«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 1119 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулысына сәйкес Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 40 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2534 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 28 ақпандағы «Қазығұрт тынысы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспедегі «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына» деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.А.Тұрсынқұловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Д.Қыстауов