу кітабында тіркеу туралы белгі, қарсы тексеру тағайындау кезіндегі актінің көшірмесі және заңнамада көзделген басқа да негіздер);

      10) белгілі бір кезеңге не белгілі уақыт аралығы шеңберінен тыс шығатын мәселелер бойынша немесе жоспардан тыс тексеру тағайындауға негіз болған құжатта көрсетілген мәселелерге тексеру тағайындау;

      11) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру тағайындау туралы бір актіде бірнеше тексерілетін тексеру субъектілерін (объектілерін) көрсету;

      12) тексеруі тоқтатылған және заңмен белгіленген мерзімдерде қайта жаңғыртылмаған тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеруді қайта тағайындау;

      13) міндетті түрде хабарлау туралы талап Кәсіпкерлік кодекспен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген кезде, тексеру субъектісіне алдағы тексеру туралы хабарлау жөніндегі деректердің болмауы немесе Кәсіпкерлік кодекстің 147-бабы 1-тармағымен көзделген хабарлау тәртібін бұзу;

      14) тексеруді ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібі мен шарттарын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзу.

      15. Тіркеу субъектісі тексеру тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы актіні тіркеуден бас тартылғанда, уәкілетті органның жоғары тұрған лауазымды тұлғасына немесе сотқа шағымдануға құқылы.

      16. Тексеру тағайындау немесе тексеру мерзімін ұзарту кезінде тіркеу субъектісінің Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауы туралы мәселелерді шешу үшін ұсынылған құжаттарды қосымша қарау қажет болған жағдайда, актіні тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім ЭАЕҚ уәкілетті органға келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.

      Кәсіпкерлік кодекстің 146-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларда, тексеру тағайындау туралы актіні тіркеу уәкілетті органда тексеру басталғаннан кейін келесі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      17. Тексеруді тоқтатқан, қайта бастаған, тексеруге қатысушылар құрамы өзгерген жағдайда, тіркеу субъектісі Кәсіпкерлік кодекстің 147-бабының 5-тармағында және 148-бабында көзделген тәртіпте уәкілетті органға талон-хабарлама жібереді.

      18. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тексеріс нәтижелері туралы актінің көшірмелерін қоспағанда, тіркеу субъектісі тексерудің аяқталуы бойынша үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тексерудің нәтижесі туралы актінің көшірмесін тіркей отырып, ЭАЕҚ -талон-хабарлама ұсынады.

      Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес құжат қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қабылданған құжаттардың көшірмелерін тіркей отырып, ЭАЕҚ - талон-хабарлама ұсынады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас прокурорының 22.05.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      19. Бақылау және қадағалау органының тіркеу субъектісінің бастамасы бойынша тағайындалған тексеруді жүргізуден бас тартқан немесе тексеруді аяқталғанға дейін тоқтатқан жағдайда болмаса тексеруді жарамсыз (заңсыз) деп таныған жағдайда, тексеруді жүргізбеуге немесе оны жарамсыз (заңсыз) деп тануға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган тиісті ақпаратты жолдайды, ал тіркеу субъектісі уәкілетті органға шешім қабылданғаннан кейінгі тәулік ішінде 1-П карточкасын және тексеру нәтижелері туралы талонды жібереді.

      20. Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулер тәртібінің, оларды жүргізу, ұзарту, тоқтату мерзімдерінің, тексерулерді тағайындау, олардың нәтижелері мен аяқталуы туралы актіні ресімдеудің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексімен, ал мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен жүзеге асырылатын тексерулер Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексімен, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 17-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12557 санымен тіркелген) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 235 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесімен айқындалады, прокуратура органдарымен жүзеге асырылатын тексерістер Қазақстан Республикасы "Прокуратура туралы" Заңымен айқындалады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 26.09.2017 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      21. Уәкілетті органға Қағидалардың 7, 10-тармақтарында көрсетілген құжаттармен қатар, тексерулерді тағайындау, ұзарту, тоқтату, жаңғырту, тексеру қатысушыларының құрамын өзгерту негізділігін растауға қажетті материалдар ұсынылады.

