Ашық деректердің Интернет - порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 38 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 қаңтарда № 12952 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2022 жылғы 2 ақпандағы № 79 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 02.02.2022 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ашық деректердің Интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі бекітілсін.

      2. Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталонды бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы Д.А. Айтмұхаметовке және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Имашев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму

      министрі

      ___________ Ә. Исекешев

      2016 жылғы "___" ______


      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму

      министрінің міндетін атқарушы

      ___________ Ж. Қасымбек

      2016 жылғы "___" ______



  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 38 бұйрығымен
бекітілген

Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 16.01.2019 № 24 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 18.08.2020 № 272 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Ашық деректер жинағының атауы

Өзектілеу кезеңі

Ұсыну мерзімі

Дереккөз (ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы немесе мемлекеттік орган API жүйесі арқылы)

Жауапты құрылымдық бөлімше

1

Заң шығару жұмысының 2016-2021 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспары (Қазақстан Республикасы Парламентінің алтыншы шақырылымы)

5 жыл

2016 жылғы қазан айы

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Заңнама департаменті

2

Ағымдағы жылға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау жұмысының жоспары

Жыл сайын

Есептік кезеңнен кейінгі 31 наурызға дейін

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Заңнама департаменті

3

Атқарушылық іс жүргізулер бойынша борышкерлердің тізілімі және Қазақстан Республикасынан тыс шығуы уақытша шектелген тұлғалардың тізімі

Тұрақты

Ашық деректердің интернет-порталымен ықпалдастыруды іске асырғаннан кейін

Мемлекеттік органның API жүйесі арқылы (АІЖО ААЖ))

Сот актілерін орындау департаменті

4

Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 18.08.2020 № 272 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына аттестациядан өту үшін үлгілі сұрақтар

Заңнамалық актілерге тиісінше өзгертулердің енгізілуіне қарай

Өзгертулер енгізілгеннен кейін екі ай мерзімде

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Сот актілерін орындау департаменті

6

Қазақстанның заңды тұлғаларын, филиалдарын және өкілдіктерін тіркеу деректері (заңды тұлғаның атауы және тіркеу күні; сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды мекенжайы (тіркелу кезіндегі орналасқан жері); қызмет түрі; басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда); мәртебесі)

Тұрақты

Ашық деректердің интернет-порталымен ықпалдастыруды іске асырғаннан кейін

Мемлекеттік органның API жүйесі арқылы (ЗТ МДҚ)

Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті

7

Өңірлер бөлінісінде электрондық түрде тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер бойынша статистикалық деректер ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ арқылы тіркелген)

Тоқсан сайын

Есептік кезеңнен кейінгі келесі айдың 10-на дейін

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті

8

Өңірлер бөлінісінде тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер бойынша статистикалық деректер ("электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тіркелген)

Тоқсан сайын

Есептік кезеңнен кейінгі келесі айдың 10-на дейін

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті

9

Өңірлер бөлінісінде тіркелген ірі, орта және кіші кәсіпкерлік субъектілері бойынша статистикалық деректер

Тоқсан сайын

Есептік кезеңнен кейінгі келесі айдың 10-на дейін

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті

10

Азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың атауы, мекен-жайы мен телефондары

Жыл сайын (өзгеріс енгізілуіне қарай)

Өзгеріс енгізілгеннен кейін 1 ай ішінде

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті

11

Соңғы 5 жылда өңірлер бөлінісінде атын, әкесінің атын, тегін өзгерту бойынша статистикалық деректер

Жыл сайын

Жылдың есептік кезеңінен кейінгі 10 қаңтарға дейін

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті

12

Соңғы 5 жылда өңірлер бөлінісінде неке қию (ерлі-зайыпты болу) бойынша статистикалық деректер

Жыл сайын

Жылдың есепті кезеңінен кейінгі 10 қаңтарға дейін

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті

13

Соңғы 5 жылда өңірлер бөлінісінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу бойынша статистикалық деректер

Жыл сайын

Жылдың есептік кезеңінен кейінгі 10 қаңтарға дейін

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті

14

Соңғы 5 жылда өңірлер бөлінісінде бала туу бойынша статистикалық деректер

Жыл сайын

Жылдың есептік кезеңінен кейінгі 10 қаңтарға дейін

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті

15

Республика бойынша және өңірлер бөлінісінде соңғы 5 жылда электрондық форматында тіркелген құқықтар (ауырпалықтар) саны туралы статистикалық деректер

