"Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қарашадағы N 292 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 желтоқсанда N 4272 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11684) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 253 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3515, 2014 жылғы 22 қарашадағы № 136 (17073), 2014 жылғы 25 қарашадағы № 137 (17074), 2014 жылғы 27 қарашадағы № 138 (17075), 2014 жылғы 29 қарашадағы № 139 (17076) "Дидар", 2014 жылғы 24 қарашадағы № 136 (19583), 2014 жылғы 26 қарашадағы № 137 (19584), 2014 жылғы 28 қарашадағы № 138 (19585), 2014 жылғы 1 желтоқсандағы № 139 (19586) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысының 1-тармағының 5) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы
"9" қарашадағы № 292
қаулысымен бекітілді

"Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және облыстың, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11684) бұйрығымен бекітілген "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1 және/немесе 2 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның сенімхат бойынша өкілінің) өтінімінің болуы негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1-іс-қимыл – ауданның және облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көзделген өтінімін қабылдайды және тіркейді. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
      2-іс-қимыл – Бөлiм өтінімнің немесе көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдерінің жиынтық тізілімінің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/306 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11451) бұйрығымен бекітілген Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар) көзделген талаптарға сәйкестігін тексереді. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      3-іс-қимыл – Бөлiм олар арқылы тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген биоагенттердi (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімін жасайды. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      4-іс-қимыл – Бөлiм көрсетілетін қызметті берушінің басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) өтінімді және/немесе көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдерінің жиынтық тізілімін жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      5-іс-қимыл - Басқарма аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге өтінімді тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні.
      6. Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының қабылданған өтінімі болып табылады, ол 2-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
      Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылдың нәтижесі өтінім немесе көрсетілетін қызметті алушылардың Қағидалардың талаптарына сәйкес өтінімдерінің жиынтық тізілімі болып табылады.
      Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимылдың нәтижесі биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімі болып табылады, ол 4-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
      Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимылдың нәтижесі Басқармаға өтінімді және/немесе көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдерінің жиынтық тізілімін жолдау болып табылады, ол 5-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
      Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимылдың нәтижесі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) Бөлім;
      2) Басқарма;
      3) аумақтық қазынашылық бөлімшесі.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс-қимылдардың) сипаттамасы:
      1) Бөлім кеңсесінің көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көзделген өтінімін қабылдауы және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
      2) Бөлiм өтінімнің немесе көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдерінің жиынтық тізілімінің Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкестігін тексереді. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      3) Бөлiм олар арқылы тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген биоагенттердi (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімін жасайды. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      4) Бөлiм Басқармаға өтінімді және/немесе көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдерінің жиынтық тізілімін жолдайды. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      5) Басқарма аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Өсімдіктерді қорғау
мақсатында ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған
гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және
биопрепараттардың құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентiне қосымша

"Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің

анықтамалығы


Шартты белгілер: