"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүргізу, барлауға немесе өндіруге байланысты емес құрылыс және (немесе) жерасты ғимараттары үш

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 159 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 шілдеде № 3592 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 216 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 18.08.2015 № 216 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүргізу, барлауға немесе өндіруге байланысты емес құрылыс және (немесе) жерасты ғимараттары үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М. Ш. Кәрімовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  2014 жылғы 17 маусымдағы № 159
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының
Заңында көзделген жағдайларда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және
өндіруді жүргізу, барлауға немесе өндіруге байланысты емес құрылыс және (немесе)
жерасты ғимараттары үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған
сервитуттарды тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүргізу, барлауға немесе өндіруге байланысты емес құрылыс және (немесе) жерасты ғимараттары үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 153 "Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы" қаулысымен бекітілген "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүргізу, барлауға немесе өндіруге байланысты емес құрылыс және (немесе) жерасты ғимараттары үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х. Чурин көшесі, 116-үй мекенжайы бойынша орналасқан "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - 1-көрсетілетін қызметті беруші) және Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Дамба тұйығы көшесі, 5/1-үй мекенжайы бойынша орналасқан "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – 2-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүргізу, барлауға немесе өндіруге байланысты емес құрылыс және (немесе) жерасты ғимараттары үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу туралы хабарлама-хат (бұдан әрі - хабарлама-хат) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 456 бабындағы кестенің 3.4. тармағына сәйкес сервитуттарды мемлекеттік тіркеу үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алым алынып, ақылы негізде көрсетіледі.
      Мемлекеттік алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысандарда екінші деңгейдегі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы (бұдан әрі - құжаттар) қоса берілген, еркін нысандағы өтініш негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүргізу үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу үшін:
      1) 1-көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезден бастап 10 минут ішінде қабылдауды және тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады.
      Нәтижесі - құжаттарды 1-көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдайды;
      2) 1-көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 күнтізбелік күн ішінде құжаттармен танысады және мемлекеттік қызметті көрсету үшін 1-көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды.
      Нәтижесі - мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды 1-көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
      3) 1-көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 11 күнтізбелік күн ішінде құжаттарды қарайды, құжаттардың толықтығын тексереді және хабарлама-хатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды.
      Нәтижесі - хабарлама-хатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты 1-көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
      4) 1-көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 күнтізбелік күн ішінде хабарлама-хатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қарайды және қол қояды.
      Нәтижесі - қол қойылған хабарлама-хатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты 1-көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
      5) 1-көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 күнтізбелік күн ішінде қол қойылған хабарлама-хатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.
      Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама-хатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.
      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, барлауға немесе өндіруге байланысты емес құрылыс және (немесе) жерасты ғимараттары үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу үшін:
      1) 2-көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезден бастап 10 минут ішінде қабылдауды және тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады.
      Нәтижесі – құжаттарды 2-көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдайды;
      2) 2-көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 күнтізбелік күн ішінде құжаттармен танысады және мемлекеттік қызметті көрсету үшін 2-көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды.
      Нәтижесі - мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды 2-көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
      3) 2-көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 11 күнтізбелік күн ішінде құжаттарды қарайды, құжаттардың толықтығын тексереді және хабарлама-хатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды.
      Нәтижесі - хабарлама-хатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты 2-көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
      4) 2-көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 күнтізбелік күн ішінде хабарлама-хатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қарайды және қол қояды.
      Нәтижесі - қол қойылған хабарлама-хатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты 2-көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
      5) 2-көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 күнтізбелік күн ішінде қол қойылған хабарлама-хатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.
      Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама-хатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын 1-көрсетілетін қызметті беруші мен 2-көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) 1-көрсетілетін қызметті берушінің және 2-көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
      2) 1-көрсетілетін қызметті берушінің және 2-көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      3) 1-көрсетілетін қызметті берушінің және 2-көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
      9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүргізу, барлауға немесе өндіруге байланысты емес құрылыс және (немесе) жерасты ғимараттары үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу" Регламентінің (бұдан әрі - Регламент) 1-қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілмейді.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, 1-көрсетілетін қызметті беруші мен 2-көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Стандарттың 3 бөлігіне сәйкес жүзеге асырылады.

  "Жер қойнауы және жер
қойнауын пайдалану туралы"
Қазақстан Республикасының
Заңында көзделген жағдайларда,
кең таралған пайдалы қазбаларды
барлауды және өндіруді жүргізу,
барлауға немесе өндіруге
байланысты емес құрылыс және
(немесе) жерасты ғимараттары
үшін берілген жер қойнауының
учаскелеріне арналған
сервитуттарды тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер
(қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттаудың
блок-схемасы

      


  "Жер қойнауы және жер
қойнауын пайдалану туралы"
Қазақстан Республикасының
Заңында көзделген жағдайларда,
кең таралған пайдалы қазбаларды
барлауды және өндіруді жүргізу,
барлауға немесе өндіруге
байланысты емес құрылыс және
(немесе) жерасты ғимараттары
үшін берілген жер қойнауының
учаскелеріне арналған
сервитуттарды тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "Жер қойнауы
және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында
көзделген жағдайларда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді
жүргізу, барлауға немесе өндіруге байланысты емес құрылыс және (немесе)
жерасты ғимараттары үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне
арналған сервитуттарды тіркеу"