      22. Қызметкерлердің өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда, мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы талаптарды сақтау бойынша мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын жоспардан тыс тексерулерді, қарсы тексерулердi тағайындау туралы актiлер жөніндегі жалпы мәлiметтер, Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке кәсiпкерлiк субъектiлер бөлігінде (Excel электрондық кестесі форматында), тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмей уәкілетті органға жолданады.

      23. ЭАЕҚ - № 1-П карточкаларының, тексеріс нәтижелері туралы талонның және талон-хабарламаның деректемелерін тексеруді жүзеге асыратын адам толтыруға тиісті.

      ЭАЕҚ сандық ақпараттық көрсеткіштерінде, соның ішінде сөздік деректемелерді қамтитын көрсеткіштерінде уәкілетті орган беретін кодтық белгілеу нөмірлері көрсетіледі.

      Енгізілген мәліметтердің нақтылығын, толықтығын, объективтілігін және уақытылығын қамтамасыз ету мемлекеттік орган басшысына және ЭАЕҚ-ты толтырған жауапты адамдарға, ал алқалы мемлекеттік органдарда – осы бағытқа жетекшілік ететін алқалы мемлекеттік органдардың мүшелеріне және ЭАЕҚ-ты толтырған жауапты адамдарға жүктеледі.

      24. № 1-П карточкалары, тексеріс нәтижелері туралы талон және талон-хабарлама мәліметтерінің негізінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес бірыңғай нысанда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау туралы актілерді, бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын тіркеу және есепке алу туралы" № 1-П нысанды есепті (бұдан әрі – № 1-П есеп) (Excel электрондық кестесі форматында) қалыптастырады.

      Әрбір аймақ және мемлекеттік органдар бойынша № 1-П есептері тоқсан сайын ұлғаю қорытындысымен қалыптастырылады және оны уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын адам есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне, қағаз және электронды түрде бекітеді.

      Уәкілетті орган аумақтық бөлімшелерінің есептері мәліметтерінің негізінде уәкілетті органның орталық аппараты тіркеу субъектілері мен аймақтар бөлігінде жиынтық есепті қалыптастырады.

      Республика бойынша № 1-П нысанды жиынтық есепті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне ұсынады.

3. Тексерулерді тіркеуді және есепке алуды электрондық форматта
жүргізу тәртібі және Тексеру субъектілері мен объектілерінің
бірыңғай тізілімін (ТСОБТ) қалыптастыру

      25. Тіркеу субъектілері тексерулерді тіркеуді және есепке алуды электрондық форматта қалыптастыру мен жүргізуге қатысады.

      Тексерулерді тіркеу және есепке алу ведомстволық автоматтандырылған жүйе болмаған жағдайда, мемлекеттік орган уәкілетті органның веб-ресурстарын пайдаланады.

      Тексерулерді тіркеу мен есепке алу мәліметтерінің, қойылған ЭАЕҚ деректерінің негізінде уәкілетті орган орталықтандырылған мемлекеттік деректер қорын қалыптастырады және мемлекеттік органдарда электрондық есепке алу журналы қалыптастырылады.

      26. Бірлік және тұтастық принциптерин сақтау негізінде тексерулерді тіркеу мен есепке алудың электрондық форматын енгізуді, мемлекеттік органдардың тәуекелдерді басқару процестерін автоматтандыруды, уәкілетті органның ақпараттық жүйелері арқылы немесе бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың ведомстволық жүйелерімен ықпалдастыру жолымен мемлекеттік органдардың тексерулерін тіркеуді жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимылдарын ұйымдастыруды Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – ТСОБТ) құрайды.

      ТСОБТ мәліметтері электрондық форматта тексерулерді тіркеу және есепке алу саласындағы ЭАЕҚ-ты, тексерілетін субъектілер (объектілер) туралы тіркеу субъектілерінің деректерін, ведомстволық тәуекелдерді бағалау жүйелерін және тексеру парақтарын ұсыну арқылы орталықтандырылған деректер банкінің негізінде қалыптастырылады.

      ТСОБТ-ны қалыптастыру және жүйелердің өзара әрекеттесуі тексерілетін субъектілердің (объектілердің), сондай-ақ мемлекеттік органның орналасқан аумақтылық принципіне сәйкес, тиісті нормативтік базасының және техникалық дайындығының болуына қарай кезең-кезеңімен, уәкілетті орган айқындайтын электрондық форматта жүзеге асырылады.

