«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Ашық деректердің Интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі бекітілсін.
2. Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталонды бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы Д.А. Айтмұхаметовке және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Имашев
«КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму Инвестициялар және даму
министрі министрінің міндетін атқарушы
___________ Ә. Исекешев ___________ Ж. Қасымбек
2016 жылғы «___» ______ 2016 жылғы «___» ______
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 38 бұйрығымен
бекітілген
Ашық деректердің интернет - порталында орналастырылатын
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
ашық деректер тізбесі
№ | Ашық деректер жинағының атауы | Өзектілеу кезеңі | Ұсыну мерзімі | Дереккөз (ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы немесе мемлекеттік орган API жүйесі арқылы) | Жауапты тұлға |
---|---|---|---|---|---|
1 |
Заң шығару жұмысының 2016-2021 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Парламентінің алтыншы шақырылымы) |
5 жыл |
2016 жылғы тамыз айы |
ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы |
Турганбаев Бауыржан Маргуланович |
2 |
2016 жылға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау жұмысының жоспары |
Жыл сайын |
Есептік кезеңне 4 кейін 31 наурызға дейін |
ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы |
Турганбаев Бауыржан Маргуланович |
3 |
Атқарушылық іс жүргізулер бойынша борышкерлердің тізілімі |
тұрақты |
Ашық деректердің интернет-порталымен ықпалдастыруды іске асырған соң |
мемлекеттік орган API жүйесі арқылы (АІЖО ААЖ) |
Сейсенов Азамат Даулетович |
4 |
Қазақстан Республикасынан тыс шығуға уақытша шектелген тұлғалардың тізімі |
тұрақты |
Ашық деректердің интернет-порталымен ықпалдастыруды іске асырған соң |
мемлекеттік орган API жүйесі арқылы (АІЖО ААЖ) |
Сейсенов Азамат Даулетович |
5 |
Заңды тұлғалардың, филиалдардың және өкілдіктердің тіркеу деректері (заңды тұлғаның атауы және тіркеу күні; сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды мекенжайы (тіркелу кезіндегі орналасқан жері); |
тоқсан сайын |
есептік кезеңнен кейінгі айдың 15-не дейін |
ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы |
Ламашарипова Гульмира Амангельдиевна |
6 |
Азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың атауы, мекен-жайы мен телефондары |
үнемі |
Өзгеріс енгізілгеннен соң 1 ай ішінде |
ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы |
Дингалиева Маржан Есенжановна Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыу департаменті |
7 |
Соңғы 5 жылдағы аумақтар бойынша атын, әкесінің атын, тегін өзгерту бойынша статистикалық мәліметтер |
Жыл сайын |
Жылдың есепті кезеңінің 10 қаңтарына дейін |
ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы |
Дингалиева Маржан Есенжановна Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыу департаменті |
8 |
Соңғы 5 жылдағы аумақтар бойынша неке қию (ерлі-зайыпты болу) бойынша статистикалық мәліметтер |
Жыл сайын |
Жылдың есепті кезеңінің 10 қаңтарына дейін |
ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы |
Дингалиева Маржан Есенжановна Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыу департаменті |
9 |
Соңғы 5 жылдағы аумақтар бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу бойынша статистикалық мәліметтер |
Жыл сайын |
Жылдың есепті кезеңінің 10 қаңтарына дейін |
ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы |
Дингалиева Маржан Есенжановна Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыу департаменті |
10 |
Соңғы 5 жылдағы аумақтар бойынша бала туу бойынша статистикалық мәліметтер |
Жыл сайын |
Жылдың есепті кезеңінің 10 қаңтарына дейін |
ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы |
Дингалиева Маржан Есенжановна Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыу департаменті |
11 |
Республика бойынша және аумақтар бөлігінде соңғы 5 жылдағы жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша статистикалық мәліметтер |
Жыл сайын |
Жылдың есепті кезеңінің 20 қаңтарына дейін |
ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы |
Байжанова А.С. |
12 |
Нотариустардың тізімі |
жылына 2 рет |
25 шілде 25 желтоқсан |
ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы |
Алтынбекова А.К. |
13 |
Адвокаттар тізімі |
жылына 2 рет |
25 шілде |
ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы |
Алтынбекова А.К. |
14 |
Республикалық бағалаушылар палатасында (РБП) тұратын Аумақтық бағалаушылар палатасының тізімі |
жылына 1 рет |
есеп жылы 25 желтоқсанға |
ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы |
Алтынбекова А.К. |
15 |
Бағалаушылар палатасының тізімі |
жылына 1 рет |
есеп жылы 25 желтоқсанға |
ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы |
Алтынбекова А.К. |