"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін:
1) "Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру";
2) "Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру";
3) "Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу";
4) "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау";
5) "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу";
6) "Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау".
2. 2014 жылғы 17 маусымдағы № 159 "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүргізу, барлауға немесе өндіруге байланысты емес құрылыс және (немесе) жерасты ғимараттары үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3592 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қазандағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) және 2014 жылғы 23 маусымдағы № 163 "Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға, жер қойнауын пайдалануға құқық беру келісімшарттарын жасасу және тіркеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3590 болып тіркелген, 2014 жылғы 09 тамыздағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А. М. Дәулетжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Н. Т. Төреғалиевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
Н. Ноғаев |
2015 жылғы 18 08 № 216 |
"Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ
немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Дамбы тұйығы көшесі, 5/1 үй мекенжайы бойынша орналасқан "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 "Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 маусымда № 11452 тіркелді) бұйрығымен бекітілген "Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.elicense.kz, www.egov.kz "электрондық үкiметтің" веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру (бұдан әрі - қорытынды).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы (бұдан әрі - құжаттар) қоса берілген Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiмі немесе көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінім болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезден бастап 15 минут ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдау;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 6 сағат ішінде құжаттармен танысады және мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді.
Нәтижесі – мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) келісу үшін жолдайды.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын аумақтық бөлімшеге келісу үшін жолдау;
4) аумақтық бөлімше көрсетілетін қызметті алушының өтінімін оны тіркеген сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде қарайды және болашақ құрылыс салу алаңының астында пайдалы қазбалардың болуы немесе болмауы (оның аз мөлшерде екендігі) туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.
Нәтижесі – болашақ құрылыс салу алаңының астында пайдалы қазбалардың болуы немесе болмауы (оның аз мөлшерде екендігі) туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге жолдау;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 жұмыс күні ішінде қорытындыны дайындайды.
Нәтижесі – қорытындыны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 6 сағат ішінде қорытындыны қарайды және қол қояды.
Нәтижесі – қол қойылған қорытындыны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;
7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 15 минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілмейді.
8. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс - көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының парольді порталға енгізу процесі (авторландыру процесі);
3) 1-шарт – логин (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) және пароль арқылы порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің нақтылығын тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде кемшіліктердің болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының "Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен үлгілік талаптарын ескере отырып толтыруы (мәліметтерді енгізу), сұраныс нысанына электрондық түрдегі қажетті құжаттарды жалғауы;
6) 4-процесс – сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
7) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктердің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сұраныста көрсетілген ЖСН немесе БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН немесе БСН арасында сәйкестендіру мәліметтерінің сәйкестігін тексеру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның нақтылығы расталмауына байланысты сұратылған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныстың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыру (қол қою);
10) 7-процесс - "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) тіркеу және "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да сұрауды өңдеу;
11) 3-шарт - көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының толықтығын тексеруі;
12) 8-процесс - "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-дағы көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрастырылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
13) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын аумақтық бөлімшеге келісуге жолдау;
14) 10-процесс – аумақтық бөлімшеден ақпараттың келуі;
15) 11-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау;
16) 12-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған мемлекеттік қызмет нәтижелерін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.
9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
"Болашақ құрылыс учаскесі |
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
"Болашақ құрылыс учаскесі |
"Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ
немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
2015 жылғы 18 08 № 216 |
"Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған
жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Дамбы тұйығы көшесі, 5/1 үй мекенжайы бойынша орналасқан "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің (бұдан әрі - Комитет) келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 "Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 маусымда № 11452 тіркелді) бұйрығымен бекітілген "Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www.elicense.kz, www.egov.kz "электрондық үкiметтің" веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) беру немесе егер құрылыс салу барысында жер қойнауынан пайдалы қазбаларды алу мүмкін болмаса немесе құрылыс салудың экономикалық орындылығы дәлелденбесе дәлелді бас тарту (бұдан әрі – дәлелді бас тарту).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы (бұдан әрі - құжаттар) қоса берілген көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiмі немесе көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінім болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезден бастап 15 минут ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдау;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 6 сағат ішінде құжаттармен танысады және мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді.
Нәтижесі – мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады және құжаттарды Комитетке жолдайды.
Нәтижесі – Комитетке көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын жолдау;
4) Комитет көрсетілетін қызметті берушіден көрсетілетін қызметті алушының құжаттары келіп түскен сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды қарайды және көрсетілетін қызметті берушіге рұқсатты немесе дәлелді бас тартуды жолдайды.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушіге рұқсатты немесе дәлелді бас тартуды жолдау;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Комитеттің рұқсаты немесе дәлелді бас тартуы келіп түскеннен кейін 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің және Комитеттің рұқсаттарын немесе дәлелді бас тартуды дайындайды.
Нәтижесі – рұқсатты немесе дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 6 сағат ішінде рұқсатты немесе дәлелді бас тартуды қарайды және қол қояды.
Нәтижесі – қол қойылған рұқсатты немесе дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;
7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 15 минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілмейді.
8. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс - көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының парольді порталға енгізу процесі (авторландыру процесі);
3) 1-шарт – логин (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) және пароль арқылы порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің нақтылығын тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде кемшіліктердің болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының "Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен үлгілік талаптарын ескере отырып толтыруы (мәліметтерді енгізу), сұраныс нысанына электрондық түрдегі қажетті құжаттарды жалғауы;
6) 4-процесс – сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
7) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктердің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сұраныста көрсетілген ЖСН немесе БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН немесе БСН арасында сәйкестендіру мәліметтерінің сәйкестігін тексеру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның нақтылығы расталмауына байланысты сұратылған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныстың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыру (қол қою);
10) 7-процесс - "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) тіркеу және "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да сұрауды өңдеу;
11) 3-шарт - көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының толықтығын тексеруі;
12) 8-процесс - "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-дағы көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрастырылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
13) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын Комитетке келісуге жолдау;
14) 10-процесс – Комитеттен рұқсаттың немесе дәлелді бас тартудың келуі;
15) 11-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау;
16) 12-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған мемлекеттік қызмет нәтижелерін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.
9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
"Пайдалы қазбалар жатқан |
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
"Пайдалы қазбалар жатқан |
"Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған
жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
2015 жылғы 18 08 № 216 |
"Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және
(немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Дамбы тұйығы көшесі, 5/1 үй мекенжайы бойынша орналасқан "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 "Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 маусымда № 11452 тіркелді) бұйрығымен бекітілген "Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт (бұдан әрі - келісімшарт).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы (бұдан әрі - құжаттар) қоса берілген еркін нысандағы өтініш болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап 15 минут ішінде қабылдауды және тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады.
Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдау;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 күнтізбелік күн ішінде құжаттармен танысады және мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды.
Нәтижесі – мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 12 күнтізбелік күн ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, құжаттардың толықтығын тексереді және келісімшартты дайындайды.
Нәтижесі – келісімшартты көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 күнтізбелік күн ішінде келісімшартты қарайды және қол қояды.
Нәтижесі – қол қойылған келісімшартты көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 6 сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы және өзге де көрсетілетін қызметті берушілер арқылы көрсетілмейді.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы "Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
"Барлаумен немесе өндірумен |
"Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және
(немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-
процестерінің анықтамалығы
|
|
2015 жылғы 18 08 № 216 |
"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, оларды
тіркеу және сақтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Дамбы тұйығы көшесі, 5/1 үй мекенжайы бойынша орналасқан "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 "Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 маусымда № 11452 тіркелді) бұйрығымен бекітілген "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - қол қойылған және тіркелген кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарт (бұдан әрі - келісімшарт).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы (бұдан әрі - құжаттар) қоса берілген еркін нысандағы өтініш болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап 10 минут ішінде оларды қабылдауды және тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады.
Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдау;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні ішінде құжаттармен танысады және мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды.
Нәтижесі – мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 12 жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, құжаттардың толықтығын тексереді және келісімшартты дайындайды.
Нәтижесі – келісімшартты көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні ішінде келісімшартты қарайды және қол қояды.
Нәтижесі – қол қойылған келісімшартты көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 6 сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы және өзге де көрсетілетін қызметті берушілер арқылы көрсетілмейді.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
"Кең таралған пайдалы |
"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, оларды
тіркеу және сақтау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің
анықтамалығы
2015 жылғы 18 08 № 216 |
"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен
байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген
жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Дамбы тұйығы көшесі, 5/1-үй мекенжайы бойынша орналасқан "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 "Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 маусымда № 11452 тіркелді) бұйрығымен бекітілген "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу туралы хабарлама-хат (бұдан әрі – хабарлама-хат).
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі, қызмет көрсетуге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес сервитуттарды мемлекеттік тіркеу үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алым алынады.
Мемлекеттік алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысандарда екінші деңгейдегі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы (бұдан әрі - құжаттар) қоса берілген, еркін нысандағы өтініш болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезден бастап 10 минут ішінде оларды қабылдауды және тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады.
Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдау;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 күнтізбелік күн ішінде құжаттармен танысады және мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды.
Нәтижесі – мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 12 күнтізбелік күн ішінде құжаттарды қарайды, құжаттардың толықтығын тексереді және хабарлама-хатты дайындайды.
Нәтижесі – хабарлама-хатты көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 күнтізбелік күн ішінде хабарлама-хатты қарайды және қол қояды.
Нәтижесі – қол қойылған хабарлама-хатты көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 6 сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілмейді.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
"Кең таралған пайдалы |
"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен
байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген
жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу" мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
2015 жылғы 18 08 № 216 |
"Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты
құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, тіркеу және
сақтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Дамбы тұйығы көшесі, 5/1 үй мекенжайы бойынша орналасқан "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 "Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 маусымда № 11452 тіркелді) бұйрығымен бекітілген "Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт (бұдан әрі - келісімшарт), Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасында барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру келісімшартын мемлекеттік тіркеу актісі (бұдан әрі - акт).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы (бұдан әрі - құжаттар) қоса берілген еркін нысандағы өтініш болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезден бастап 10 минут ішінде оларды қабылдауды және тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады.
Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдау;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні ішінде құжаттармен танысады және мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды.
Нәтижесі – мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 12 жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, құжаттардың толықтығын тексереді, келісімшартты және актіні дайындайды.
Нәтижесі – келісімшартты және актіні көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні ішінде келісімшартты және актіні қарайды және қол қояды.
Нәтижесі – қол қойылған келісімшартты және актіні көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 6 сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы және өзге де көрсетілетін қызметті берушілер арқылы көрсетілмейді.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы "Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
"Жер қойнауын пайдалануға, |
"Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты
құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, тіркеу және
сақтау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы