"Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 5 қазандағы № 299 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 қарашада № 3408 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабы 2 тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.А.Сатыбалдыға жүктелсін.

      Облыс әкімі                                Б.Атамқұлов

      Д.Сатыбалды
      Б.Жылқышиев
      Е.Айтаханов
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев

Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы
5 қазандағы № 299 қаулысына
қосымша

«Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң ведомстволары жоқ.
      3. «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемеcі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешімдер қабылдайды.
      8. «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Оңтүстік Қазақстан облысы, пошталық индексі 160032, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Астана даңғылы № 10.
      10. Мемлекеттiк органның толық атауы – «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi.
      11. Осы Ереже «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Оңтүстік Қазақстан облысында сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      15. Міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, орталық атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін орындауды ұйымдастыру, «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімінің шешімдерін, өкімдерін және облыс әкімдігінің қаулыларын орындауды қамтамасыз ету;
      2) аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бiр бөлiгiн аудандық жоспарлау жобасының) кешендi схемасын, облыс аумағындағы елдi мекендердiң белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарларын iске асыру жөнiндегi қызметтi үйлестiру.
      16. Функциялары:
      1) халқының есептiк саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейiннен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсыну үшiн облыстық мәслихаттың қарауына енгiзу үшін облыс әкімдігіне материалдарды дайындау;
      2) ведомстволық бағынысты, халқының есептiк саны жүз мың тұрғынға дейiнгi облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешендi схемаларын, сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған, халқының есептiк саны жүз мың тұрғынға дейiнгi облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын әзірлеу және облыстық мәслихаттың бекiтуiне ұсыну үшін облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      3) облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына келісім беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      4) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
      5) елдi мекендердiң бекiтiлген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшiн әзiрленетiн қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлi жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекiту және iске асыру үшін ұсыныстарды әзірлеу;
      6) халқының есептiк саны бiр жүз мың тұрғынға дейiнгi облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешендi қала құрылысы сараптамасын жүргiзудi ұйымдастыру.
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) өзiне жүктелген мiндеттерi мен функциялары шегiнде шешiмдер қабылдау;
      2) заңнамада белгiленген тәртiппен өз функцияларын жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдардан, ұйымдар мен жеке және заңды тұлғалардан құжаттарды және ақпаратты сұратып алу;
      3) өз құзыретi шегiнде жеке және заңды тұлғалардан келiп түскен мәселелердi қарау;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің қарамағындағы бағынысты мемлекеттiк коммуналдық қазыналық мекеменің жарғысын әзiрлеу;
      5) «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің қарамағындағы бағынысты мемлекеттiк коммуналдық қазыналық мекеменің қызметіне iшкi бақылау жасау.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      18. «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Оңтүстік Қазақстан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкiлеттiктерi:
      1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлерi үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады;
      2) «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерiнен босатады.
      3) сенiм хат бередi;
      4) заңнамалармен, облыс әкiмi мен әкiмдiгiмен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
      «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықтайды.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      23. «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
      «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      24. «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының «Сәулеттік бюро» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.