Риддер қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі №3/3-V "Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы N 30/6-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қаңтарда N 3645 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы N 31/2-V шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 16.02.2015 N 31/2-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын-үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 05 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Риддер қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Риддер қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 3/3-V "Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-4-168 тіркелген, 2012 жылғы 08 мамырдағы № 18 "Риддерские вести" газетінде жарияланған) төмендегі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      шешім бастамасы келесі редакцияда жазылсын:
      "Тұрғын-үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТI:";
      көрсетілген шешіммен бекітілген Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Қағидасында:
      11 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "11. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) не сенімхат бойынша оның өкілі:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына (бұдан әрі - ХҚО);
      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталына (бұдан ары - портал) өтінішпен барады.
      Тұрғын үй көмегі үшін ХҚО-на немесе порталға өтініш берген кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 05 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9 тармағына сәйкес қажетті құжаттар тізбесі ұсынылады.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. СТРЕБКОВ
      Қалалық мәслихат хатшысы И. ПАНЧЕНКО