      Келіп түскен мәліметтердің негізінде уәкілетті орган құрған тексеру субъектілерінің (объектілерінің) орталықтандырылған деректер қоры бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру, тексеру графиктерін, профильдік есептерді қалыптастыру, процестерді автоматтандыру және басқа да ведомстволық бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік органдармен қолданылады.

      Орталықтандырылған деректер банкіне қол жеткізу Web-қосымшалар арқылы уәкілетті органның ТСОБТ жүйесіне мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасымен ұсынылады.

      ТСОБТ-ға енгізілген мәліметтердің нақтылығын, толықтығын, объективтілігін және уақытылығын қамтамасыз ету мемлекеттік орган басшысына және мәліметтерді енгізген жауапты адамдарға жүктеледі.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас прокурорының 22.05.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  Тексерудi тағайындау туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларының
1-қосымшасы

      Нысан

Тексеруді тағайындау туралы акті
тексеру мерзімдерін ұзарту туралы акт

      (бұйрық, қаулы, нұсқама және т.б.)

      №________ "____"__________20____ж.

      1. Мемлекеттік органның атауы _______________________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Тексеру жүргізуге уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) тегі, аты,

      әкесінің аты (ол болғанда) және лауазымы

      _____________________________________________________________________

      3. Тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар және

      сарапшылар туралы мәлімет

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Тексерілетін субъектінің, объектінің атауы (заңды тұлғаның немесе

      оның филиалының және (немесе) өкілдігінің атауы, тегі, аты, әкесінің

      аты (жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оған

      қатысты тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның аты), оның

      орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі (ЖСН/БСН), аумақтың учаскесі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5. Тағайындалған тексерудің нысанасы_________________________________

      _____________________________________________________________________

      6. Тексеру түрі______________________________________________________

      7. Тексеру жүргізудің мерзімі, тексеруді ұзарту мерзімі

      _____________________________________________________________________

      8. Тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті

      талаптары тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      9. Тексерілетін кезең _______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      10. Актіге қол қоюға уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол

      болғанда) және қолы

      _____________________________________________________________________

      11. Мемлекеттік органның мөр

  Тексерудi тағайындау туралы актiлердi,
тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау,
оның мерзімдерін ұзарту туралы,
қатысушылар құрамын өзгерту және
тексеру мен оның нәтижелерi туралы
ақпараттық есепке алу құжаттарын
ұсыну туралы хабарламаларды
тіркеу қағидаларының
2-қосымшасы

      Нысан

Тексеру нәтижелері туралы талон

1. Тексеруді тағайындаған мемлекеттік органның атауы: [органның коды бойынша сөздік реквизит]

2. Тіркеу субъектісі актісінің нөмірі: [нөмір]

2.1. Актіні шығарған күні: [датасы]

3. Уәкілетті органда тіркеудің реттік нөмірі: [нөмір]

3.1. Актіні тіркеу күні: [датасы]

4. Тексеру субъектісінің түрі: [1-жеке тұлға; 2-заңды тұлға; 3-жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде: 3-1 – микрокәсіпкерлік, 3-2-шағын кәсіпкерлік, 3-3-орта кәсіпкерлік, 3-4-ірі кәсіпкерлік; 4-мемлекеттік ұйымдар, оның ішінде: 4-1-мемлекеттік орган; 4-2 - мемлекеттік кәсіпорындар; 4-3 – мемлекеттік мекемелер; 5 - коммерциялық емес ұйымдар]

5. Тексеру субъектісінің атауы: [мәтін]

5.1. Тексеру субъектісінің орналасқан жері: [мәтін]

6. Тексеру объектісінің түрі: [қызмет саласы бойынша сөздік деректеме]

6.1. Тексеру объектісінің атауы: [мәтін]

6.2. Тексеру объектісінің орналасқан жері: [мәтін]

7. Хабарлама жолданды: [1 – тоқтату, 2 – қайта бастау, 3 – тексерушілер құрамын өзгерту]

