"Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 431 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қаңтарда № 3535 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 27 бабы 2 тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға жүктелсін.

      Облыс әкімі                                Б.Атамқұлов

Д.Сатыбалды         С.Қаныбеков         А.Абдуллаев

Б.Жылқышиев         Е.Садыр             К.Мендебаев

Е.Айтаханов         С.Тұяқбаев

Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы
28 желтоқсандағы № 431
қаулысына қосымша

«Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және облыстың коммуналдық меншігін басқару салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң ведомстволары жоқ.
      3. «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсәт тұрғын үй алабы, Астана даңғылы, 10 құрылыс, пошталық индексі 160023.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: облыстық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      15. Міндеттері:
      1) облыстық бюджеттің және облыс бюджетінің атқарылуы туралы есепті дайындау және әзірлеу;
      2) облыстық коммуналдық меншікті басқару бойынша жұмысты ұйымдастыру.
      16. Функциялары:
      1) облыстық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру;
      2) жергілікті бюджеттердің атқарылуын қамтамасыз ету;
      3) мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жергiлiктi бюджеттер бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекiту және жүргiзу;
      4) бюджеттік мониторинг жүргізу;
      5) облыстық бюджеттің атқарылуын бюджеттік есепке алуды жүргізу;
      6) облыстың жергілікті атқарушы органының борышын өтеу және қызмет көрсету;
      7) бюджеттік кредитердің тіркелуін, есепке алынуын және мониторингін жүзеге асыру;
      8) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдары белгілеген тәртіпте бюджет есептілігін жасау және ұсыну, облыстық бюджет пен облыс бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ шоғырланған қаржы есептілігін жасау;
      9) жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің мониторингін жүзеге асыру;
      10) өз құзыреті шегінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлеу;
      11) облыстық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастыру, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
      12) облыс әкімдігіне қарасты жүз пайыз акциясымен (үлесімен) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметіне мониторинг жүргізу;
      13) облыстық коммуналдық мүлiктi облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiп беру;
      14) облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      15) облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      16) облыстық коммуналдық мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беруді ұйымдастыру;
      17) коммуналдық мүлiктi жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың бiр деңгейiнен екiншiсiне мемлекеттiк мүлiктi беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      18) «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемелкеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
      19) мемлекеттік сатып алулардың рәсімдеріне мониторинг жүргізу.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өзiне жүктелген мiндеттерi мен функциялары шегiнде шешiмдер қабылдау;
      2) заңнамада белгiленген тәртiппен өз функцияларын жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдардан, ұйымдар мен жеке және заңды тұлғалардан құжаттарды және ақпаратты сұратып алу, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға ақпарат ұсыну;
      3) өз құзыретi шегiнде жеке және заңды тұлғалардан келiп түскен мәселелердi қарау;
      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығару.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшысы жүзеге асырады.
      19. «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлерi үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады;
      2) «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерiнен босатады.
      3) сенiм хат бередi;
      4) заңнамалармен, облыс әкiмi мен әкiмдiгiмен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
      «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.