Тұрғын үй көмегінің мөлшерін айқындау және оны көрсету тәртібі туралы Қағидаларды бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы N 31/2-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 наурызда N 3716 болып тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.. 
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрған үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысына, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 09 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 11.03.2016 № 43/18-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін айқындау және оны көрсету тәртібі туралы берілген Қағида бекітілсін.
      2. Қосымшаға сәйкес Риддер қалалық мәслихаты шешімінің күші жойылды деп саналсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы О.БЕЛЯЕВ
      Қалалық мәслихатының хатшысы И. ПАНЧЕНКО

  Риддер қалалық мәслихатының
2015 жылғы 16 ақпандағы
№ 31/2-V шешімімен бекітілген

Тұрғын үй көмегінің мөлшерін айқындау және оны көрсету тәртібі туралы Қағидалар
1. Жалпы ережелер

      1. Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № № 2314, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 09 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілейді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 11.03.2016 № 43/18-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылары (азаматтары) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген әрбір бағыттар бойынша шығыстар сомасы ретінде анықталады.
      3. Тұрғын үй көмегi тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызмет көрсетулердің ақысын төлеуге жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша көрсетiледі.
      Тұрғын үйді күтіп-ұстауға тұтынулардың және шығындардың нормативтері және олардың сумен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, қоқысты жою, лифттердің қызмет көрсетуі бойынша тарифтері Риддер қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен ұсынылады.
      Көмір бағасын есептеу үшін тұрғын үй көмегін есептеудің алдыңғы тоқсанына, тоқсанның соңғы айындағы жағдайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен ұсынылатын қала және аудан бойынша орта бағалар қолданылады.
      Жеке үй құрылысын жергілікті жылыту үшін қолданылатын, отынның басқа түрінің бағасы және шығын нормасы тұрғын үй көмегiн есептеу кезiнде ұсынылған құжаттарға сәйкес, көмір бағасының және шығынның эквиваленттік нормасында саналады.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      4. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметін уәкілетті орган көрсетеді.
      5. Тұрғын үй көмегінің тағайындалуы үшін отбасы (азамат, немесе оның сенімхат бойынша өкілі) тоқсан сайын "Тұрғындарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі - портал) өтінішпен жүгінеді. Тұрғын үй көмегі үшін мемлекеттік корпорацияға немесе порталға өтініш берген кезде "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 09 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9 - тармағына сәйкес қажетті құжаттар тізбесі ұсынылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 11.03.2016 № 43/18-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Алғаш жүгінген жағдайда тұрғын үй көмегі қажетті құжаттар тізімімен бірге өтініш берілген айдан бастап тағайындалады.
      7. Тұрғын үй көмегі ағымды тоқсанға тағайындалады. Өтініш тоқсан ағымында қабылданады. Отбасының табыстары туралыанықтамалар, комуналдық қызметтердің, байланыс қызметтерінің ақысын төлеу туралы, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға шығындар туралы түбіртектер жүгіну тоқсанының алдындағы тоқсанға ұсынылады. Алдыңғы тоқсанға коммуналдық қызметтерді төлемеген немесе жартылай төлеген жағдайда тұрғын үй көмегі отбасыға тағайындалмайды.
      8. Жергілікті жылытуы бар жеке тұрғын үйлерде тұратын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі жылына бір рет жүгіну айына қарамайтын тоқсанға тағайындалады.
      9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттар ағымды тоқсанның соңғы айының 25 күніне дейін қабылданады.
      10. Тұрғын үй көмегі келесі отбасыларға көрсетілмейді:
      1) жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға берген;
      2) құрамында жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелмеген тұлғалары бар, келесі тұлғаларды қоспағанда:
      55 жасқа жеткен тұлғаларды (жынысы маңызды емес);
      бірінші және екінші топтағы мүгедектерге; 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға; сексен жастан асқан тұлғаларға күтім көрсететін адамдарды;
      3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатын аналарды;
      18 жасқа дейінгі төрт немесе одан да көп балаларды тәрбиелеумен айналысатын аналарды.
      3) құрамында заңды некеде тұрған, бірақ жұбайының тұрғылықты жерін білмейтін (көрсетпейтін) және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш жасамаған тұлғалары бар;
      4) егер ата-аналары ажырасқан және өздерімен бірге тұратын балаларына алимент өндіру туралы талап бермеген болса.
      11. Отбасының жұмыссыз мүшелері ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, өз еркімен қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқан отбасылар жұмысқа орналасуды, оқуды және қайта оқуды қайта бастағанға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      12. Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, электр жүйесiмен, газбен қамтамасыз етуге, лифттерге қызмет көрсетуге арналған шығыстар өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға орта есеппен ескерiледi. Сумен қамтамасыз ету, су бұру, жылу энергиясы, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, телекоммуникация қызметтерi үшiн шығыстар қызмет көрсетушiлердiң тарифтерi бойынша ескерiледi.
      13. Жылу энергиясын тұтынуды есептеу құралдары бар тұтынушылар үшін есептеуге алынатын шығындар алдыңғы тоқсанға нақты шығындар бойынша немесе қызметтер толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсанға есептеу құралдарының көрсеткіштерінің негізінде анықталады.
      14. Суық және ыстық сумен қамтамасыз етуді, газбен қамтамасыз етуді тұтынуды есепке алу құралдары бар тұтынушылар үшін есептеуге алынатын шығыстар алдындағы тоқсан үшін нақты шығындар бойынша анықталады.
      15. Үйлерде орталықтандырылған жылу болмаған жағдайда жылу мен ыстық сумен қамтамасыз етуге төлем мөлшері электр энергиясына есептелген сомадан есептеудің жалпы үй құрылғылары үйлерді жылытуға жылу қуаттарын қолдану нормалары және ыстық сумен қамтамасыз етуге белгіленген тарифтер шегінде есептеледі.
      16. Құрамында зейнеткерлер, мүгедектер, мүгедек балалар, толық жетімдер, қамқорлықтағылар, төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларды қолдау мақсатында тұрғын үй көмегін есептегенде кіріс Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен уақыттың сәйкес кезеңіне белгіленген екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (кемітіледі).
      17. Тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде келесі шарттар қолданылады:
      1) өтініш берушінің үйінде ата-ана құқығынан айырылмаған және басқа жерде тіркелген ата-анасы бар 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда – ол баланың ата-анасының табыстары есептеледі;
      2) өтініш беруші заңды некеде, бірақ зайыбы сол мекен-жай бойынша тіркелмеген болса – ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және тұрғын үй көмегі тұрғын үй көмегі туралы өтініш берген зайыбының мекен-жайы бойынша тағайындалады.
      18. Тұрғын үй көмегін ұсыну үшін негіз уәкілетті органның шешімі болып табылады.
      19. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органды өз тұрғын үйінің меншік нысанының, отбасы құрамының, оның жиынтық табысы мен мәртебесінің кез келген өзгерістері туралы хабардар етеді. Өтініш берушілер ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады.
      20. Тұрғын үй көмегiнен негізсіз алынған сомалар алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте қайтарылуға жатады.

