Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 4-1/379 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11278) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 253 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3515, 2014 жылғы 22 қарашадағы № 136 (17073), 2014 жылғы 25 қарашадағы № 137 (17074), 2014 жылғы 27 қарашадағы № 138 (17075), 2014 жылғы 29 қарашадағы № 139 (17076) "Дидар", 2014 жылғы 24 қарашадағы № 136 (19583), 2014 жылғы 26 қарашадағы № 137 (19584), 2014 жылғы 28 қарашадағы № 138 (19585), 2014 жылғы 1 желтоқсандағы № 139 (19586) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысының 1-тармағы 3) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "12" қазандағы № 271 қаулысымен бекітілді |
"Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.Өтінімдерді қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - тиесілі бюджеттік субсидияларды көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлем құжаттарын ұсыну.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 4-1/379 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11278) бұйрығымен бекітілген "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1 және/немесе 2 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінімінің болуы негіз болып табылады.5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1-іс-қимыл - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі Стандарттың 9-тармағында көзделген көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қабылдайды және тіркейді. Орындалу ұзақтығы - 15 (он бес) минут;
2-іс-қимыл - аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) көрсетілетін қызметті алушының өтінімінің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/168 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11151) бұйрығымен бекітілген Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларында (бұдан әрi - Қағидалар) көзделген талаптар мен негіздерге сәйкестігін қарайды, Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін көрсетілетін қызметті алушының өтінімін ведомствоаралық комиссияға (бұдан әрі - Комисия) енгізеді. Орындалу ұзақтығы - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
3-іс-қимыл - Комисия жергілікті жерге бара отырып:
Қағидаларға 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды зерттеп-қарау, сондай - ақ жұмыс жобасына сәйкестігі актісін;
Қағидаларға 5 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруді зерттеп-қарау актісін жасайды. Орындалу ұзақтығы - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
4-іс-қимыл - Комиссия субсидияны беру немесе оны беруден бас тарту туралы хаттамалық шешім қабылдайды. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
5-іс-қимыл - Бөлім өтінімді тиісті актінің көшірмесімен және Комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесімен бірге көрсетілетін қызметті берушінің басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) жолдайды. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
6-іс-қимыл - Басқарма аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлем құжаттарын ұсынады. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге өтінімді тапсырған сәттен бастап - 11 (он бірінші) жұмыс күні.
6. Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының қабылданған өтінімдері болып табылады, олар 2-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылдың нәтижесі Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін көрсетілетін қызметті алушының өтінімін Комисияға енгізу болып табылады, ол 3-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимылдың нәтижесі жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды зерттеп-қарау актісін, жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруді зерттеп-қарау актісін жасау болып табылады, олар 4-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимылдың нәтижесі субсидияны беру немесе оны беруден бас тарту туралы хаттамалық шешім болып табылады, ол 5-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимылдың нәтижесі өтінімді тиісті актінің көшірмесімен және Комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесімен бірге Басқармаға жолдау болып табылады, ол 6-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимылдың нәтижесі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлем құжаттарын ұсыну болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) Комиссия;
2) Бөлім;
3) Басқарма;
4) аумақтық қазынашылық бөлімшесі.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс-қимылдардың) сипаттамасы:
1) Бөлім кеңсесінің Стандарттың 9-тармағында көзделген көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қабылдауы және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы - 15 (он бес) минут;
2) Бөлiм көрсетілетін қызметті алушының өтінімінің Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін көрсетілетін қызметті алушының өтінімін Комисияға енгізеді. Орындалу ұзақтығы - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
3) Комисия жергілікті жерге бара отырып:
Қағидаларға 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды зерттеп-қарау, сондай - ақ жұмыс жобасына сәйкестігі актісін;
Қағидаларға 5 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруді зерттеп-қарау актісін жасайды. Орындалу ұзақтығы - 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
4) Комиссия субсидияны беру немесе оны беруден бас тарту туралы хаттамалық шешім қабылдайды. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
5) Бөлім өтінімді тиісті актінің көшірмесімен және Комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесімен бірге Басқармаға жолдайды. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
6) Басқарма аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлем құжаттарын ұсынады. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет - ресурсында орналастырылады.
Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |