Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 40 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 ақпанда № 2534 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 6 маусымдағы № 61 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 06.06.2016 № 61 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2–тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4–тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 25.02.2015 № 63 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      1. Осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.А.Тұрсынқұловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б.Д.Қыстауов

      

  Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 40 қаулысына 1 қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны
Оның ішінде
Республикалық бюджет есебінен
Жергілікті бюджет есебінен
3561
3061
500

  Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 40 қаулысына 2 қосымша

Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері

Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге
Балабақша
Мектеп жанындағы шағын орталық
18 375,8
12 122,4

  Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 40 қаулысына 3 қосымша

Ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Барлығы
Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)
Айына бір баланың тамағына шығын теңге (көп емес)
337,35
7084,35

      
      Ескертпе: Айына бір балаға тамаққа кететін шығын 21 күнге есептелген.