7.1. Хабарлама жіберген күні: [датасы]

7.2. Ұзарту мерзімі: [датасы] –дан

7.3.: [датасы] дейін

7.4. Тексеру келесі себеп бойынша ұзартылды: [1-арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізуге байланысты; 2-жұмыс көлемінің ауқымды болуына байланысты; 3-басқа]

8. Келесі себеп бойынша тексеру жүргізбеу салдарынан акті тіркелмеді: [1 – тексеру жүргізуден бас тарту, 2 – қысқарту, 3 – жарамсыз (заңсыз) деп тану, 4 - басқа]

8.1. Шешімді қабылдады: [1 – мемлекеттік орган, 2 – сот, 3 – прокурор, 4 – уәкілетті орган]

8.2. Шешімнің күні: [датасы]

9. Тексерудің нақты басталған күні: [датасы]

10. Тексерудің нақты аяқталған күні: [датасы]

11. Тексеру нәтижелері: [1 – бұзушылықтар анықталмады; 2 – бұзушылықтар анықталды; 3 – бақылауды жалғастыру; 4 – бақылауды алып тастау]

12. Бұзушылықтар заңнама саласында анықталды: [заңнама саласы бойынша сөздік деректеме]

12.1. Тексеру кезінде талаптары бұзылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабы 1-тармағы 8-тармағының талаптарына сәйкес): [тексеру парақтарының талаптары бойынша сөздік деректеме]

13. Тексерумен құқықтары мен мүдделері қорғалды: [1 – жеке тұлғаның; 2 – заңды тұлғаның; 3 - жеке кәсіпкерлік субъектісінің, оның ішінде: 3-1 – микрокәсіпкерлік, 3-2 - шағын кәсіпкерлік, 3-3 - орта кәсіпкерлік, 3-4 – ірі кәсіпкерлік; 4 - мемлекеттік ұйымның, соның ішінде: 4-1 -мемлекеттік органның; 4-2 – мемлекеттік кәсіпорынның; 4-3 – мемлекеттік мекеменің; 5 – коммерциялық емес ұйымның]

14. Тексеру барысында немесе нәтижесінде: [1-әкімшілік іс қозғалды, 2-ұйғарым енгізілді, 3-басқа да шара қолданды]

14.1. Әкімшілік істің нөмірі: [нөмір]

15. Тексеру қорытындысымен жауаптылыққа тартылды: [1-жеке тұлға; 2–заңды тұлға; 3- жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде: 3-1 – микрокәсіпкерлік, 3-2 -шағын кәсіпкерлік, 3-3 -орта кәсіпкерлік, 3-4 – ірі кәсіпкерлік; 4-мемлекеттік ұйымдар, оның ішінде: 4-1-мемлекеттік орган; 4-2 - мемлекеттік кәсіпорындар; 4-3 – мемлекеттік мекемелер; 5 - коммерциялық емес ұйымдар]

16. Анықталған залал сомасы: [сомасы]

16.1. Оның ішінде тексеру нәтижесінде өндірілді: [сомасы]

16.2. Оның ішінде мемлекет пайдасына: [сомасы]

17. Мемлекеттік қаржылық бақылау органымен процедуралық бұзушылықтар сомасы анықталды: [сомасы]

18. Мемлекеттік қаржылық бақылау органымен бюджеттік қаражатты тиімсіз пайдалану сомасы анықталды: [сомасы]

19. Мемлекеттік қаржылық бақылау органымен басқа да бұзушылық сомасы анықталды: [сомасы]

20. Материалдар сотқа мәжбүрлеп: [1-қызметті тоқтату; 2-лицензияны тоқтату; 3-қызметке тиым салу] үшін жолданды

21. Материалдар құқық қорғау органдарына жолданды: [органның коды бойынша сөздік деректеме]

21.1. Жолдану күні: [датасы]

21.2. Құқық қорғау органының АЕК (СДТБТ) тіркелді: [нөмір]

21.3. Тіркеу күні: [датасы]

22. Тексеруді жүргізген тұлғаның (тұлғалардың) аты-жөні, тегі (ол болғанда), лауазымы, қолы: [мәтін]

Уәкілетті органның қызметкері толтырады

23. Тексеру нәтижелері туралы талонның уәкілетті органға келіп түскен күні:[датасы]

24. Тексеру нәтижелері туралы талонды қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің аты-жөні, тегі (ол болғанда), лауазымы, қолы: [мәтін]

25. Тағы басқа белгілер: [мәтін]

  Тексерудi тағайындау туралы актiлердi,
тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау,
оның мерзімдерін ұзарту туралы,
қатысушылар құрамын өзгерту және
тексеру мен оның нәтижелерi туралы
ақпараттық есепке алу құжаттарын
ұсыну туралы хабарламаларды
тіркеу қағидаларының
3-қосымшасы

      Нысан

Талон-хабарлама

1. Тексеруді тағайындаған мемлекеттік органның атауы: [органның коды бойынша сөздік реквизит]

2. Тіркеу субъектісі актісінің нөмірі: [нөмір]

2.1. Актіні шығарған күні: [датасы]

3. Уәкілетті органда тіркеудің реттік нөмірі: [нөмір]

3.1. Актіні тіркеу күні: [датасы]

4. Тексеру субъектісінің түрі: [1-жеке тұлға; 2-заңды тұлға; 3-жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде: 3-1 – микрокәсіпкерлік, 3-2-шағын кәсіпкерлік, 3-3-орта кәсіпкерлік, 3-4-ірі кәсіпкерлік; 4-мемлекеттік ұйымдар, оның ішінде: 4-1-мемлекеттік орган; 4-2 - мемлекеттік кәсіпорындар; 4-3 – мемлекеттік мекемелер; 5 - коммерциялық емес ұйымдар]

5. Тексеру субъектісінің атауы: [мәтін]

5.1. Тексеру субъектісінің орналасқан жері: [мәтін]

6. Тексеру объектісінің түрі: [қызмет саласы бойынша сөздік деректеме]

6.1. Тексеру объектісінің атауы: [мәтін]

6.2. Тексеру объектісінің орналасқан жері: [мәтін]

7. Хабарлама жолданды: [1 – тоқтату, 2 – қайта бастау, 3 – тексерушілер құрамын өзгерту]

7.1. Хабарлама жіберген күні: [датасы]

7.2. Ұзарту мерзімі: [датасы] – дан

7.3.: [датасы] дейін

7.4. Тексеру келесі себеп бойынша ұзартылды: [1-арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізуге байланысты; 2-жұмыс көлемінің ауқымды болуына байланысты; 3-басқа]

8. Тексерудің нақты басталған күні: [датасы]

9. Тексерудің нақты аяқталған күні: [датасы]

10. Тексеруді жүргізген тұлғаның (тұлғалардың) аты-жөні, тегі (ол болғанда) лауазымы, қолы: [мәтін]

Уәкілетті органның қызметкері толтырады

11. Талон-хабарламаның уәкілетті органға келіп түскен күні:[датасы]

12. Талон-хабарламаны қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің аты-жөні, тегі (ол болғанда), лауазымы, қолы: [мәтін]

13. Тағы басқа белгілер: [мәтін]

  Тексерудi тағайындау туралы актiлердi,
тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау,
оның мерзімдерін ұзарту туралы,
қатысушылар құрамын өзгерту және
тексеру мен оның нәтижелерi туралы
ақпараттық есепке алу құжаттарын
ұсыну туралы хабарламаларды
тіркеу қағидаларының
4-қосымшасы

      Нысан

Нысанды мемлекеттік орган жүзеге асыратын тексеру туралы
мәліметтердің № 1-П есепке алу карточкасы

1. Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган атауы: [органның коды бойынша сөздік деректеме]

2. Мемлекеттік органның деңгейі: [республикалық - 1, облыстық - 2, қалалық - 3, аудандық-4, ауылдық-5]

3. Тексеру субъектісінің түрі: [1-жеке тұлға; 2-заңды тұлға; 3-жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде: 3-1 – микрокәсіпкерлік, 3-2-шағын кәсіпкерлік, 3-3-орта кәсіпкерлік, 3-4-ірі кәсіпкерлік; 4-мемлекеттік ұйымдар, оның ішінде: 4-1-мемлекеттік орган; 4-2 - мемлекеттік кәсіпорындар; 4-3 – мемлекеттік мекемелер; 5 - коммерциялық емес ұйымдар]

3.1. Ұйымдық – құқықтық нысан: [сөздік деректеме]

3.2. Тексеру объектісі қызметінің түрі (негізгі): [қызмет саласы бойынша сөздік деректеме]

3.3. Тексеру субъектісінің ЖСН/БСН: [нөмір]

3.4. Тексеру субъектісінің атауы: [мәтін]

3.5. Тексеру субъектісінің орналасқан жері: [мәтін]

4. Тексеру объектісінің түрі: [қызмет саласы бойынша сөздік деректеме]

4.1. Тексеру объектісінің атауы: [мәтін]

4.2. Тексеру объектісінің орналасқан жері: [мәтін]

4.3. Объектінің орналасқан аумағының учаскесі: [мәтін]

5. Тексеру субъектісінің (объектісінің) тәуекел дәрежесі: [тәуекел тобы бойынша сөздік деректеме]

6. Тексеру түрі (ХХХ): [1ХХ-тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексеру, 2ХХ – ішінара, 3ХХ – жоспардан тыс, 4ХХ- бюджеттік заңнамаға сәйкес кезеңді, 5ХХ – өзге]

6.1. оның ішінде: [01 - кешенді, 02 – тақырыптық, 03 – хронометражды тексеру ]

7. Кәсіпкерлік кодексінің 144 - бабы 3-тармағына сәйкес жоспардан тыс тексерулердің негіздемесі: [1 – 3-тармақтың 1) тармақшасы, 2 – 3-тармақтың 2) тармақшасы, 3 – 3-тармақтың 3) тармақшасы, 4 – 3 - тармақтың 4) тармақшасы, 5 – 3-тармақтың 5) тармақшасы, 6 – 3-тармақтың 6) тармақшасы, 7 – 3-тармақтың 7) тармақшасы, 8 – 3-тармақтың 8) тармақшасы, 9 – 3-тармақтың 9) тармақшасы, 10 – 3-тармақтың 10) тармақшасы, 11 – 3-тармақтың 11) тармақшасы, 12 - 3-тармақтың 12) тармақшасы]

8. Тексеру мәселесі: [заңдылық саласы бойынша сөздік деректеме]

8.1. Талаптары тексеруге жататын нормативтік-құқықтық актілер нормаларының тізбесі: [тексеру парақтарының талаптары бойынша сөздік деректеме]

9. Тіркеу субъектісі актісінің нөмірі: [нөмір]

9.1. Актінің шығарған күні: [датасы]

10. Тексеруді жүзеге асырған тұлғаның (тұлғалардың) аты-жөні, лауазымы, қолы: [мәтін]

10.1. Тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәлімет [мәтін]

11. Тексеру мерзімі: [датасы] – дан

11.1.: [датасы] дейін

12. Тексерілетін кезең: [датасы] – дан

12.1.: [датасы] дейін

Уәкілетті органының қызметкері толтырады

13. Қағидалардың 14-тармағының келесі тармақшасының негізінде актіні тіркеуден бас тартылды: [тармақшаның нөмірі бойынша сөздік деректеме]

14. Жүргізілген тексеру есепке алынды: [1(2) есептік кезеңде тіркелусіз (өткен мерзімдерде); 3 (4)-есептік кезеңде өткізілгендер қатарынан тексеру тағайындау туралы актіні шығарусыз (өткен мерзімдерде)].

15. Заңсыз тексеруді анықтады: [1 – прокуратура, 1-1-уәкілетті орган, 2 – мемлекеттік орган]

16. Шешім кабылдау күні: [датасы]

17. Уәкілетті органның бөлімшесі: [органның коды бойынша сөздік деректеме]

18. Актіні тіркеу күні: [датасы]

19. Тіркеудің реттік нөмірі: [нөмір]

20. Карточканы тіркеуге қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің аты-жөні: [мәтін]

21. Карточканы тіркеуге қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің лауазымы, қолы: [мәтін]

22. Тағы басқа белгілер: [мәтін]