Жыл сайын

Жылдың есептік кезеңінен кейінгі 20 қаңтарға дейін

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті

16

Нотариустар тізімі

Жылына 2 рет

25 шілде және 25 желтоқсан

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті

17

Адвокаттар тізімі

Жылына 2 рет

25 шілде және 25 желтоқсан

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті

18

Өңірлер бөлінісінде нотариустар саны

Жыл сайын

Жылдың есептік кезеңінен кейінгі 10 қаңтарға дейін

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті

19

Өңірлер бөлінісінде адвокаттар саны

Жыл сайын

Жылдың есептік кезеңінен кейінгі 10 қаңтарға дейін

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті

20

ҚР ӘМ басшыларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

Тоқсан сайын

Келесі айдың 5-не

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Ішкі әкімшілендіру департаменті

21

ҚР ӘМ көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізілімі туралы ақпарат

Жарты жылда 1 рет

Есептік мерзімнен кейінгі айдың 15-не

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Ішкі әкімшілендіру департаменті

22

ҚР ӘМ құрылымдық бөлімше басшыларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау үшін ашық есіктер күндері туралы ақпарат

Ай сайын

Келесі айдың 1-не

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Ішкі әкімшілендіру департаменті

23

Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізімі

Жарты жылда 1 рет

Келесі айдың 10- на

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Зияткерлік меншік құқығы департаменті

24

Апелляция кеңесі отырыстарының кестесі

Жыл сайын (жылына 1 рет)

15 қаңтарға дейін

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Зияткерлік меншік құқығы департаменті

25

Апелляция кеңесінің шағымдарды қарастыру нәтижелері

Ай сайын

Келесі айдың 15-не

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Зияткерлік меншік құқығы департаменті

26

Әділет органдарының тауар белгісін және тауардың шыққан жерінің атауы заңсыз пайдалануға жүргізген жоспардан тыс тексеру нәтижелері

Тоқсан сайын

Келесі айдың 15- не

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Зияткерлік меншік құқығы департаменті

27

Жалпыға белгілі тауар белгілерінің тізімі

Жарты жылда 1 рет

Келесі айдың 10- на

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Зияткерлік меншік құқығы департаменті

28

Соңғы 5 жылда тіркелген лицензиялық, сублицензиялық келісімшарттар саны

Ай сайын

Келесі айдың 10- на

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

"Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны

29

Соңғы 5 жылда тіркелген тауар таңбаларының саны

Ай сайын

Келесі айдың 10- на

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

"Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны

30

Соңғы 5 жылда өнеркәсіп үлгілеріне берілген патенттер саны

Ай сайын

Келесі айдың 10- на

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

"Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны

31

Соңғы 5 жылда пайдалы модельдерге берілген патенттер

Ай сайын

Келесі айдың 10- на

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

"Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны

32

Соңғы 5 жылда өнертабысқа берілген патенттер

Ай сайын

Келесі айдың 10- на

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

"Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны

33

Соңғы 5 жылда селекциялық жетістікке берілген патенттер

Ай сайын

Келесі айдың 10- на

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

"Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны

34

Жеке сот орындаушыларының байланыс телефондары

Тоқсан сайын

Келесі айдың 10- на

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Сот актілерін орындау департаменті

35

Жеке сот орындаушы лицензияттардың тізімі

Тоқсан сайын

Келесі айдың 10- на

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Сот актілерін орындау департаменті

36

ҚР ӘМ аумақтық органдарының тізбесі

Жыл сайын

Өзгеріс енгізілгеннен кейін 1 ай ішінде

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Кадр қызметі департаменті

37

ҚР ӘМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесі

Жыл сайын

Өзгеріс енгізілгеннен кейін 1 ай ішінде

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Кадр қызметі департаменті

38

ҚР ӘМ оның аумақтық органдарын мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымдары туралы мәліметтер (бос лауазымдардың атауы)

Ай сайын

Келесі айдың 10- на

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Кадр қызметі департаменті

39

ҚР ӘМ қызметкерлерінің байланыс телефондары

Тоқсан сайын

Келесі айдың 10- на

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Кадр қызметі департаменті

40

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары

Жыл сайын (қажеттілігі бойынша өзгерістер енгізумен)

Өзгерістер енгізілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Экономика және қаржы департаменті

41

Заңнаманы жетілдіру бойынша әзірленген тұжырымдамалардың тізімі

Жыл сайын

Есептік кезеңнен кейінгі жылдың 31 қаңтарына дейін

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Республикалық мемлекеттік кәсіпорын "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты"

42

Құқықтық мониторинг жүргізу қорытындысы бойынша ақпарат

Жыл сайын

Есептік кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Республикалық мемлекеттік кәсіпорын "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты"

43

Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімі

Жыл сайын

Есептік жылдың 25 желтоқсанына

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

44

Жүргізілген сот, сот-медициналық, сот-психиатриалық, сот-наркологиялық сараптамалардың статистикалық деректері

Жыл сайын

Есептік жылдың 25 желтоқсанына

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

45

Сот сарапшысына біліктілік тағайындау және сот сарапшысын аттестаттау бойынша үлгілі сұрақтар тізбесі

Жыл сайын

Есептік жылдың 25 желтоқсанына

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

46

Соңғы 5 жылда авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға берілген куәліктер саны

Ай сайын

Келесі айдың 10- на

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

"Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны

47

Аккредиттеуден өткен мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар саны

Жыл сайын (қажеттілігі бойынша өзгерістер енгізумен)

Өзгерістер енгізілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Зияткерлік меншік құқығы департаменті

48

Соңғы 5 жылда тіркелген тауар шығарылған жерлер атауларының саны

Ай сайын

Келесі айдың 10- на

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

"Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны

49

Соңғы 5 жылда тіркелген тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы тіркелген шарттардың саны

Жарты жылда 1 рет

Келесі айдың 10- на

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

"Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны

50

Соңғы 5 жылда өңірлер бөлінісінде қызметі тоқтатылып тіркелген заңды тұлғалар, есептік тіркеуден шығарылған филиалдар мен өкілдіктер

Жыл сайын

Жылдың есептік кезеңінен кейінгі қаңтардың 20 -на дейін

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті

51

Нотариалды қызметпен айналысу құқығына аттестациядан өту үшін үлгі сұрақтар

Заңнамалық актілерге тиісінше өзгертулер енгізілуіне қарай

Өзгертулер енгізілгеннен кейін екі ай мерзімде

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті

52

Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына аттестациядан өту үшін үлгілі сұрақтар

Заңнамалық актілерге тиісінше өзгертулер енгізілуіне қарай

Өзгертулер енгізілгеннен кейін екі ай мерзімде

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті

53

Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген нормативтік құқықтық актілердің саны

Апта сайын

Әр жұма сайын

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Республикалық мемлекеттік кәсіпорын "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты"

54

"Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесіне электрондық түрде енгізілген нормативтік құқықтық актілердің саны

Апта сайын

Әр жұма сайын

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Республикалық мемлекеттік кәсіпорын "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты"

55

Интернет желісінде "Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесіне кіру саны (Google Analitics деректеріне сәйкес)

Ай сайын

Келесі айдың 10- на

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Республикалық мемлекеттік кәсіпорын "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты"

56

Халықаралық ынтымақтастық (жобалардың атауы, елдер, бюджет)

Жыл сайын

Тоқсан аяқталғаннан кейiн 10 күн

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаменті

57

Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің лицензиялау қызметі (қызмет, осы қызметпен айналысу құқығына лицензия алған тұрғалардың тізімі)

Жылына 2 рет

25 шілдеге және 25 желтоқсанға дейін

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті

58

Жеке сот орындаушыларына жоспарлы тексеру жүргізу жоспары

Тоқсан сайын

Келесі айдың 10- на

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Сот актілерін орындау департаменті

59

Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 18.08.2020 № 272 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

60

Мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Жарты жылда 1 рет

Есептік тоқсаннан кейінгі айдың 20-не дейін

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Нормативтік құқықтық актілері тіркеу департаменті

61

ҚР ӘМ және оның аумақтық органдарындағы және ведомстволық бағынысты ұйымдарында жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижесі бойынша ақпарат

Жыл сайын

Есептік кезеңнен кейінгі қаңтардың 20 - нан кешіктірмей

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Ішкі аудит басқармасы

62

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін беру жүйесінде қатысатын адвокаттар тізімі

Жыл сайын

15 қаңтарға

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті

63

Халықаралық соттарда және арбитраждарда Қазақстан Республикасы қатысқан істерді қарау саны

Жыл сайын

Келесі жылғы қараша

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаменті

64

Бос лауазымдар туралы хабарландыру

қажеттілігі бойынша

Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның Интернет-ресурсында жарияланған сәттен бастап

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Кадр қызметі департаменті

65

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілік талаптары

Тиісті нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілуіне қарай

Ресми жарияланғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Кадр қызметі департаменті

66

Апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау нәтижелері

Апелляциялық кеңестің өткізілуіне қарай

Келесі айдың 10-күніне қарай

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Зияткерлік меншік құқығы департаменті

67

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын аккредиттелген ұйымдардың тізімі

Тізімнің өзгеруіне қарай

Тізім өзгергеннен кейін бес жұмыс күні ішінде

Ашық деректер Интернет-порталы АЖО арқылы

Зияткерлік меншік құқығы департаменті

      Аббревиатурлардын толық жазылуы:

      ҚР ӘМ – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;

      КЕАҚ – коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      АЖО – Автоматтандырылған жұмыс орны;

      ЗТ МДҚ – "Заңды тұлғалар" Мемлекеттік деректер қоры;

      АІЖО ААЖ – "Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесі.