Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы Қағидасы бекітілсін.
2. Бесқарағай аудандық мәслихатының шешімдері қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Т. ШЕБАРШОВА |
Бесқарағай аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Қ. САДЫҚОВ |
Бесқарағай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 30/2-V шешімімен бекітілген |
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы Қағида
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы қағида Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.2. Қағидада мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегiн алуға құқығы бар адамдар;
2) коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
3) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – үй жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесiн күтiп ұстауға, коммуналдық қызметтердi тұтынуды есептеудiң үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтердi төлеуге, сондай-ақ кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн немесе оның жекелеген түрлерiн болашақта жүргізілетін күрделi жөндеуге ақша жинақтауға арналған шығыстарының міндетті сомасы;
4) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кiрiстерiнiң жалпы сомасы;
5) уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыратын, тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарына;
2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
4. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметін Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі көрсетеді.5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат, не сенімхат бойынша оның өкілі) тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) немесе "электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2014 жылғы 05 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметі стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.
6. Тұрғын үй көмегі тоқсандағы құжат өткізген уақытына қарамастан тоқсан сайын көрсетіледі және тоқсанға тағайындалады. Алғаш өтініш жасаған кезде тұрғын үй көмегі, қажетті құжаттар тізбесімен қоса өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
7. Тұрғын үй көмегі:
1) жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға берген;
2) құрамында жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелмеген тұлғалары бар, келесі тұлғаларды қоспағанда:
бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан тұлғаларды күтетін тұлғаларды, үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатын аналарды;
3) құрамында заңды некеде тұрған, бірақ жоқ жұбайының тұрғылықты жерін білмейтін (көрсетпейтін) және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш жасамаған тұлғалары бар;
4) егер ата-аналары ажырасқан және өздерімен бірге тұратын балаларына алимент өндіру туралы талап бермеген отбасыларға көрсетілмейді.
8. Құрамында зейнеткерлер, мүгедектер, мүгедек балалар, жетімдер, қамқорлықтағылар, төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларды қолдау мақсатында тұрғын үй көмегін есептегенде кіріс Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен уақыттың сәйкес кезеңіне белгіленген екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (кемітіледі).
9. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін тағайындаудың негізі болып табылады.
10. Тұрғын үй көмегiн алушылар 10 жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға өз тұрғын үйiнiң меншiк нысанының, отбасы құрамының, оның жиынтық табысы мен мәртебесiнiң кез-келген өзгерiстерi туралы хабардар етедi.
11. Тұрғын үй көмегiнiң негiзсiз алынған соммалар алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгiленген тәртiпте қайтарылуға жатады.
3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері, тұрғын үйді ұстау және коммуналдық
қызметтерді пайдалану нормативтері
12. Тұрғын үй көмегi отбасының (азаматтардың) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтіп-ұстау, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге нормалар шегiнде ақы төлеу шығындарының сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілетті органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.13. Шектi жол берiлетiн шығыстар деңгейі отбасының (азаматтың) жиынтық табыстарына 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
14. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесі нормалар есепке алынады:
1) тұрғынжайдың жалпы алаңы:
жалғыз тұрып жатқан азаматтарға – 30 шаршы метр;
2 адамнан тұратын отбасыға – 30 шаршы метр;
3 және одан да артық адамнан тұратын отбасыға әр отбасы мүшесіне - 18 шаршы метрден, бiрақ 90 шаршы метрден аспау керек;
2) газды шығындау нормасы:
айына бір адамға – 5,5 кг.
3) бір айда электр қуатын тұтыну нормасы:
1 адам тұрса – 90 кВт;
2 адам тұрса – 180 кВт;
3 адам тұрса – әр адамға 90 кВт;
электр плиталармен жабдықталған үйлерде – бір тұрғынға 120 кВт;
газ плиталар болған жағдайда - 90 кВт.
15. Тұрғынжайдың жалпы алаңының 1 шаршы метріне көмірдің шығыны – 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг артық емес.
16. Сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқысты әкету, лифт қызметі және телекоммуникациялық қызметтер үшін шығындар қызмет көрсетушілердің тарифтерімен ескеріледі.
17. Тас көмiрдiң құнын есептеу үшiн Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы ұсынған аудан бойынша тұрғын үй көмегi есептелетін тоқсанның алдындағы тоқсандағы тас көмірдің орташа бағасы алынады.
18. Иелері өздері жылытатын тұрғын үйде (ғимаратта) отынның тас көмірден басқа түрлері қолданылса, тұрғын үй көмегін есептеген кезде олардың құны мен шығын нормасы тас өмiрдiң құнына балама есептеледi.
4. Тұрғын үй көмегін төлеу
19. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.5. Қорытынды ережелер
20. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.Бесқарағай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 30/2-V шешіміне қосымша |
1) "Бесқарағай ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 2/5-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-7-116 болып тіркелген, "Бесқарағай тынысы" газетінің 2012 жылғы 19 мамырда № 41 санында жарияланды);
2) "Бесқарағай ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі туралы" 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 2/5-V шешімге өзгерту мен толықтыру енгізу туралы" 2013 жылғы 27 ақпандағы № 11/2-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2924 болып тіркелген, "Бесқарағай тынысы" газетінің 2013 жылғы 13 сәуірде № 31 санында жарияланды);
3) "Бесқарағай ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі туралы" 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 2/5-V шешімге өзгерту мен толықтыру енгізу туралы" 2014 жылғы 31 наурыздағы № 20/10-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3285 болып тіркелген, "Бесқарағай тынысы" газетінің 2014 жылғы 24 мамырда № 44 санында жарияланды).