  Тексерудi тағайындау туралы актiлердi,
тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау,
оның мерзімдерін ұзарту туралы,
қатысушылар құрамын өзгерту және
тексеру мен оның нәтижелерi туралы
ақпараттық есепке алу құжаттарын
ұсыну туралы хабарламаларды
тіркеу қағидаларының
5-қосымшасы

      Нысан

Тексеруді тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімін ұзарту
туралы актіні тіркеу туралы мөр

      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеттің ________________________________ облысы

      ___________________________________ ауданы (қаласы)

      бойынша басқармасы

      Тексеру актісі

      20__ жылдың "_____" ___________________

      № __________________ тіркелген

      қолы ___________________________

  Тексерудi тағайындау туралы актiлердi,
тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау,
оның мерзімдерін ұзарту туралы,
қатысушылар құрамын өзгерту және
тексеру мен оның нәтижелерi туралы
ақпараттық есепке алу құжаттарын
ұсыну туралы хабарламаларды
тіркеу қағидаларының
6-қосымшасы

      Нысан

Ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер графиктері

      20__ жылдың жартыжылдығына

      (мемлекеттік органның және мемлекеттік бақылау

      және қадағалау жүзеге асырылатын қызмет саласының атауы)

р/с №

Тексеру субъектісінің атауы

ЖСН/БСН

Тексеру объектісінің атауы

Тексеру объектісінің орналасқан жері

Тәуекел тобы

Тексеру субъектісінің кәсіпкерлік санаты

Тексеру субъектісінің әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күні

1

2

3

4

5

6

7

8

  Тексерудi тағайындау туралы актiлердi,
тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау,
оның мерзімдерін ұзарту туралы,
қатысушылар құрамын өзгерту және
тексеру мен оның нәтижелерi туралы
ақпараттық есепке алу құжаттарын
ұсыну туралы хабарламаларды
тіркеу қағидаларының
7-қосымшасы

      Нысан

Тексеруді тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімін ұзарту
туралы актіні тіркеуден бас тарту туралы тұжырымдама

      20 ____ жылғы "___"____________ №________

      _____________________________________________________________________

      (қадағалаушы органның атауы)

      ұсынған тексерілетін субъектінің, объектінің

      _____________________________________________________________________

      (тексерілетін субъектінің, объектінің атауы)

      тексеру тағайындау туралы актісін (тексеру мерзімін ұзарту туралы

      акті) қарап, Тексерудi тағайындау туралы актiлердi, тексеруді тоқтата

      тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар

      құрамының өзгеруі туралы хабарларды тіркеу және тексеру мен оның

      нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк құжаттарды ұсыну Қағидаларының

      15-тармағы _____ тармақшаларының келесі негіздері бойынша жоғарыда

      көрсетілген тексеру тағайындау туралы актіні (тексеру мерзімін ұзарту

      туралы актіні) тіркеуден бас тартылатындығы туралы хабарлаймын:

      _____________________________________________________________________

      (бас тарту негізі, заңнамаға сілтеме)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________

      (аты-жөні, тегі (ол болғанда), лауазымы)

      _____________________________________

      (лауазымды тұлғаның қолы)

      "___"________________20 ____ жыл

  Тексерудi тағайындау туралы актiлердi,
тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау,
оның мерзімдерін ұзарту туралы,
қатысушылар құрамын өзгерту және
тексеру мен оның нәтижелерi туралы
ақпараттық есепке алу құжаттарын
ұсыну туралы хабарламаларды
тіркеу қағидаларының
8-қосымшасы

      Нысан

Тексеруді тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімін ұзарту
туралы актіні тіркеуден бас тарту туралы мөр

      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеттің ______________________________ облысы

      _______________________________ ауданы (қаласы)

      бойынша басқармасы

      тексеру актісін тіркеуден бас тарту

      негізі: Қағидаларының 15-тармағының ________ тармақшасы

      20__жылдың "_____" _____________________

      қолы _________________

  Тексерудi тағайындау туралы актiлердi,
тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау,
оның мерзімдерін ұзарту туралы,
қатысушылар құрамын өзгерту және
тексеру мен оның нәтижелерi туралы
ақпараттық есепке алу құжаттарын
ұсыну туралы хабарламаларды
тіркеу қағидаларының
9-қосымшасы

      Нысан

Жұмыскерлердің өмiрi мен денсаулығына қатер төнген
жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек
қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы талаптарды
сақтау бойынша мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын
жоспардан тыс тексерулерді, қарсы тексерулердi тағайындау
туралы актiлер жөніндегі жалпы мәлiметтер, жеке
кәсiпкерлiк субъектiлерi бөлігінде

      20___ жылдың ____ тоқсанына

      (мемлекеттік органның атауы)

р/с №

Тексеру субъектісінің атауы

ЖСН/БСН

Тексеру объектісінің атауы

Тексерудің басталу күні

Тексерудің аяқталу күні

Тексеру нәтижесі

1

2

3

4

5

6

7








  Тексерудi тағайындау туралы актiлердi,
тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау,
оның мерзімдерін ұзарту туралы,
қатысушылар құрамын өзгерту және
тексеру мен оның нәтижелерi туралы
ақпараттық есепке алу құжаттарын
ұсыну туралы хабарламаларды
тіркеу қағидаларының
10-қосымшасы

      Нысан

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге
асыратын тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу
туралы" № 1-П нысанды есеп





Тіркелген тексерулердің барлығы

жеке кәсіпкерлік субъектілері соның ішінде, шағын кәсіпкерлік объектілері

2-бағаннан

жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалар

мемлекеттік кәсіпорындар

мемлекеттік ұйымдар

оның ішінде мемлекеттік органдар (9- бағаннан)

оның ішінде мемлекеттік мекемелер (9- бағаннан)

коммерциялық емес ұйымдар

Тексеру түрлері

соның ішінде, шағын кәсіпкерлік объектілері

соның ішінде, микрокәсіпкерлік объектілері (3 бағаннан)

соның ішінде, орта кәсіпкерлік объектілері

соның ішінде, ірі кәсіпкерлік объектілері

ерекше тәртіп бойынша

ішінара

жоспардан тыс

басқа





1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

Есептік кезеңнің аяғындағы аяқталмаған тексерулердің қалдығы

1

















Тексеру тағайындау туралы тіркелген актілердің саны

2

















Тексеруге жататын субъектілердің саны (қойылған есепке алу карточкалары)

3

















Тексеруге жататын объектілердің саны (қойылған есепке алу карточкалары)

4

















Аяқталған тексерулердің саны (талон-хабарлама бар болғанда)

5















Тексеруді жүргізуден бас тартуға немесе оның аяқталуына дейін қысқартуға байланысты актінің тіркелуі жойылған тексерулердің саны

6















Тексеруді жарамсыз (заңсыз) деп тануға байланысты актінің тіркелуі жойылған, сонымен қатар актіні шығарусыз немесе оны тіркеусіз жүргізілген тексерулердің саны

7















Оның ішінде:

прокуратурамен

8















құқықтық статистика органымен

9















мемлекеттік органның, бастамасымен

10















Нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған тексерулердің саны

11















Тіркеуден бас тартылған тексеру тағайындау туралы актілердің саны

12















Оның ішінде:

Қағидалардың 14- тармағының 1) тармақшасы бойынша

13















Қағидалардың 14- тармағының 2) тармақшасы бойынша

14















Қағидалардың 14- тармағының 3) тармақшасы бойынша

15















Қағидалардың 14- тармағының 4) тармақшасы бойынша

16















Қағидалардың 14- тармағының 5) тармақшасы бойынша

17
















Қағидалардың 14- тармағының 6) тармақшасы бойынша

18















Қагидалардың 14- тармағының 7) тармақшасы бойынша

19















Қағидалардың 14- тармағының 8) тармақшасы бойынша

20















Қағидалардың 14- тармағының 9) тармақшасы бойынша

21
















Қағидалардың 14- тармағының 10) тармақшасы бойынша

22
















Қағидалардың 14- тармағының 11) тармақшасы бойынша

23
















Қағидалардың 14- тармағының 12) тармақшасы бойынша

24
















Қағидалардың 14- тармағының 13) тармақшасы бойынша

25
















Қағидалардын 14- тармағының 14) тармақшасы бойынша

26