Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 6714 "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 11361 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 маусымда № 4002 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 369 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 24.05.2016 № 369 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 729, 804-баптарына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өскемен қаласы әкімдігінің "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2014 жылғы 27 тамыздағы № 6714 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3482 тіркелген, 2014 жылғы 18 қыркүйекте "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
       15-тармақта:
      5) тармақша мынандай редакцияда жазылсын:
      "5) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар:
      Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және темекі бұйымдарын сату, темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік ету жөніндегі, сондай-ақ темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіру, сату және тарату жөніндегі талаптарын бұзғаны;
      әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асырғаны;
      белгіленбеген орындарда сауда жасағаны;
      азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын сатып алу және оларды азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан өткізу кезінде тіркелген бағаларды сақтамау бөлігінде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны;
      тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асырғаны;
      лицензиялау нормаларын бұзғаны үшін жасау";";
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуынмекеменің құзыреті шегінде қамтамасыз ету;";
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "мекеменің құзыреті шегінде мәселелерді қарау барысында барлық ұйымдарда мемлекет мүдделерін ұсыну;";
       16-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) қаланың жергілікті атқарушы органына кәсіпкерлікті дамыту, сауда саясатын, қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру және сақтаудың, туризмнің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;";
       20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "20. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;
      2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бекітілген тәртіпте кеңестерді шақырады;
      3) мекеме қызметкерлерінің өкілеттігін анықтайды;
      4) барлық ұйымдарда мекеме мүдделерін ұсынады;
      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
      6) заңнамамен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.".
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Өскемен қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы В. Головатюк