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері және тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері

      21. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Коммуналдық қызметтер (сутұтыну, газтұтыну) шығындарын есептеу санауыш болса тұрғын үй көмегін есептеу санауыш көрсеткіштері бойынша, бірақта қолданыстағы нормалардын жоғары емес жүргізіледі.
      22. Отбасының шектi жол берiлетiн шығыстарының үлесi отбасының жиынтық табысына қарай 9 % мөлшерiнде белгiленедi.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 11.03.2016 № 43/18-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      23. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін есептеу кезінде келесі нормалар ескеріледі:
      1) алаңдар:
      жалғыз тұратын азаматтар үшін – 40 шаршы метрден артық емес;
      екі адамнан тұратын отбасы үшін – 50 шаршы метр;
      үш адамнан тұратын отбасы үшін – 55 шаршы метр;
      төрт және одан артық адамдардан тұратын отбасы үшін – әрқайсысына 18 шаршы метрден, бірақ 100 шаршы метрден артық емес;
      2) айына бір адамға газ шығына – 7,6 килограмм;
      3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға арналған шығыс – 1 шаршы метрге 18 теңге;
      4) лифтті пайдалану – бір адамнан 350 теңге;
      5) бiр айға электр энергиясын тұтыну – әр тұратын адамға 90 кВт;
      6) тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының 1 шаршы метріне көмірдің шығыны – 129,8 килограмм, бірақ бір үйге 5000 килограммнан артық емес.

4. Тұрғын үй көмегін төлеу

      24. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың жеке есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

5. Қорытынды ережелер

      25. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

  2015 жылғы 16 ақпандағы
№ 31/2-V
Риддер қалалық мәслихаттың
шешіміне Қосымша

Риддер қалалық мәслихатының күші жойылған шешімдер тізімі

      1. "Риддер қаласында тұрғын-үй көмегінің мөлшері және оны көрсету тәртібі туралы Қағидаларды бекіту туралы" 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 3/3-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2012 жылдың 02 мамырында № 5-4-168 тіркелді, 2012 жылдың 08 мамырында № 18 "Риддерские вести" газетінде жарияланды);
      2. "Риддер қаласында тұрғын-үй көмегінің мөлшері және оны көрсету тәртібі туралы Ережелерді бекіту туралы" 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 3/3-V Риддер қалалық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 11/10-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2013 жылдың 17 қаңтарында № 2825 тіркелді, 2013 жылдың 01 ақпанда №18 "Лениногорская правда" газетінде жарияланды);
      3. "Риддер қаласында тұрғын-үй көмегінің мөлшері және оны көрсету тәртібі туралы Ережелерді бекіту туралы" 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 3/3-V Риддер қалалық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 23/4-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2014 жылдың 23 қаңтарында № 3181 тіркелді, 2014 жылдың 07 ақпанда №6 "Лениногорская правда" газетінде жарияланды);
      4. "Риддер қаласында тұрғын-үй көмегінің мөлшері және оны көрсету тәртібі туралы Қағидаларды бекіту туралы" 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 3/3-V Риддер қалалық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 28 ақпандағы № 24/7-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2014 жылдың 27 наурызында № 3210 тіркелді, 2014 жылдың 04 сәуірінде № 14 "Лениногорская правда" газетінде жарияланды);
      5. "Риддер қаласында тұрғын-үй көмегінің мөлшері және оны көрсету тәртібі туралы Қағидаларды бекіту туралы" 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 3/3-V Риддер қалалық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 15 шілдедегі № 28/6-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2014 жылдың 04 тамызында № 3436 тіркелді, 2014 жылдың 21 тамызында № 34 "Мой город Риддер" газетінде жарияланды);
      6. "Риддер қаласында тұрғын-үй көмегінің мөлшері және оны көрсету тәртібі туралы Қағидаларды бекіту туралы" 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 3/3-V Риддер қалалық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 30/6-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2015 жылдың 21 қаңтарында № 3645 тіркелді, 2015 жылдың 13 ақпанында № 7 "Лениногорская правда" газетінде жарияланды).