Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/423 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11705) бұйрығына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 253 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3515, 2014 жылғы 22 қарашадағы № 136 (17073), 2014 жылғы 25 қарашадағы № 137 (17074), 2014 жылғы 27 қарашадағы № 138 (17075), 2014 жылғы 29 қарашадағы № 139 (17076) "Дидар", 2014 жылғы 24 қарашадағы № 136 (19583), 2014 жылғы 26 қарашадағы № 137 (19584), 2014 жылғы 28 қарашадағы № 138 (19585), 2014 жылғы 1 желтоқсандағы № 139 (19586) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының | |
әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "2" қазандағы № 260 қаулысымен бекітілді |
"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны -қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының (сенімхат бойынша өкілінің) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/423 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11705) бұйрығымен бекітілген "Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімінің болуы негіз болып табылады.5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1-іс-қимыл – аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) құрады.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады;
2-іс-қимыл – бөлiм субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтінімді ұсыну мерзiмдерiн белгілейді, сондай-ақ ресми баспа басылымдарында өтінімдерді қабылдаудың басталуы және аяқталуы, ВАК-тың жұмыс тәртiбi туралы ақпаратты және басқа да қажеттi мәлiметтердi жариялайды;
3-іс-қимыл – аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бойынша субсидиялардың нормалары мен көлемдері облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен белгіленеді;
4-іс-қимыл - бөлімнің көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9-тармағында көзделген өтінім мен құжаттарды қабылдауы және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
5-іс-қимыл - бөлім көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді және ВАК-тың қарауына енгізеді. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
6-іс-қимыл - ВАК бөлім ұсынған көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын қарайды және субсидиялар алуға үмiткерлердің тiзiмiн жасайды, ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) жеткiзiлген субсидиялау көлемдерiн бөледi. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
7-іс-қимыл – егіс науқаны аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы бөлімге дақылдардың түрлерi бойынша нақты себу алаңы мен мерзiмдерiн көрсете отырып, егiс науқанының аяқталғаны туралы жазбаша ақпарат ұсынады;
8-іс-қимыл – бөлiм белгіленген оңтайлы егіс мерзімі аяқталғаннан кейін тексеру мақсатында ВАК мүшелерiнiң шаруашылықтарға шығуын ұйымдастырады. Орындалу ұзақтығы – 14 (он төрт) күні ішінде;
9-іс-қимыл– тексеру қорытындылары бойынша ВАК мүшелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11094) бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларына (бұдан әрi – Қағидалар) 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша егiстiктi қабылдау актiсiн жасайды. Орындалу ұзақтығы–3 (үш) жұмыс күні ішінде;
10-іс-қимыл– ВАК қабылдау актiсiнiң және көрсетілетін қызметті алушы бөлiмге ұсынған құжаттардың негiзiнде Қағидаларға 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға көрсетілетін қызметті алушылардың түпкiлiктi тiзiмiн (бұдан әрі – тізім) жасайды және оны аудан әкiмiне, ал облыстық маңызы бар қалалар бойынша – қала әкiмiне бекiтуге жолдайды. Орындалу ұзақтығы–егiстiктi соңғы қабылдау жүргiзiлгеннен кейiн 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
11-іс-қимыл– аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі тізімді бекітеді. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
12-іс-қимыл– бөлiм облыстың ауыл шаруашылығы басқармасына аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерi бекiткен тiзiмді, қабылдау актiлерiн және қазынашылық органдарына ұсыну үшін нөмiрi көрсетiлген банктiк шоттың бары туралы екінші деңгейдегі банк анықтамасын бір данада ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
13-іс-қимыл – облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексереді және Қағидаларға 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыларға, лизинг берушілерге субсидиялар төлеуге арналған ведомості және төлем шоттарын қалыптастырады. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
14-іс-қимыл – облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тiзiлiмiн ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушінің өтінімдерді қабылдау мерзімдері аяқталған сәттен бастап – 41 (қырық бір) жұмыс күні.
6. Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі ВАК құру болып табылады, ол 2-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы регламенттің 5тармағында көрсетілген 2-іс-қимылдың нәтижесі жергілікті ресми баспа басылымдарында ВАК-тың жұмыс тәртібін жариялау болып табылады, ол 3-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимылдың нәтижесі аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бойынша субсидиялардың нормалары мен көлемдерін белгілеу болып табылады, олар 4-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының қабылданған өтінімдері мен құжаттары болып табылады, олар5-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тексеру және ВАК-тың қарауына ұсыну болып табылады, олар 6-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимылдың нәтижесі субсидиялар алуға үмiткерлердің тiзiмi болып табылады, ол 7-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 7-іс-қимылдың нәтижесі егiс науқанының аяқталғаны туралы көрсетілетін қызметті алушыдан алынған ақпарат болып табылады, ол 8-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 8-іс-қимылдың нәтижесі тексеру мақсатында ВАК мүшелерiнiң шығуы болып табылады, ол 9-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 9-іс-қимылдың нәтижесі егiстiктi қабылдау актiсiн жасау болып табылады, ол 10-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 10-іс-қимылдың нәтижесі түпкілікті тізімді жасау болып табылады, ол 11-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 11-іс-қимылдың нәтижесі аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің түпкілікті тізімді бекітуі болып табылады, ол 12-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 12-іс-қимылдың нәтижесі облыстың ауыл шаруашылығы басқармасына құжаттарды ұсыну болып табылады, ол 13-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 13-іс-қимылдың нәтижесі Қағидаларға 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыларға, лизинг берушілерге субсидиялар төлеуге арналған ведомості және төлем шоттарын қалыптастыру болып табылады, олар 14-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 14-іс-қимылдың нәтижесі аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тiзiлiмiн ұсыну болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі;
2) ВАК;
3) бөлім;
4) облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы;
5) аумақтық қазынашылық бөлімше.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс-қимылдардың) сипаттамасы:
1) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі ВАК құрады;
2) бөлiм субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтінімді ұсыну мерзiмдерiн белгілейді, сондай-ақ ресми баспа басылымдарында өтінімдерді қабылдаудың басталуы және аяқталуы, ВАК-тың жұмыс тәртiбi туралы ақпаратты және басқа да қажеттi мәлiметтердi жариялайды;
3) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бойынша субсидиялардың нормалары мен көлемдері облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен белгіленеді;
4) бөлімнің көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9-тармағында көзделген өтінім мен құжаттарды қабылдауы және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
5) бөлім көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді және оларды ВАК-тың қарауына енгізеді. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
6) ВАК бөлім ұсынған көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын қарайды және субсидиялар алуға үмiткерлердің тiзiмiн жасайды, ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) жеткiзiлген субсидиялау көлемдерiн бөледi. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
7) егіс науқаны аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы бөлімге дақылдардың түрлерi бойынша нақты себу алаңы мен мерзiмдерiн көрсете отырып, егiс науқанының аяқталғаны туралы жазбаша ақпарат ұсынады;
8) бөлiм белгіленген оңтайлы егіс мерзімі аяқталғаннан кейін тексеру мақсатында ВАК мүшелерiнiң шаруашылықтарға шығуын ұйымдастырады. Орындалу ұзақтығы – 14 (он төрт) күні ішінде;
9) тексеру қорытындылары бойынша ВАК мүшелерi Қағидалардың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша егiстiктi қабылдау актiсiн жасайды. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
10) ВАК қабылдау актiсiнiң және көрсетілетін қызметтіалушы бөлiмге ұсынған құжаттардың негiзiнде Қағидалардың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға көрсетілетін қызметті алушылардың түпкiлiктi тiзiмiн жасайды және оны аудан әкiмiне, ал облыстық маңызы бар қалалар бойынша – қала әкiмiне бекiтуге жолдайды. Орындалу ұзақтығы – егiстiктi соңғы қабылдау жүргiзiлгеннен кейiн 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
11) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі тізімді бекітеді. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
12) бөлiм облыстың ауыл шаруашылығы басқармасына аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерi бекiткен тiзiмдi, қабылдау актiлерiн және қазынашылық органдарына ұсыну үшін нөмiрi көрсетiлген банктiк шоттың бары туралы екінші деңгейдегі банк анықтамасын бір данада ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
13) облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексереді және Қағидаларға 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыларға, лизинг берушілерге субсидиялар төлеуге арналған ведомості және төлем шоттарын қалыптастырады. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
14) облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тiзiлiмiн ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.