"Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 192 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 қыркүйекте № 4021 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 199 "Батыс Қазақстан облысының өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3615 тіркелген, 2014 жылғы 2 қазандағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысы күші жойылды деп танылсын.
      3. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М. К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  2015 жылғы 28 шілдедегі № 192
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және
өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - басқарма), аудандар мен Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімдерімен (бұдан әрі – бөлім) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 4-1/379 "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" (2015 жылы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 11278 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем құжаттарын ұсыну.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (тиісті жылдың 15 маусымына дейін) өтінімі болып табылады.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) бөлімнің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды (бұдан әрі - құжаттар) ұсынған сәттен бастап 15 (он бес) минуттың ішінде қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады.
      Нәтижесі – құжаттарды бөлімнің басшысына бұрыштама қоюға жолдау;
      2) бөлімнің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және бөлімнің жауапты орындаушысын белгілейді.
      Нәтижесі – мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды бөлімнің жауапты орындаушысына жолдау;
      3) бөлімнің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыдан өтінім түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті алушының өтінімін ведомствоаралық комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) енгізеді.
      Нәтижесі – құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті алушының өтінімін комиссияға енгізу;
      4) комиссия бөлімнен өтінім енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жергілікті жерге барып, жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды зерттеп-қарау, сондай-ақ жұмыс жобасына сәйкестігі актісін (бұдан әрі - актілер) жасайды.
      Нәтижесі – актілерді жасау;
      5) комиссия актілер жасалған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде субсидияны беру туралы хаттамалық шешім қабылдайды.
      Нәтижесі – субсидияны беру туралы хаттамалық шешім қабылдау;
      6) комиссия субсидия беру туралы шешім қабылдаған жағдайда бөлім өтінімді 1 (бір) жұмыс күні ішінде актілердің көшірмелерімен және комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесімен бірге басқармаға жолдайды.
      Нәтижесі - өтінімді актілердің көшірмесімен және комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесін басқармаға жолдау;
      7) басқарма жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызуға немесе оларды өсiруге арналған субсидияны алуға көрсетілетін қызметті алушыдан өтінім түскеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем төлеу құжаттарын ұсынады.
      Нәтижесі - аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем төлеу құжаттарын ұсыну.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерінiң (қызметкерлерінiң) тiзбесi:
      1) бөлімнің кеңсе маманы;
      2) бөлім басшысы;
      3) бөлімнің жауапты орындаушысы;
      4) комиссия;
      5) басқарма.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары) мен өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы "Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      8. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

  "Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
"Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және
өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау"